Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-04-13:

Заңда күмән болмауы керек

 

Кеше Конституциялық Кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Оған Кеңес мүшелерімен қатар, Парла­­мент депутаттары, Үкіметтің, Бас прокуратураның, Әділет, ІІМ-нің және басқа да тиісті мекемелердің өкілдері қатысты. Конституциялық Кеңес отырысының шақырылуына бір топ Парламент депутаттарының өтініші себеп болған еді.

Олар өз өтініштерінде Ата За­ңы­мыздың 12-бабының 2-тармағына, 62-бабының 2 және 8-тармақтарына, 76-бабының 1-тармағына, 77-бабтың 3-тарамағының 3) және 5) тармақ­ша­ларына ресми түсіндірме берілуін сұраған. Ал мұндай өтінішті жіберуге Алматы қалалық сотында қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесі барысында туындаған қай­шылықты мәселелер себеп болған көрінеді.

Отырыс барысында мәлім бол­ған­дай, Парламент депутаттары өз­дері­нің өтініштерінде Конституция­ның аталған ережелерін қылмыс жа­сады деп айыпталғанның өз ісін алқа билер институтын бекітетін заң­на­ма­лық актілердің күшіне енуі мен қолданысқа енгізілуі арасындағы ке­зең­де алқа билердің қатысуымен қа­рау құқығына қатысты түсіндіріп беруді ғана сұраған. Бірақ бұл табан астында шешіле қоятын мәселе емес екендігі талқылау барысында анық байқалды. Өтініш берушілер нелік­тен тергеуші айыпталушыға оның ісін алқа билер соты арқылы қарауға мүмкіндігі барлығын айтпаған дейді. Оған қоса сот айыпкердің ісін алқа билер арқылы қарау туралы өтінішін қабылдамаған. Бірақ бұған құқық қорғау органдарының өкілдері Елбасының “Алқа билер туралы” заңға қол қойған уақыты мен заң­ның күшіне енген уақытында айыр­машылық бар екенін түсіндіреді. Олар жоғарыдағы оқиға “Алқа билер туралы” Заңының әлі күшіне енбе­ген, яғни 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін орын алғандығын алға тар­та­ды. Демек, істі жүргізген тергеуші ҚПК нормаларына ғана жүгінген. 

Сөйтіп, ортаға шыққан заңгерлер Ата Заңымыздың жоғарыдағы баптарына байланысты заңдылық тұрғыдан өз түсініктері мен пікір­лерін білдірді. Алайда, мәселенің күрмеуі көп, күрделі жайына байланысты Конституциялық Кеңес аталған баптарға ресми түсінік беруді кейінге қалдырды.

Александр ТАСБОЛАТОВ.

 

Прокурорлық “Веб-сайт” көпшілікпен байланысты жолға қоюда

 

Лауазымды тұлғалар тарапы­нан жіберілетін заң бұзушылықты уақытында анықтап және аза­маттар құқықтарының сақталуын өз қызметінің басты мақсатына айналдырған Алматы қалалық прокуратурасы жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Сондай жобалар­дың бірі – Алматы қалалық про­куратурасының “веб-сайтының” ашылуы.

Қала прокуроры Жақсылық Байтұқбаевтың айтуынша, “веб-сайтты” құрудағы негізгі әрі ең басты мақсат – қолданыстағы заң­наманың мүлтіксіз сақталуын­дағы прокурорлық қадағалаудың тиімділігі мен ықпалдылығын одан әрі арттыру және заң бұзу­шылықтың алдын алу. “Веб-сайт” қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы жария­лылықты, құқықтық білімді наси­хаттауды қамтамасыз ететін бо­лады. Сөйтіп жаңадан қолға алынған іс-шара миллионнан астам тұрғыны бар шаһарды жоғары құқықтық мәдениет қаласына айналдыруды көздеп отыр. Қала тұрғындары өз өтініш­терін www.prokuroralm.kz сайтына жолдап, “Сұрақ-жауап” айдары арқылы өз бастамаларын толық­тай жүзеге асыра алады.

Алматы қаласы прокуратурасы  мемлекеттік органдар мен олар­дың лауазымды тұлғалары тара­пынан жіберілген заң бұзушылық­тарды анықтау және оның алдын алу бағытында бірқатар іс-шара­ларды жүзеге асыруда. Прокуратура түріктің “Ахсель құрылыс, мер­дігерлік және сауда Ко.Инк” АҚ-тың филиалында тексеру жүргізіп, онда еңбек және көші-қон заң­намасының қолданылуын тексерді. Сөйтіп, жеке еңбек шарттарында республикамыздың Еңбек туралы заңының 9-бабында көзделген бір­қатар шарттардың орындалмағаны анықталды. Әсіресе, жалақы төлеу, кезекті еңбек демалысын беру, тағы да басқа мәселелерге қатысты қиғаштықтықтар көп.

Еңбекақы төлеу, еңбек дема­лысын беру кезінде қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын шектеу жағдайларына жол берілген. Отандық жұмысшылардың еңбек демалысының мерзімі он екі күнге қысқартылған. Мәселен, штаттық кестеге сәйкес бесінші дәрежелі арматурашының келісімді ақысы бір жұмыс сағатына 3  доллардан болса, өткен жылғы қазан айында 160 сағат жұмыс жасаған түрік жұмысшысы сағатына 8  доллардан алған. Ал, қазақстандық арматура­шы өткен жылдың қазан айында 297 жұмыс  – сағатына бар болға­ны – 52 585 теңгеге ғана ие бол­ған. Ұсталардың жалақысы штат­тық кестеге сәйкес сағатына 360 теңге деп белгіленсе, түрік жұмыс­керінің жұмысы сағатына  8,7 долларды құраған. Таңқаларлығы, екінші бір түрік жұмыскерінің жұ­мыс сағаты – 10 долларға жеткен.

Қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің жалақысындағы айырмашылықты филиал басшы­лығы түрік жұмыскерлерінің еңбек өтілінің барлығымен және олардың бесінші дәрежедегі жұмыскер екен­дігімен түсіндіреді. Бірақ филиалда жұмыскерлердің біліктілік деңгейін және  дәрежелерді анықтайтын ере­желер жоқ. Қалалық прокура­тура осындай сипаттағы құқық бұзушылықтар бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне заң бұзушылықты жою жөнінде ұсы­ныс енгізді. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар әкімшілік жауап­кершілікке тартылып, 416 қазақ­стандықтың конституциялық құқы­ғы қорғалды.

Бір құптарлығы, прокурорлық қадағалау негізінде анықталған құ­қық бұзушылық, қылмыстық әре­кет­тер мұнымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ оңтүстік астанада өткен жылы прокурорлық тексеруде кәсіби деңгейлік талаптарға сай келмейтін құрылыс компанияла­рына лицензия беру және басқа да көптеген заң бұзушылықтар анық­талды. Өткен жылдың соңғы тоқ­санында қалалық прокуратура сәу­лет – құрылыс қызметін лицен­зиялау аясында қызмет көрсету заңдылығы бойынша сараптамалық орталықтарда жоспарлы түрде тексеру жүргізген болатын. Тексеру кезінде талапқа сай келмейтін ны­сан­дарға лицензия беру, мемле­кеттік органдардың қорытынды тұжырымдарын қолдан жасау сияқты фактілер анықталды. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпи­демиологиялық қадағалау орган­дарының қолдан жасалған ше­шімдері бойынша “Инком Строй Сервис” ЖШС мен “АВЕ-Строй сервис” ЖШС-ға лицензиялар берілген. Бұл фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, ли­цен­зиялар қайтарып алынды.

Бұл әрине бүгінгі күнге дейін жүзеге асырылған іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта заң бұзушылықты анықтау және оны жою бағытындағы жұмыс одан әрі жетілдіріле түспек.

 Республикадағы ең ірі қала әрі қаржылық орталыққа айналып отырған Алматы тұрғындарының құқықтық білім деңгейін кө­терудің маңыздылығы орасан. Қоғамда заңсыздыққа жол бер­мей, құқық бұзушылықтың алдын алу, онымен күресе білу үшін бұл салада сауаттылыққа қол жеткізу керек. Қалалық прокуратура “веб-сайт” арқылы көпшілікпен бай­ланысты жолға қойып, халыққа көмек қолын созуды ұйғарып отыр. Бүгінде құқықтық мәде­ниеттілікке қол жеткізудің қажет­тілігі де, маңыздылығы да орасан, – дейді қала прокуроры Жақ­сылық Байтұқбаев.

Шын мәнісінде де, Мемлекет басшысының қазақстандықтарға биылғы Жолдауында атап айтылғанындай, “Құқық қолдану іс-тәжірибесін жетілдіру және құқық тәртібін нығайтудың” бү­гін­гі таңдағы басты мәселе екендігі сөзсіз.

Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат