Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-02-27:

Өркенділік пен Өршілдік ҚҰжаты

 

Қазіргі уақытта дүние дидарын­да дамудың қазақстандық жолы атты қағидат қалыптасқан. Бас-аяғы он бес жылдан сәл астам ғана уақыт бедерінде өрлеудің өнегесіне айналған Қазақстан қарымды­лы­ғының сыры неде? Салиқалы сауал­ға әлемнің талай аузы дуалы саясаткерлері мен болашаққа бол­жам жасайтын сарапшылары сан алуан  жауаптар қайтарып келеді. Сарабдалдар өз байламдарының денін елдегі саяси және ұлтаралық тұрақтылықпен, нарықтық эконо­ми­ка құрудағы сауатты реформа­лары­мызбен, халықаралық уағда­лас­тықтарға беріктігіміз және әді­летті әлеуметтік саясат жүргізудегі табыстарымызбен байланыстырады. Әлбетте, ақиқатпен берілген әді­лет­ті баға. Ал енді осынау ғасырлық істердің жоталы жобалары  алдын ала айқындалып, оларды іске асырудың тұтастай тетіктері тезге салынбағанда, бәлкім, осы толайым табыстар биігі бізге қолын нақ қазіргідей ертерек соза қояр ма еді?

Сондықтан да Қазақстанның бү­гінгі күндері қол жеткізген табыс­тарын таразылаған кезде ең әуелі болашаққа белгілеген басым мақсаттарының маңызды орын алып келе жатқанын өлшем безбе­ніне салу қажет. Ұзақ мерзімді даму­дың  сара жолын айқындап берген “Қазақстан-2030” бағдарла­ма­сында ғұлама Сенеканың “қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды” деген нақыл сөзі келтірілген. Осы ойды сабақтай түссек, даму мұхи­тында Қазақстан кемесінің қайраң­дап қалмай, қарымды жүзіп келе жатуындағы құнды құпиялары да осы мақсатты межелер маңызды­лығымен астарласып жатса керек.

Әр жыл сайын қар көбесі сөгі­ліп, алтын күрек соғар тұста ел хал­қының Елбасының жыл сайынғы Жолдауын тағатсыздана күтетіні бар. Бұл салмақты тақырыпқа арнайы екпін салу үшін жасан­ды­лық­пен айтыла салған жапсырма сөз емес. Сенбесеңіз, кез келген отандасымыздан сұрап көріңіз. Бұл орайда оның қандай сыры бар деген сұрақтың тағы да туындап қа­луы ғажап емес. Айтайық,  Елба­сы­ның жыл сайынғы жолдаулары­ның өн бойына елдің одан әрі өсіп-өркендеуі мен халықтың келе­шектегі әлеуметтік өмірінің бағыт-бағдарлары нақтылықпен енгізіліп келеді. Егер де ұлттық экономика мен саясаттың, әлеуметтік жүйенің жарқын болашақтағы  жаңару әлеуеті тұтасымен “Қазақстан-2030” бағдарламасында айқындал­ған деп есептесек, Президенттің жыл сайынғы жолдауларын сол әлеуеттерді кезең-кезеңімен игеру­дің қуатты құралы, құнды құжаты деп бағалаған жөн. Сондықтан да Жолдау ұзақ мерзімді даму страте­гия­сын іске асырудың тактикасы іс­­петті. Бұл ойды Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың: “Өзіміздің ба­сым мақсаттарымызды дұрыс ай­қындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік та­ныта отырып, біз өзімізді бұ­ралаң-бұ­рылысты сенделістерден, күш-қуа­тымызды, уақытымыз бен ре­сурс­тарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз”, деген сө­зімен түйіндесек, зерделеген жан­ға ұғынықты болар деп санаймыз.

Сонымен, 1997 жылдың қазан айында Елбасының биік мінберден айтылған алғашқы Жолдауынан бергі он жыл ішінде халыққа жыл сайын ұсынылып келе жатқан саяси мәні аса зор құжаттар тізбегі мемлекет пен қоғам дамуының кезең-кезеңдік нақты бағыттарын  дәйектілікпен жүйелеп келеді.

Айталық, еліміздің тәуелсіздік­тен кейінгі даму жолын сарала­ған­да, 1991-1995 жылдар кеңестік жүйе­ні бұзып, мемлекеттің негізде­рін құрумен айналысу кезеңі деп ба­ғаланса, 1996-2000 жылдар эко­но­мика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланыстырылады, ал үшінші кезең, яғни 2001-2006 жыл­дар – экономикалық өсу уақыты деп кестеленіп жүр. Соған сәйкес, ұзақ мерзімді стратегиямыздың барынша табысты орындалып, ал бірқатар бағыттарда, тіпті алға озып кетуіне нақты міндеттер арқылы өрілетін жолдаулар кең жол ашты деуге болады.

Таратып айтсақ, Елбасы өзінің бастапқы жолдауларында еңсесін енді тіктей бастаған егемен елді өтпелі кезең дағдарыстарынан алып шығуға баса мән берді. Соның ішінде, Қазақстанның аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз етуге, алдағы он­даған жылдар ішінде ұлттық стра­тегияны жүзеге асыруға мүм­кін­дік беретін ішкі саяси тұрақ­ты­лық пен ұлттық біртұтастықты сақ­тап, нығайтуға, шетел инвести­ция­лары мен ішкі жинақталымдар ар­қы­лы экономикалық өрлеудің нақ­тылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жет­кізуге мейлінше екпін салынған еді.

Әлбетте, жоғарыда айтып өтке­ні­міздей, барша қазақстандық­тар­дың өмір сүру жағдайларын, ден­саулығын, білімі мен мүмкін­дік­терін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны оңалту мәселелері осыған дейінгі барлық жолдаулар мазмұ­нын­дағы басымдық берілген ба­ғыттар саналады. Соңғы жылдары елімізде лайықты жүзеге асырылып келе жатқан тұрғын үй саясаты, “Мәдени мұра” бағдарламасы, әлеуметтік жәрдемдер дестесі мен зейнетақы мен жалақы көлемін арттыру шаралары аталған жол­даулар арқылы міндеттелген негізгі бағыттар қатарынан табылады. Сонымен бірге, энергетикалық ре­сурс­тар, мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты эко­номикалық өрлеудің көзіне ай­нал­дыру, осы шешуші секторларды ұлт­тық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен эконо­ми­ка­лық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту, халықтың адал өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің, ық­палды және осы заманғы корпусын жасақтау Елбасы жолдауларынан ұдайы көрініс тауып келеді.

Қазақстан басшысының жол­дау­ларының маңызды тұстарының тағы бірі халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың бағдарлық құжаты болып қана қоймай, отан­дастарымызды жаһандық өлшем­де­гі бәсекелестік қабілеттерін шың­дауға серпін беретін идеологиялық мәні мен мазмұндылығында дер едік. Қазақстандықтар әлемдік бәсекелестіктің күрделі және ауыр үдерісінде табыстарға жету үшін халқымызға тән күшті рухын, денсаулығы мен білімін әлемге көрсетуге қабілетті ме? Президент осыдан екі жыл бұрынғы Жол­дауында нақ осындай сауал тастай отырып, оның дәйекті жауаптарын алға тартты. Ал Мемлекет басшысы былтырғы жылғы Жолдауында еліміздің қол жеткізген табыстары­на иек арта отырып, таяудағы он­даған жылдардың ішінде алды­мызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіл міндет қойып, дамудың жеті басым бағытын атап көрсетті.

Осы аптада Елбасы халыққа кезекті Жолдауын жасайды деп күтілуде. Жаңару мен жаңғыру жолын таңдаған Қазақстан халқына бұл Жолдау да өсу мен өрлеудің басым бағыттарын нұсқап,  тәуел­сіз­діктің жасампаз істерін жал­ғас­тыра беретініне сенім мол.       



Авторы: Қуат БОРАШ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат