Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-09-07:

Қаржы жүйесінің қауқары немесе тұрғын үй мен ипотека төңірегіндегі ойлар

 

Соңғы кездері екінші деңгейлі банк­тер ипотекалық несие бермейтін болыпты, көп ұзамай тұрғын үй бағасы құ­лайды екен деген тәрізді әңгіме­лер­дің жиі айтыла бастағанынан көпшілік жұрт хабардар. Кейбіреулер тіпті тұр­ғын үй құны қазіргімен салыстырғанда 30 пайызға дейін төмендейді деген жорамалды да айтып қалып жүр. Осы­дан аз ғана уақыт бұрын доллар ба­ғамының аяқ астынан оңды-солды құбылуы да бұл әңгімелерді одан бетер өршітіп жіберді. Олай болса, осындай алып-қашпа қауесеттің үсті-үстіне өрби түсуіне не себеп болып отыр?

Жел тұрмаса шөп басы қимылда­май­ды демекші, жоғарыдағы сөздер бостан-босқа айтылып жүрген жоқ. Оған ең басты түрткі болған біздің елі­міз­дегі емес, сонау мұхиттың арғы жа­ғында жатқан алпауыт ел – Америкада орын алған жағдай. Баяндағалы отыр­ған мәселеміз оқырмандарға түсінік­тірек болу үшін әңгімені де сол алыс­тағы “Сэм ағайдың” елінде орын алған оқиғалардан бастаған жөн.

Қаржы саласы мамандарының ай­туларынша, АҚШ-тың ипотекалық рыногындағы дағдарыс нышандары 2007 жылдың басында-ақ байқала бастаған. Бірақ оның ең шиеленісті тұсы биылғы жаз айларына тура келіп отыр. Орнына қайтарылмаған ипотека­лық қарыздардың көлемі асқына келіп, ақырында ол Американың ипотекалық рыногына оңдырмастай соққы болып тиді. Ал ол өз кезегінде әлемнің көп­теген ірі-ірі қор рыноктарына да кері әсерін тигізіп отыр. АҚШ-та беделі жа­ғынан үшінші саналатын Home Mortgage Іnvestment Corporatіon ипотекалық компаниясының банкротқа ұшырауы мүмкін, сондықтан ол бұдан былай тұрғын үй сатып алу үшін несие бермейтін болыпты деген хабар да отқа май құя түсті. Америкалықтардың осы жыл­дар ішінде алған ипотекалық не­сие­лерінің 2 миллиард доллардай қар­жы­ны құрайты­нын ескерсек, мұның өзі ра­сында да бұл ел үшін өте қауіпті құбылыс. Осылайша, сұраныстың түсуі салдарынан Америкада тұрғын үй бағасы төмендеп барады және бұл жағдай әлі күнге дейін сақталуда. Керек десеңіз, мұның бәрі тек басы ғана, бұл дағдарыс алдағы күз маусымында шырқау шегіне жетеді деп төндіре түсушілер де жоқ емес.

Ендеше, әлемнің ең қуатты да дамы­ған мемлекетінде орын алып отырған осындай қаржы дағдарысы біздің елімізге қалайша әсер етпек деген сауалдың кім-кімді де алаңдатары ақиқат. Егер осы мә­селеге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденовтің пікіріне жүгінер болсақ, соншалықты алаңдарлықтай себеп байқалмайды. Қолайсыз немесе мейлін­ше бір көңіл құлазытарлық сценарий орын аларлықтай ахуал жоқ, деп атап көрсеткен еліміздің бас банкирі “Busіness weekend 2007” орталықазиялық екінші фес­тифалі кезінде сөйлеген сөзінде. Қаржы рыногын бақылау агенттігі мен Ұлттық Банктің дер кезінде қабылдаған шаралары арқасында қысқа мерзімді еркін ақша ресурстарын қамтамасыз етуде қазақстандық банктердің белгілі бір ішкі мүмкіндіктері бар. Осы тұрғыда еліміздің бас банкі өз ресурстарына қолжетімділікті де жеңілдете түскен. Сонымен бірге, Ә. Сәйденов сыртқы тәуекелдің бұрынғыша сақтала беретінін де жасырмайды. Өйт­кені, АҚШ-тың ипотекалық рыногындағы ахуалдың халықаралық қаржы жүйесінің өзге де бір буынында көрініс беру арқылы әлемдік жүйемен айтарлықтай дәрежеде ықпалдасқан Қазақстан рыногына да әсер етуі әбден мүмкін.

Бір қызығы, 1997-1998 жылдардағы қаржы дағдарысы біздің еліміздегі қаржы рыногының дамымауына байланысты Қазақстанды айналып өткен көрінеді. Ал қазіргі жағдай басқаша. Демек, рынокка қатысушылардың кез келген жағдайға дайын болуға тиіс екендігі де басы артық түсіндіруді қажет етпейді.

Осы орайда, елеулі алаңдаушылықтың бірінші кезекте еліміздегі екінші деңгейлі банктер тарапынан бой көрсетіп отыр­ғанын да айта кету қажет. Оның негізгі себебін бас банкир былайша түсіндіреді. Үстіміздегі жылдың 30 шілдесіне қарасты сыртқы қарыз 91 миллиард долларды құ­рап, ішкі жалпы өнім көлеміне жақын­даған. Осы қарыздардың жартысына жуығы, яғни 45,4 миллиард доллары екінші деңгейлі банктердің сыртқы қа­рыздары болып саналады.

Елдегі банктердің жағдайын қиында­тып отырған да осы жәйттер. Біріншіден, сыртқы көздердің жабылуына байланысты қаржыландыру көлемі қысқарса, екін­шіден, сыртқы қарыздарды өтеу қарса­ңында олар үшін ресурстар қорландыру міндеті туындап отыр. Бұл оңай міндет емес. Нақты атап көрсетер болсақ, банктер үшінші тоқсанда үш миллиард доллардан астам қарызды қайтаруға тиіс болса, төртінші тоқсандағы көрсеткіш те осы шамалас. Абырой болғанда, 2008 жылдың бірінші тоқсанында жағдай сәл-пәл жеңілдей түседі деген жорамал бар. Оның үстіне ол кезде мерзімі өтіп кеткен төлемдер де болмайды.

Бұдан былайғы жерде ахуал ішкі факторларға байланысты айқындалмақ. Бұл орайда халықтың орын алған жағ­дай­ға көзқарасы да айтарлықтай рөл атқа­ратын сықылды. Жағдайды тұрақтандыру үшін ішкі факторларды теңдестіру қажет. Бір сөзбен айтқанда, халықтың банктерге деген сеніміне селкеу түспей, банктер де өз кезегінде клиенттерінің сұраныстарын толық қанағаттандырып отыруы керек. Бас банкирдің айтуынша, әзірге олай болмай отыр.

Ипотека тоқталды деген қауесеттерге қарамастан, бірқатар банктердің әлі де тұрғын үй сатып алу үшін қаржы беріп жат­қанын да айта кету керек. Бірақ, банк­тердің бәрі бірдей емес (кейбір банктер ипотекалық несиеге уақытша мораторий енгізуге мәжбүр болып отыр), сол сияқты беріліп жатқан несиелер көлемі де бұ­рын­ғыдан әлдеқайда төмен. Өйткені, банктер ипотека береміз деп дәмеленген жақтар­дың көбі оны алудан бас тартып, әліптің артын бағуға көшкен. Себебі, күні ертең жағдайдың қалайша бет алатыны мүлде белгісіз. Соңғы екі-үш жыл бойына бұл көрсеткіштің жыл сайын 60 пайызға өсіп отырғанын ескерсек, қазіргі жағдайдың қандай екенін түсіну онша қиынға соқпайды. Үй бағасының түсіп кетуі мүмкін деген әңгімелерге де осындай жәйттер түрткі болып отыр.

Ал алыстағы Америкадағы жағдай әлі де ушығып тұр. Шиеленістен мүмкін болғанша азырақ шығынмен шығу үшін осы елдің президенті Джордж Буш салық заңнамасын уақытша болса да босаңсыту жөнінде конгреске өтініш жасайтынын да мәлімдеген. Сонымен қоса, суға кеткен тал қармайдының кебімен, Ақ үй бас­шы­сы ұлы депрессия жылдарында миллион­даған үй қожайындарына көмек көрсету мақсатында өткен ғасырдың бас кезінде құ­рылған федералдық тұрғын үй басқар­масының өкілеттігін кеңейту туралы да ұсыныс білдіріп отыр. Бұл мекеме өзі ті­ке­лей несие бермейді, бірақ несие алған­дарға кепілдік береді, ал дефолт жағ­дай­ында борышкерлердің ақшасын өз қал­та­сынан төлейді. Сондықтан ол кепілдік бер­ген кезде банктер өсімі төмен несие­лерді қуана-қуана үлестіреді. Дегенмен, қандай шара қолданған күнде де орын алған дағдарыстан америкалық банктердің айтарлықтай шығынға ұшырайтынын да ешкім жоққа шығара алмайды.

Егер “Сэм ағайдың” еліндегі жағдайға көз жіберер болсақ, біздегі күйдің олардан онша алшақ емес екенін көруге болады. Мәселен, өткен жылға дейін Америкада тұрғын үй бағасының өскен үстіне өсіп келгені сондай, банктер үй аламын деушілерге ссудаларды талғамастан оңды-солды тарата берген. Сол арқылы олар шет­ел­дерден алған қарыздарын ақтап шығуға ұйғарған. Айтқандай, АҚШ-тың сыртқы қарыздары активтердің 95 пайызын құраса, біздің елімізде ол 80 пайызды құрайды екен. Ұқсастық көзге ұрып-ақ тұр. Бар айырмашылық сол, ма­мандардың пайымдауынша, АҚШ-та басталған үдеріс бізде сәл кейінірек жүзе­ге аспақ. Олай дейтініміз, Қазақстанда да тұрғын үй бағасы жыл сайын 120 пайыздан астамға қымбаттап келген. Бұл жерде біздің халықтың менталитетінің өзіндік рөл ойнап отырғанын да мойын­даған жөн. Мәселен, қазақстандықтар тұрғын үйді арендаға алып тұрғаннан гөрі басында өз баспанасының болғанын әл­деқайда дұрыс көреді. Осыдан келіп олар күйіп тұрған жылдық өсімге қарамастан банктерден несие алуын тоқтатқан емес. Жылжымайтын мүлік рыногындағы осындай дүрбелісті өз пайдаларына жара­ту­ды мақсат еткен құрылыс компания­лары да тұрғын үй құнын көтерген үстіне көтере берді. Соның салдарынан Алматы қаласындағы үйлердің бағасы Париждің үйлерінің бағасымен бірдей болды деп таңырқаушылар да көбейе бастады. Тіпті, біздің елімізде құны арзан қытайлық құрылыс материалдарының пайдаланылуы да тұрғын үй бағасын түсіре алмады. Өйткені баспанадан сусаған жұрт сырты жылтыраған үйге не де болса кіріп алғанша асықты. Бағаның шарықтай беруіне делдалдардың да қосқан үлестері аз болған жоқ. Осылардың бәрі айналып келгенде ипотекалық несиелер беретін банктер мен жылжымайтын мүлік ры­но­гындағы жағдайдың тұйыққа тірелуіне апарып соқтырды. Мұхиттың арғы жа­ғындағы елде басталған дүрбелең сірә, біздің елдегі жағдайға да белгілі бір түзе­тулер енгізетін сыңайлы. Оның алғашқы белгілері қазірдің өзінде-ақ байқала бас­тады. Жоғарыда айтқанымыздай, көптеген банктердің төлем қабілеттерінің сын көтер­мейтіндей күйге жетуі осы айтқа­нымызға дәлел. Бұл жағдай бізде де тұр­ғын үй бағасының түсуіне әсер ете бастады. Қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары кейбір облыс орталықтарында маусым айында бағасы 20-25 мың доллар тұрған үйлердің бүгінде 8-10 мың долларға дейін құлдырап кеткенін жазып та жатыр. Оның үстіне, “аузы күйген үрлеп ішеді” демекші, дәл қазіргі таңда банктер де несие бере қоюға онша құл­шы­ныс таныта алмай отыр. Егер осыған дейін ықтимал деген үй алушылардың тоқ­сан пайызға дейінінің өтініштері қанағаттандырылып келсе, ендігі жерде өтініштердің үштен екісі қанағаттан­ды­рылмаған күйі қалуда. Жылжымайтын мүлік рыногы маман­дарының пікірін­ше, егер бұл жағдай тағы үш ай сақта­лар болса, сұраныстың төмендеуі сал­дарынан тұрғын үй бағасы да барынша құлдырап кетпек.

Дей тұрғанмен, бұл оқиғалар бүтіндей алғанда Қазақстанның қар­жы жүйесіне ешқандай әсер ете ал­майды деген көзқарас басым. Кем дегенде таяудағы 8-12 айда айтар­лық­тай пробле­ма бола қоймайды деп са­найды жоғарыдағы көзқарасты ұс­тану­шылар. Сондықтан доллар баға­мы­ның қазіргі құбылуы да уақытша көрініс. Үкіметтің қатысуымен іскер адамдармен осыдан бірер күн бұрын ғана өткізілген дөңгелек үстелде Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов те Қазақстанның қар­жы жүйесіне төніп тұрған қауіп жоқ дегенді нық сеніммен айтты.

Еліміздің бас банкирі де сонша­лықты мазасызданатындай себеп жоқ деп есептейді. Қазақстандықтардың банк­тердегі салымдарына берілген ке­пілдіктер бұрынғысынша жұмыс істеп тұр. Айырбас бағамының тұрақтылы­ғын сақтауға да ресурстар жеткілікті. Банктер депозиттер бойынша ставка­лар­ды көтеруге барар болса, ол да са­лымшылар үшін қалыпты жағдай бо­лып есептелмек. Бірақ ол кепілден­діріл­ген депозиттер қоры үшін жүк­теменің өсуі болып табылады. Екінші жағынан – мұның өзі қымбат ақшалар саясаты. Қымбат депозиттер мен кре­диттер экономиканы “қызып кетуден” сақтауға септігін тигізбекші.

Дегенмен, бір мәселенің басы ашық. Ол – осы орын алған оқиғаның банктер үшін, әсіресе, тәуекелдерді бағалаудың тиімді жүйесін құра алма­ған банктер үшін айтарлықтай ауыр тигендігі. Ондай банктерге қатысты жағдай әлі де жақсарып кете қойған жоқ. Жылжымайтын мүліктердің банк­тер үшін ең басты кепілдік болып та­былуы да оларға төнетін қауіптің дәре­жесін зорайта түседі. Өйткені, ондай кепілдіктер көлемі өте үлкен, соған сәйкес банктердің осы сектордағы тәуе­келі де тым ауқымды болып отыр. Қа­лай дегенде де, қазіргі қалыптасқан жағдайдың одан әрі қалайша өріс аларын уақыт көрсетеді. Бұл тұрғыда, еліміздің бас банкирі атап көрсет­кен­дей, қазақстандық қаржы ұйымдары­ның тиесілі уақытты дұрыс пайдалана білуі де мәселенің оңтайлы шешілуінде ерекше маңызға ие болмақ.

Ойымызды түйіндей келе айтары­мыз, жоғарыдағы жәйттердің бәрі, түптеп келгенде, экономиканы әрта­рап­тандыру ісін неғұрлым жедел жүзеге асыру қажеттігін тағы да еске салады. Ел экономомикасы өсудің бір ғана көзіне деген тәуелділіктен тек сонда ғана құтылмақ.



Авторы: Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат