Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-04-04:

Алакөл ауылға жақындап келеді жағалауға бұғау салар күш қайда?

 

Алакөлді қасиетті айдын десек ар­тық айтқандық емес. Бойыңдағы жел-құ­зыңды сыпырып, жараңды желімдеп, дертіңе демеу болар өте бір шипалы, сиқырлы, сұлу көл. Заманында жоң­ғар­дың әскерімен тайталасқан кезінде жа­ра­ланған сарбаздарын Қабанбай батыр көлдің суына түсіріп, жағасында емдет­тіре­ді екен, жараланған, шаршаған сар­баздар аз ғана уақытта қатарға қосы­лып, майданға кіріп отырған екен. Ке­ңес­тік дәуірде ұшқыштар, кейіннен чернобыльдік балалар осында келіп демалған дейді. Суы айрықша дәру мұндай көл әлемде тек екі мемлекетте бар екен. Бірі бізде, екіншісі Канадада.

Айтайын дегеніміз, аты алысқа кет­кен айдынның қазіргі жағдайы. Алакөл екі облыстың (Алматы, Шығыс Қа­зақ­стан) тең ортасында жатқанымен, суы­ның емдік қасиеті бар демалатын тұсы Үржар ауданында. Жаздың ыстығы ба­сым шуақты 2 айында, әр тараптан 150 мыңдай адам демалуға келеді екен. Өз басым Қазақстанның ешбір көліне бір мезгілде осыншама адамның келіп, демалып, серуендегенін естіген емеспін. Демек, көпшілік көлдің емдік қасиетін жақсы бағалап отыр.

Ендеше осы көлдің табиғатына, жағажайына мемлекет тарапынан көңіл аударылса жөн болар еді. Жылына, егер жел құбыладан соқса жағалауы 70-80 метр құлап ауылға қарай жылжыса, ебі соққан жылдары 20-25 метр құлап, опы­рылады екен. Кейінгі үш жылда көл жағалауы Қабанбай ауылына (бұрынғы Жарбұлақ) қарай 300 метр жылжыған.

Көл мен ауыл арасы үш шақырымдай ғана. Көлдің алқынған сұрапыл демі, шуы­лы соңғы уақыттары елді мекенге анық естіле бастады. Ат шаптырым ара­лықта атақты Барлық-Арасан санаторийі­не келген қонақтар қызықтап демалатын, қыздырынатын жайдақ жағалаулар, майда құмдар, қиыршық тастар лықсыған су астында қалып барады. Кезіндегі кең етіп салған асфальтты жолдың да жартысынан көбі опырылып шалқардың астына жұ­тыл­ды. Әрбір ұйымның, мекеменің, жеке кәсіпкерлердің салдырған демалыс үйлері, дәмханалары, дүкендері қарыс адым жер­де тұр. Біздің елімізді әлем танығанымен, құдай берген Алакөлді кім таниды. Оған шынайы көмек қолын созар кім бар? Ұзындығы – 120, ені 50 шақырымдай бо­латын, ең терең жері 40-45 метрге жететін шалқар судың кейінгі жылдары (әсіресе, 2000 жылдан бастап) жағасы бой бермей елді мекендерге қарай жайылып келеді.

Көлдің жайымен арнайы барып та­ныс­тық. Қабанбай ауылының әкімі Мұ­қаметқали Бітімбаев ағамызбен әңгімелес­ке­німізде, ол кісі мынаны айтқан еді.

– Көлдің суын ұстап тұруға жергілікті бюджеттің шамасы келмейді. Оны заманға сай етіп шегендеу үшін Үкіметтің ауқым­ды қаржысы керек. Сонда ғана біз көлді уы­сымызда ұстай аламыз. Бұған тез қи­мыл, іскер қол, көрегенді ақыл керек-ақ. Және оны кешіктірмей қолға алған жөн. Өткен жылдары болған жартастар мен құм­дауытты жағажай бүгінде су астында қалды.

Өз көзімізбен байқап көру үшін кел­ген­дер демалатын үш шақырымдай жаға­лау­ды жаяу аралап жүріп шықтық, құла­ма­ған жері жоқ екен. Мұқаметқали Қой­жан­ұлының айтуынша былтырғы жылы көлдің жағалауындағы демалыс орнын қалыпты таза жағдайда ұстау үшін арнайы коммуналды-шаруашылық құрылған. Құрылды деп айтылғанмен бұл мекемеге ешқандай техника бөлінбеген. Тағы бір айта кетер жәйт, жаз айларында келетін адамдар легі көп болатындықтан, олардың арасындағы ауру-сырқауларды емдеуге арналған 20 төсектік аурухана аздық ете­тін секілді. Оның үстіне дәрігерлер, дәрі-дәрмектер де жетпейді. Мұны да күн тәр­ті­біндегі мәселе деуге болады. Ең бастысы ауыл мен көлдің арасын бөліп тұратын ше­кара сипатты қорған салса жөн болар еді, дейді округ әкімі. Әйтпесе, мал да көлік те қалай болса солай жүре беруде. Бізде, ондай іспен шұғылдануға қаржы да, материал да жоқ.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, аудан әкімі Бауыржан Жанақовтың ұсы­ны­сымен, көлдің қазіргі хал-ахуалымен  танысуға келген екен. Біз депутаттан осы көз алдымыздағы жағажайға байланысты, ой-пікірін сұрадық.

– Көл жағалауын бұдан әрі жыл­жыт­пау үшін, оның жағалауын бекітудің сме­та­лық құжатын жасап, Үкіметке шығу керек болар, өйткені мемлекет бюдже­ті­нен арнайы қаржы бөлінбесе, бұл  ша­руа­ны тиянақты түрде орындау қиынға тү­седі. Мұны бір деңіз, содан соң бұл жұ­мысты білетін, жинаған тәжірибесі бар мекемелер болмаса көрінген ұжымға ұс­та­туға, істетуге болмайды. Олар нәти­желі істемей, ақшаны желге ұшыруы мүмкін. Сондықтан, істі бастарда абай болып, тереңнен зерделеп, зерттеп алу абзал. Әрине, мен жоғарғы жақтан сұрау салып, хат жолдап, осы іске бюд­жет­тен қаржы бөлуге, шара қолдануға атсалысармын. Дегенмен, бұл шаруа­ның сметалық нақты құжатын жасау қа­лайда керек. Сонда барып оған кететін шығындардың, атқаратын шаруа­ның басы ашылып, айқындалады. Оның үстіне Алакөлдің жағдайын жақсарту үшін оны республикалық  туристік бағдарламаға кіргізсе де құба-құп болар еді, – деді Нұртай Салихұлы.

Мәжіліс депутатының пікірін аудандық мәслихаттың хатшысы Қабдысадық Байсинов та қолдады.

Иә, көлдегі демалыс жағажайының болашағы алда. Бірақ елді алаң қылған жоғарыдағы мәселелерді шешу үшін ең алдымен Үкімет көмегі қажет. Мұндай үлкен шаруаның оңды жүріп, ретімен шешілгені тек Үржар ауданы үшін ғана емес, еліміз үшін де игілікті іс болар еді. 

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК, журналист.Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.

 

Тасқынға тосқын бола ма?

 

Кей кездері көктемге салым Есіл өзенінің арнасына сыймай “тен­тек мінез” танытатыны бар. Та­биғаттың мұндай тосын құбы­лыс­тары Қызыл­жар өңірінде 1986, 1994 және 2002 жылдары байқа­лып­ты. Осы жылда­ры күннің бір­ден жылынуы салда­ры­нан шамадан тыс жауған қар күрт еріп, күшті су тасқындары болған. Биыл қардың жылдық мөлшерден анағұрлым мол түсуі өзен жағалай қонған елді ме­кендерді алабөтен әбігерге түсіріп отыр. Ауа райын болжаушылардың деректері қуанта қоймайды. Күннің көзі жарқырай шығып, ағыл-тегіл еріген қар үлкен су тасқынын туды­рады дегенге саяды. Осы кезде сыйымдылығы 693 миллион текше метрге пара-пар Сергеев су қой­масындағы су мөл­шері төрт есеге дейін артып кетеді деген болжам бар. Облыс орталығы­мен шектесіп жатқан бірқатар кент­тер су құрсауында қалатын көрінеді.

Облыс әкімдігі жанынан құ­рылған су тасқынына қарсы шара­лар дайындау және өткізу жөніндегі штаб көктемгі су тасқынының өте-мөте қауіптілігін жасырмайды. Бола қалған жағдайда 58 елді мекен су астында қалып, 29 ауыл-селомен қа­тынас үзіледі екен. Аса қатерлі ай­мақтарда орналасқан елді мекен­дер мен тұрғындардың тізімдері жаса­лып, қауіптің алдын алу басты мін­дет ретінде қойылып отырғаны сон­дық­тан. Облыс әкімі Т.Мансұ­ров өткізген селекторлық кеңесте атқа­рылған шаралар тағы бір пы­сықтал­ды. Штаб жетекшісі, әкімнің орын­ба­сары С.Развиннің хабарла­масына қарағанда, бұл мақсат үшін 100 мил­лион теңге, 2250 тонна жа­нар-жа­ғар­май бөлінген, 494 стацио­нарлық және жылжымалы электр станса, 302 су соратын техника, 1218 мотор­лы, ескекті қайық дайын. Жергілікті мақсаттағы 7553 шақырым жол, 365 көше, 44 демалыс алаңы, 133 автопа­вильон, 14 өндірістік база қардан аршылған. Апатты аймақтар­дан адамдарды тасуға 84 техника бөлінген.

Десек те, алда атқарылатын жұ­мыстар әлі қыруар. Әсіресе, ағын­ды суларға арналған канализация­лық жүйелерді қалпына келтіру сын көтермейді. Ақжар ауданында су бөгетінің шайылып кету қаупі бар. Жағрапиялық орналасуы жағынан Мамлютка қаласы қауіпті аймақта тұрғандықтан, жүйелі шаруаларды қолға алмай болмайды. Кей аудан басшыларының зор материалдық шығын әкелетін зардапты болдыр­мау амалдарын қарастырудың ор­нына жайбарақаттыққа салынуы таңдандырады. Селекторлық кеңес­те ірі кәсіпорындармен, серіктес­тіктермен, шаруа қожалықтарымен үйлесімді жұмыс істеу қажеттігі атап көрсетілді. Жасыратыны жоқ, облыс орталығындағы кей шағын аудандардың тұрғындары көктемгі қар еруі кезінде бірқатар қиын­дықтарға тап болып жүр. Биыл екі жүзге жуық жекеменшік үйлер су тасқынынан зардап шегуі ықтимал. Сондықтан, адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіру, қажетті жағдай жа­сау жолдарын күні бұрын ойлас­тырған абзал.

Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын өз дәрежесінде ұйым­дастыру аудан, қала, ауыл әкім­дері үшін үлкен сын. Олардың ұйым­дастырушылық қарым-қабі­леті осындай алмағайып кезде айқын білінсе керек.

Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат