Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-02-23:

Жария ету: 37 күн қалды

Кәсіпкерлер мүлікті заңдастыру уақытын ұзартуды сұрайды

 

Мүлікке рақымшылық жасау шарасы басталғалы бері ел кә­сіпкерлері белсенділік танытып, Елбасы бастама жасаған үрдістен қалыс қалмауға тырысты. Акция барысында бірнеше рет үкіметтік жиындарға қатысып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Өзекті мәселелер көтеріп, олар Үкімет басшысының тиісті тапсырма­ла­ры негізінде шешімін тапты. Тіпті “Атамекен” одағының кө­теруімен бірқатар заңсыздықтар әшкереленіп, өз міндетіне сал­ғырт қараған комиссия төраға­ла­ры жауапқа тартылды.  

Бүгінгі таңда заңды түрде тір­келген мүлік қатары 2001 жылғы заңдастырылған  ақша көлемінен айтарлықтай артып отыр. Әсіресе, мүлік құнын бағалау шарттылығын ескерсек, 2001 жылы 10 пайыздық са­лық салуға ешқандай кедергі бол­маған және акцияның құпиялы­лы­ғы анағұрлым жоғары болған. Мұ­ның бәрі қазақстандықтардың Ел­басы бастамасына және эконо­ми­калық саясатына өзіндік үлес қосқанын дәлелдейді.    

Түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуге қатысты қабылданған шаралар нәтижесінде соңға апта ішінде жергілікті жер­лерде мүлікті заңдастыру комис­сия­сына келіп түскен өтініштер саны күрт өсті. Мүлкін заңды түрде тіркеуге ниет білдірген азамат­тар­дан түзілген кезектің ұшы-қиыры көрінбейді. “Атамекен” одағының ба­ғалауынша, бұл шаруаны 1 сәуір­­ге дейін орындап біту мүм­кін емес. Ал мүлікті заңдастыруға бел­гіленген  уақытқа ілесе ал­ма­ған мыңдаған қазақстандықтар жүздеген миллион теңге тұратын мүлкін заңдастыра алмай қалады. Осылайша көлеңкелі экономи­ка­ға және экономикалық құқық бұзу әрекеттеріне жол беріледі. Осы­ларды ескере отырып, “Ата­мекен” одағы барлық азаматтар мүлікті жария ету заңымен бе­рілген азаматтық және эконо­ми­калық құқығын қорғауға бірдей мүмкіндік алулары керек деп санайды.

Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлт­тық “Атамекен” одағы мүлікті заң­дастыру уақытын қажетінше ұзарту мәселесін қарап көруді сұрайды.

 

Көлік құралдары, жылжымайтын мүлік және басқалар

 

Біз тікелей эфир барысында қойылған сұрақтарға министрліктер мен ведомстволардың қайтарған жауаптарын жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бұл жолы Ішкі істер және Әділет органдарының қызметіне қатысты жолданған сауалдардың жауаптары ұсынылып отыр.

 

Б. Оразбаев, Шығыс Қазақтан облысы, Аягөз қаласы.

Сұрақ: Санаттан шығарылған ЗИЛ-130 автокөлігін жария еттім. Бірақ жол полициясы оны тір­кеу­ден бас тартуда. Не істеуім ке­рек?

Жауап:  “Мүлікті жария ету­ге байланысты рақымшылық жа­сау туралы” заңның талаптарына сәйкес жария етілген көлік құ­ралы белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелерінде тіркеуге жатады. ІІМ-нің тиісті нұсқауы жол по­ли­циясының барлық бөлім­ше­ле­рі­не жөнелтілді. Жағдайды анық­­тау үшін сіз ІІМ жол по­ли­циясы комитетінің 71 58 32 бай­ланыс телефонына хабар­ла­суы­ңыз қажет.

Құралай, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.

Сұрақ: Кеңшар таратылған кезде үлес ретінде әкемнен ЗИЛ автокөлігі қалды. Қазір құжатта­ры жоқ, оны қалай жария ете аламын?

Жауап: Көлік құралының құжаттары жоқ болған жағдайда сіз тұрғылықты жеріңіздегі мүлікті жария ету жөніндегі ко­миссияға хабарласуыңыз қажет. Комиссия оң шешім қабылдаған­нан соң ішкі істер органдарының жол поли­циясы сіздің көлік құра­лыңызды  тіркеуден өткізетін болады.

Сұрақ:  Егер салынған нысан орналасқан жердің құқықтық құ­жат­тары болса немесе керісінше жер телімінің емес тұрғын үйдің ғана құ­жаты болса қолданыстағы жылжы­май­тын мүлікті (тұрғын үй) жария етуге бола ма?

Жауап: “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес Қазақстан заңнамаларына сай тіркелмеген мүліктер заңдастыруға жатады. Осыған орай құжаттарының жоқ болуына байланысты  аталған нысандарды жария етуге болады. Жер кодексінің 52-бабына сәйкес меншік құқығы немесе шаруа­шылық жүргізу және ғимарат­тарды жедел басқару құқықтары бекі­тіл­ген заңнамаларға сәйкес оларға меншік құқығын немесе тұрақты жер пайдалану болмаса көрсетілген ғимараттарының болуына (құрылыс орындары) орай, Жер кодексінде көрсетілген жағдайлардан басқа, жер телімін уақытша ұзақ мерзімге пайдалану құқығы ұсынылады.

Көрсетілген құқықтар бір-бірінен ажырағысыз саналады. Жоғарыда атап көрсетілгендей, мұндай жылжымайтын мүлік­тер­ді жария етуге құқықтық кедергі­лер­дің жоқ екендігін хабарлай­мыз.

Сұрақ: Құқықтық негіздейтін құжаттары жоқ жылжымайтын мүліктің сату, сатып алу жөніндегі сенімхаты бар. Аталған үйде он жылдан бері тұрып келемін. Қандай кеңес бере аласыздар?

Жауап: Үйіңіз заңға сәйкес жария етуге жатады. Заңның өзі осындай жағдайларда азаматтарға көмек көрсету үшін және өздеріне тиесілі жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін қабылданған.

Сұрақ: Жабылып қалған (жойылған) ұйымдар мен кәсіп­орын­дардың қарауындағы тұрғын үй қо­рына құқықтық негіздейтін құжат­та­ры жоқ тұрғындар оны жария ете ала ма?

Жауап: Азаматтық кодекстің 32-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі оның жойылуы жүзеге асқаннан кейін тоқтатылады. Осыған байла­ныс­ты жойылған заңды тұлға мү­лікті талап ету құқығынан айы­ры­лады. Сондай-ақ аталған мүлік жария ету кезіне дейін  тіркеуден өтпеген болуы керек.

Сұрақ: Құлатуға (орнына құрылыс салу мақсатында) жататын аудандарда орналасқан жылжы­май­тын мүлік нысандарын  жария етуге  бола ма?

Жауап: Құлатуға жататын аудандарда орналасқан жыл­жы­майтын мүлік нысандарының құқықтық негіздейтін құжаттары болмауы салдарынан оның құла­тылғаны үшін төленетін өтем­ақы­дан бас тарту жағдайдары туын­дай­тын кездер болады. Азаматтардың құлатуға жататын аудандарда ор­наласқан нысандарды жария етуге құқылары бар. Жылжымайтын мү­лік нысандарын құлату оны жария етуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Сұрақ: Қайтыс болған ата-аналары кезінде меншік құқығын ресімдемеген. Олардың балалары заңда белгіленген тәртіппен мүлікті иелену құқығын ресімдей ала ма?

Жауап: Белгіленген тәртіпте тіркелмеген жылжымайтын мүлік нысандарының бәрі де жария етуге жатады және өз атына алуға  өтініш жазған адам оны иелену құ­қығына ие бола алады. Сон­дық­тан да тір­келмеген жылжымайтын мүліктің мұрагері тиісті орындарға хабар­ласуы керек. Жария ету жө­ніндегі заң жылжымайтын мүліктің ортақ бірлескен құқығын тану үшін адамдардың бірлесе өтініш беруіне шектеу қоймайды. Соған сәйкес мұрагерлер бірлес­кен өтініш беруге құқылы. Мұ­рагерлер арасында келіспеуші­ліктер туындаған жағ­дайда ол сот тәртібімен қаралады. Мұрагерлік мәселелерін шешу жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комис­сияның құзы­ретіне жатпайды.

Сұрақ:  Үйдің бұрынғы қо­жайы­ны қайтыс болған жағдайда жария ету жолымен өтініш беру­шінің атына тіркеуге бола ма?

Жауап: Егер үйге иелік құ­қы­ғы қайтыс болған адамның атына тіркелсе, бұл мәселе белгіленген азаматтық заңнамалар тәртібі бойынша мұрагерлік құқықтар негізінде шешіледі. Егер үй қайтыс болған адамның атына тіркелмесе жария ету субъек­ті­сінің үйді жария ету жөнінде өтініш жасауына болады.

Сұрақ: Мемлекеттік қажетті­ліктер үшін алынатын және оның жергілікті атқарушы орган бекіткен тиісті актісі бар жылжымайтын мүлікті (жер телімін) жария етуге бола ма?

Жауап: Мемлекеттік қажет­ті­ліктер үшін алынатын жылжы­май­тын мүлік нысандарының құқықтық негіздейтін құжаттары болмауы салдарынан оған тө­ле­нетін өтемақыдан бас тарту жағ­дайлары туындайтын кездер де болады. Сондықтан азаматтардың мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынатын нысандарын жария етуге құқықтары бар.  Жыл­жы­майтын мүлік нысандарын мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу оны жария етуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Сұрақ: Жапсарластыра са­лынған лоджия, мансарда сияқты нысандар заңдастырылуға жата ма?

Жауап: Жария етуге жыл­жы­майтын мүліктер жатады. Ал жыл­жымайтын нысандарды қайта жаб­дықтау, қайта бөлу және бас­қа да техникалық өзгерістер жа­рия ету нысаны болып табылмайды.

Жауап: Жария етуге жылжымайтын мүліктер жатады. Ал жылжымайтын нысандарды қайта жабдықтау, қайта бөлу және басқа да техникалық өзгерістер жария ету нысаны болып табылмайды.

 

Серпіліс бар, кемшілік те жоқ емес

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

Мүлікті жария ету мерзімінің аяқталуы­на бір айдан сәл астам уақыт қалды. Елі­міз­дегі бұл жауапты науқан Шығыс Қа­зақстан облысында қатты қарқынмен бас­талған еді. Алайда артынша сәл бәсеңдеп, Үкімет тарапынан сын тезіне алынған соң мүлікті жариялау қайтадан қарқын ала бастады. Өскеменде мүлікті жария етуге бай­ланысты орталықтар ашылып, олар түн­нің бір мезгіліне дейін жұмыс істеуде. Қалада екі жерде “бір терезе” қағидаты­мен қызмет көрсету орталығы ашылды. Облыс орталығындағы ПИК-терде қазір мүлікті жария етуге байланысты топтар қызу еңбек үстінде. Тіпті жақында Үкімет Кеңсесінің Бас инспекторы Т.Әбілмәжінов Шығыс Қазақстан облысына арнайы келіп, мүлікті жария етуге байланысты көмек қолын созды. Демек, тұрғындардың жауапты науқанға деген қызығушылығы оянып, өз мүліктерін меншіктеп алуға ынта таныта бастады.

Алайда, алдын-ала мәліметтер бойын­ша, облыста әлі де болса мүліктерін жария етпей отырған заңды және жеке тұлғалар бар. “Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы” Заңға сәйкес облыстың барлық салық комитеттерінде мүлікті жария етуді жүргізу бойынша комиссиялар құрылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төраға­сы­ның орынбасары С.Оразалиевтың ай­туын­ша, мүлікті жария ету акциясын жүр­гізу тәртібі туралы тұрғындарды ақпарат­тан­дыру үшін 646 кездесу, телеарналарда 57 көр­сетілім ұйымдастырылды. Баспасөзде 134 мақа­ла жарыққа шығып, мемлекеттік және орыс тілінде 25 мың дана кітапшалар әзір­ле­ніп таратылды. Облыстық салық комите­тінің басшыларымен бес ақпараттық конфе­рен­ция өткізілді, салық комитеті төрағасы­ның қатысуымен тікелей эфир ұйымдасты­рылды.

Міне, бір ғана салық органдарындағы осындай шаралардың нәтижесінде 32 мың­нан астам өтініш келіп түсті, ұсынылған өті­ніш­тер бойынша мүліктің жалпы құнының сомасы 2249,6 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы техни­ка­сы­ның сомасы – 503,8, көлік – 125,2, ақша 585,0 миллион теңгені құрады. Салық орган­дарында мүліктерін жария ету нәтижесінде бюджетке 81 миллион теңге мөлшерінде алым­дар түскен. Ал 31715 өтініш бойынша 2239,7 миллион теңге құнындағы мүліктер жария етілген. Бұл бір ғана салық комитеті бойынша атқарылған іс-шаралар.

Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов мүлікті жария етуге байланысты іс-шараларды бақылап, кемшіліктер мен проблемаларды жоюды қатаң тапсырып отыр. Мәселен, Өскемен қаласы, Ұлан, Глубокое, Бородулиха аудандарында мүлікті жария ету сылбыр жүргізілуде. Бұл қалалар мен аудандар басшылары жағдайды түзеуге күш салуда. Өскемен қалалық әкімдігі жалпы бөлімінің меңгерушісі Салтанат Бахтиярованың жетекшілігімен қызметкерлер таңертеңгі елең-алаңнан түннің бір мезгіліне дейін құжаттарды қабылдап, мүлікті жария етуге байланысты комиссия отырыстарын өткізіп келеді. Бұл жұмысқа қосымша адамдар тартылуда, қала әкімі М.Сапарғалиевтың араласуы нәтижесінде әділет департаментінің тіркеу бөлімі ашылды. Енді құжатты бір жерден алу мүмкіндігі туды.

Өскемен қаласының Үлбі аудандық  халыққа қызмет көрсету орталығы өткен жылдың желтоқсанында ашылған. Мұнда таңғы бестен бастап тұрғындар кезек алады, адам нөпірі басылар емес. Орталық күніне 300 адамды қабылдайды. Барлығы 27 терезе бар, оның алтауы жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдайды. Алайда бұл жерде де проблема бар, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан Үлбі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бес-алты адам ғана ауысқан. Себебі, ондағылар 50-60 мың теңгеге дейін жалақы алып келсе, мұндағы айлық табыс небәрі 20 мың теңге. Демек, шеберлігі жоғары мамандарды жауапты науқанға тарту үшін жалақысын өсіріп немесе басқадай жағдайлар жасаған жөн болар ма еді деген ой келеді.

Іссапармен Катонқарағай ауданында болған кезімізде мүлікті жария ету жағ­дайы­мен танысқан едік. Аудан әкімі Берді­бек Сіләмовтың айтуынша, жауапты нау­қан­ға олар мұқият әзірленген. Аудандағы бар­лық әкімдіктер түнгі тоғызға дейін құ­жат­тар қабылдауда. 62 мың гектар жырты­ла­тын жер өз қожайындарын тауып, заң­дас­тырылған. Техника, ауыл шаруашылығы мүліктері де меншікке айналып жатыр. Жаңа Хайрузов ауылында болғаны­мыз­да, ауыл әкімі Асылбек Мұхаметқайыров­тан  бастап мүлікті заңдастырумен шұғыл­да­нып жатқанын көрдік. Мұндағы 482 ау­ла­ның мүліктері заңдастырылыпты. Сол­да­това, Белқарағай ауылдық округтарында да мүлікті жария ету аяқталып қалды.

Шығыс Қазақстан облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат