Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-07-20:

МЕКЕНІҢДЕ НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

 

Жария етуге лайық жақсылықтар бар

 

Бүкіл дүние жүзіндегі адам баласының ақыл-ойымен жасалған небір жемісті жетістік өзінің қайтарымын беріп, адамзатқа қызмет жасаумен келеді. Кибернетика кеңістігіндегі, электроника әлеміндегі қол жеткізілген таңға­жайып жаңалықтар осының орнықты дәлелі.

Жер асты байлығы мол, аумағы үлкен Со­зақ ауданы өңірінің халқы айрықша қуа­ныш­қа бөленіп отыр. Өйткені, аудан орталығы – Шолаққорғанның дәл ортасынан небәрі алты айда тыңнан тұрғызылып, пайдалануға берілген аудандық телекоммуникациялар торабының заман талабына сай ғимараты архитектура-сәулеттік сәнімен “мен мұндалап” көз тартады.

Көз тартқан көгілдір түсті сол ғимараттың ішіндегі техникалық әртүрлі аппараттар мен компьютерлер, тарам-тарам сымдар желісімен жалғасқан телефондар түзілімі қысқа мерзімде сандық жүйеге ауыстырылды.

Шолаққорғандағы және басқа елді мекен­дердегі, алыс ауылдардағы бұл жұмыс өткен қыстың қақаған суығымен тұспа-тұс келсе де аудандық телекоммуникациялар торабының қайтпас-қайсар монтер-мамандарының күш-жігерімен жер асты және үстіндегі бағаналар ар­қы­лы жаңа желілер тартылып, іске қосылған еді.

Ойға және қолға алынған жұмыстың қашанда жауапты атқарылуына жаны тынбай араласатын әрі басы-қасында жүретін, өткен ғасырдың 1968 жылынан бері байланыс саласында білгірлікпен еңбек етіп келе жатқан аудандық телекоммуникациялар торабының директоры Спандияр Нұртаев басқарған кәсіби білімдері мен тәжірибелері жоғары 53 маманы бар еңбек ұжымы жақында тағы бір игілікті істі тындырды.

Нақтылай түсіп, атап айтқанда, аудан орталығынан солтүстікке қарай 450 шақырым шалғайдағы Тайқоңыр елді мекеніне сандық телефон стансасы мен ғарыштық байланыс аппа­ратурасы орнатылды. Белгіленген уақыт­тан ұтып, сапалы атқарылған бұл жұмыс 112 отбасының телефон жүйесін электрондық автоматты түрде ақаусыз жұмыс істетіп, қуанышқа кенелтіп отыр.

Электронды ақпараттық ағыны ашылған Интернет иірімі үйірген жылдамдық пен заматтық заман көшіне ілескен Қазақстан мемлекетінің конституциялық реформаға сәйкес саяси-қоғамдық өміріне елеулі кезең болатын республика жаңа Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың сайлауы қарсаңындағы атқарылған бұл жарқын жұмыс нәтижесін бүкіл жәмиғатқа жағымды жаңалық деп айтуға әрі жария етуге әбден болады.

Қасымжан ӨМІРҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы.

 

Үкіметтің көмегі мол

 

Атам қазақ өмірінде төрт түлік мал өсіріп, несібесін же­ген халық қой. Менің әкем Мар­хабай да кеңес дәуірі тұсын­да ақтылы қой өсірудің ше­бері болды. Төл алудан бір­не­ше рет ауданның чемпионы атанды. Еңбектің, қажырлы­лықтың, сонымен қатар, мал күте білу шеберлігінің нәти­жесінде абырой-беделге ие болды.

Кейін кеңшарлар ыдырай бастағанда, абдырап қалдық. Мал да азайып кетті. Сол азай­ған малдың өзіне жем-шөп жеткізу қиын болды. Мал азығын дайындау үшін техни­ка керек. Техниканың орайын келтіре алсаң, алдыңнан жа­нар-жағар май проблемасы шығады.

Дегенмен, ауыл адамдары болып бірігіп әрі белді бекем буа кірістік. Мал шаруашы­лығына еңбегі бір адамдай сіңген марқұм әкемнің атында “Мархабай” деген шаруа қожалығын құрдым. Еліміздің экономикасы түзеле бастаған шақта кешегі қиындықтарды ұмыта бастадық. Үкімет те ауыл шаруашылығына мойын бұ­рып, еңсеміз көтеріліп қал­ды. “Ауыл жылдары” аталған үш жылдың да көмегі көп болды.

Қазіргі кезде ауылдағылар­ға көп көңіл бөлінуде. Кәсіп­керлікті бастау үшін немесе оны одан әрі дамыту үшін мемлекеттен, әртүрлі қорлар­дан бөлінетін несиелердің түрі көбейді. Бұл бізді қолдаудың жақсы бір жолы деп білемін. Мәселен, өткен жылы жергі­лікті бюджеттен 8 миллион теңге несие алып, 80 бас жылқы сатып алдым. Енді сол 80 басты ерінбей баға білсең, ұқсату деген сол. Шүкір, қазір қожалығымыз 600 бас қой, 50 бас түйе, 70 сиыр өсіруде. Жем­­шөп дайындайтын техни­ка­­ларымыз да жеткілікті. Шаруа қожалығы мүшелерінің көңіл-күйлері жақсы. Үкімет қолдау жасап тұрғанда табыс­ты еңбек етіп жатқан қожа­лық­тар мен кәсіпкерлер саны ауданымызда жыл сайын ар­тып, өнікті өнімге қол жеткі­зіп келеді.

Осы жерде үнемі қолдау жасап жүрген облыс, аудан басшыларына да алғыс айта кеткім келеді.

Таңат ЖАРТЫБАЕВ, “Мархабай” шаруа қожалығының басшысы. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.

 

Жаңа кәсіпорынның болашағы зор болмақ

 

“Аягөз деген аядай бұлақ деседі, жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді”, деп арқалы ақын М.Мақатаев жырлағандай, аңыздар елі мен абыздар елі Аягөзде соңғы кезде өркенді өзгерістер мен жаңалықтар болып жатыр. Мысал керек пе, олар жеткілікті.

Еліміздің бағдарламалық құжаттарында ауыл мен ауыл адамдарының тұрмысын жақсарту, оларға жұмыс тауып беру, әл-ауқатын арттыру жөнінде нақты айтылған. Ауданға әкім болып Оралбек Жолымбетов келгелі оң істер жүзеге асуда. Мәселен, жақында аудан әкімі “Қазақмыс” корпорациясы ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огаймен Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысын салу жөнінде меморандумға қол қойды.  Аталған кәсіпорынның болашағы зор. Тапсырыс  беруші компания оның құрылысына 750 миллион АҚШ долларын қарастырмақшы. Құрылыс жұмыстары үшін 4 мың гектар жер бөлінді. Бастапқы кезде мұнда 1,5 мың адам еңбек етпек. Ал онда жұмыс істейтіндердің дені аудан халқы болмақ. Комбинат толық қуатында іске қосылған соң, 15 мыңнан астам адам жұмыс істейді деп күтілуде. Онда жылына 780 миллион теңгенің өнімі шығарылатын болады. Өзім ұзақ жылдан бері кәсіпкерлік саласында бағымды сынап жүрмін. Аягөз қаласында бірнеше дүкен, мейрамхана, балалардың бос уақытында демалатын аттракционын салдым. Біздің “Шебер” серіктестігі бұдан жеті жыл бұрын пайдалы істі қолға алды. Бұрындары жер-жерде жұмыс істеп тұрған мәшине-трактор шеберханалары нарық келген кезде жабылып қалғаны белгілі. Қазір шеберханамыз аудандағы шаруа қожалықтарының тракторлары мен комбайндарын, басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеп береді. Несін жасырайық, қазір аудандағы техника әбден ескірген, аудан әкімдігі несиеге ауыл шаруашылығы техникаларын сатып әперуге қадам жасай бастады. Біз қосалқы бөлшектерді Алматыдан тасимыз. Оның бағасы да удай. Сондықтан да білікті шеберлеріміз күрделі деген қосалқы бөлшектерді өздері жасай береді. Нәтижесі жаман емес.

Еліміз алға басып келеді. Қазір ауыл адамдарының тұрмысы да жақсарған. Бір Аягөздің өзінде жүзден астам дүкен, түрлі қызмет көрсететін орталықтар бар. Аудан әкімінің араласуымен қаладағы құбыр жүйелері толығымен ауыстырылып жатыр.  Ауыз су проблемасы да шешілуде. Ал аудан халқы үшін ең басты міндет – алдағы үш-төрт  жылда мемлекеттен қарыз алмай, субвенциясыз жұмыс істеуге көшу.

Ерған ҚАНАПИЕВ, “Шебер” жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің директоры.Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат