Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-08-16:

²Алаяқтар²

Сатқындық пен кек жүрген жерде не боларын меңзеген туынды туралы толғам

 

Отандық кинематографияда тағы бір жаңа туындының тұсауы кесілді. Бұл режиссер Ұлжан Қол­дауо­ва­ның сандық фор­матта түсі­рілген толық метражды “Алаяқтар” фильмі.

 Бұл туындыны қазақстандық кинематоргафиядағы айтулы оқиғалардың қатарына жатқызуға болады. Қазірдің өзінде “Алаяқ­тар” фильміне халықаралық кинофестивальдерден шақырулар келуде. Өз көрермендеріміз көріп үлгермеген фильм дыбысталу, монтаждау жұмыстарынан соң Үндістанға жол тартады. Алайда, режиссер “Алаяқтарды” халық­аралық кинофестивальдерге арнап түсірмегенін, ұлттық ки­ноға сусындап отырған өз отандастарымыз үшін қолға алғанын айтады.

Кинотуындының мазмұны төмендегідей. Театрдың   бұрын­ғы әрі жас актерлері тағдырдың бүкіл бұралаңдарына шыдамай, адасу жолына түседі. Өздері таңдаған өнер жолынан гөрі алдап-арбаумен ақша тапқан оларға оңай сияқты көрінеді. Алмағайып өмірдегі қате қадам­дар оларды теріс жолға бастап апарғанын өздері де байқамай қалады. Бұл фильмде күнделікті өмірде бола беретін пенделердің   барлық жағдайлары кездеседі: онда махаббат та, сатқындық та, зұлымдық та, құрбандық та бар. Басты кейіпкерлердің бірі де өзі имандай сенген “адал достың” құрбанына айналады. Сатқындық жүрген жерде кек, ашу-ыза  қатар жүретіні белгілі ғой. Мұның соңы қашан жақсылыққа апарушы еді? Осылайша, адамдықтан алыстап бара жатқанын кейіпкерлердің өздері де сезбейді. Ақырында жан қиыспастай болып жүрген басты кейіпкерлер – Серік Аманды о дүниеге аттандырып тынады. Жалпы, алаяқтарға мұнан кейін де өмірден орын табылмайды. Оңай олжа жолында олар бәріне де бейіл. Бірақ, жеңіл ақша жолында арын да садаға еткендер бақытты ма? Фильмнің басты идеясы да осы. Туындыны тудырғандар жастарды адамгершілік, имандылық,  ортақ құндылықтар туралы ойлануға жетелеуге ұмтылып баққан.

“Алаяқтар” фильмінің идеясы жазушы Дулат Исабековтікі екен. Кинолентада ол бас редакторлық міндетті атқарыпты. Сонымен сценарийдің авторы да, қоюшы режиссері  де – Ұлжан Қолдауова.

Байқап отырсақ, жалпы кино әлеміне кездейсоқ адамдардың келе беруі баяғыдан бар заңдылық. Тағ­дыр рөлдерді өз иесіне бұйыр­тып тұрады.  Мәселен, басты кей­іп­керлердің бірі – Серіктің рөлін ән­ші Жексен Жұбаныш орындаса, Аман­ның бейнесін “Қазақ­стан” ұлттық арнасындағы “Кө­ңіл­ашар” бағдарламасының жүр­гізушісі Бақыт Қанат. Ал, Тұң­ғыш­бай Жаманқұлов Ұлжан Қол­дауованың кезекті фильміне тағы да тегін түсуге келісіпті. Бұл – режиссердің бесінші фильмі. Му­зыкасын жазған – Кеңес Дүйсекеев.

Фильм “MG Productіon” про­дю­серлік орталығында сандық форматта түсірілген.  Сондықтан, “Алаяқтар” туындысы арзанға түскен дүние емес. Ал, өз кезе­гінде осындай киноны түсіруге қаражат жағынан қарасқан фильмнің бас продюсері Ернар Мәліковке айтылатын алғыс көп. Әйтпесе, отандық киноның да­муына демеушілік танытып жат­қан басқа қазақ кәсіпкерін қай­дан табасыз?

Қысқасы, алты айға созылған түсіру жұмыстары да аяқталды. Өткен аптада туындының автор­лары баспасөз мәслихатын өткі­зіп, журналистер арқылы көрер­мендерінен сүйінші сұрады.

Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.

Суреттерде: “Алаяқтар” фильмінде басты рөлдерді сом­даған Жексен Жұбаныш пен Бақыт Қанат.

 

Өмір және өлең

Дауыс беремін!

 

Көре алмай кей кезде күндейді әркім,

Кері пиғыл түсініксіз түндей салқын,

Дауыс беремін егемен ел ертеңіне

Кәдімгі гүлдей көркем, күндей жарқын.

 

Жүрек сезер жымиып бақ тұрғанын,

Болашағыма бората тас лақтырмағың,

Дауыс беремін қырандай алғыр ұлдарыма

Ауыздықтаған алты алаш ақ тұлпарын.

 

Қайраткерді қолымнан таба алар күн,

Қаулармын, құлпырамын, жаңарармын,

Дауыс беремін қадірі мол  қыздарыма

 Арлары ақ сүтіндей аналардың.

 

Адаммын бұрып қойған күнге бетін,

Күл-қоқыс тастамақшы іргеме кім,

Дауыс беремін бал-ұрпақ бақытына

Келешек кемесімен бір келетін.

 

Шартарап естісінші үнімді айдан,

Шын жүйрік жетіледі құлын-тайдан,

Дауыс беремін парасатты партияға

Бағдарламасы баршаға нұрын жайған.

 

Нағашыбай МҰҚАТОВ. Қостанай.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат