Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-03-07:

ЫнтымаҚтастыҚҚа  ынталылыҚ

 

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Грузия Президенті Михаил Саакашвилимен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

 

Соңғы жылдары Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық жақсы қарқынмен дамып келеді. Іскерлік байланыс, әсіресе, Грузия Пре­зиденті М.Саакашвилидің Қазақстанға осыдан екі жыл бұрын жасаған мемлекеттік сапарынан кейін тың серпін алды. Тараптар сол жолы өздерінің көлік, энерге­тика, порт инфрақұрылымы салала­рындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірген болатын. 2005 жылдың 2 маусымында Қа­зақстан Республикасының Пре­мьер-Министрі Д.Ахметов Грузияға жұмыс сапарымен барып, аталмыш салалардағы ынтымақтастық жө­нінде нақты келісімдерді атап өткен бірлескен Хаттамаға қол қойған еді.

Екіжақты ынтымақтастықтың аса маңызды кезеңі деп Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузияға жасаған ресми сапарын айтуға болады. Ол 2005 жылдың 2-4 қазанында болған-ды. Осы сапарда жасалған келіссөздердің негізгі тақырыптары Қара теңіздегі Батуми мен Поти порттарын пайдаланып, Қазақстан мұнайын әлемдік ры­нокқа шығаруды, Қазақстан астығы мен газын Грузия рыногына жет­кізуді, сондай-ақ осы елдің эко­номикасына Қазақстан инвести­ция­сының салынуын арттыруды және банк саласындағы ынтымақ­тастықты жандандыра беруді қамтыған экономикалық мәселелер болды. Барлық осы мәселелер бойын­ша екіжақты мүдделілік біл­діріліп, тиімді экономикалық бай­ланыстар жасауға қол жеткізілген еді. Соның арқасында қазір Қазақ­станда грузин капиталының арала­суымен 89 шағын кәсіпорын тір­кел­ді. Ал Грузияда “ҚазТрансГаз” АҚ-тың еншілес кәсіпорны – “ҚазТрансГаз-Тбилиси” 2006 жылдың 12 мамырында Тбилисидің газ таратқыш “Тбилгази” АҚ тен­дерде жеңіп шығып, сатып алды. 2006 жылдың желтоқсан айында “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ Naftrans Capіtal Partners компаниясының 50% үлесін иеленді. “ТұранӘлем­Банкі” де Грузияда белсенді қызмет етуде. Қазір ол осы елдегі “Sіlk Road” банкінің қожасы болып та­былады. Сондай-ақ ол “Грузияның бірлескен телекоммуникациялық ком­паниясының” мемлекеттік ак­ция­лар пакетін сатып алған. Қала берді ол грузин елі астанасының орталық алаңын, сауда кешенін, бесжұлдызды “Иверия” қонақүйін салу және басқа да жобаларды іске асыруда.

Қазақстан мұнайын әлемдік рынокқа шығаруды көздейтін көпвекторлы саясаттың құрамдас бө­лігі “Ақтау-Баку-Тбилиси-Жей­һан” мұнай құбыры болып табылады.  Қазір осы жобаны іске асыру мақсатында “Ақтау-Баку-Батуми” бағыты қолданылуда.

Грузияның Қазақстан астығын тұтыну көлемі де жылдан-жылға артып келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне қа­рағанда, 2003-2006 жылдары Грузия бізден 220,6 мың тонна астық, 9,8 мың тонна ұн алған. Соның ішінде 85,3 мың тонна астық пен 4,5 мың тонна ұн 2006 жылдың үлесінде. 2007 жылы Поти портында Қазақ­стан астығын әлемдік рынокқа шығару үшін терминал салынбақ­шы. Ол Ақтау мен Бакудегі астық терминалдарына қосылатын бола­ды. Президент Н.Назарбаевтың айтуына қарағанда, Грузия эконо­микасына құйылған қазақстандық инвестицияның жалпы көлемі былтыр 300 млн. АҚШ долларына жақындап қалған. Әрине, оның бәрі әзірге игерілген жоқ, бірақ осынша қаражаттың бағытталғаны мәлім, деді Нұрсұлтан Әбішұлы журналистерге берген сұхбатында. 

Екеуара кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Михаил Саакашвили журналистермен брифинг өткізді. Жапонияға бара жатқан ресми сапары барысында Грузия Президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен соғып отыр, деп бастады өзінің сөзін Н.Назарбаев. Біз қазір халықаралық кездесулер аясында жиі жолығысып жүрміз. Соңғы рет Ашғабадта болғанда осы кездесу туралы келіскен болатын­быз. Михаил Николозовичпен жүргізген бүгінгі келіссөздеріміз де өзінің әрқашанғыдай ашықтығы­мен, біздің елдеріміздің сауда, саясат және басқа салаларда да ынтымақтастыққа екіжақты мүдделі екендігімен  ерекшеленді. Соңғы жылдардағы жоғары деңгейдегі сапарлардан кейін екіжақты сауда айналымы 90 пайызға дейін өсті. Біздің негізгі ынтымақтастығымыз энергетика көздері – мұнай-газ кешені саласында болды. Сіздер білесіздер, Баку-Тбилиси-Жейһан мұнай құбырына қазір Қазақстан жағы да қосылды. Сонымен бірге, Грузияның Қара теңіз жағалауында Қазақстан астық және мұнай терминалдарын салуға мүдделі болып отыр. Бұл жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелер де ше­шілген. Одан әрі біздің Энергетика және минералды ресурстар минис­трлігі осы өңірде мұнай өңдейтін зауыт салу жөніндегі мәселені қарас­тыратын болады. Ал Грузия жағы біздің елімізге, соның ішінде, әсіресе Қазақстанның батыс ай­мағына жеміс-көкөніс өнімдерін мо­лынан жеткізетін болды. Кас­пий­дің Ақтау портын дамытуға және Маңғыстау облысының оң­түстік аймағында жаңадан салына­тын Құрық портының құрылысын жүргізуге атсалысады. Елімізді Еуро­па мен Жерорта теңізіне шыға­ратын Кавказ дәлізі біз үшін өте маңызды және осы жолда Грузиядай сенімді әріптесіміздің  болғаны біз үшін ұтымды. Біздің БСҰ-ға өту мен 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету секілді ниетімізді белсенділікпен қолдағаны үшін Грузия жағына мен үнемі өзімнің ризашылығымды айтып жүремін. Саяси тұрғыдан алғанда біз үнемі ұқсас әрі жақын ұстанымдамыз. Біздің елдеріміздің арасында шешуі күрделі болып табылатын ешқандай саяси түйін жоқ. Келіссөз бары­сында біз мәдени ынтымақтастық мәселелерін де талқыладық. Бұл салада да біздің ынтымақтасты­ғымыз дами беретін болады.

Осылай дей келіп сөзінің соңын­­да Қазақстан басшысы  Гру­зия Президенті мен ресми деле­га­ция­ның мүшелеріне оң сапар тіледі.

Өз кезегінде Михаил Саакаш­вили Қазақстанның астанасы өзін жаңа құрылыстарымен келген сайын таңырқататынын айтты. Бұл жолы мен өзіммен бірге Тбилиси қаласының бас архитекторын да ерте келіп, оған Астананың құ­ры­лыстарын көрсеттім. Біздің ын­ты­мақтастығымыздың өсу ырғағы, менің ойымша, ТМД елдері ара­сындағы екіжақты қатынастардың бәріне де үлгі боларлықтай. Тәуел­сіз елдердің бостандық пен еркін­дікте және бір-бірінің құқықтарын сыйлау жағдайындағы жаңа қаты­нас­тары қандай болуы керектігін олар бізден үйренуі керек секілді. Нұрсұлтан Әбішұлы маған өздері­нің Батумиде мұнай өңдеу зауытын салу жөніндегі ниетін айтты. Мил­лиард долларлық инвестиция­ны қажет ететін бұл жоба Грузияның эко­номикасын және әлеуметтік жағ­­дайын жақсартуға өте көп пай­дасын тигізетін болады. Былтыр екі елдің арасындағы сауда айналымы екі есеге жуық өсті. Ал биылғы перс­пективаларға қарағанда, ол тағы да екі есе өсетін шығар деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы маған біздің жеміс-көкөністерімізді Қазақстан рыногына жеткізуімізді өтінді. Біз бұл ұсынысты қуана қолдаймыз, оның үстіне былтыр бұл салаға инвестиция тартуға қол жеткізіп, сапалы дайын өнімдер шығаратын болдық. Қазірдің өзінде Қазақстан дүкендерінде грузиннің шарабы, “Боржоми” секілді шипалы сусындарының толып тұрғаны бізді қуантып отыр.  Ал перспективалар одан да жоғары.

Одан әрі Михаил Саакашвили өздерінде еңбек етіп жатқан қазақстандық инвесторлардың еңбегіне жоғары баға берді. Бізде қиын жағдай болған кезде Қазақ­стан біздің рыногымызға бірінші болып келіп, оның жандануына үлес қосты. Біз Қазақстанның бұл жақсылығын ұмытпаймыз, деді ол. Сонымен бірге, біздің басқа кейбір әріптестеріміз экономикалық қы­сас­тық жасау жағдайына көшіп, түсінбеушілік тереңдей түскен сәт­терде де Қазақстан жағы ынтымақ­тастық режімін үзген жоқ және әрқашан да екіжақты түсіністікте болды. Мәселен, қиын сәттерде нанның бағасын біз қазақстандық астықтың арқасында ғана көтер­мей, ұстап тұра алдық. Міне, осы және басқа да жақсылықтарыңыз үшін мен сіздерге алғыс айтамын.

Одан әрі президенттер журна­лис­тердің сұрақтарына жауап берді.



Авторы: Жақсыбай САМРАТ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат