Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-04-27:

Инвестиция игілікке жеткізеді

  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше түстен кейін Жамбыл облы­­сына келді. Елбасын әуежайда облыс әкімі Бөрібай Жек­сембин қарсы алды. Облыс әкімімен, тиісті министрліктер мен ведомстволар басшыларымен қысқаша әңгімеден кейін Елбасы бірден Тараз қала­сының орталығындағы Баласағұн мәдениет сарайына келді. Өйткені, мұнда осы өңірде үстіміздегі жылдан бастап қолға алынатын жаңа инвестициялық жобалардың ақпараттары қойылып, оларды жүзеге асыратын компаниялар мен фирмалардың басшылары Елбасын асыға күтіп тұрған болатын.

 

Иә, өркендеген ел әлеуетімен бірге Жамбыл өңірінің экономи­ка­сы да жылдан жылға өсіп келеді. Өткен жылы облыс кәсіпорындары 78,3 млрд. теңгенің өнімін өнді­ріп­ті. Бұл бұрнағы жылмен салыс­тыр­ғанда 1,6 пайызға артық. Индус­трия­лық-инновациялық даму стра­те­гиясы шеңберінде 256 жаңа жұ­мыс орындары ашылып, 1,3 млрд. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылған. Индустриалды аймақ құру және оның мултипликативтік тиімділігі арқылы экономиканың басқа сала­ларын дамыту үшін қосымша құны жоғары, бәсекеге қабілетті экс­порт­тық өнімдер шығару мақсатымен экономиканы әртараптандыру ба­ғы­тында да жақсы жұмыстар атқа­рылуда. Талас ауданындағы “Аман­гелді газ өңдеу зауыты” ЖШС газ конденсатын өңдейтін және Меркі ауданында “Ар-Ас Пищепром” ЖШС спирт шығаратын шағын зауыт­тары іске қосылды. “Қазақ ет ком­паниясы” өндірістік коопера­ти­ві мүйізді ірі қара малды бор­да­қы­лау мен етін өңдеу кешенінің құ­ры­лысын жоспарлап отыр. Шу қа­ла­сында “Пектин-Агропром” жауап­­кершілігі шектеулі серік­тес­ті­гінде сүт зауытының құрылысы іске асырылуда, сондай-ақ биоэтанол өндіретін зауыт құрылысы көз­де­луде. Меркі ауданында “Меркі ет” жауапкершілігі шектеулі серіктес­ті­гінде етті тереңдете қайта өңдеуді ұйымдастыру, Тараз қаласындағы “ДЖАМБО-meat faktory” ЖШС-інде ет комбинатының құрылысы жоспарлануда, “Концерн Азия Қа­зақстан” серіктестігінде жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін зауыт құ­рылысы көзделуде. Көптеген кәсіп­орын мен ұйымда ИСО халықара­лық сапа менеджменті жүйесі ен­гізілді. Сонымен қатар, өнімнің бә­секелестікке қабілеттілігін арт­тыру үшін сапа менеджменті жүйе­сін облыстың 61 кәсіп­орындары мен ұйымдарында енгізу жоспар­лануда.

Өткен жылдың қорытындысы биыл облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалауға мүмкіндік берді. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсаны ішінде облыста 24,7 млрд. теңгенің өнер­кә­сіп өнімдері өндірілді немесе бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыс­тырғанда 25,5 пайызға артық. Негізгі капиталға инвестиция тарту 3,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге артты.

Елбасының жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген инвестициялық жобалардың тұсаукесер рәсімі де атқарылып жатқан осы жұмыс­тар­дың одан әрі қанат жайып келе жатқанын көрсетсе керек. Мысалы, үстіміздегі жылы облыста жалпы сомасы 200 млрд. теңгені құрайтын 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталады. Бұл жобалар 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді екен. Елбасының на­зарына солардың ішінен 9 инвестициялық жоба ұсынылды. Атап айтсақ, “Қаз-Интер Кристал” ЖШС облыста биыл кварцит өңдеу және поликремни өндіретін метал­лургиялық комбинаттың құры­лы­сын бастамақшы екен. Қазақстан мен Германия кәсіпкерлері өз қар­жыларына салмақшы бұл жобаның құны 646 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаның мақсаты айқын, болашағы да зор. Мысалы, кре­мни­ді өңдеуді жетілдіре отырып, одан электрондық өнеркәсіп үшін күн батареяларын, экранға арналған дисплей сияқты тағы басқа за­ма­науи жаңа технологиялар жасауға қол жеткізбек. Бұл комбинатта 200 адам жұмыс істейтін болады. Ши­кі­зат көзі де облыс орталығының іргесіндегі Тұрар Рысқұлов атын­дағы ауданға қарасты Мақпал квар­цит кен орнынан алынады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Германия бірлескен кәсіпорнының бас директоры Вальдемар Лих­тен­бергтің жобасымен ден қоя таны­сып, оның тезірек жүзеге асуына табыс тіледі.

Елбасын қызықтырған жобалар­дың енді бірі — “Алтыналмас Энер­го” ЖШС қолға алып жатқан жылу электр стансасының жобасы болды. Бас директор Саят Ғаббасовтың айтуынша, бұл газ-поршенді жылу электр стансасының жобасы іске асқан жағдайда, облыс тұрғын­дарын электр қуатымен және жы­лу­мен қамтамасыз ету бұрынғыдан тиімдірек бола түседі. Оның өнді­ріс­тік қуаты 50 мВт. Жобаның құны 30,0 млн. АҚШ долларын құ­рай­ды. Жоба үстіміздегі жылдың мау­сым айында қолға алынып, 2008 жылы толық пайдалануға беріледі. Бүгінгі күні құрылыс алаңы үшін 2,2 гектар жер телімі бөлініп, жылу электр стансасының құрылысын бас­тауға нақты қам-қарекеттер жа­са­лып жатыр. Елбасы бұл жоба ав­торларының ой-пікірін де қол­дап, оны тезірек іске асыруға тап­сырма берді.

Жамбыл өңірінде, әсіресе, соң­ғы жылдары тұрғын үй құрылысы өте жоғары қарқынмен дамып ке­леді. Мысалы, облыста тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шең­берінде 2005-2006 жылдары 260,5 мың шаршы метр тұрғын үй соғу жос­парланып, соңғы екі жылда жалпы алаңы 376,6 мың шаршы метр (3603 пәтер) тұрғын үй пайда­лануға берілді. Яғни, осы уақыт ішінде 44,6 пайыздық ұшқырлық­пен 3 жылға арналған бағдарла­ма­ның 90 пайызы орындалды. Қар­жы­ландырудың барлық көздері есе­бі­нен тұрғын үй құрылысына 7,5 млрд. теңге жұмсалып, 15 мың азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері жалпы ауданы 35,6 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2006 жылдың осы мер­зімімен салыстырғанда 22 пайызға артық. Тұрғын үй құрылысына бар­лы­ғы 1,5 млрд. теңге немесе негізгі ка­питалға салынған жалпы инвес­ти­ция көлемінің 37,7 пайызы жұм­салды.

Бұл ауқымды жұмыс облыста құрылыс материалдарына деген сұранысты да, ол сұранысты қана­ғат­тандыратын зауыттар салуды да қажетсініп отыр. Ондай зауыттар мен кәсіпорындар қазірдің өзінде де баршылық. Бірақ жаңа техно­ло­гиямен дүниеге келген сапалы ма­те­риалдар қашанда сұранымға ие. Елбасы едәуір аялдап, мұқият та­ныс­қан жобалардың бірі — “Ин­тер­национал инвестас”, Taraz zіgel ЖШC-ы қолға алғалы отырған кір­піш зауыты туралы ақпараттар бол­ды. Сарысу ауданындағы Жайылма ауылының керамикалық саз бал­шығын пайдалану арқылы дүниеге келетін кірпіштің өзіндік ерекшелігі назар аудармай қоймайды. Бұл жоба іске асып, зауыт іске қосылса кірпіштің 34 түрін шығаруға мүмкіндік туады екен. Ерекшелігіне келсек, жылу сақтағыш қабілеті мен салмағын азайту үшін саз бал­шыққа кәдімгі қамысты қосады екен. Бас директордың дайын өнім­дердің үлгілерін көрсете отырып айтуынша Германияда мұндай кірпішке ағаш жаңқаларын пайдаланыпты. Ал мұнда оның орнына қамыс өте тиімді шикізат деп танылып отыр. Бұл екінші жағынан ауыл адамдарына қамыс дайындаушы ретінде қосымша ақша табуларына мүмкіндік береді.

Елбасы бұдан кейін Орталық-Азиялық консалтингтік инвести­ция­лық компаниясы жетекші­лері­нің “Химпром-2030” ЖШС зауы­тын металл өнімдері мен ферро­сил­икомарганец өндіруге қайта бейім­деу, сондай-ақ Шу қаласынан қол­ға алынатын биоэтанол зауытының, “Достар Симмонс Казахстан” ЖШС-ның құс шаруашылығы ке­шенінің, “Құрылыс Техноло­гия­ларының Одағы” ЖШС-ның Талас ауданынан ашқалы отырған цемент зауытының, “Казфосфат” ЖШС-ның қасынан қолға алынатын фос­фор тыңайтқыштарын шығаратын жаңа жүйенің және “НПТЦ “SNS” ЖШС “POLYALPAN” жылу сақтау мүмкіндігі жоғары қасбеттік панелдер жасайтын зауыттың жобаларымен танысып, олардың авторларымен сөйлесті. Бір сөзбен айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев өзі көрген жобалардың барлығын қолдайтынын білдіріп, авторлары­ның жұмыстарына табыс тіледі.

Елбасы бұдан кейін халыққа қызмет көрсету орталығын көрді. Бұл орталық өткен жылдың 29 қа­ра­шасында ашылды. Оның ғимара­ты 2,4 мың шаршы метр жерді алып жатыр. Халыққа қызмет көр­сететін орынға 900 шаршы метр бөлі­ніп, үлкен залда 41 терезе қыз­мет көрсету үшін арнайы жабдық­талған. Бұл орталықта 5 бағытта 100 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қазір ХҚО филиалы жылжымайтын мүлік орталығында да ашылып отыр. Өйткені бұл мекеме алдында да халық көп жиналатын. Енді бәрі реттеліп келеді. Мұндай орталықтарды алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында ашу көзделіп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты “Нұр Отан” халықтық-демократия­лық партиясының ғимараты алдын­да бір топ тараздықтар қошеметпен күтіп алды. Ел-жұртпен әдетінше жылы шырайлы амандасқан Елба­сы “Нұр Отан” халықтық-демокра­тиялық партиясының ғимаратына өтті.

“Нұр Отан” ХДП партиясының ғимараты өткен жылы күрделі жөн­деуден өтіп, пайдалануға берілген. Ол 2007 жылдың наурызынан бас­тап “Нұр Отанның” меншігі болып табылады. Партия филиалы 1460 шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратқа орналасқан. Екінші қабатта филиал қызметкерлері мен партияның Тараз қалалық өкілдігі­нің кабинеттері орналасқан. Сон­дай-ақ, филиалда қоғамдық қабыл­дау орны, қоғамдық бақылау ко­митеті және партияның “Жас Отан” жастар қанаты жұмыс істейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ғимараттың мәжіліс залында пар­тия мүшелері және жасотандықтар күтіп отырды. Облыс әкімі Б. Жексембин Елбасының жастарды ауылға жұмыс істеуге шақыруына байланысты жасалып жатқан игі істерді айта келіп, осы мақсатты ойдағыдай жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы облыстық бюд­жет­тен 21 млн. теңге бөлінгенін, ол қаржы облыс орталығынан шал­ғай­дағы Мойынқұм ауданының ор­та­лығы мен елді мекендерінде мұға­лім­дер мен дәрігерлер үшін ком­муналдық пәтерлердің құрылысын салуға жұмсалатынына тоқталды. Ауылдарда жас кадрларды тұрақ­тан­дыру мақсатын көздейтін осы тәжірибе басқа аудандарда да жал­ғасын табуда екен. Ауылда жұмыс істеуге тілек білдірген жастардың біразы Елбасымен кездесуге келіпті. Олар сөз кезегі өздеріне ти­генде Елбасының саясатын қолдай­тындарын, жалындаған жастық жігерлерін туған елін түлетуге, алған білімдерін ауыл тұрғындары­ның денсаулығы мен білімін көтеруге жұмсайтындарын айтты. Мысалы, Алматы медициналық институтын биыл бітіретін орыс Данил Бородаев, ұйғыр Данияр Илиев Мойынқұм ауданының орталығындағы ауруханаға хирург болып баруды ұйғарған. Сондай-ақ, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітіретін Еркебұлан Дүйсенбеков пен Қазақ-Түрік ха­лықаралық университетінің түлегі Әлия Ниязбекова мұғалім ретінде ауыл оқушыларына замана тала­бына сай сапалы білім, саналы тәрбие бермекші. Бір сөзбен айтқанда, Мойынқұм ауданындағы мамандар саны биыл 7 жас дәрігер, 2 жас мұғаліммен толығады. Жамбыл ауданына 2 мәдениет қызметкері аттанатын болады. Ауылға барып, қызмет еткісі келетіндердің саны облыс бойынша 25 адам болып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бастамасын қызу қолдап әкеткен жастарға рахмет айтып:

– Ауыл біздің алтын бесігіміз, халқымыздың тілі, ділі, діні ауылда. Болашағы да ауылда. Бәріміз де ауылда туып, ауылда ержеттік. Ендеше ауылға барып, қызмет етуге бел буғандарыңды қолдаймын. Ауылдың денсаулығы – елдің денсаулығы екенін жеткізді. Кемел елдің өмірі де кенен болады, – деген Елбасы еңбек жолын ауыл­дық жерден бастауды ұйғарған жас мамандарға жолдама тапсырады.

Елбасы кездесуде елдің бірлігі туралы қайталап айтуды да ұмыт­қан жоқ. Көрші елдегідей мәселені көшеде шешуге болмайтынын, он­дай елге инвесторлардың жоламай­тынын тағы бір ескертіп өтті. Бұл тұрғыдан алғанда облыс тұрғын­дары­ның Елбасының “Жаңа әлем­дегі жаңа Қазақстан” атты дәуірлік маңызы бар Жолдауын аса зор қа­нағаттанғандық сезіммен қабылда­ғанын айта кеткен ләзім. Бүгінде Елбасының туған елін әлемдегі бә­секеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы мақсатын ұлттық идеяға айналдыру жөніндегі баста­маға облыс әкімі бастап жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осы маңызды құжаттың негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша жергілікті атқарушы органдарда актив жиналыстары өткізіліп, міндеттер белгіленген. Ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелері облыстың барлық елді мекен­дерінде болып, 3 мыңнан астам кез­десулер мен басқа да түрлі шаралар өткізіпті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жамбыл облысындағы жұмыс сапарын одан әрі жалғастырады.



Авторы: Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Жамбыл облысы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат