Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-06-15:

Көркемөнерпаздар ұжымдарына “Халықтық” (үлгілі) атағын беру туралы” Е Р Е Ж Е

 

1. Жалпы ережелер

1. “Мәдениет туралы” Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 7-бабына  сәйкес көркемөнерпаздар   ұжымда­рына “Халықтық” (үлгілі) атағын бе­ру­ді және оның тәртібін айқындай­тын осы ереже  (бұдан былай – Ереже) әзірленді.

2. Көркемөнерпаздар ұжымдары­на “Халықтық” (үлгілі) атағын беру шығармашылық ұжымдардың жұмы­сын қосымша ынталандыру, шығар­ма­шылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалып­тасуы үшін талантты өнерпаз орын­даушыларды қолдау мақсатында  жүзеге асырылады.

2. Көркемөнерпаздар ұжымдарына

“Халықтық” (үлгілі)

атағын беру­дің тәртібі

3.“Халықтық” (үлгілі) атағы мә­дени-демалыс мекемелерінде, мектеп­терде және мектептен тыс мекеме­лерде, жоғары және орта оқу орын­дарында тұрақты жұмыс істейтін көркемөнерпаздар  ұжымдарына, меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда құрылған мынадай:

1) орындаушылық шеберлікке және жоғары көркемдік-маңызды ре­пертуарға ие, халық шығарма­шылы­ғын насихаттау жөніндегі бел­сенді қызметті іске асыратын халық­тың барлық өскелең мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттанды­ратын;

2)   шығармашылық және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен мына жанр­лар бойынша белсенді айналысатын: халық аспаптары, үрмелі және эстра­далық оркестрлерге, вокалды-аспап­тар ансамбліне және басқа да топ­тарға, фольклорлық және отбасылық ансамбльдеріне, ән-би ансамбліне, театрлар, хореография, хорлар, во­калды, цирк, бейнелеу және қолдан­балы-безендіру өнері мен фото өнеріне;

3) халықты рухани-эстетикалық тәрбиелеуді қалыптастыратын ха­лықтық-дәстүрлі фольклорлық шы­ғар­машылық туындыларымен, отан­дық және шет ел өнерінің жақсы үлгілерімен байытылған, ұжымдардың репертуарлық, көркемдік-маңыздық деңгейін көтеретін;

4)  көркемөнерпаздар ұжымдары­ның  репертуарлары ең алдымен көпұлтты Қазақстан авторларының хореография және музыка, драматур­гия шығармашылығынан, сонымен қатар қазіргі заманғы халықтық шығармашылық және фольклорлық, әлемдік классикалық үздік үлгілерден қалыптасқан ұжымдарға беріледі.

4. “Халықтық” (үлгілі) атағына үміткер көркемөнерпаздар ұжымда­ры­ның шығармашылық деңгейін анықтау үшін облыстық, Астана, Ал­маты қалаларының мәдениет департа­менттері  (басқармалары) құрамына мәдениет саласындағы уәкілетті органның өкілі және жанр бойынша мамандар кіретін комиссия құрады.

5. “Халықтық” (үлгілі) атағы мә­дениет саласындағы уәкілетті орган­ның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының бұйрығымен рәсімделеді және осы Ережеде бе­рілген қосымшадағы нысандар бой­ын­ша куәлік беріледі. 

6.Мәдениет саласындағы уәкі­летті органға мына құжаттар жібері­леді:

1) облыстық, Астана, Алматы қа­ла­ларының мәдениет департамент­терінің (басқармаларының) көркем­өнерпаздар ұжымдарына “Халықтық” (үлгілі) атағын беру туралы жазбаша қолдау хаты;

2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының мәдениет департа­мент­терінің  (басқармаларының) алқа шешімі;

3) “Халықтық” (үлгілі) атағына үміткерлер ұжымына шығармашылық мінездеме беріліп, онда мына ақпараттар көрсетілуі тиіс;

ұжымның материалдық-техника­лық базасының ахуалы;

жетекшісі туралы мәлімет;

репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;

ұжымның концерттік бағдарла­масы;

қатысушылар құрамының тізімі.

7.Уәкілетті орган құжаттарды түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

8. Мәдениет саласындағы уәкі­летті орган қараған құжаттардың қорытындысы бойынша “Халықтық” (үлгілі) атағын көркемөнерпаздар ұжымдарына береді немесе осы Ереженің 3-тармағының талабына сай келмеген жағдайда шығармашылық деңгейі төмен ұжымдарға атақ беру­ден бас тартады. 

 9. Балалар ұжымдарына “Үлгілі” атағы “Халықтық” атағын беру тәрті­бі бойынша беріледі.

10. Үш жылда бір рет “Халықтық” (үлгілі) атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдары осы Ереженің 3-тарма­ғының талабына сәйкес мәдениет саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен рәсімделіп бекітіледі.

11. “Халықтық” (үлгілі) атағын бекіту тәртібі осы Ереженің 6- тармағында көрсетілген құжаттарға, сонымен қоса  Ережеге 2-қосымшаға сай “Халықтық” (үлгілі) атағын алған көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметкерлерінің тізімін ұсынады және Ереженің 7-тармағы бойынша қарастырылады.

12. Атағы бар “Халықтық” (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымдары  жыл сайын:

драмалық театрлар мен қуыршақ театры, біреуден кем емес көп актілі және бір актілі спектакль қойылы­мымен қамтамасыз етілуі керек;

хорлар, вокалды ұжымдар, ор­кестрлер, ән-би ансамбльдері, цирк­тік ұжымдар репертуарларының төрт­тен бірінен кем емес жаңартулармен, екі бөлімді концерттік бағдарламаны ұсынады;

үгіт бригадалары, мәнерлеп оқу театры, эстрадалық миниатюралар бір қойылым-бағдарламасын дайын­дайды;

фото-студия бір көрме жұмысын ұйымдастырады;

қолданбалы-безендіру және бей­не­леу студиясы бір көрме жұмысын ұйымдастырады,  мәдени-демалыс мекемелерін көркемдік безендіруге көмек көрсетеді;

шығармашылық есебін өткізеді, ұжымның шығармашылық қызметін айқындайтын көрме-жарнамалар, оқу-тәрбиелік, альбомдар және басқа да материалдарымен қатар конкурс­тарға, фестивальдерге, байқаулар мен көрмелерге, басқа да шығармашылық іс-шараларға қатысады, тәртібі мен  талаптарын ұйымдастырушылар  өздері айқындайды.

13. Көркемөнерпаздар ұжымдары осы Ереженің “Халықтық” (үлгілі) атағын бекіту талаптарына сәйкес келмесе, комиссия шығармашылық деңгейін көтеру және орындау шебер­лігін арттыру үшін ұжымның дайын­далуына алты айдан артық емес уақыт белгілейді.

Осы Ереженің талабына сай болмаған жағдайда көркемөнерпаздар ұжымдарының “Халықтық” (үлгілі) атағы мәдениет саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен алынып таста­лады және берілген атағы жөніндегі куәлігі кейін қайтарылып алынады.

 

Көркемөнерпаздар ұжымдарына “Халықтық” (үлгілі) атағын беру Ережесіне 1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Көркемөнерпаздар шығармашылығына қосқан үлесі және жоғары орындаушылық шеберлігі үшін “Халықтық” (үлгілі) көркемөнерпаздар ұжымы” атағын беру туралы

 

   КУӘЛІК

 

Астана қаласы                                        200 __ жылғы “__”______

__________________________________________________________________

(ұжымның атауы)

____________________________________________________________берілді

(ұжым басшысының аты-жөні, әкесінің аты)

 

Министр                                                             Ф.И.О.

__________________

 

М.П.

 

Көркемөнерпаздар ұжымдарына “Халықтық” (үлгілі) атағын беру Ережесіне 2-қосымша

 

“Халықтық” (үлгілі)  атағын иеленген ұжым қызметкерлерінің   лауазымдық ТІЗБЕСІ

 

Театр, театр студиясы

 

Жетекшісі

Қоюшы-режиссер

 

Үгіт ұжымы, үгіт театры

 

Жетекші-режиссер

Сүйемелдеуші-концертмейстер

 

Бал биі студиясы

 

Балетмейстер

Қоюшы-суретші – көркемдік бөлім меңгерушісі

Сүйемелдеуші – концертмейстер

 

Оркестрлер

 

Көркемдік жетекші (дирижер)

Сүйемелдеуші – концертмейстер

 

Би ансамблі

(халықтық, классикалық, балдық)

 

Балетмейстер (жетекші)

Хореограф

 

Хор (вокалды ұжым)

 

Хормейстер

Концертмейстер

Ән-би ансамблі

Хормейстер

Қоюшы-балетмейстер

Сүйемелдеуші

 

Бейнелеу және қолданбалы-безендіру өнері студиясы

 

Студия жетекшісі

Суретші-техник

 

Цирк ұжымы

 

Жетекші

Қоюшы-балетмейстер

 

Фото студия

 

Фотограф, суретші-студия жетекшісі

Техник-зертханашы

 

Ансамбльдер

(фольклорлық, отбасылық, балалар)

 

Көркемдік жетекші

Сүйемелдеуші

 

Вокалды-аспаптық ансамбльдер және әртүрлі топтар

 

Көркемдік жетекші

Техник-дыбыс операторы



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат