Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-04-13:

Ауыл адамдары бір жасап қалды

 

Сырдария ауданының әкімдігі жасақтаған кезекті ақпарат­тық-насихаттық топтың қысқа мер­зім ішінде атқарып үлгерген ұлан-асыр тір­лігіне көз салсақ “ұйымдастыра білген ұтады” де­ген на­қыл­дың нобайы қиял ұшынан қылаң берер еді. Құрамында Жол­дауды жете тү­сіндіріп беруді қолға алатын насихат­шылармен бірге, ха­лық­қа қызмет ету­дің барлық дерлік саласы бар аталмыш бри­гада сапарын орталықтан шал­ғайда жатқан Амангелді ауылына қанат қақтырды.

Бұл елді мекенге алғашқылардың бірі бо­лып, аудандық емхананың бас дәрігері Алпыс­бай Жәкеев бастаған денсаулық сақтау саласы қызметкер­лері жетті. Осындай кешенді жұ­мыс жүргізі­летінінен күні бұрын хабардар бол­ған жұртшы­лық таң азаннан ауыл­дағы дә­рі­герлік бекетке қарай ағыла бастады. Сол күні ауылдағы 409 үлкен-кіші кардиолог­тың, невропо­тологтың, хирургтің, лордың, тері және көз ауру­лары және басқа да дәрігерлер­дің, тексеруінен өтті. Солардың қоса қаба­тын­да УЗИ аппараты мен рентген қызметі көр­сетілді. Тексеруден өткен 400-ден астам адам­ның 60-ы балалар болды. Аудандық өкпе ауруларына қарсы күрес ауруханасының қыз­мет­керлері сол күні 19 науқасты тексеруден өт­кізді. Нәти­жесінде 2 науқасқа емделуге жол­да­ма беріліп, 1 науқас активті топтан 2 топқа ауыс­тырылды. Аурухана ұжымы 3 науқас адам­ның отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті.

Шаруашылық құрылымы тарап кеткен, ин­весторы жоқ ауыл тұрғындары үшін жұмысқа ор­наласу оңай емес. Осы орайда аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де өз қызметін ұсынды. Сол шараның барысында 20 адам бөлім қызметкерлерінің қабылдауында болып, олардың 11-і қоғамдық жұмыс алды, 9-ы тұ­рақты жұмысқа тұрды. Бұл 9 адамның 7-уі ауыл­дағы “Айгүл” бала бақ­шасына, 1-уі ауылдық округ әкімдігінің әскери есеп үстеліне маман болып, енді бірі ауылдық ауруханаға медбике қызметіне қабылданды. Сол күні әлеуметтік бағдарламалар бө­лімінің сала мамандары көп балалы отбасы­ла­рына мемле­кеттік жәрдемақы тағайындау мәселе­сімен 1 адамды, мүгедек азаматтарға берілетін кө­мек жөнінде 10 адамды, Семей ядролық сынақ по­лигонынан зардап шеккендерге берілетін жәр­демақы жайлы 3 адамды қабылдады. Балалы от­басыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі өтініш бақылауға алынып, қалған өтініштер өз шешімін тапты.

Ақпараттық-насихаттық топ ауыл адамда­ры­ның денсаулығы мен тұрмыс жағдайына ғана ай­рық­ша көңіл бөліп қойған жоқ. Сонымен бірге, ауылдас ағайынның рухани-мәдени қажеттілігі мен тәлім-тәрбие мәселесі де назардан тыс қал­мады. Мұның жарқын көрінісі ретінде аудан әкімі жанындағы нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу, оларға қарсы іс-әрекет жөніндегі ко­мис­сияның және адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы жұқтырыл­ған ауру белгісінің алдын алу жөніндегі үйлес­тіру кеңесінің ұйымдасты­руы­мен №42 орта мек­тепте іс-шара өткізілді. Бұл рет­те ауылдық емхана дәрігері темекі шегу, арақ ішу, наша­қорлыққа салыну тәрізді зиянды әрекет­терден аулақ болу, салауатты өмір салтын қалып­тастыру тақырыптары бойынша лекциялар оқыды. Сол күні осы мектепте спорттың шахмат, қазақша күрес, баскетбол және таэквандо сынды 4 түрінен жарыс жалауын көтерді. Бұдан бөлек, гүл өсіруші қыздардың жұмысы, ат спорты бөл­месінің құрал-жабдықтары келушілердің көңі­лінен шықты. Жас­тар мен жасөспірімдер ара­сында құқық бұзу­шы­лық пен қылмыстың алдын алуды мақсат тұтқан аудан әкімі жанын­дағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құқықтық тәрбие кешін ұйымдастырды. Оған 10-11 сынып­тардан 92 оқушы қатысты. Келесі кезекте кешенді жұ­мыс­тардың жайы рухани-мәдени жұмыс са­ла­сына қарай ойысты. Орта мектеп кітапха­на­сында “Жастар — тәуелсіз елдің ертеңі” деген та­қырып негізінде жас оқырмандар кеші қадам жазды.

Ақпараттық-насихат тобының бұдан кейінгі жо­лы алыстағы Айдарлы ауы­лын­да жалғасын тап­ты. Мұнда да жоға­рыдағы жағ­даяттардың бәрі жа­салды. Емхана алдына орналас­қан жылжы­малы рент­ген тұрғын­дарға үздіксіз қызмет көрсет­ті. Осы күні дәрігерлік тексеруге кел­ген 373 адамның 67-сі флюроға, 52-сі УЗИ-ге түсіп, 62 науқас кардио­ло­гияға қабылданды. Бұдан бөлек 42 кісі хирург­тің, 29 адам окулистің қарауынан өтті. Ендігі 9 ауру өкпе ауруларына қарсы күрес ауруханасы қызмет­керлерінің бақылауында болып, олардың 5-уі есептен шығарылды. Бұған қоса тағы 4 адам тіркеуге алынды. Екі науқасқа тексерілу үшін ау­дан­дық емханаға жолдама жа­зылды. Төрт науқас­қа облыс­тық ауруханаға емделуге квота берілді. А.Иманов атындағы №139 мектепте “Са­ламат­ты өмір салтын қалыптас­тыру” орталығының маман­дары “ХХІ ғасыр жастары нашақор­лық­қа және СПИД-ке қарсы” тақы­ры­бында лекция ұйымдас­тырды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі қызмет­керлері 7 адамды қабылдап, ауылдық ем­ханаға фельдшер маман­дығына 1 адамды орналас­тырды. Балалы отбасыла­рына бе­рілетін мемлекет­тік жәрдемақы тағайын­дау бойынша қа­былдауға 21 адам келді, 8 азаматтың мәсе­лесі оңтайға келіп, 13 азаматтың жағдайы бақылауға алынды. Мүгедек азаматтарға берілетін көмек те орайына жетіп, 10 адамға берілетін жәр­демақы беру толық шешілді. Семей ядро­лық сынақ поли­гонында зардап шеккен­дерге берілетін жәрдем­ақы бойынша 2 адамның құжаты қабылданып, толық шешімін тапты. Орта мектептің спорт залында 3 спорт түрінен жарыс жалаулады.

Ақпараттық-насихаттық топтың жұмысының қорытындысы бойынша өткен жиында сөз алған аудан әкімі Ибрагим Әбибуллаев Елбасы Жол­дауы жолдарында алға қойылған мақсаттар мен мін­деттердің, бағыттар мен бағдарлама баптары­ның аудан халқы үшін әкелетін жақсы нышан­дары мен жарқын келешегінің көкжиек­теріне шолу жасап өтті. Кездесу кезеңінде ауыл адам­да­ры аудан басшысына өздерін толғанды­рып жүр­­ген көптеген сұрақтарды қойып, оларға қана­ғат­танатын жауаптар алды. Жиын соңында әкім ауылдың соғыс және еңбек ардагерлеріне аудан тарихына арналған “Сырдария” кітабын табыс етті. Жоғарыда біз әңгіме еткен екі ауылда да жер­­гілікті халық жасалып жатқан мына шара­лар­ға шын көңілден ризашылықтарын білдірді. өз кезегінде аудан әкімі бұл жұмыстардың жыл бой­ы­на жалғаса беретінін айтып, көпшілікті сендірді.

Серік ПІРНАЗАР, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы. 

Суретті түсірген Игорь Титенок.

 

Өркениетке өрлеудің өнегесі

 

Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.

Президент Жолдауы­ның, әсіресе  әлеуметтік мәселелерді қам­ти­тын қағи­даларының көптің көкейі­нен шы­ғуының мәні зор. Бұл ретте 2008 жылы әлеуметтік төлемдерді ұлғай­ту­ға жұмсалатын қаражатқа жалпы қа­жет­тілік шамамен 108 миллиард тең­гені құрайтынын айт­сақ та жет­кілікті. Сонымен бірге, Президент Үкіметке үш жыл ішінде елдің осы нысандарға аса мұқтаж болып отыр­ған өңірле­рін­де 100 мектеп пен 100 аурухана салу жө­нінде тапсырма бер­ді. Осы бағыт­та­ғы жұмыстар қазір­дің өзінде кең өріс алып, Пар­ла­мент депутат­тары оған белсенді түрде қатыса бастады.

Мемлекет басшысы атап көр­сет­кендей, Үкімет ел үшін қолайлы шарт­­тармен Қазақстанның БСҰ-ға енуін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орай­дағы менің пайымдарым ерекше түсінікті қажет етпес деп ойлаймын, бірақ біздің бәріміз үшін бұл мін­дет­тің көкейкестілігі мен ынта туғы­за­тыны айқын жәйт.

Қазақстанның БСҰ-ға кіруі ар­қылы халықаралық сауда жүйе­сіне ық­палдасуы елімізге өзінің неғұрлым оңтайлы және тұрақты ортада дамуы стратегиясын белгі­леуге мүмкіндік туғызады, мұның өзі басқа да бар­лық сауда сала­сындағы әріптесте­ріміздің бәрі ие болып отырған құқықтарға кепілдік беріп, саудадағы қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалануға жол ашады.

Сондықтан да БСҰ-ға мүше бо­луына ниеттестігімді білдіре отырып, Қазақстанның рынокқа шығуы кезін­дегі шектеулердің және БСҰ-ға мүше елдермен сауда-экономикалық қа­ты­­нас­тардың тепе-тең деңгейін ор­нықтыру мен “ұлттық режім (ҰР)” жә­не “барын­ша қолайлылық режімі (БҚР)” түрінде Қазақстаннан тауар­лар мен қызмет көрсетулерін экс­порт­тау үшін артықшылықтар алу проб­л­е­масын шешуге ұмтылып отыр­ға­нын айтуым керек.

Солай болғандықтан да, ел Үкі­ме­тінің осы орайдағы міндеті, тұтас­тай алғанда, Ұйымға мүше елдермен, Қазақстанмен негізгі келіссөздер жүр­гізушілердің бірі, – атап айтқан­да, Еуропалық Одақпен белсенді ке­ліссөздер үдерісін қол­дау арқылы Қа­зақстанның БСҰ-ға кіруі жө­ніндегі жұмысты одан әрі жүргізу қа­жеттігі болып табылады. Осы үдеріс­тің бас­тауындағы тарих­қа келетін болсақ, Қа­зақстанның БСҰ-ға кіруге ұмты­лы­сы 1996 жылдың 26 қаңта­рынан басталған еді, бұл күрмеуі қиын ке­дер­гілі кезең еді. Осы Ұйымға мү­ше елдердің жұмыс тобы­мен Қазақ­станның тауарлар мен қызмет көр­сетулерге қол жеткізу ұсы­ныстарын талқылау, ауыл шаруа­шылығын ішкі қолдау жөніндегі екіжақты келіссөз­дер, көптеген пікір алысу­лар болды. Алайда, Қазақстан­ның ЕО делега­ция­сы­мен келіссөзде­рінің жекелеген проблемалық мәніс­терін атап көрсету керек, оның мәні мыналарда болған еді: республика­ның тауарлар мен қыз­мет көрсе­тулерге қол жеткізу ұсы­ныстарын­дағы кейбір жақсару ахуалын атап көрсете отырып, ЕО біздің ұсыныс­тарымызды едәуір дәрежеде қана­ғат­танбаушылықпен қарсы алып, бір­қатар талаптар қой­ды. Атап айт­қан­да, Қазақстанның та­риф­терін төмендетуге мүдделілік та­нытты. Сондай-ақ БСҰ міндетті емес келі­сіміне; тарифтерді “нөл­ден нөлге” ырықтандыру жөніндегі сек­тор­лық бастамасына қосылуы; база­лық ке­зеңде болмаған жағдайда ауыл ша­руа­шылығында экспорттық суб­си­диялар мен арнайы қорғау шарала­рын қолданбауы; телеком­му­ни­кация­лық және қаржы қызмет көр­се­тулері­не толық қол жеткізу мүм­кін­дігін беруі; коммерциялық қатысуы мен жеке адамдардың қа­тысуына ерекше ниет ете отырып, қызмет көрсетуле­рінің барлық әдістері бойынша ше­тел­дік қызмет көрсетулер мен шетел­дік өнім жеткізушілер үшін сөзсіз ұлттық режімді қамтамасыз ету тура­лы міндеттемелер қабылдауы төтенше талаптар болып шықты.

2002 жылғы наурыз айында БСҰ-ның хатшылығында Қазақ­станның БСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс то­бының 13 мүшесімен, соның ішін­де ЕО-мен тауарлар мен қызмет көр­се­тулер рыногына қол жеткізу жөнінде республиканың ұсыныста­рын тал­қылаған кезекті екіжақты ке­ліс­сөздер болып өтті, оны Швей­цария Кон­феде­рация­сының елшісі ұсынды.

Осында ЕО тауарлар рыногына қол жеткізу саласындағы Қазақстан ұсыныстарындағы бірқатар жақса­ру­ларды оң бағалай келіп, сектор­лық бастамалармен үйлеспейтін (15 пайыз­дан астам) көтеріңкі тариф­терді қысқартуды, жекелеген тауар­лардың айқындамалары бойынша тариф ұсы­ныстарын жақсартуды өтінді. Алайда, еуропалық тарап үшін ынта туғыза­тын тауар айқын­дамаларының көп бөлігі тарифтік тұрғыда қорғауды қажет етеді. Бұл, ең алдымен, оларды болашақта өр­кен­дету әлеуетіне сай келетін эко­но­ми­каның жекелеген секторларын да­мы­ту бағдарламалары­ның (жүзім ша­руашылығы, жеңіл жә­не тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу мен жиһаз өнеркәсібі, мәшине жасау ке­ше­ні, химия және мұнай-химия өнер­кә­сібі сияқты салалар) болуымен де бай­ланысты болды. Импорттық кеден баж салықтарының деңгейін қазіргі қолданылып жүрген деңгей­ден тө­мен белгілеу, ЕО талабы бойынша, же­келеген секторларда бәсекеге қа­бі­летті деңгейге жетуге мүмкіндік бермейді.

БСҰ-ға мүшелік шарттарын ес­ке­­ре отырып, Қазақстан өзіне БСҰ-ға мүшелерінің міндеттемелері дең­гейі­­нен жоғары емес шарттарды қа­был­­дауға, қазақстандық өскелең өн­ді­рісті қорғау үшін жеткілікті им­порт­тық кеден баждары ставка­ларын байла­ныс­тырудың бастапқы дең­гейі­не жә­не арнайы қорғау шараларын қолда­ну мүмкіндігіне ұмтылыс жасап отыр.

Осымен байланысты Қазақстан Республикасы ЕО-дан БСҰ-ға қо­сылатын Қазақстанға қатысты олар­дың тұғырының қатаң бол­мауын көз­дейді және экономиканы қайта құ­рылымдау үшін уақытша арақа­шық­тық қажеттілігін ескеруді қалайды.

1996-2003 жылдар аралығында БСҰ-ның хатшылығына БСҰ-ға кіру шарттарына сәйкес ақпараттық материалдар мен міндетті құжаттар жолданды.

Сөйтіп, 2003 жылы Қазақстан БСҰ-ға қосылу үдерісінің ақпарат­тық кезеңін аяқтап, БСҰ-ға мүшелігінің шарттарын анықтау жөніндегі жұмыс то­бына мүше елдермен келіссөздер үде­­рісінің пәрменді сатысына аяқ басты.

Бүгінгі таңда Қазақстан негізгі төрт бағыт: ауыл шаруашылығы мә­се­лелері бойынша, тауарлар рыногы­на қол жеткізу бойынша, қызмет көрсетулер рыногына қол жеткізу бойынша көпжақты әрі екіжақты келіссөздер жүргізіп отыр.

Егер ауыл шаруашылығы мәсе­лелері бойынша келіссөздерге келе­тін болсақ, онда олар ішкі қолдау шаралары мен ауыл шаруашылы­ғын экспорттық субсидиялау кө­лем­дері жөніндегі арнайы көпжақ­ты келіс­сөз­дер ауқымында жүргі­зіліп, осы Ұйым­ға енетін барлық елдер үшін, со­ның ішінде Қазақ­стан үшін іс жү­зінде аса күрделі келіссөздер болды.

Ауыл шаруашылығын субсидия­лау келіссөздер үдерісінің аса түйт­кіл салаларының бірі болып табыл­ды. Ұйымға қосылатын ел­дерден, әсіресе, егер олар­дың қайсыбірі соңғы үш жыл ішінде мұндай субси­диялар қолдануды дәлел­дей алмайтын болса, онда ауыл шаруа­шылығы өнім­дері үшін субсидия­лауды енгіз­беуге міндетте­ме талап етілді.

Қазақстанның аграр­лық саясат­ты пәрменді түрде жүргізу, басқа мем­ле­кеттер­мен бірдей дең­гейде бәсе­ке­лес­тік шартта­рын қамта­масыз ету ние­тін ескере отырып, Үкімет ауылға іш­тей қолдау жасаудың шекті дең­гейін қорғау жөнінде келіссөз­дер жүргізуде.

Сонымен бірге, Қазақ­стан Үкі­меті шетелдік ауыл шаруашы­лығы өні­­мі­не біздің рыногымызда қол жеткізу мәселелерін талқылау кезін­де қор­ғау шараларын қолдану құқы­ғын да қолдайды, бұл шаралар дем­пингтің қаупі мен біздің шаруалары­мыз үшін елеулі түрде залал шегу жағ­дайла­рында көтерің­кі кеден баж­дарын енгізуге мүмкіндік береді.

БСҰ-ға мұше елдер Қазақ­стан­нан ауыл ша­руашылығының экс­порт­­тық субсидияла­рын жою­ды та­лап етеді. Қазақ­стан, өз кезегінде, көш­пелі ке­зеңде олардың көлемін бір­­тіндеп қысқартуға ыңғай танытуда.

Еліміз ауыл шаруашы­лығы мә­се­лелері бойынша АҚШ, Еуро­палық Одақ, Канада, Авс­тралия, Брази­лия сияқты елдермен келіс­сөздер жүргізуде.

2006 жылғы қазан айында Мәжілістің Қаржы жә­не бюджет комитеті “Қа­зақстан Республика­сы­ның Бүкіләлемдік сауда ұйымы­на кіруіне дайындықтың барысы туралы” мәсе­лесі бойынша парла­менттік тыңдау­лар өткізді.

Парламенттік тыңдауларға қаты­сушылар Қазақстанның БСҰ-ға енуі­нің стратегиялық маңызын атап көр­сетіп, оны әлемдегі бәсе­кеге барын­ша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегия­сының басым міндеттерінің бірі деп таныды. Стратегияда атап көр­­сетіл­гендей, БСҰ-ға кіру эконо­ми­ка­лық өсудің нақты құралы болуға тиіс.

 Қазақстанның БСҰ-ға кіру үдерісі тұрақты рынок саясатын ұстауға және елімізде рынок құрал­дарын құруға бағытталған жан-жақты экономикалық реформалар жүргізуді көздейді.

Парламенттік тыңдауларға қа­ты­сушылар Қазақстанның БСҰ-ға кіруіне, оның нәтижелерінен туын­даған қорытындыларға орай талдау­лар мен ұсынымдар жасады, сон­дай-ақ елдің Үкіметіне осы мәселе­лер бойынша нақты ұсыныстар әзірледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамалық базасы іс жүзінде БСҰ келісімдерінің ере­желерімен толық сәйкес келтірілді.

БСҰ-ға мүше болу экономика үшін де, Қазақстан қоғамы үшін де ар­тықшылық болып табылады. Тұ­тастай алғанда, қоғамды және атап айтқанда іскерлік топтарды ұйым­ның өзі туралы, сондай-ақ Қазақ­станның БСҰ-ға кіру үдерісі туралы хабардар ету жөніндегі жұ­мысты күшейту қажет деп ойлаймын.

Қазақстанның БСҰ-ға кіруі туралы мейлінше тұжырымды түрдегі әңгіме осы жәйттерге сайса керек. Со­нымен бірге, мен мынаны ерекше атап көрсеткім келеді: Қазақстан эко­номикасының бәсекеге қабілет­тілігін арттыру үшін отандық бизнес елдің ішіндегі бәсе­ке­ге ғана төтеп беріп қой­май, соны­мен бірге, одан тысқа­ры жерлерде де өзі­нің өнімдері мен қыз­мет көрсе­ту­ле­рін өткізу үшін жаңа рыноктарды та­буы тиіс. Осы­мен байланысты рес­публика­мыздың БСҰ-ға енуін біз­дің алға басуымыз­дың тағы бір тетігі деп есептеймін.

 

Жолдау жүктеген міндет

Жоғары талаптарға сай жабдықтар

 

“Каспий қайраңындағы мұнай өндірілетін кен орындарын игеру барысында табиғатты қорғауға ба­ғытталған заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту қажет”, деп атап көрсетілген Президент Жол­дауында.

Каспий қайраңын игеру мақса­тындағы теңіздегі жұмыстарда қол­дау көрсету жөніндегі Баутино база­сының салына бастағанына жеті жыл­дай болды. Әлемге әйгілі АДЖИП ҚКО компаниясына қарас­ты базаның мақсаты теңіздегі бұрғылау жұмыстарына қолдау көрсету, геофизикалық зерттеулер жүргізуге арналған кемелерді жанар­маймен, түрлі жабдықтармен қамту. Өткен жылдардан бастап теңіздегі бұрғылау үшін  жасанды аралдар са­лу қарқын ала бастады. База еліміз­дегі бірден-бір іргелі де сан-салалы жұмыстар атқара алатын орын. Ол Түпқараған шығанағын­дағы қысы-жазы кеме қатынасы тоқтамайтын 10 гектар аумақты алып жатыр. Мұндағы айлақтар ұзындығы 450 метр. Осында бұрғылау ерітіндісін, құрғақ қоспаларды дайындайтын, құбырларды тазалап, тексеретін, бұрғылау тасбағанын өңдейтін қондырғылар бар. Түрлі зиянды қалдықтарды, лас суларды тазарту да осы аумақта жүзеге асады. Осы жылға жоспарланған бұрғылау жұмыстарын қолдау үшін 8 кеме, 7 баржа, 1 жанармай танкері пайдала­нылмақшы. Яғни, осы кемелер Бау­тино базасына 350 шақырым жердегі Қашаған кен орынының арасын жалғастырып тұрады. Оған солтүстік Каспийдегі басқа да бұр­ғы­лау алаңдарын, жүзбелі қондыр­ғылар, “қара алтын” таситын алып танкер­лерді қоссаңыз айдындағы кемелер құстан да көп пе деп қаласыз.

Ал Каспий болса тұнық теңіз. Ағын су аз. Суы тіпті таяз айдында­ры да жетерлік. Ну қамысты жерлер де кездеседі. Содан да болар теңіз эко­логиясы қайраңдағы кен орын­дарын игерушілердің басты наза­рында екендігінің куәсі болып келеміз. Бұрғылау кезінде немесе тасымалдау кезінде мұнай төгілгенде оның кең жайлап кетпеуі жолдарын іздеумен қатар жоғарыдағы ерекше­лік­терді есепке алу қажет екен. Мы­салы, бірінші санаттағы кішігірім төгілімдер қолда бар құрал-жабдық­тардың, орта ауқымдағысы еліміздегі жабдықтар мен техникалардың көмегімен жойылады. Оның бәрі де Қазақстан Республикасындағы арнаулы экологиялық талаптарға сай жүзеге асады. Осы және басқа да табиғатты, қоршаған ортаны қорғау тәсілдері мен техникалар жайлы терең түсініктер берген база менед­жері Массимо Саворини, АДЖИП ҚКО компаниясының ұлттық медиа жөніндегі кеңесшісі Назым Құс­панғалиева, базаның супервайзері Арман Бердалиевтің айтуынша, жаңа құрал-жабдықтар теңізден мұнай өндіруді ертерек қолға алған Англия, Дания, Финландия, АҚШ елдерінен әкелініпті. Экология мәселесіне ерекше маңыз берудің нә­ти­­жесінде аталған құрал-жабдықтар арнаулы техникалар тұрған мұнай төгілуін бақылау және жою қоймасы Қазақстандағы алғашқы ерекше жабдықтар жинақталған орын болып есептелетін көрінеді. Осындай жабдықтармен жұмыс жасау да оңай шаруа еместігі белгілі. Соған орай 2006 жылы ғана 400 адам Қазақ­станда, шетелдерде кәсіби оқулардан өтіп, 30 рет жаттығу ұйымдасты­ры­лыпты. Енді осы жылдың қыркүйек айына үшінші санаттағы кең ауқымды жайылған мұнайды жою жөніндегі жаттығу жоспарланыпты. Бұл халықаралық дәрежедегі алғаш­қы іс-қимыл. Онда көп мөлшерде төгілген мұнайдың жайылуын болдырмау жұмыстары сол жерді әуеден суретке түсіруден басталып, метеорологиялық деректер негізінде мұнай дағының көшуін болжау карталары мен “OІLMAP” атты ком­­пьютерлік модельде үлгілеу ар­қылы жүрмекші. Осы қоймадан сол кездерде пайдаланылатын сыйым­дылығы 6 мың тонналық неориннен жасалған құтылар, одан тасымал­дауға арналған жұмсақ та жеңіл күбілер, тіпті өте тайыз табанды бук­сир мен мұзжарғыш қолдау кемесі көмекке тартылады екен. Компанияда бұрғылау орындарынан әкелген қалдықтарды тазалау қондырғысы да жұмыс жасап тұр. Өткен жылдың  қыркүйек айында пайдалануға берілген қондырғы базадан 20 шақырым жерге орна­ласқан. Тазартылған қалдықтардың өзі арнайы дайындалған қазан шұңқырларға көміледі. Тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс жасайтын екі термомеханикалық десорбциялау қондырғысында сағатына 6 тонна­дан астам бұрғылау қондырғы­ларының тау жыныстары тазарты­лады. Тағы бір қызығы қуатты пештерде қыздыру арқылы жүретін үздіксіз процестен соң одан мұнай, су және қатты күл алынып қайтадан пайдаға жаратылады.

Жалпы, аталмыш компаниядағы қоршаған ортаны қорғауға бағыттал­ған іс-шаралар көңілге қонды. Және тиісті орындар тарапынан да оң бағаланып жүргенін байқадық. Мысалы, Баутино базасы 2005 жылы қазанда 1S0 14001 халық­аралық сертификатына, 2007 жылы ақпанда АДЖИП ҚКО компаниясы белсендірілген басқару жүйесінің аккредитациядан өту сертификатына ие болып, сапаны басқару жүйесі бойынша – 1S0 14001, кәсіптік денсаулықты сақтау және қауіпсіздік бойынша – ONSAS 1801 серти­фикаты иеленіпті. База басшылары өздерінің аумақта белсендірілген басқару жүйесінің аккредитация­сынан ең бірінші өткен компания екендіктерін мақтан етіп ұжымға, елге қажетті осынау сала жұмыс­тарын сәтті жалғастыра беруді мақсат ететіндіктерін білдірді.

Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауылы.

 

Жауапсыздық пен шашпашылдық

жойылса екен, дейді Нұрлан Ізтілеуов

 

Тілшілер қосынына арнайы келген ол ой арқауын осы арнадан тарқатты.

– Қазір республикада Елбасының биылғы Жолдауы жан-жақты талқылануда. Электронды ақпарат құралдары мен баспасөз беттерінде пікір білдіргендердің бәрі де оны толық қолдайтындықтарын айтуда. Дұрыс-ақ. Оны мен де құптаймын. Алайда Жолдауды талқылауда менің ойымша, пікірлер тым біржақты айтылып жатқандай көрінеді. Осы тұрғыда өз тұжырымым бар, – деді есімі елге кеңінен танымал кәнігі экономист, халықаралық Қонаев қоры Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Нұрлан Ізтілеуов.

– Газет халықтікі. Елдің бас басылымы “Егемен Қазақстан” да халық пен оқырман­дардың ой-пікірлерін жариялауға қашан да әзір. Айта беріңіз. Ойлы пікір болса неге жарияланбасын, – дедік біз ол кісіге.

— Ендеше, сөзіме құлақ салыңыз, — деді ол. Егемендік алғанымызға он алты жылға аяқ басты. Осы қысқа уақыт аралы­ғында ғасырға татырлық істер тындырыл­ды. Әрине, оны Елбасы жалғыз атқарған жоқ. Елмен, мемлекеттік сезімі жоғары бас­шы азаматтармен бірге атқарды. “Еге­менде” олар туралы “Тәуелсіздікті тұғыр­ландырған тұлғалар” деген айдармен біраз материалдар да жарияланды. Ендеше, олар­­дың сондай биік бағаға қашан да лайық болуын қалар едік. Әрі халық олар­дан бүгінгі күнге дейін жеткен жетістікті ғана емес, болашақты болжаған батыл ойлар мен іс-қимылдарды да күтетінін айт­қым келеді. Осы орайда қазақтың көрнекі ақыны Әбділда Тәжібаевтің мына бір шумақ өлеңін еске сала кеткенді жөн көріп отырмын.

Ертең күн бар тағы да сыналатын,

Еткен ісі ерлердің сұралатын.

Әркімге де бет керек, бедел керек

Ел алдында ұялмай тұра алатын.

Осы тәуелсіздікті тұғырландырған тұл­ға­лармен бірге Елбасының айналасындағы зиялылар, ірі лауазым иелері, Парламент депутаттары мен облыс әкімдері елдегі хал-ахуалды әсірелемей, тек шындық тұрғы­сын­да жеткізіп отырса, шешілмейтін мәсе­лелер мен проблемалар жоқ деп санаймын. Өйткені, елдің жағдайы  жыл сайын жақсы жағына өзгеріп келеді. Әрі осы өзгеру, алға жылжу өмір заңы да. Дегенмен, ауылда шешімін таппаған мәселелер әлі де жеткілікті екенін жасырудың қандай қажеті бар. Соны көре-біле тұра тиісті шарасын алмай отырғандар Елбасы тапсырмасын мүлтіксіз орындап жүр деп айта аламыз ба?

Мәселеге екінші бір тұрғыдан көз жү­гірт­сек, соңғы кезде жұмыссыздық жойы­лып келеді, орташа жалақы мөлшері өсіп отыр деген құлаққа жағымды мәліметтер жиі айтылып, жиі жазылып жүр. Алайда, ол нақты кімдердің жалақысынан тұратыны ашық, анық көрсетіле бермейді. Жергілікті жерден жоғарыға мұндай мәліметтерді тоғытқаннан ештеңе өзгере қоймайды. Сондықтан бұл ретте жобаларды маңызына қарай терең де, жан-жақты талдап, бөлінген қаражатты талан-таражға салмай орнымен жұмсалуын қадағалаған абзал.

Осындай жолмен ауылдағы пробле­маларды да алдағы үш-төрт жылдың ішінде толық реттеуге болады. Өйткені, еліміздің қазіргі экономикалық жағдайы оған алғышарт қалай алады. Бұл үшін Жолдау жолдары мен Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаевтың биылғы агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кеңесінде қойған міндет­терін орындау кезінде ауылдағы басты проблемаларға назар аударылса болғаны. Әрі оның орындалу мерзімі көрсетіліп, оған жауапты адамдар белгіленгені жөн.

Әйтсе де мені бірқатар билік пен ірі лауа­зым иелерінің ел алдындағы жауап­кершілікті жете сезіне бермейтіні қын­жылтады. Егер олар бұл мәселеде үлгіні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан ала алса, көп олқылықтың орны толар еді. Бүгінде сөз бен істің арасында жер мен көктей айырмашылық жиі кездесіп жүр. Мұндағы басты кемшілік – жауапсыздық дер едім. Менің ойымша, осы бір дерт қоғамды жегі құрттай кеулеп бара жатқандай көрінеді.

Тағы бір айтайын дегенім, соңғы кез­дерде баспасөз беттері мен телеарналардан, әсіресе “Бетпе-бет” телебағдарламасынан “қара­жат жетпей жатыр, көш жүре түзе­леді...” деген уәждерді жиі естіп жүрміз. Әсіресе бұған Парламент депутаттары көбірек әуес. Керісінше, қанша тыңдасам да телебағдарламаларға қатысушылардың елдегі шашпашылыққа қатысты айтқан сөздері мен ой-пікірлерін ести алмай келемін. Әлде республикада мұндай көрініс мүлдем кездеспей ме? Мүмкін емес.

Сонымен бірге, бүгінде “штат, смета” деген мәселелер де ұмыт қалған секілді. Оны Үкіметтің ұдайы қадағалап отыраты­нына күмәнім бар. Қандай еңбегі үшін, қандай мөлшерде еңбекақы төленеді? Оның бүге-шүгесін нендей құжаттардан білуге болады? Мұндай мәселелердің тепе-теңдігі болуы керек емес пе? Мәселен, бұрын обком хатшысының еңбекақысы шахтердің жалақысынан әжептәуір кем болатын. Ал қазіргі облыс әкімдерінің еңбекақысы қандай? Оны көпшілік біле бермейді.

Ойды ой қозғайды. Мәселен, пара алуды қойдырамыз деп белгілі бір жүйелер мен салаларда еңбекақыны көбейту дұрыс па? Мыңнан біреуді байытып, 999-ын шала құрсақ ұстағаннан қоғамның ұтары кәне? Сондай-ақ, соңғы уақытта бюджеттен қаржыландырылатын мекеме, кәсіпорын ғимараттарының бәріне дерлік күрделі еуропалық жөндеу жүргізу әдет пен сәнге айналды. Оның айналасы мен есік, терезелері темір тормен қоршалатын болды. Миллиондаған теңге қаражаттың орынсыз жұмсалып жүргенін осыдан-ақ біле беріңіз.

Сол секілді жергілікті шенеуніктердің екі-үш жыл сайын бағалары удай шетелдік қызмет автокөліктерін қолғапша ауысты­руын да құптау қиын. Сонымен бірге соңғы кезде республикада бірінің қызметін бірі қайталайтын холдингтер мен компа­­ниялар, агенттіктер мен департаменттер саны да күрт өсіп барады. Басқару құрылымын бұлайша жүйесіз көбейту орынсыз шығындарды одан әрі өсіре бермесіне кім кепіл? Осыған ұлттық өнім­нің едәуір пайызын құрайтын көлеңкелі экономиканы қоссаңыз, ел, халық игілігіне пайдаланылмай жатқан қаражаттың үлесі ұлғая түседі.

Мен мұны айтқанда ғимараттарды жөндеудің керегі жоқ, басшылар автокөлік мінбесін деген ойды меңзеуден аулақпын. Тек бұл бағытта не нәрсенің де өз шегі болатынын, мемлекет қаржысын үнемді жұмсау қажет екенін тағы бір мәрте еске салу еді басты ойым. Осы ой-пікірімді оптимистік көңіл-күймен аяқтағым келеді. Республика Президенті Нұрсұлтан Назар­баев өзінің биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауы кезінде Үкімет пен облыс әкімдеріне 100 мектеп пен 100 аурухана салу жөнінде тікелей тапсырма берді. Мен мұны бетбұрыстың басталуы деп бағалаймын. Оның тиісті сұранымы болатынына күмән болмаса керек. Менің айтайын дегенім осы еді, – деп аяқтады өз ойын “Егеменнің” тілшілер қосынына арнайы келген Нұрлан Ізтілеуов.

Расында да ел ішінде әртүрлі билік иелері арасында шашпашылдық пен жауапсыздыққа жол беретіндер кездесіп жүргені де шындық. Бұл тұрғыда оның жанайқайы орынды деп білеміз. Сол үшін де ол кісінің ой-пікірінің желісін бұзбай оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Темір ҚҰсайын. Орал.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат