Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-08-03:

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құжат; №17-18, 241-құжат; №21-22,  281-құжат;  2002 ж., №4,  33-құжат;  №17,  155-құжат;  2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат;  №11, 56, 64, 68-құжаттар; №14, 109-құжат; №15, 122,  139-құжаттар; №18, 142-құжат; №21-22,     160-құжат;  №23,  171-құжат;  2004 ж.,  №6,   42-құжат;   №10,  55-құжат; №15,  86-құжат;  №17,  97-құжат; №23,  139,  140-құжаттар;  №24,                  153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құжат; №13, 53-құжат; №14, 58-құжат; №17-18, 72-құжат;   №21-22, 86, 87-құжаттар;     №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат;   №11, 55-құжат; №12,  72,  77-құжаттар;  №13,  85,  86-құжаттар;  №15, 92,   95-құжаттар;  №16, 98,  102-құжаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1,  4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4,  28, 33-құжаттар; №5-6,  40-құжат;  №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; 2007 жылғы 22 маусымда “Егемен Қазақстан” және 2007 жылғы 21 маусымда “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы  19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы).

1) 130-баптың екінші абзацындағы “айлық есептік көрсеткіштің” деген сөздердің алдынан “жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып не онсыз” деген сөздермен толықтырылсын;

2) 541-баптың бірінші бөлігі “129,” деген цифрлардан кейін  130,” деген цифрлармен толықтырылсын;

3) 568-баптың бірінші бөлігіндегі “130,” деген цифрлар алып тасталсын;

4) 636-баптың 1-тармағы 1) тармақшасы­ның он екінші абзацындағы “82” деген цифрлардан кейін  “, 130” деген цифрлармен толықтырылсын;

2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат;              2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат):

1) 65-баптың 1-тармағының 5) тармақ­шасындағы “тарих, сәулет ескерткіштерін, археологиялық мұра” деген сөздер “тарихи-мәдени мұра объектілері” деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 127-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“1. Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мә­дени құндылығы бар объектілер табылған жағ­дайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдала­ну жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақта­лып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыс­тардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады.”;  

2-тармақта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленеді.”;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

“Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақ­тарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)  жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді.

Аталған аймақтарды айқындаудың тәртібі мен олардағы жерді пайдалану режимін тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайда­лану жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.”;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

“3. Қорғалатын аймақтардың, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін”.

 3. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., №15, 363-құжат; 1995 ж.,  №20,  120-құжат;  Қазақстан  Республикасы  Парламен­тінің Жаршысы, 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат):

1) тақырыптағы “мұраны” деген сөз “мұра объектілерін” деген сөздермен ауыстырылсын;

2) бүкіл мәтін бойынша: “бөлім” деген сөз “-тарау” деген сөзбен ауыстырылсын;

“тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайда­лану жөніндегі уәкілетті органның”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен”, “тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға”, “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайда­лану жөніндегі уәкілетті органның”, “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган”  деген сөздер тиі­сінше “уәкілетті органның”, “уәкілетті орган”, “уәкілетті органды”, “уәкілетті органмен”, “уә­кілетті органға”, “Уәкілетті органның”, “Уә­кілетті орган”  деген сөздермен ауыстырылсын;

3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: “Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсат­тарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.”;

4) 1, 16, 18 және 42-баптардағы, 3-тараудың тақырыбындағы “тарихи-мәдени мұраны”, “Тарихи-мәдени мұраны”, “тарихи-мәдени мұраларды” деген сөздер тиісінше “тарихи-мәдени мұра объектілерін”, “Тарихи-мәдени мұра объектілерін” деген сөздермен ауысты­рылсын;

5) 5-баптың бірінші бөлігіндегі, 7-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі, 12-баптың төртінші бөлігіндегі, 15 және 37-баптардағы “ескерткіштер”, “ескерткіш”, “ескерткіштерді”, “Ескерткішке”, “ескерткіштің”, “Ескерткіш­тің”, “Ескерткіштерді” деген сөздер тиісінше “тарих және мәдениет ескерткіштері”, “тарих және мәдениет ескерткіші”, “тарих және мәдениет ескерткіштерін”, “Тарих және мәдениет ескерткішіне”, “тарих және мәдениет ескерткішінің”, “Тарих және мәдениет ескерт­кішінің”, “Тарих және мәдениет ескерт­кіш­терін”, “тарих және мәдениет ескерткіште­рінің” деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 2, 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

“2-бап. Осы Заңның мақсаты

Осы Заңның мақсаты:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;

3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;

4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;

5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алдын-ала есепке алу тізімі – тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;

2) ансамбльдер – оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортифи­кация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрыл­ғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыс­тардың топтары, оның ішінде тарихи қалып­тасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;

3) археология ескерткіштері – тұрақтар,  қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың,   жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабаты­ның учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;

4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері – сәулет  ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қала­лар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жос­пар­лануы мен құрылысының қалдықтары; аза­маттық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғиба­дат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құры­лыстары, сондай-ақ олармен байланысты мону­менттік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;

5) қорғау міндеттемесі – тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерт­кішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;

6) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;

7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар – археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;

8) тарихи-мәдени қорық – айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;

9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы – осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары – тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері;

11) тарихи-мәдени мұра объектілері – тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;

12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объек­тілерін  қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

13) тарихи-мәдени сараптама – тарихи-мәде­ни мұра объектісінің тарихи-мәдени маңы­зын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;

14) тарихи-сәулет тірек жоспары – тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.

4-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері, оларды қорғау және пайдалану

1. Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай  түрлерге бөлінеді:

1) қала  құрылысы және сәулет ескерт­кіштері;

2) археология ескерткіштері;

3) ансамбльдер.

2. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;

2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;

3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айнал­дырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалау­дан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;

4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;

5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;

6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.”;

7) 5-бапта:

“құқықтық мәртебесі”, “құқықтық мәрте­беден”, “құқықтық мәртебесінен” деген сөздер тиі­сінше “мәртебесі”, “мәртебеден”, “мәр­тебесінен” деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші, үшінші және бесінші бөліктердегі “тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізі­міне”, “тарих және мәдениет ескерткіш­терінің тізімінде”, “тарих және мәдениет ескерткіш­терінің тізімінен” деген сөздер тиісінше “Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне”, “Тарих және мәдениет ескерткіш­терінің мемлекеттік тізімінде”, “Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен” деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

бірінші сөйлем “міндетті түрде” деген сөз­дерден кейін “ресми” деген сөзбен толық­тырылсын;

екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

“Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады”;

бесінші бөлікте:

“шығарып тастауға” деген сөздерден кейін “объект  толық түгел жойылған  және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана” деген сөздермен толықтырылсын.

“ғылыми” деген сөз “тарихи-мәдени” деген сөздермен ауыстырылып, “ерекше жағдайларда (дүлей зілзала салдарынан қираған кезде) ғана” деген сөздер алып тасталсын;

алтыншы бөліктегі “Алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері олардың” деген сөздер “Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және олар өздерінің” деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“7-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі құзыреті

Қазақстан Республикасы тиісті мемлекеттік органдардың атынан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.

Халықаралық шарттарға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, бірақ басқа мемлекеттердің аумақтарында орналасқан;

2) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;

3) басқа мемлекеттердің меншігі болып табылатын, солардың аумақтарында орналас­қан, бірақ тарихи тұрғыдан Қазақстан Республикасымен байланысты тарихи және мәдени ескерткіштер де қорғалуға, сақталуға және пайдаланылуға жатады.

Қазақстан Республикасы өзінен тыс жерде орналасқан және Қазақстан халқының тарихи-мәдени игілігі деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алуды ұйымдастыру, сақтау және тарихи отанына қайтару жөнінде шаралар қолданады.”;

9) 8-баптағы “республиканың басқа да заң актілерімен” деген сөздер “Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен” деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 9  және 10-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

“9-бап. Меншік құқығының объектілері

Осы Заңда белгіленген тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштері деп танылған тарихи-мәдени мұра объектілері тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік құқығының объектілері болып табылады.

10-бап. Меншік құқығының субъектілері

Қазақстан Республикасы, жеке және заңды тұлғалар тарихи-мәдени мұра объектілеріне меншік құқығының субъектілері болып табылады.”;

11) 11-бапта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

“Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және басқа субъектілерге тиесілі емес тарих және мәдениет ескерткіштері Қазақстан Республикасының ерекше меншігі болып табылады.”;

екінші бөліктегі “қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасы  болып табылатын, ол үшін тарихи-мәдени құнды” деген сөздер “қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да халықтардың тарихи-мәдени мұрасын құрайтын тарихи-мәдени құндылығы бар” деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 12-баптың екінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;”

13) 13-бапта:

бірінші бөлікте:

2) тармақша алып тасталсын;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

“3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарын меншік құқықтарының болуы мүмкін немесе болған өзгерістері туралы хабардар етуге;”;

4) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

“5) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш­терінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді — уәкілетті органмен, жергілікті маңы­зы бар тарих және мәдениет ескерткіш­терінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісуге;”;

6) тармақшадағы “арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен” деген сөздер “облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен жасалған арнайы шарттарда белгіленген тәртіп пен шекте” деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

Тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен оларды пайдаланушылардың міндеттемелері облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін қорғау міндеттемесінде тіркеледі.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттемелер тарихи және мәдени ескерткіш­терді пайдаланушыларға да бірдей дәрежеде қатысты.”;

14) 14-бапта:

бірінші бөліктегі “айыру сот шешімі негізінде ғана жүзеге асырылады” деген сөздер “айыруды сот жүзеге асырады” деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік алып тасталсын;

15) 15-бапта:

екінші бөліктің орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

үшінші бөліктегі екінші және үшінші сөйлемдер алып тасталсын;

16) 16-баптың бесінші абзацы алып тасталсын;

17) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

“17-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарихи-мәдени  мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;

2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;

3) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілейді;

4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережелерін бекітеді;

5) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерін бекітеді;

6) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережелерін бекітеді;

7) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензиялар беру ережелерін бекітеді;

8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш­терін пайдалануға беру тәртібін бекітеді.”;

18) 18-бапта:

бірінші бөлікте:

1) тармақша мынадай редакцияда жазыл­сын:

“1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анық­тауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;”;

2)  тармақша  алып тасталсын;

3) тармақшадағы “ескерткіштерді есепке алуды, қорғауды және қалпына келтіруді” деген сөздер “тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын” деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

“4) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар  тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені  шешеді;”;

5) тармақша алып тасталсын;

6) тармақшадағы “тарихи-құрылыс” деген сөздер “тарихи-сәулет” деген сөздермен ауыстырылсын;

8) тармақшадағы “лауазымды адамдарды, азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бірлестік­терді” деген сөздер “жеке және заңды тұлғаларды” деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

“13) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

14) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы Заңды бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

15) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады.”;

екінші бөлікте:

1) тармақшадағы “азаматтар мен ұйымдардың” деген сөздер “жеке және заңды тұлғалардың” деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы “, оларды бұзуды” деген сөздер алып тасталсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

“6) тарихи-мәдени сараптама негізінде тари­хи-мәдени мұра объектілерінің қорғала­тындығын жариялау туралы ұсыныстар енгізеді.”;

19) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

(жалғасы)



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат