Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-08-01:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2007 жылғы 4 шілде  №571 Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) “Қосылған құн салығы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны калыптастыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №269 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-2, 133-3, 183-1, 195-1, 195-2-жолдармен толықтырылсын.

“133-2    Кемелерге арналған бұрамалар, олардың 8485 101000-ден

                қолдан жасалған қалақтары           

133-3      Кемелерге арналған басқа да бұрамалар   848510 900 0-ден

                және олардың қалақтары

183-1      Фитингті платформалар, контейнерлерлік 9 606 99 000 0-ден

                платформалар   

195-1      Терминалдар мен порттарда контейнерлерді           8 709 11 900 0-ден

                жылдамдықпен ауыстыруға арналған        

                тіркеме-платформалары бар арнайы         

                тартқын тракторлар, электрлі        

195-2      Терминалдар мен порттарда контейнерлерді           8 709 19 900 0-ден

                жылдамдықпен ауыстыруға арналған        

                тіркеме-платформалары бар арнайы

                тартқыш тракторлар, өзге де         

2) “Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі №668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №28, 276-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:

“22. Қазақстан Республикасына/Қазақстан Республикасынан әкелінетін/әкетілетін, жолтабаны 1435 және 1520 мм темір жолдарда жолаушылар вагондарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолданылатын арбашықтар.”;

3) “Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі №475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №19, 245-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойьшша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-7, 42-8, 42-9-жолдармен толықтырылсын:

“42-7      Электр энергиясының сыртқы көзінен       860110 000 0

                қоректенетін темір жол локомотивтері немесе        

                электр энергиясының сыртқы көзінен

                қоректенетін аккумуляторлық темір жол

                локомотивтері

42-8        Дизель-электрлік локомотивтер - 8602 10 000 0

                Магистральдық

                тепловоздар; маневрлік тепловоздар          

42-9        Өздігінен жүрмейтін темір жол немесе

                трамвай жолаушылар вагондары; өздігінен

                жүрмейтін багаж, почта таситын және

                өзге де арнайы темір жол немесе трамвай

                вагондары (8604 тауар позициясына енгізіл-

                гендерден басқа)* — темір жол жолаушылар

                вагондары, мейрамхана вагондар, электр

                станция вагондары,  багаж вагондары        8605 00 000 0”.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат