Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-09-08:

Ислам өркениеті: жаңа көзқарастар тоғысы

  

Ислам өркениеті дегенде көбі­міз ең алдымен осы дәуірдің Х-ХІІ ғасырлары тарих сахна­сы­на шығарған Қарахан хандығын еске түсіретініміз рас. Бірақ, Қа­ра­хан хандығының осы ерекше­лігі тарихи әдебиеттерде асты сы­зылып көрсетілмегені тағы шын­дық десек, төрт күн ішінде жа­сал­ған баяндамалардан ислам өр­кениеті туралы көптеген мәлімет­терге қанықтық. Соның ішінде кейбір пікірлер, дәлелдер жаны­мызға жақын тиді. Жақын тиетіні – еуроцентризмнің кесірінен ислам өркениетінің әлемдік аре­нада бағасын ала алмай отыруы­ның ащы айтылуы еді. Азия және Африка халықтары институты­ның директоры, Мәскеуден кел­ген Ми­хаил Мейер “Түркиядағы ислам және оның Орталық Азияға ық­­палы” деген тақырыпта баян­дама жасады. Сол баяндамада ол “Орталық Азия елдері мына екі жағ­дайды ескеруі тиіс”, — деп ортаға ой тас­тады. Оның біріншісі – Орталық Азия халықтары Түркиямен этностық және діни жағынан туысқан болғандықтан, ислам өркениетінің түрікше тәжірибесіне иек арту. Екіншісі – Кеңес Одағы құлаған тұста экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға ұрынған Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі таңда жағдайы түзелді. Сондықтан олар шет мемлекеттердің исламға деген көзқарасын түбегейлі өзгер­туге жұмыла кірісуі керек. Әрине, ол үшін Ислам өркениеті деген түсінікті мойындату шарт. Қырғыз Республикасы Президенті жа­нын­дағы Басқару академиясының про­фессоры Бақтыхан Торегелдиева Шығыс Түркістан мен Әмударияға дейінгі аралықта орналасып, екі ға­сырдан астам өмір сүрген қарахан­дықтардың Жерорта теңізі мен Шығыстың мәдениетін жалғаған бірден-бір ел болғанын, араб мә­де­ниетінің гүлденуіне жағдай жа­са­ғанын баяндады. Ғалым исламға, ислам өркениетіне деген көз­қарас­ты алдымен өз ішімізде дұрыс түсі­ніп, дұрыс бағалауды ұсынды.

Жиында “Қазақ халқының қалыптасуындағы ислам фак­торы” атты баяндама көпшіліктің қызығушылығын туындатты. Авторы – тарих ғылымдарының кандидаты Зікірия Жандарбек. Ол өзбек ұлысының билеушісі Әбілқайыр ханның 1446 жылы нақшбандииа тариқатын қабыл­дап, Едігенің ұлы Уаққас биді өл­тіруімен ұлыстың үшке бөлін­генін, Әбілхайырдың соңына ерген халықтың шайбани­лер мемлекетін, Едіге ұрпақтары со­ңына ерген елдің Ноғай орда­сын, Керей мен Жәнібекті таққа отырғызған халықтың қазақ хан­дығын құрғанын айта келе, қазақ хандығы құрамындағы халықтың Ясауи жолына адал болғанын баса ескертті. “Қазақ хандығы бір жа­рым ғасыр бойы өзінің рухани-мәдени тәуелсіздігі үшін күресе жүріп, жеке халық ретінде таныл­ды”, – деді автор. Бұндай батыл, ғылыми дәйекті пікірдің кеңес үкіметі тұсында бірегей еуропалық білімнен нәр алған аға ұрпаққа қаншалықты әсер ететінін біл­мей­мін, алайда, өз елінің тарихы мен мәдениетіне бей-жай қарамайтын жас буынға, яғни жас ғалымдарға берері мол болса керек. Өйткені, хикметтері өзі өмір сүрген Иассы қаласын былай қойып, Орталық Азияны шар­лап кеткен, есімі Таяу Шығыс пен Араб мемлекеттеріне таны­мал болған Ясауи хакімді ғылыми ортадан басқа жерде де таныта түсу жетпей жатыр.

Айтпақшы, осы күндер ішінде Ресей Ғылым академиясы жа­нын­дағы Шығыстану институты­ның директоры Ростислав Ры­ба­ковтың  конференцияда оқуы тиіс баян­да­масы қолыма түсті. Тақырыбы – “Жаһандану дәуірі және этика ғасыры”. Ғалымның осы дәуір туралы ой-пікірлері ерекше болғаны үшін тоқталып өту­ді жөн көріп отырмын. Ол жа­һандану дәуіріндегі адамдардың тек қана түсінісушілікті, диалогты арқа тұтып қана өмір сүретінін, әйтпесе, өркениет, дін, мәдениет туралы сөз етудің тым қиын­да­ға­нын баяндайды. Діндер арасын­дағы диалог діндерді синтездеуі мүмкін деген пікірлердің кез­десетінін де жасырмайды. Ғалым этикалық реформалауға қатысты екі жайтқа баса назар аудартады. Біріншісі – БАҚ жаңа дәуірдің тынысын көрсететін жаңа бағ­дарламалар даярлауы керек. Екін­шісі – білім саласында құрлық­аралық этиканы үйрететін оқыту курстары ашылуы қажет. Рости­слав Рыбаков БАҚ пен білім саласын ғана емес, адамдарды да өзгерту керек деп тұжырымдайды. Осы жерде этикаға негізделген Конфуций ілімі еске түседі. Ал, Қы­тайдың зиялы ортасы Конфу­ций туралы айтқанда, “Бізді батысқа жығып берген” деп онша ұната қоймайтынын білеміз...

Жиын барысында көптеген баяндамалар жасалып, олар көп­шілік талқысына түсті. Конфе­рен­цияның тек соңғы күні жа­салған баяндамалардың өзі дін, мәдениет, өркениет жайлы ойларымызды қайыру бермей ұзатып әкетті десек, бір ғана мақаланың ішінде оның бәрін қамту мүмкін еместігі белгілі. Әйтпесе, Үндістаннан келген ғалым, профессор Мансура Хай­дардың “Суфизм әлем мә­де­ниетінде”, Стамбулдағы Миман Синан университетінің профес­соры Ахмет Ташагилдың “Ислам дәуіріндегі түркі тайпаларының этникалық таралымы”, қазақ­стан­дық ғалым, Еуразия универ­ситетінің оқытушысы Бауыржан Боқаевтың “Қазіргі Қазақстан қоғамындағы толеранттылық” сияқты баяндамалары туралы жан-жақты әңгімелеуге болар еді.

Сонымен, кеше елордадағы Бей­бітшілік және келісім са­райын­да конференция жұмысы қоры­тындыланды. Осы күндер ішінде 22 елден келген ғалымдар “Тарих”, “Деректеме және та­рихнама”, “Археология және этно­графия”, “Мұсылман әлемі және батыс”, “Мәдениет және өнер”, сондай-ақ “Орталық Азия­өдағы исламның дамуы” секция­ла­ры аясында баян­дамаларын көпші­лік­тің назарына ұсынған бола­тын. Сондай-ақ кеше Білім және ғылым министрі Жан­сейіт Түй­ме­баевтың қатысуымен өткен қо­рытынды жиында сол секция­лар­дың жетекшілері өз жұмыс­тары­ның нәтижелері туралы есеп берді. Олар конференцияны ұйым­дастырушыларға алғыс айтуды да ұмытпады. Ал Білім және ғылым министрі баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында “әлемнің беделді ғалымдарының осында келгені Қазақстанның халықаралық дә­режедегі беделін айқындап берді”, – деді.



Авторы: Айгүл СЕЙІЛОВА.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат