Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-08-02:

Қазақстан Республикасының Заңы

Мақта саласын дамыту туралы

 

Осы Заң мақта саласын дамытудың құ­қықтық, ұйымдастырушылық және эконо­ми­калық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кепіл куәлігін ұстаушы – кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде мақтаны кепілге ұстаушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

2) мақта тұқымы – шитті мақтаны бастапқы өңдеу кезінде алынған мақта ұрығы;

3) қойма куәлігін ұстаушы – кепілмен ауыртпалық жасалған мақта иесі; қойма куәлігімен индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат;

4) линт – мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейін қалған тұқымның талшықты қабығы;

5) мақта – шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;

6) мақта иесі – меншік құқығында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

7) мақта қабылдау пункті – шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған арнаулы ғимарат;

8) мақта қолхаттары бойынша міндетте­мелердің орындалуына кепілдік беру қоры – мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстау­шылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;

9) мақта қолхаты – шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшін мақта өңдеу ұйымы беретін қосарлы қойма куәлігі;

10) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген мақта иесі; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат;

11) мақта нарығына қатысушылар – шитті мақтаны өндіруге, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;

12) мақта нарығының мониторингі – мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

13) мақтаның сапасы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талап­тарына сәйкестігін айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;

14) мақта өңдеу ұйымы – меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін заңды тұлға;

15) мақта саласын дамыту жүйесіндегі уәкі­летті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қа­зақстан Республикасының Үкіметі ай­қын­дай­тын, мақта саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16) мақта тазалау зауыты – шитті мақ­таны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге арналған арнаулы ғимарат;

17) мақта шаруашылығы – өсімдік шаруа­шылығының мақта өндіру жөніндегі саласы;

18) мамандандырылған ауыспалы мақта егісі – бір ауыл шаруашылығы тауарын өнді­рушінің жер пайдалану аумағындағы егістік жердің құрылымында мақтаның үлесі жетпіс проценттен аспайтын жағдайда, өсімдіктер аурулары мен зиянкестердің жиналуына ке­дергі болатын, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыруға, шитті мақтаның өнімділігі мен сапасын арттыруға әсер ететін, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негізделген кезектестіріліп егілуі;

19) өңдеу шарты – шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөнінде қызмет көрсетудің жария шарты;

20) сақтау шарты – шитті мақтаны сақтаудың жария шарты;

21) сарапшы ұйым – Қазақстан Республи­ка­сы­ның заңнамасында белгіленген талап­тарға сәйкес мақта талшығы сапасына са­рап­тама жасауды және мақта талшығы сапа­сы­ның паспортын беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

22) мақта талшығы – шитті мақтаны бас­тап­қы өңдеу кезінде алынатын негізгі өнім;

23) мақта талшығы бумасы – стандарттау жөніндегі техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу нәтижесінде алынған мақта талшығының ерекше әдіспен нығыздалған белгілі бір көлемі;

24) мақта талшығының сапасына сараптама жасау – сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;

25) мақта талшығы сапасының паспорты – мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіш­терін және олардың стандарттау жөніндегі нор­мативтік құжаттар және (немесе) келісім-шарттар талаптарына сәйкестігін куәлан­дыратын құжат;

26) шитті мақта – тұқымынан ажыратыл­маған талшық;

27) шитті мақтаны өңдеудің жанама өнімдері – тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлік және мамық бар);

28) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау – сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеуді қамтитын шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;

29) шитті мақта өндірісі – шитті мақта өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;

30) шитті мақтаны сақтау – шитті мақ­таны қабылдау, сақтау және беру жөніндегі технологиялық операциялар кешені;

31) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу – шитті мақтаны қабылдау, сақтау, тазалау және беру; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру жөніндегі тех­нологиялық операцияларды қамтитын, мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет.

2-бап. Қазақстан Республикасының мақта

саласын  дамыту туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізде­леді және осы Заң мен Қазақстан Респуб­ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратифи­кациялаған халықаралық шартта осы Заңда­ғыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда ха­лық­аралық шарттың ережелері қолданылады.

2-тарау. МАҚТА САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 3-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты

Мақта саласын мемлекеттік реттеудің мақсаты ғылыми негізделген технологияларды енгізу, мақта шаруашылығын техникалық реттеу және индустрияландыру, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау не­гі­зінде мақта саласын дамыту, мақтаның бә­секеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

4-бап. Мақта саласын мемлекеттік реттеудің нысандары

Мақта саласын мемлекеттік реттеу:

1) мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) мақта қолхаттары бойынша міндет­темелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту;

3) кластерлік даму принциптерін ескере отырып, мақта саласының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталан­дыру;

4) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензия­лау және мақта өңдеу ұйымдарының қызметін бақылау;

5) техникалық реттеу;

6) сарапшы ұйымды айқындау, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жасау ережесін сақтауын бақылау;

7) мақта нарығының мониторингі;

8) ауыл шаруашылығы тауар өндіруші­лерінің мақта егілетін аймақтарда маман­дандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауының мониторингі;

9) мақта саласын дамыту жөніндегі нор­мативтік құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

5-бап. Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау

Мақта саласын дамытуды мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандыру саясатын қалыптастыру және іске асыру;

2) бюджет қаражаты есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:

тұқымдық мақсат үшін пайдаланылатын мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;

мақтаны өндіру, сақтау және өңдеу, се­лекция және тұқым шаруашылығы, өсім­діктерді қорғау және олардың карантині, топы­рақты мелиорациялау, оның құнарлы­лығын сақтау мен арттыру саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу;

шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологияларын енгізу;

шитті мақтаны өндіру кезінде егістік алқап­тардың құрылымын оңтайландыру және мамандандырылған ауыспалы мақта егісін енгізу;

мелиоративтік және ирригациялық жұмыстарды жүргізу;

зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің пайда болуын, көбеюін және таралуын жүйелі түрде бақылау және олардың есебін жүргізу, сондай-ақ мақта егілетін аймақтарда ерекше қауіпті зиянды организмдермен күрес жүргізу;

мақта саласы және тоқыма өнеркәсібі үшін мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес мамандар даярлау;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу жөнінде қызметтер көрсету құнын субсидиялау;

3) мақта өндірушілер мен мақта өңдеу ұйымдарына техника мен құрал-жабдықтарды лизингтік беруді жүзеге асыру үшін маман­дандырылған ұйымдарға қаражат бөлу;

4) шитті мақта өндірушілерге мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарынан тұқымдық несие беру;

5) мақта нарығына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

6) тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде бірегей мақта тұқымын өндіруге жұм­салған шығынды өтеу, отандық ауыл шаруа­шылығы тауар өндірушілеріне сатылған мақ­таның элиталық тұқымдарының, бірінші және екінші көбейтілген тұқымдарының құнын ар­зандатуды қамтамасыз ету, мақта тұқым­да­ры­ның сорттық және егістік сапасын айқындау;

7) мақта нарығына қатысушыларды кредиттеу жүйесін ұйымдастыру;          

8) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мақта егістерін сақтандыру;

9) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су үнемдейтін технологиялар енгізуге, су пайда­ланушылардың селолық тұтыну коопера­тивтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құрылуына және қалыпта­суына жәрдемдесу.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

3) сақтау және өңдеу шарттарының үлгі нысандарын бекіту;

4) мыналарды:

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицен­зиялау ережелерін;

мақта талшығы сапасына сараптама жүр­гізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндетте­мелердің орындалуына кепілдік беру қорла­рының қызметі мен таратылуы ережелерін;

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхат­тары бойынша міндеттемелердің орындалуы­на кепілдік беру жүйесіне қатысуы ереже­лерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лердің орындалуына кепілдік беру қорлары­ның кепілдік алуы ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лердің орындалуына кепілдік беру қорла­рының міндеттемелерін өтеу ережелерін;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лерді орындауға кепілдік беру қорларына мем­лекеттің қатысу нысаны мен тәртібін бекіту;

5) сарапшы ұйымды айқындау;

6) сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

7) мақта саласын дамыту саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

8) мақта саласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынты­мақ­тастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру жатады.

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті органның құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырып, іске асыруды қамтамасыз ету;

 2) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды қамтамасыз ету және олардың мөлшерлік-сапалық жай-күйін бақылау;

3) мыналардың:

мақта нарығына мониторинг жүргізу;

мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;

мақта тұқымының мемлекеттік ресурста­рын қалыптастыру, сақтау және пайдалану;

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру;

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу;

мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды жүзеге асыру ережелерін әзірлеп, бекіту;

4) мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаттамасын әзірлеп, бекіту;

5) мыналарға:

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметке;

сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарының жобаларын әзірлеу;

6) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша:

шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін;

шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін);

мақта талшығы сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзірлеп, бекіту;

7) мақта нарығы мониторингін жүргізу;

8) мыналарды:

мақтаның қауіпсіздігі мен сапасын;

аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметін;

сарапшылық ұйымның қызметін бақылау;

9) мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;

11) мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау;

12) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою;

13) осы Заңның 33-бабының 2-тармағын­да көзделген негіздер болған кезде мақтаны беруге уақытша тыйым салу;

14) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республика­сының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындап, енгізу;

15) мақта саласын дамыту жөніндегі мем­лекеттік инспектор туралы ережені әзірлеп, бекіту;

16) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бас­тапқы өңдеу жөніндегі қызметке қойыла­тын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, есеп беру мерзімдерін белгілеу;

17) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзірлеу;

18) мыналардың:

шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицен­зиялау ережелерінің;

мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы туралы паспортты беру ережелерінің;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лердің орындалуына кепілдік беру қорлары­ның қызметі мен таратылуы ережелерінің;

мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхат­та­ры бойынша міндеттемелердің орындалуы­на кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережелерінің;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лердің орындалуына кепілдік беру қорла­рының кепілдік алуы ережелерінің;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лер­дің орындалуына кепілдік беру қорлары­ның міндеттемелерін өтеу ережелерінің;

мақта қолхаттары бойынша міндеттеме­лердің орындалуына кепілдік беру қорларына мемлекеттің қатысу нысанының және тәртібінің жобаларын әзірлеу;

19) мақта өңдеу ұйымдарының:

мақтаның мөлшерлік-сапалық есебін жүргізу;

мақта қолхаттарын беру, олардың айна­лысы, оларды жою және өтеу;

мақта тұқымының мемлекеттік ресурста­рын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін сақтауын бақылау;

20) сарапшы ұйымның мақта талшығы­ның сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сақтауын жыл сайынғы бақылау жатады.

8-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

Облыстың жергілікті атқарушы орга­нының құзыретіне:

1) мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицен­зиялау;

3) уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес мақта нарығы мониторингін жүргізуге қатысу;

4) мақта егілетін аймақтарда ауыл шаруа­шылығы тауар өндірушілерінің мамандан­дырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;

5) мақта өңдеу ұйымдарына:

мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес бекітілген кестелер негізінде мақта өңдеу ұйымдарын біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі нысанасына жыл сайынғы жоспарлы тексеруді;

белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережелеріне сәйкес мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын лицензиялық бақылау жасау;

6) уәкілетті органға:

мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы ұсыныстар;

мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беру туралы ұсыныстар;

стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

7) шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде тоқтата тұру, сондай-ақ шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы сотқа талап-арыз беру жатады.

3-тарау. МАҚТАНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

9-бап. Мақтаның қауіпсіздігін және сапасын бақылау

1. Мақтаның қауіпсіздігін және сапасын бақылауды уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және ол мақтаның қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды айқын­дайтын стандарттау жөніндегі техникалық регламенттерді, нормативтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Мақтаның қауіпсіздігін бақылау адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіруге байланысты тәуекелге жол бермеу мақсатында:

күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес жоспарлы тексеріс;

мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырылады.

3. Мақтаның сапасын бақылау:

1) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақ­та иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтау мен өңдеуге қабылдау және беру кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды бақылауды;

2) мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде, мақта ие­лерінің мүдделерін қорғау мақса­тында сақтау­дағы және өңдеудегі мақтаның мөлшерлік-сапалық жай-күйін бақылауды қамтиды.

10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау

1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заң­намасында белгіленген тәртіппен аккре­диттел­ген сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

 2. Мақта нарығына қатысушы шитті мақтаның сапасына сараптама жасау үшін аккредиттелген сынақ зертханасына (орталы­ғына) шарт негізінде өтініш жасауға құқылы.

3. Мақта нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтарының) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін сақтауы жөніндегі қызметін бақылауды уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мем­лекеттік органмен бірлесіп жүзеге асырады.

11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау

1. Мақта талшығының сапасына сарап­тама жасау міндетті болып табылады және ол мақта талшығының әрбір бумасы бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады.

2. Мақта талшығының сапасына сарап­тама жасауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған сарапшы ұйым осы Заңның 6-бабының 6) тармақшасында бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Мақта талшығының иесі қажет болған жағдайда өз қаражаты есебінен өзге сараптама ұйымында мақта талшығының сапасына қайта сараптама жасауды жүзеге асыруға құқылы.

3. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру ережелерін сарапшы ұйымның сақтауын бақылауды жыл сайын уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Мақта талшығының сапа паспортынсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.

(жалғасы)



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат