Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-06-14:

Құлағыңыздың мүскісі болсА...

 

Неміс профессоры ШТАЙНБАХ тағы да Алматыға келіп, құлағының кемістігі бар 152 науқасқа операция жасады

 

Естеріңізде болса, “Егемен Қа­зақстанда” (19.08.2006) әлем­дік дәрежедегі білікті неміс про­фес­соры Е.Штайнбахтың Алма­ты­ға келіп, есту қабілеті нашар 52 науқасқа операция жасап, сондай-ақ шеберлік-класын өт­кізгені жазылған-ды. Сол жолы неміс профессоры келесі жылы да оңтүстіктегі әсем қаламызға ке­ліп, қайырымдылық опера­ция­сын жасауға келісім берген еді. Міне, сол уәдесінен шыққан қонағымыз бұл жолы Алматыда бір ай бойы 152 науқасқа күрделі операция жасады. Алдымен Еуропада отохирургия саласында ең танымал ғалым Шварцтың ті­келей шәкірті, Германияның Тюбинген қаласынан ат арытып келген профессор Е.Штайнбах екі жылдан бері №5 қалалық кли­никалық ауруханамен әріп­тес­тік байланыста науқастарды емдеуге, әрі дәрігерлермен іс-тәжірибе алмасып, отандық мамандардың білігін жетілдіруге орасан зор үлес қосқанын атап өткіміз келеді.

Енді оқырмандарға түсінікті болу үшін бұл емнің тиімділігіне тоқталайық. Жалпы құлақ – сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ бо­лып үшке бөлінеді. Адам сөй­ле­ген кездегі дыбыс толқыны ал­ды­мен ортаңғы бөліктегі дабыл жарғағына (барабанная перепон­ка) келіп ұрылады. Ал дабыл жарғағының кіндігіне қарай бал­ғашық сүйегінің ұзын өсіндісі тін­мен бірігіп жатады. Одан әрі төсше, үзеңгі сүйектері орна­лас­қан. Міне, сол сүйектер зақым­данып, эпидермис өсіп, яғни іріңдеп, шіріген жағдайда осы негізгі үш сүйек кеміріліп, кейде мүлдем кішірейіп жоқ болып кетеді. Содан адамның есту қа­бі­леті нашарлайды. Ал оны ем­деудің жолы ортаңғы құлақтың ішіндегі дыбысты өткізетін есту сүйегінің шіріген жерін алып тастап, орнына жасанды протез­дер салу. Сөйтіп, дабыл жарға­ғы­ның тесігін бітеп, дыбыс тол­қыны өтетін сүйек тізбегін қал­пына келтіреді. Оны науқастың өзінің тінінен алып жасай­тын­дықтан, олар жақсы бітіп кетеді.

Міне, сол протезді Ресейде фарфордан, әйнектен, алтын, платина, сүйектен, т.б. жасайды. Қазақстан Ресейден осы уақытқа дейін тек тефлондық протез алып келді. Олар өте жеңіл бол­ғандықтан, құлаққа ілгеннен кейін адам басын қатты шайқап жіберсе, болмаса қатты түшкірсе ұшып кететін протездер. Сон­дықтан бізде шіріген сүйектерді түгел алғанмен, орнына қоятын сапалы протез болмағандықтан, кейде солай ашық қалдыра беруге тура келеді.

Ал осындай протезді қоюда немістердің әлемді мойындатқан өз жаңа технологиясы бар. Олар шіріген үш сүйектің орнына титаннан жасалған протез са­ла­ды. Себебі, титандық пластика­лық операцияның нәтижесінде құлақтың есту қабілеті жоғары­лай­ды, сонымен бірге ортаңғы құлақ ішіндегі қабыну, ісіну жағдайлары азаяды. Тағы бір ар­тықшылығы, егер бізде ондай опе­рациялар құлақтың сырты­нан кесіп, ашып жасалса, мұнда микроскоп арқылы эндоауральді әдіспен құлақ қуысының ішіне кіріп іледі. Бұл протез темір бол­ғанымен, салмағы 2 микро­грамм, өте жұқа, әрі нәзік. Не­міс­тер 1996 жылдан Еуропа көлемінде 120 мыңнан аса титан протезін қондырған. Олардың есту қабілетін қалпына келтіре­тін операциясы осы ауру негі­зін­де қазіргі ең соңғы хирургиялық жетістік болып саналады. Бү­гін­де Германияда ондай протездің 25 түрі шығарылады.

Былтыр профессор операция жасаған 52 науқастың үшеуіне қайта операция жасалды. Олар­дың бірі суық тигізіп, тұмау­ра­тып ауырса, бірінде дабыл жарғағы­ның шеті ашылған. Ал қалған­да­рын аудиограммамен тексергенде 67 пайызының 10-15 децибелге (дб), 5 пайызында 20-22 дб құ­лақтың есту қабілеті жоғарылаған.

– Емдеген науқастардың ішінде құлақтың тимпанос­кле­роз ауруы өте жиі кездесті, – деді бізге профессор Штайнбах. – Ол дегеніңіз, дыбыс жарға­ғын­да ғана емес, ортаңғы құ­лақ­та тұз жиналудың салдарынан құлақтағы үш сүйек сіресіп қа­тып қалады да, дыбыс толқынын өткізбей, есту қабілетін нашар­ла­тады. Германияда бұл ауру 4-7 пайыз кездессе, Қазақстанда 30-35 пайызға жетеді. 50 жылдық тәжірибемде дәл сіздердегідей аурудың ең асқынған түрін көр­меппін. Оның себебі – құлақ, мұрын, тамақ дәрігері мен нау­қас­тың арасындағы алшақтық, яғни, пациенттердің дәрігерге көрінуге өте кеш келетіндігінде. Ал мамандардың біліктілігіне келсек, қабілет-қарымына қарай таңдап, тәжірибеден өткен ауру­хана дәрігерлеріне өте жақсы деген баға берер едім.

Жалпы, шетелдік дәрігер­лер­дің өз әріптестерін мақтауға сараң­дық жасайтынын ескерсек, шы­нын­да да біздің мамандардың кәсі­билігі қашанда аталып өті­летіндігі ақиқат. Профессор келесі жылы сәуір мен мамыр айында келіп, тағы да операция жасамақ. Сонан соң, астаналықтардың шақыр­туы­мен барып қайтпақ. “Мен әлі жаспын, сондықтан ешқашан шаршамаймын”, деп әңгімені әзілге бұрған 74 жастағы профессор күніне 5-6 операция жасау оған аздық ететінін айтты.

Ал операцияның бағасына келсек, мұндай күрделі операция Еуропада 22-25 мың еуро тұрса, халықта ондай қаражаттың жоқты­ғын ескеріп, олардан тек титандық протез бен кеңес берудің ғана ақы­сын алып, қайырымдылық жасауы, профессордың үлкен адамгерші­лігін білдірсе керек.

Қазақстанда құлақ ауруымен ауыратындар саны жыл сайын арта түсуде. Мәселен, бір Алматы қала­сында осыдан 15 жыл бұрын есту қабілеті нашар 16 мың адам тір­кел­се, қазір 45-50 мыңға жеткен. САТР-дың соңғы мәліметі бойын­ша, қалада 8 мың баланың құла­ғы­ның кемістігі бар. Бұдан шығар қоры­тынды, елімізде құлақ-мұрын ауруларын емдеуде бірден бір тиім­ді ем болып табылатын титандық протезді сатып алуды тезірек заң­дас­тыру керек. Ал оны салуға біздің мамандардың кәсіби білімі де, білігі де жетеді. Сол протездің Ресейдегі бағасы 186 еуродан 300-400 еуро шамасында. Егер Германияда жа­салатын протезді фирмадан тікелей сатып алатын болса, екі есеге ар­зан­ға түспек. Соңғы бес жылда ау­ру­хана титандық протезді серти­фи­кациялауға құжат өткізгенімен, құ­зыр­лы мекемелер бұл мәселенің ше­шімін табуға асықпайтын сияқты.

Осы ретте неміс профессоры­ның елімізге келіп, екі ел арасында әріптестік байланыстың нәтиже­сінде науқастарға қол ұшын беруде аталмыш аурухана басшылығының атқарған еңбегін атап өткеніміз абзал. Өйткені, профессордың алаң­сыз жұмыс жасауына барлық жағдай туғызып, қажетті қондырғы аппараттарын түгендеп, арасында қонақтың мазмұнды демалуын да ойластырған. Мәселен, екі дүние есігі Түркістанға барып келгендегі әсерін айтпаңыз. Оның үстіне бір айға жуық аурухана қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып, жоспардан тыс 152 операция өз алдына, одан кейінгі кезеңнің қалыпты өтуіне бар күш-жігерлерін жұмсауда. Әри­не, неміс халқына тән еңбекқор­лыққа, тәртіпке біздің медиктеріміз де үйреніп қалғандай. Мәселен, профессор алғашқы операциясын таңғы сағат 7.30-дан бастап кетеді.

Міне, осы ауқымды да жауапты істің басы-қасында жүрген, бұған  дейін бес жыл емхана бас дәрі­гері­нің, бес жыл қалалық жедел-жәр­дем ауруханасы бас дәрігерінің орын­басары болып, ұйымдастыру­шы­лық тәжірибе жинақтаған Жа­нат Қасымжанова емдеу орнына бас­шылыққа келгеніне 9 айға жуық уақыт болғанымен, бірқатар жұ­мыс­тың басын қайырып тастады. Бүгінде ол үш бағдарламамен жұ­мыс істеуде. Біріншісі, стомато­ло­гия саласында тістің имплантоло­гиясы жөнінде америкалық ғалым­мен келісім-шарт бойынша шебер­лік-класын өткізсе, екіншісі ма­ман­дар біліктілігін арттыруда неміс профессоры аурухананың он дәрігерімен тәжірибе алмасуда. Үшіншісі, отохирургия саласында ең күрделі операцияның бірінен саналатын кахлеарлық имплантты өзімізде қондыру. Осылайша, атал­мыш клиника әлемдік ішкі құлақ микрохирургиясы мәдениетіне үлкен қадам жасап отыр.

– Бізді қайран қалдырғаны, – деді бізбен әңгімесінде Жанат Кә­кім­сейітқызы, – келген шетелдік ға­­лым­дардың дәрігерлеріміздің жасаған жұмыстарын көріп, олар­дың кәсіби біліктілігіне, ептілігіне таң­ға­луы. Оған өзіміз де қуанып отырмыз.

Иә, жаңа басшы келгелі ауру­ханада біраз жұмыстар ат­қарыл­ды. Цоколдық қабаттағы емхана бірінші қабатқа көшірілді. Бес жыл­дан бері сурдология аппара­тура­сынсыз жұмыс істеп келген қа­лалық Сурдология, Фониарти­ка­лық орталығына үлкен қон­дыр­ғылар алуға қол жеткізді. Ең бас­ты­сы, бүгінге дейін тек жеке мен­шік клиника­ларда болған, нау­қастарға ең қа­жетті компью­терлік аудиометрия­ны жақын арада қондырмақ. Оны алған жағ­дайда жаңа туған нәрес­тенің есту қабілетін тексеріп, ауру­ын ерте анықтауға болады. Аман­дық болса, аурухана дәрігер­лері Медеу ауданына орналасқан перзент­ха­на­ларға барып, скри­нинг жүйесі бойынша жаңа туыл­ған нәресте­лер­ді тексеруден өт­кізбек. Сон­дай-ақ, қалалық ден­саулық сақтау департаменті бір айдың көлемінде күрделі опера­цияларға арналған швейцариялық үлкен микросоп сатып алып бер­мек. Ауруханада Ұлттық меди­ци­на университеті мен дәрігерлер­дің білімін жетіл­діру институ­ты­ның 6 кафедрасы жұмыс істейді. Ақпан айында елі­мізде тұңғыш рет құлаққа микро­хирургиялық операция жасайтын кофорино­хирур­гия бөлімі ашы­лып, оған профессор Штайн­бах­тың асси­стенті болған шәкірті Ұл­ба­ла Әділ­ханова жетекшілік етеді. Сондай-ақ, жақ-бет сүйек бө­лім­шесінде балалар мен ересектер бір­ге емделсе, қазір екеуін бөліп, отыз орындық балалар бөлі­м­ше­сін ашты. Реанимация, қабылдау бө­лім­дерінің жетекшілері Из­раиль­­ге, 3 дәрігер Ресейге, 2-уі Гер­ма­нияға, біреуі Манокоға барып, бі­лімдерін көтеріп қайтты. Жалпы 100 орындық аурухана­да­ғы 6 бөлімшеде 116 дәрігер, оның 9-ы ғылым кандидаты, 1 ғылым докторы медициналық қызмет көр­сетеді. Бүгінде ынтымағы жарасқан ұжымда 400 қызметкер тәулік бойы тек қала тұрғын­дары­на ғана емес, республикада бірден арнайы маманданды­рыл­ған емдеу орны болғандықтан, басқа аймақтардан келген науқас­тарды да қабылдауда.

– Сонау Қызылорда, Маң­ғыс­тау облысынан баласын же­тек­теп келгенде, қалай қабыл­да­май­сыз? – дейді сөз арасында бас дәрігер. – Осындай мәселе­лер алдымыздан шыға берген соң, квотамен жоғары арнайы ма­мандандырылған медициналық көрсетіп емдеуге құжаттарды тапсырып қойдық. Егер ол мә­селе шешілсе, ресми түрде кво­та­мен республиканың әр түкпі­рінен келетін науқастарды келесі жылдан қабылдайтын боламыз. Тағы бір айта кетерлігі, бұл ау­руханада ақылы мен тегін емдеу бөлімшелері бөлінген. Қазір ем­ха­нада ақылы қызмет көрсетіл­мей­ді. Бөлек ғимаратқа орналас­қан екі ақылы бөлімде 35 адам емделеді. Биыл олар мемлекетке 48 млн. теңге өткізген.

Міне, күңгейдегі бас қаланың Достық даңғылы бойына орна­лас­қан №5 клиникалық ауруха­нада осындай ауқымды жұмыс­тардың жасалып жатқанын біреу білсе, біреу білмес. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде деген. Штайнбахтың алдынан өткен, өтуге жазылған науқастардың 70-80 пайызы жастар екенін ескер­сек, бұл аурудың жасарып бара жат­қанын байқау қиын емес. Ауру­дың үлкен, кішісі болмайды. Ендеше, кез келген адам үшін есту құралы болып табылатын құ­лақты емдеуде жоғарыда айтыл­ған мәселелерді шешуді тиісті ор­ын­дар қолға алады деген үміттеміз...

-----------------------------

СУРЕТТЕРДЕ: *Неміс профессоры Е.Штайнбах №5 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Жанат Қасымжановамен бірге.

*Е.Штайнбах операция үстінде.



Авторы: Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, Суреттерді түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат