Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-05-17:

*   *   *

Жетінші. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайту.

Еліміз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері ұлғайты­латын болады.

Бізде Қазақстанда Адам құқықтары жө­ніндегі уәкілдің институты құрылған. Пре­зидент жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Халықтың қоғам­дық өміріндегі олардың рөлін көтеру керек.

Қолданыстағы Конституциялық кеңіс­тік­­тің ауқымында құқық қорғау органдарын өздеріне тән емес міндеттерден босату мә­селелері дәйектілікпен шешіліп келді. Қыл­мыстық-атқару жүйесінің, тергеу оқшау­лағыш­тарының, азаматтарды құжаттандыру мәселелерінің ішкі істер органдарынан әділет министрлігінің қарауына берілуі осының дәлелі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, соттың тұтқынға алуға рұқсат беруі туралы ереже енгізіледі.

Менің келесі ұсынысымды іске асыру Қазақстанда өлім жазасын іс жүзінде жоюға әкеп соқтырады. Қазір бұл жазаға заң тұрғысынан аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жол беріледі. Алайда, шын мәнінде, өлім жазасы жарияланған мораториге байланысты соңғы 4 жылда қолданылған жоқ.

Өлім жазасын адамдардың қырылуына әкеп соқтыратын тек лаңкестік қылмыстар үшін және соғыс кезінде жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолдану мүмкіндігі конституциялық деңгейде белгілене отырып, Қазақстан осы арқылы өлім жазасы іс жүзінде қолданылмайтын елге айналады.

Құрметті депутаттар!

Саяси өзгерістер бағдарламасы мен конституциялық реформаларды әзірлеу, оның аса маңызды құрамдастарының бірі ретінде, біздің алға басуымыздың басым арнасына айналды.

 Конституцияның тұрақтылығы мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға өзгерістер қабылдаудың тәртібін күрделендіру ұсынылады. Айтпақ­шы, біз мұны ешқашан асыра пайдаланған да емеспіз.

Қазір референдумда Конституциялық түзетулерді қабылдау үшін бұл түзетулерге дауыс беретін адамдардың жартысының астамы дауыс беруі қажет екені белгілі жәйт. Ендігі жерде бұл тәртіпті өзгерту ұсыны­лады, бұл орайда шешім қабылдау үшін көп дауыс берген азаматтар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кемінде үштен екі бөлігінің өкілдері болуға тиіс.

 

*   *   *

Біз саяси өзгерістердің осы сәтіне дәйекті түрде және біртіндеп қадам жасадық. Ең радикалдық ұсыныстарды қоса ала отырып, барлық ұсыныстар зерделенді және пысықталды. Біз саяси партиялармен, ғалымдармен, сарапшылармен кеңестік, қазақстандықтармен кеңестік. Барлық ұсы­ныстар БАҚ-тарда егжей-тегжейлі талқы­ланды.

Соңғы жылдар бойы Парламенттің палаталары комитеттерінің төрағалары мен депутаттарының қатысуымен үлкен дайындық жұмысының жүргізілгенін ескере отырып, сондай-ақ мен ұсынған заң жо­басына Мемлекеттік комиссия ұсыныс­тарының 80 %-ы қабылданғанын ескере отырып: республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның жобасын осы аптаның ішінде қарау мүмкін болар еді деп есептеймін.

Конституциялық құқығымды және Пар­ламент жұмысының регламентін пайдалана отырып, осы жобаны қараудың тәртібін енгіземін.

Конституцияға өзгерістерді қабылдаған­нан кейін мен сіздердің қарауларыңызға конституциялық баяндарды жүзеге асыруға бағытталған конституциялық заңдардың топтамасын енгіземін.

Қазақстан Республикасының Конститу­циясына өзгерістер енгізетін және біздің Отанымыз дамуының жаңа сапалық саты­сына қадам басатын уақыттың келгеніне кәміл сенімдімін.

Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңін заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі Парламенттің белсенді жұмысынан үміт артамын.

Құрметті депутаттар!

Ендігі жерде демократиялық реформа­ларды қаншалықты дәрежеде жүзеге асыра алуымыз, сайып келгенде, сіздердің ұста­ным­дарыңызға байланысты екенін ескері­ңіздер. Сіздердің шешімдеріңіз – мемлекет үшін тағдырлы шешім болмақ. Бұл шешім еліміздің дамуына ұзақ мерзімді серпіліс бере отырып, мызғымас құндылықтары­мызға айналған мемлекет тұрақтылығы мен халқымыздың бірлігін сақтауға ықпал жасайды.

Конституциялық өзгерістер Қазақстан­ның қуатты, бәсекеге қабілетті және демо­кратиялық мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы маңызды кезеңге айналмақ.

Біз бұл реформаларды елдің тыныштығы мен бірлігі жағдайында өз таңдауымызбен өткізгелі отырмыз. Бізді, ішкі жағдайы­мыз­д­ы, соған бар деп қазір ешкім итермелеп отырған жоқ. Осындай жағдайды өз таң­дауымызбен, өз еркімізбен жасап отырға­нымыз дұрыс, уақытылы деп санаймын.

Қазір бұл өзгерістерді салиқалы әрі сындарлы түрде өткізудің мәні өте зор. Біз бұл саяси өзгерістерге ұзақ ойланып, терең толғанып келіп отырмыз.

Бұл іске саяси партиялар мен ғалымдар, білікті сарапшылар атсалысты. Келіп түскен ұсыныстардың бәрі де ақпарат құралдары арқылы жұртшылықтың назары­на ұсынылды, бұқаралық талқылаудан өтті.

Қазақстан Республикасының Консти­туция­сына өзгерістер енгізетін кез келді, сөйтіп ел дамуының жаңа сапалы кезеңіне көшетін уақыт жетті деп білемін.

Парламент саяси реформаларды заңна­малық жағынан қамтамасыз ету жолында белсенділікпен жұмыс істейді деген үміттемін.

Депутаттық корпустың сындарлы күш-жігері мемлекетіміз үшін маңызды осы заң жобасын ойдағыдай қабылдауына бар жағдайды жасайтынына сенім білдіремін.

Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Оқиғаға орайлас ой

 

Мемлекеттік деңгейде шешу маңызды

 

Бақытжан ЖҰмаҒҰлов,Нұр Отанхалықтық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары.

Партия ту­ралы айтар бол­сам, “Нұр Отан” бүгінгі таңда Пар­ла­мент­те көп­шілік орынға ие. Осыны еске­ріп, алдағы сай­лауда 70-80 пай­ыз орынға үміт­теніп отырсақ осы­ның өзі жаман емес. Елба­сы­ның баяндамасында айтылған жәйттер бұл еліміз тарихындағы маңызды шешім деп ойлаймын. Ең бастысы, Парла­ментке беріліп отырған қосымша өкілеттіктер. Осылайша саяси партияларға үлкен сенім артылып отыр. Келешекте Үкімет басшысы Парламент арқы­лы сайланады. Сондықтан ол саяси партияларға үлкен жауапкершілік жүктейді. Саяси партиялардың рөлін көтеру арқылы жергілікті ха­лықтың проб­лемалары мемлекеттік деңгейде жақсы шешіле ме деген үмітіміз бар.

 

Бақылау барысы күшейтіледі

 

Игорь Рогов, Конституциялық Кеңес төрағасы.

Партиялық тізіммен сай­лан­ған Парламентке Президент қа­жет­ті дауыс жи­най алмаған кан­дида­тура­ны өт­кі­зе алмайды. Не­гі­зінен мұн­дай үлгі Францияның тәжірибе­сі­нен алынып отыр. Осы ретте Үкі­мет­ке сенімсіздік білдіруге қажетті дауыс саны азайтылғаны да белгілі болды. Бұрын Үкіметке сенімсіздік білдіру үшін депутаттардың үштен екі дауысы қажет болса, жаңа өз­геріс­терге орай оның саны депу­тат­тардың тең жартысы және бір дау­ыс болса жеткілікті. Бұған Парла­мент палаталарының бірлесіп ше­шуі қажет етілмейді, Мәжіліс мұны кез келген уақытта күн тәртібіне шы­ғара алады. Осы ретте қос пала­таның Үкіметтің кейбір жеке мүше­лерінің жұмысына сын айтып, жо­ғарыда айтқан қағидатпен мәсе­лесін күн тәртібіне шығара алады. Олай болса, Үкімет мүше­лері­нің депутат корпусымен сана­су­ларына тура келетінін де айта кету ләзім. Конституцияға енгізілер өзгеріс­тер­дің тағы бірі респуб­ли­калық бюджеттің орындалуына қа­тыс­ты Үкіметтің есебі қабылдан­баған жағдайда бұл оған сенімсіздік танытуды білдіреді деген сөз.

 

Үлкен ой тастады

 

Мұрат КӘРІМОВ, Мәжіліс депутаты.

Мемлекет бас­шы­сының депу­тат­тар ал­дында сөйлеген сөзі бәрі­міздің көңілімізден шықты. Ашы­ғын айтқанда, біз ке­шегі тота­ли­тарлық мемлекеттің бөлшегі едік. Бүгін тәуелсіз ел болдық. Бәрімізге мәлім, егер демократияны малда­нып, әркім өз білгенін істесе мына көрші елдердегідей болар едік.

Бүгін Президент сөйлеген сөзінде демократияның ауқымын кеңейтті. Яғни, еліміз демократияға әзірленді, дайындалды. Енді біздің елдегі демократияны күшейтуімізге болады.

 

Тұрақтылық тұғыры

 

Мақтай СаҒдиев,Ардагерлер ұйымықоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы.

Еліміз бір­не­ше даму кезең­дері­­нен өтіп, ал­ды­мызда арман болып келе жат­қан реформа­лар­ға бүгін қол жет­кізіп отыр. Пре­зи­дентіміз оларды қоғамымыз әбден дайын болып, даму кезеңінің нағыз пісіп- жетілген уақытында ұсынды. Ең бастысы, бұлар өте батыл және барынша толымды ұсыныстар. Меніңше, бұдан артық өзгерістер болуы мүмкін емес. Сондықтан да Елбасының өзі айтқандай, бүгін тарихи бетбұрыс күні. Мен ұсы­ныл­ған заң жобасын депутат мыр­залар бір ауыздан қол­дайтынына сенемін. Былтыр жыл бойы жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның, оның алдындағы Ұлттық комис­сияның отырыс­тарын­дағы ұсыныс, пікірлерді депутаттардың дереу қолдап, тіпті оларды толықтырып жүргенін талай рет көрдік. Пре­зи­дент енді сол ұсыныстардың бәрін тұжырымдап, заң жобасы ретінде ұсынып отыр. Енді Конституцияға ұсынылған осы өзгерістер қабыл­данып, заң күшіне енсе, ол біздің қоғамымыздың біріге, тұрақты­лық­тың тұғыры мықтала түсуіне қызмет етіп, еліміздің одан әрі қарқынды дамуына мүмкіншілік береді деп сенемін.

 

Ел дәуірлеуіндегі шешуші қадам

 

Мақсұт НӘрікбаев, “Әділетдемократиялық партиясының жетекшісі.

Шынымды ай­тсам, Қа­зақ­стан Республи­ка­сында демо­кра­тия­лық рефор­малар бағдар­ла­масын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі Мем­ле­кеттік комиссияның мүшесі ретінде бүгін бір үлкен мақтанышта тұрмын. Біздің жұмыс тобымыздың көптеген ұсыныстары өзінің орнын тауыпты. Мысалы, Мәжіліске депутаттарды пропорционалдық жүйемен сайлау мәселесі, Жоғарғы Cот жүйесіндегі өзгерістер мен басқа да көптеген ұсыныстарымыз қолдау тауып, жобаға енгізіліпті. Жалпы алғанда, бүгінгі Елбасының ұсынысы егер депутаттар қолдап, қабылданатын болса, біздің қоға­мы­мыз­дың, әсіресе Қазақстаны­мыз­дың дәуірлеу кезеңінің ең бір шешуші қадамы деп есептеймін.

Біз 10 жылдан астам уақыт бойы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды қабылдамай келген едік. Оған негізгі себеп — біздің Конститу­циямыздағы бір бап еді. Соны өзгертсе, қазіргі мәслихат­тары­мыз сол жергілікті өзін-өзі бас­қару органдарының құрылым­дары болып шыға келеді. Бұл бүкіл дүние жүзінде солай. Ресейдің өзінде баяғыдан жергілікті кеңестер өзін-өзі басқару құрылымдары болуда.

Комиссияның жұмысы бары­сын­да Мәжіліске депутаттарды тек қана партиялық тізіммен сайлау мәселе­сіне қарсылар көп болған, бірақ Ел­басы осы ұсынысымызды да қол­да­ды. Біз партиялық жүйе­мен сайлауға қатысатын болсақ ұлттық нышан­мен, ру-руға, жер-жерге бөліну сын­ды сайлаудан құ­ты­латын боламыз. Яғни, депутат­тыққа сайланғың келсе немесе басқа билікке таласқың келсе, онда кәсіби саясаткер болуың керек. Мұны, мемлекетімізде партиялық құрылымдарды одан әрі дамытуға, өркендетуге қосқан қомақты үлес деп танимын.

 

Жергілікті басқару рөлі артады

 

Леонид Бурлаков, Мәжіліс депутаты.

Президент атап өткен елі­міздің даму ке­зең­дерінің ма­ңы­зын ұзақ жыл­дар­дан кейін зерт­тейтін тарих­шылар мен сая­сат­шылар береді деп ойлаймын. Бірақ, Елбасының ең алдымен экономиканы рефор­малап алуды қолға алған ісінің маңыз­ды­лығы қай кезде болсын ең жоғарғы баға алары сөзсіз. Эко­но­микалық жетістіктер болмаса бү­гінгі аса серпінді саяси рефор­ма­ларға бару мүмкін емес еді. Президенттің сөзінен мен өзіме ең басты тезис ретінде Қазақстанды демо­кратияландыруға мүмкіндік берген басты кезең – бұл еркін және демократиялы қоғамның жедел дамуы деген сөздерін жазып алдым. Ұсынылған реформалардың ішінде маған әсіресе қатты ұнағаны Парламент өкілеттігінің артуы. Бұл іс жүзінде біздің елімізде прези­дент­тік-парламенттік басқару жүйе­сі құрыла бастағанының белгісі болып отыр. Соның ішінде Парла­менттің Үкіметті жасақтауға қаты­суы ғана емес, оны қызметтен шет­те­ту үдерісінің жеңілдетілгені сер­пінді алға басушылық. Бұрын біз Үкіметке өзіміздің өкпе-наламызды ғана айта алатынбыз, ал нақты әсер ету құралымыз болмайтын. Енді оларға ықпалымыз күшті болмақ. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі бас­қарудың рөлі артатын болғаны ма­ған қатты әсер етті. Соның ішінде, тіпті облыс әкімдерін де мәсли­хат­тардың келісімімен тағайындау сер­пін­ді өзгеріс деп білемін. Қазіргі қол­даныстағы Конституцияда облыс әкімдерін Президент та­ғайын­дайды деп қана жазылған еді. Демек, Елбасы өз еркімен өзінің біраз өкілеттігін мәслихаттарға беріп отыр. Сөйтіп, бұрын атқару­шы биліктің рөлі күшті болса, енді өкілетті билік оған теңескен секілді.

 

Терең де ойластырылған шешім

 

Зияддин Касанов, Қазақстандағы Түрік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы.

Қазақстан халықтары Ассам­­блея­сы ұзақ уақыттан бері өз өкіл­де­рін жоғары заң шы­ғарушы орган­ға өткізуге атса­лы­сып келді. Со­ның нәтижесінде бүгінгі күні Ассамблея өзінің заңды статусын алып, жаңа сапалық деңгейде жұмысына кіріс­келі отыр. Олай болса, барлық Қа­зақ­стан халқының ойындағысы орындалды деп ойлаймын. Ара­мыз­да елімізге бейілі дұрыс, шын кө­ңіл­мен берілген азаматтар өте көп. Елін, жерін сүйетін азаматтардың арасынан таңдап алуға барлық мүмкін­шіліктеріміз жетерлік. Оның үстіне Парламент арқылы мәсе­лелерімізді шешіп отыру достықты нығайтуға, ұлтаралық қарым-қатынасты жақ­сартуға негіз салады. Сондықтан да Елбасының осындай дұрыс та, терең ойластырылған шешіміне ризашылығымызды білдіреміз. Бұл біздің өміріміздегі тарихи кезең десе де болады.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат