Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-04-13:

Келелі мәселелер қозғалған кеңес

 

Президент кеңесті аша келе мемлекеттік органдар басшылары мен қызметкерлерінің, барлық қазақстандықтардың Қазақстан экономикасы дамуының жаңа сапалық кезеңін түсінулерінің маңызды екенін атап көрсетті. Бұл кезеңнің негізгі мәні Елбасының Қазақстан халқына биылғы Жол­дауында жан-жақты нақтыланған.

Қазақстанның әлемдік эконо­ми­каға интеграциялану қарқынын арттыру үшін еліміздің макро­эко­но­микалық тұрақты өсімін қам­та­масыз ету қажет. Үстіміздегі жыл­дың алғашқы тоқсанының қоры­тын­дысы бойынша ІЖӨ-нің өсімі 10 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 11 пайызды, ал мәшине мен жабдықтар өндірісі өсімі 19 пай­ызды құрап отыр. Қазақстан­дық­тардың номиналды еңбекақысы 2007 жылдың бірінші тоқсанында 26 пайызға артты.

Экономиканы әртараптандыру мен “серпінді” жобаларды жүзеге асы­ру тұрғысында Мемлекет бас­шы­сы өнімі сыртқы рыноктарда сұ­ранысқа ие болатындай отандық 30 көшбасшы компаниялар құрудың орасан маңызы мен перспектива­ла­рын атап өтті.

Президент Үкіметке қысқа мер­зім ішінде экономиканы жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлық әзірлеп енгізу жөнінде тапсырма берді. Соған сәйкес Премьер-Ми­нистр төрағалық ететін мемлекеттік комиссия құрылатын болады.

– Үкімет көшбасшы кәсіп­орын­дар тізімі жөнінде нақты ұсы­ныс енгізіп, осы қағидатты жаңа іске қатысушылардың бәрін дәлме-дәл үйлестіруі қажет, – деді Пре­зи­дент. – Біз қаржы қаражаты қа­лай­ша жинақталатынын нақты түсінуге тиіспіз. Егер тұрғындар қаржысын тарту жоспарланып отыр­са, онда барлық ұсынылатын кепілдіктерді егжей-тегжейлі тү­сін­діру керек. Егер біздің банк­тері­міз­дің немесе бизнес-құрылымдары­мыздың қаржысы тартылатын болса, онда оларға жан-жақты жа­сал­ған жобалар ұсынылуы тиіс. Ак­тивтері 16 миллиард долларға жа­қындап қалған Ұлттық қордың қаржысын қалай пайдалану керек­тігі тұрғысында да нақты ойланған жөн. Аталған бағдарламаларды жү­зеге асыру аясында қор рыногы жұмысының тиімділігін есепке алған да ұтымды болмақ.

Мемлекет басшысы кеңес бары­сында “серпінді” жобаларды іс жүзіне асыруға қатысы бар даму институттарының алатын орны туралы да айтып өтті.

Кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, министрліктер мен ведомстволардың басшылары баяндама жасады.

Кеңестен шыққан соң “Самұ­рық” ұлттық холдингтік компа­ния­сының басшысы Сауат Мыңбаев, “Қазына” орнықты даму қоры” АҚ президенті Қайрат Келімбетов және “Қазагрохолдинг” АҚ през­и­ден­ті Әлихан Смайылов журна­лис­терге қаралған мәселелер жөнінде түсінік берді.

Соның ішінде Сауат Мыңбаев жаңғырту мемлекеттік холдинг­тер­дің ғана емес, жекеменшік капи­тал­дың да экономиканы дамытуға қатысуын көздейтінін көлденең тартты. Бірлескен ірі жобалардың қатарында ол Балқаштың ЖЭО және Астана қаласында салынатын локомотив құрастыру зауытын атады. Бұлар мемлекет пен жеке­мен­шік капиталдың бірлесуі арқа­сында жүйелі түрде іске асатын сер­пінді жобалар болмақшы. Негізгі, түпкі мақсат – бәсеке­лес­тікке төтеп бере алатын өндіріс ошақтарын ашу, деді С.Мыңбаев.

Өзінің сөзінде Қайрат Келім­бетов кеңесте еліміздің экономи­ка­сын әртараптандыруға мүмкіндік беретін 30 корпоративті үздік жо­ба­ларды құру бағдарламасы талқы­лан­ғанын және оның қолдау тап­қа­нын айтты. Ал “Қазына” орнық­ты даму қорына” серпінді жоба­ларды мемлекет тарапынан қолдау функциялары берілгенін де тілге тиек етті. Қолдау функциясы тек қана қаржы жағынан көмек беру­мен шектелмей, энергетикалық қуат көздерін ұйымдастыру, көлік бағыттарын беру, кадрлармен қам­тамасыз ету және т.б. өндірістік фактор­ларда көрінбек.

Қ.Келімбетов келесі кезекте “серпінді” жобалардың кейбірін атап өтті. Соның ішінде Қараған­ды облысындағы кремний, Павло­дар облысындағы алюминийдің алғашқы өндірісі, т.б. жобалар бар. Осынау жұмыстар негізінен мем­лекет пен жекеменшік капиталдың бірлесе іс-қимыл жасау ұранымен жүргізілетін болады. Сөйтіп, мемлекет тәуекелді бұрынғыдай тегіс өз мойнына алмай, жекемен­шікпен бөлісетін болады, деді ол.

Өздеріңіз білесіздер, Елбасы­ның бастамасымен біздің компания жуырда ғана құрылды, деді өз кезегінде “Қазагро” ұлттық холдинг компаниясының президенті Әлихан Смайылов. Бірақ соған қарамай, бізге жауапты істер жүктеліп отыр. Мәселен, Баку портында астық тер­миналының ашылғанынан ха­бардарсыздар. Қазір Елбасы біздің алдымызға сол жерде ұн тарту ке­ше­нін салу мақсатын қойды. Сон­дай-ақ Ақтау портында ашылған терминалдың қуатын 600 мың тоннаға жеткізу жүктелді.

Осылай дей келіп ол холдингке Поти мен Амирабад порттарында да астық терминалын салу тап­сы­рылғанын жеткізді. Бұлардан басқа холдингке Қостанай облысында биоэтанол және Солтүстік Қазақ­стан облысында биодизель зауытын салу жұмысы жүктелгені де белгілі болды.

Ал ет өнімдері тақырыбында айтар болсақ, деді Ә.Смайылов, Ел­басы бізге ет өнімдерін экспорт­тауды мақсат ететін еліміздің бес өңірінде бес мал семірту кешенін салуды тапсырған болатын. Біз барлық мүмкіндіктерді екшей келе, оларды Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Павлодар және Қостанай облыс­тарында ашпақ болып отыр­мыз.



Авторы: Жақсыбай САМРАТ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат