Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-05-16:

Оңтайлы басқаруды орнықтыру қажет

 

Парламент Сенатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Павлодар облысының мәслихат депутаттарымен кездесу болды.

 

Кездесуде сөз алған Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаев­тың ақпан айындағы “Жаңа әлем­дегі жаңа Қазақстан” Жолдауында айтылған республиканы дамыту стратегиясын жүзеге асырудың аса маңызды мәселелеріне тоқтала ке­ліп, өткен жылдардың қорытын­ды­сы мен алға қойылған міндеттерді атап өтті.

– Мемлекетіміздің жаңа даму страте­гия­сы барлық қазақстан­дық­тардың әл-ауқа­тын арттыруға ба­ғыт­талып, өзекті мәселе­лерді ше­шу­ге арналған, – деп атап өтті Қ.Тоқаев. – Жолдауды жүзеге асы­ру үшін ішкі және сыртқы сая­сат­тың маңызды 30 бағыты анық­тал­ды. Оның ішінде эконо­микалық өсудің аймақтық орталықтарының бірі болып “өсу нүктесі” ретінде Павлодар облысына үлкен назар аударылып отыр.

Әлеуметтік салада ана мен ба­ла­ны қорғауға, зейнетақы мөлшерін көбейтуге байланысты нақты тапсырмалар айқындал­ды. Білім беру және денсаулық сақтау меке­ме­лері жетіспейтін аймақтарға 100 мектеп пен 100 аурухана салу жөнін­дегі тапсыр­ма­ның облысқа да қатысы бар екенін айтты. Сенат Төрағасы Павлодар облысында жолдарды жөндеу мен ауыз су мәселесі де маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте Парламент пен мәслихаттар арасындағы тікелей байланысты нығайту – аталған мәселелерді шешу жолдарын бірле­сіп қарастыруға және атқарушы органдар атына нақты ұсыныстар айтуға қолайлы мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сенат Төрағасы облыстық мәс­ли­хат депутаттарының өз мүмкін­дік­терін толық пайдалануға, қабыл­дан­ған шешімдердің іске асуын, әсіресе, бюджеттің орындалуын ба­қылауға алуына назар аударды. Сонымен қатар Павлодар облысы бойынша 2006 жылы мақсатты трансферттерге бөлінген қаржыдан 370 миллион теңге игерілмей қал­ған. Оның ішінде орта және жоға­ры білім беру мекемелеріне техни­калық жабдық­тардың алынбай қалуы да бар. Қ.Тоқаев Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жалғастыру арқылы мемлекеттің біртұтас саясаты аясында мәдениет, тіл, жалпы рухани саланы дамы­ту­мен ұштастырыла жүргізу қажет­тігін атап өтті.

Кездесуде Павлодар облысы мәсли­ха­тының хатшысы Р.Гафуров атқарылып жатқан игі істер жай­ын­да баяндады. Мә­слихат депутаттары облыс тұрғындарының өтініштерін өз құзыреті аясында шешімін табуға атсалысады. Биыл күзде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Сондықтан алда үлкен жұмыстар күтіп тұр.

Кездесуге қатысушылар жер­гі­лік­ті Өзін-Өзі басқару органдарын одан ¡рі ныұайту м¡селелеріне назар аударды. Демократиялық қо­ұамдаұы жергілікті Өкілетті орган­дарыныӘ рӨлін кӨтеру арқылы экономикалық ж¡не ¡леуметтік м¡селелерді оӘтайлы басқаруды қам­тамасыз ету қажет екені ай­тылды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Мақсат — Жолдауды халық арасында түсіндіру

 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ. 

Кеше елордада Мәдениет және ақпарат министр­лігінің ұйымдас­ты­руымен мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құ­рал­дары басшыларының қаты­суы­мен жұмыс бабындағы кеңес жұ­мысын бастады. Елбасының Қа­зақ­стан халқына “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауын насихаттауға қатысты мәселелер талқыланды.

 

Кеңесті ашқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ержан Ба­ба­құмаров Президент Жолдауын кеңінен насихаттап, халыққа түсін­діруде бұқаралық ақпарат құрал­дарының атқаратын рөлінің ерекше маңызды екеніне тоқталды. Вице-министрдің атап өткеніндей, Жол­дауда айқындалған мәселелер ауқы­мы өте кең. Солардың дені таяуда­ғы сегіз жыл ішінде жүзеге асы­рылуы тиіс. Мысалы, Қазақстан осы кезең аралығында әлемде мұнайды ең мол өндіретін 10 елдің, астықты мол өндіретін бес мемле­кеттің қатарына қосылуы керек. Ал ішкі жалпы өнім көлемі екі есеге артады. Міне, осыларды халыққа шынайы түрде жеткізу – бұқара­лық ақпарат құралдарының міндеті.

Елбасы Жолдауын жария еткен күннен бері БАҚ-тар құжатта көр­сетілген мәселелер мен тапсырма­лар­ды халық­қа түсіндіруде айтар­лықтай жұмыс атқарып келеді. Жан-жақты насихаттауда. Алғашқы күндері Жолдаудың мәтіні га­зет­тер­де жарияланды, сондай-ақ Мем­ле­кет басшысы­ның сөйлеген сөзі тіке­лей эфир арқылы көпшілік наза­ры­на ұсынылды. Бүгінгі күнге дейін БАҚ-тарда Жолдауға қатысты 2,5 мыңнан астам мақала мен хабар жария­ла­нып, хабарлар көрсетілді. Вице-министрдің мәлім етуін­ше, сол материалдардың 1,5 мыңы телеарналардың үле­сі­не тиеді. Енді Жолдауды кең көлемде түсін­діру­дің, наси­хат жұмыстарын жүргізу­дің жаңа тетіктерін дайындау керек.

Кеңес бүгін Өз жұмысын әрі қарай жалғастырады.

 

Ұлттық саяси үнқатысу демократиялық жаңұыру шарттарының бірі

 

Самат МҰСА.

Демократияны одан әрі дамыту мен саяси жүйені жаңғырту – Қазақстан Республикасы­ның алдында тұрған көкейкесті міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында кең ауқым­ды саяси жүйені реформалау бағытын тағы да қуаттап берді.

Демократиялық үдерістерді дамытудың бүгін­гі саяси ауқымы мемлекет пен биліктің кез кел­ген мәселеде өзін ақтайтынын көрсетіп берді. Сон­дықтан демократиясы дамыған мемлекет­тер­де мемлекет пен қоғамның, билік пен оппози­цияның ынтымақтастығын жетілдіретін тетіктер жетілдіріле түседі.

Еліміздегі түрлі саяси топтар арасындағы үнқатысулар өзара мүдделілік тұрғысынан тиімді консенсус жолдарын іздестіруге итермелейді. Парламент пен мәслихаттарға сайлау жөніндегі науқандар барысында оппозицияның жеңіліске ұшырауы оның дәстүрлі саяси формаларынан өзін-өзі алшақтатуға алып келді. Түрлі саяси күштер арасындағы үнқатысулардың маңызын түсіне отырып, билік өзінің кейбір жұмыс тәсілдерін өзгерткенді жөн көрді және үнқа­ты­суды ұтымды ете түсудің қосымша институт­тарын құруға мүдделілік танытты.

Біраз уақыт бойы елімізде саяси үнқатысу үшін “алаң” дайындауға қадамдар жасалды. Сөйтіп, 2002 жылы Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныс әзірленді. Бұл өз кезегінде елімізде кең көлемді түсінушілік туындатты.

Содан кейінгі кезеңдерде аталған институт қоғамды демократияландыру үрдерістеріне өзін­дік үлес қосты. Кеңес мәжілістерінде әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы маңызды проблемалар: сайлау заңдылығын реформалау, жаңа Жер кодексін қарастыру, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару, сот жүйесін дамыту, т.б. мәселелер алдыңғы қатарға шығарылып, қаралды.

Дей тұрғанмен, объективті себептерге байланысты аталған кеңес үстірт сипат алып, мәселе көп жағдайда “қағаз жүзінде” қалғандай әсер берді.

Саяси үнқатысуды дамытудың кезекті қадамы 2004 жылы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияны құрумен айшықтала түсті. Аталған институт уа­қы­тында саяси партиялар, қоғамдық қоз­ғалыс­тар, кәсіподақтар, үкіметтік емес ұйымдар жетек­шілермен белсенді жұмыс жүргізді. Бұл республикалық қана емес, өңірлік деңгейде де жалғасып жатты. Мәселен, Ұлттық комиссия өкілдері Қазақстанның барлық өңірлеріне сапар­мен шығып, тұрғындарға күтіліп отырған демократиялық өзгерістердің мақсаттары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіріп отырды.

Өз қызметінің белсенділігіне қарамастан, бұл құрылым қоғамды одан әрі демократиялан­дыру­дың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан, 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығындағы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылуы заңды және объективті фактор болды.

Алғашқы институттардың қателіктері мен кемшіліктерін есепке ала отырып, Мемлекеттік комиссия мүлдем жаңа уәждегі саяси үнқатысу алаңына айналды.

Бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында мемлекеттік комиссия айтарлықтай жұмыс ат­қар­ды. Қорытындысында Мемлекет басшысы­ның төрағалығымен өткен мәжілістерде қоғамды демократияландыруға бағытталған бірқатар шара қабылданды. Ал қалғандары қарау деңгейінде тұр.

Біріншіден, түрлі уәждердегі ұлттық саяси үнқатысу ұйымдастырылды. Бұл билік пен оппозиция арасындағы жанжалды қарым-қаты­нас кеңістігін айтарлықтай кемітуге мүмкіндік берді. Жұмыс деңгейінде қоғамдық және саяси күштердің өзара іс-қимылындағы маңызды мә­селелерді үйлестіруге қол жеткізілді. Содан кейін тараптар өзара сабағаттастықтар мен келіссөздер негізінде “ойын тәртібінің” процедуралық мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.

Ұлттық үнқатысуға қатысушылардың тал­қысына еліміздегі аса маңызды және қағидатты саяси мәселелер шығарылды. Тұрақты жұмыс істейтін кеңес аясында, яғни Ұлттық және Мем­ле­кеттік комиссияларда қоғамды демократиялық тұрғыда дамытудың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Екіншіден, ұлттық саяси үнқатысу аясында элитаның күш біріктіруі жүзеге асты. Жоғарыда аталған қоғамдық институттардың жұмысына түр­лі мүдделі тараптар, оның ішінде оппозиция өкілдері де қатысты.

Тұтастай алғанда, мемлекеттік комиссия қоғамдық мүдделерді үйлестірудің ең ұтымды тетігіне айналды. Мәжілістер барысында қоғамның көкейкесті проблемаларын шешудің ұтымды жолдары көрініс берді. Бұл өз кезегінде кез келген мәселені шешуге негіз қалады.

Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия өзінің қызметін табысты аяқтады. Оның жұмысының қорытындысы бойынша “Қазақстан Республикасындағы саяси рефор­ма­лар­дың 2007-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттары” нақтыланды.

Мемлекеттік комиссия жұмысының қоры­тын­дысы бойынша ел Президенті аталған құжат­та қабылданған ұсыныстарды сараптайтын жұ­мыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Оның қызметіне заңгер ғалымдар, конститу­ция­лық құқық саласындағы сарапшылар, Консти­туция­лық Кеңестің төрағасы, Парламент палата­лары салалық комитеттерінің басшылары қа­тысты. Жұмыс тобының төрағасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды.

Жұмыс тобының алдына ел Конститу­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасау міндеті қойылды. Бұл әлемдегі саяси жүйені демократияландырудың басымдықтары мен кемшіліктерін ескеретін, сондай-ақ Қазақ елінің өзгешеліктерін қаперге алатын құжат болуы тиіс делінді.

Қазақстандағы саяси реформалардың ауқым­дылығы мен күрделілігі толық көлемінде бүгін ғана сезіле бастағандай. Дегенмен, Қазақстан­ның демократиялық қоғам құруда бастапқы кезеңдердің бірінде тұрғанын ұмытуға болмайды. Қазіргі кезде еліміз демократиялық жаңғырудың жаңа кезеңінде тұр. Алайда, Қазақстан саяси ре­формаларды кезең-кезеңімен және дәйектілік­пен жүзеге асыруы тиіс. Мұны әлемдік дамудың жалпы барысы талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі кезеңде Қазақстанға саяси жаңғырудың өзіндік ұтымды формуласын іздестіру қажет. Өйткені, ол қоғамның дамуында жаңа көк­жиек­тер ашатын болады.

Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда, ұлттық саяси үнқатысуды ұйымдастыру жөніндегі шара­лар дер кезінде қабылданды деуге болады. Себе­бі, олар мемлекеттің тұрақты дамуына берік ірге­тас қалап, қоғамдық-саяси саланы жаңғырту үшін жақсы жағдай туғызды.

Жоғарыда аталған институттар еліміздегі мүд­делі тараптарға өзара іс-қимылдың өрке­ниет­ті жолдарын тауып берді. Бұл өз кезегінде саяси де­мократияны дамытуға жаңа перспективалар ашты. Тұтастай алғанда, аталған құрылымдағы жұ­мыстар еліміздегі саяси жүйені тұрақ­тандыруға оң ықпал етті.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық пен әлеуметтік кон­сенсус елімізді демократиялық тұрғыдан да­мы­тудағы табыстардың маңызды құрамдасы болды.

 

Қалада халық, ауылда мал көбейді

 

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

Таяуда облыс әкімі Бергей Рыс­қалиев кеңейтілген кеңес өткізіп, ағым­дағы жылдың алғашқы тоқса­нын­да атқарылған жұмыстар тура­лы Атырау қаласының және жеті аудан әкімдерінің есебін тыңдады. Қала және аудан әкімдіктерінің бас­шылары Мемлекет басшысы­ның “Жаңа әлем­дегі жаңа Қазақ­стан” Жолдауында тап­сырылған міндеттердің жүзеге асы­рылуы туралы және өз басқа­ру­ла­рын­дағы аудандардың әлеуметтік- эко­номи­калық дамуы  жайында  есеп берді.

Атырау қаласының әкімі Сә­лім­жан Нақпаев осы жылдың қаңта­ры­нан наурыз айына дейінгі арал­ық­та шығарылған өнімнің жалпы көлемі 17 млрд. теңгені құрағанын хабарлады. Оның айтуынша, негізгі капиталдағы инвестиция 92 млрд. теңгені, облыс бойынша инвести­ция көлемінің 64 пайызын құрады.  Мамыр айына дейін тіркелген кіші кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20 мыңға жуықтады. Олар өндірген өнім көлемі 13 млрд. теңгеден асып отыр. Сонымен қатар, қала бас­шысы белгіленген мерзім ішінде есепке алынған жұмыссыздар саны 841-ді құрағанына да тоқталды. 125 отбасына 1 млн. теңге шамасында атаулы әлеуметтік көмек төленген. Қазір Атырау қаласындағы халық саны 208 мың, оның ішінде  105,9 мың адам экономикалық белсенді тұрғындар санатына жатады.

Жылыой ауданында бірінші тоқ­санда аудан кәсіпорындары 241 млрд. 106 млн. теңгенің өнімін өндіріпті. Ауданда есепті кезеңде салынған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 84 мың шаршы метрді құ­райды. Алдағы уақытта инженерлік коммуникация желілерін жүргізуге қаражаттың жетіспеуші­лігі­нен бұл саланың көрсеткіштері төмендеп кетуі мүмкін,  деді Жылыой ауда­ны­ның әкімі Асхат Бекенов. Ал, Махамбет ауданында ауыл шаруа­шы­лығы саласында ілгерілеу бай­қалады. Бүгінде бұл салада 2 өн­ді­рістік кооператив, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 493 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Бірінші тоқсанда 17 082 мүйізді ірі қара тіркелді,  деп мәлім етті аудан әкімі Рысқали Сисатов.

Жалпы, өңірдің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуында серпін бай­қалады. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев рес­пуб­лика бойынша облыстар рейтин­гі­сінде Атыраудың төртінші орында екеніне тоқталып,  бұл бірлескен күш-жігеріміздің және үлкен жұ­мы­сы­мыздың жемісі, алайда, мұнымен  бар­лық шаруа толық атқарылды деуге болмайды. Алда атқарар ісіміз жетер­лік. Халықтың тұрмысын жақсарту,  тұрғын үй құрылысын жеделдету, ауылдардың инфрақұрылымын жетілдіру секілді кезек күттірмейтін мәселелер бар,  деп қала және аудан әкімдеріне  тапсырмалар берді.

Атырау облысы.

 

Жан-жақты танысты

 

Зәуреш Жорабекова,ҚР білім беру ісінің үздігі.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын студенттер мен жастар асыға күтеді, әрі қызыға отырып танысады. Биылғы жылы да солай болды. Қазақ мемлекеттік медицина академиясының профессор-оқытушылары құрамы мен студенттері Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауымен жан-жақты танысуда. Осыған байланысты жақында аталмыш жоғары оқу орнында студенттердің қорытынды 49-шы ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған студенттердің ғылыми қоғамдық кеңесі белсене қатысты.

Конференцияға қатысушылар төрт секцияға: хирургиялық, терапевтік, биология-медициналық және гуманитарлық  топқа бөлініп жұмыс істеді. Онда жалпы саны 100-ге жуық студент сөз сөйледі. Олардың ішінен  ең тартымды дегендеріне дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мейіржан Тілепов– 1 орын, Тимур Цой – 2, Әсел Нұрғайынова 3-орын алды. Ал академия ректоры, медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев студенттерге оқуда үздік болуларына тілек білдірді.

Конференцияға қатысушылар және онда сөз алғандар Елбасы Н.Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Жолдауына, оның ішінде Жолдаудың ІV бөліміне баса назар аударды. Бұл бөлімде еліміздің әлеуметтік саясаты жан-жақты айқындалған еді. Әсіресе, Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін технологиялық жағынан дамыту және медициналық  қызмет көрсету сапасын арттыру жайында көрсетілгендер студенттер тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Астана.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат