Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-09-11:

Қазыналы тҮбектіҢ Қарышты Қадамдары

 

Маңғыстау облысы – респуб­ли­камыздағы қарышты қадаммен дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мұнда жалпы өнім 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 45,5%-ға артып, 585,5 млрд. теңгеге жетті. Еңбек өнімділігі де мұнда өте жо­ғары. Аймақтар рейтингі бойын­ша Маңғыстау облысы 3-ші орын алады. Үсті­міздегі жылы өнеркәсіп өнімінің өсу тенденциясы сақта­лып, ол 592,2 млрд. теңгені құрады.

Түбектің даңқын әлемге та­ны­тып отырған, әрине, оның қой­науын­дағы газ бен мұнай. Бұл ши­кі­заттарды өндіру бойынша да өсім­нің тұрақтылығы сақталып отыр. Үстіміздегі жылдың жеті айында 10,4 млн. тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103,2 пайыз көлемінде. Табиғи газ өндіру ауқымы да 1,3 млрд. текше метрді құрайды.

Елімізді алдыңғы қатарлы да­мы­ған 50 елдің қатарына ендіретін өнеркәсіптік бәсекеге қабілетті дайын өнімдер шығару керек еке­нін Елбасы өзінің даму страте­гия­сында атап көрсеткен еді. Мұнайлы түбек осы талаптың үдесінен де шығып отыр. Қазір мұнда өңдеу кәсіпорындары өнімінің құны 17,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл – 2006 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,4 есе артық.

Негізгі капиталға салынған ин­вестиция көлемі де тұрақты түрде өсуде. Ол биыл 89,7 млрд. теңгеге жетті. Елімізді индустриялық-ин­но­вациялық дамыту бағдарламасы­ның шеңберінде 640 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюды қажет ететін 15 ірі инвес­тициялық жоба­лар қолға алынған. Осының арқа­сында бүгінгі күннің өзінде жаңа­дан 3000 жұмыс орны ашылыпты.

Тұрғын үй бағдарламасын іске асыру ісі де өңірде жақсы қар­қын­мен жүргізілуде. Үстіміздегі жылы бар­лық қаржы көздерін қоса алған­да облыста 247,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – былтырғы жылмен салыс­тырғанда 1,5 есе артық деген сөз.

Маңғыстаулықтар еңбекақының орташа деңгейінің жоғарылығымен де мақтана алады. Республика өңір­лері арасында мұндағы орташа еңбекақы 2-ші орын алып, 74891 теңгені құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ бұл 13,8% артық.

Өңірдің сыртқы сауда айналы­мы­ның көлемі де былтырғы жыл­мен салыстырғанда 13,4% артып, 3 млрд. 660,2 млн. АҚШ долларын құ­раған. Жер қазынасын пайда­лану­шы шетелдік компаниялардың өңірдің әлеуметтік және инфра­құрылымдық дамуына қосып отыр­ған үлесі де артып келеді. Ол биыл 67 млн. долларға жетті. Бұл — 2006 жыл­мен салыстырғанда 2 еседен артық көп.

Қазыналы түбекте жыл басынан бері 5406 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сөйтіп, жұмыссыздықтың ресми деңгейі 1 пайызға дейін төмендеді. Әрине, мұнда кедей­ші­лік шегінде өмір сүріп жатқан адам­дар да аз емес, бірақ олардың саны жыл өткен сайын азайып келеді. Биыл олар 4,2 мың адамға дейін кемиді.

Маңғыстау облысына кезінде әртүрлі себептермен атақонысынан ажырап қалған қандастарымыз көптеп келуде. Олардың проблема­ла­рын шешу мәселесі өңір басшы­лы­ғының арнайы бақылауында тұр. Орталық та осы проблемаға жет­кі­лікті дәрежеде көңіл бөліп, өңірдің сұранымы бойынша оралмандар проблемасын шешудің бір жолы ретінде жаңадан Мұнайлы ауданын ашты. Ауданның дамуы үшін барлық көздерден 5,7 млрд. теңге қаражат бөлінді. Форт-Шевченко қаласында оралман отбасыларына арналған арнайы кент салу ісі қолға алынды. Мұнда 80 отбасына арнал­ған 40 үйдің құрылысы басталып кетті.

Аймақтың серпінді дамуына облыс аумағында орналасқан Ақтау, Құрық және Баутино порт­тарының жаңаланып, жоғары талапқа сай жарақталуының ма­ңызы зор. Қазір “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы Құрық порты мен жұмысшы кенті дамуының бас жоспарын жасауды аяқтап келеді. Соның ішінде, жоспарда қарасты­рылған 11 инвестициялық жобаның 4-уі бүгінгі күні бас­талып кетті.

Әрине, қазыналы түбектің ұзақ мерзімді тұрақты даму перс­пективасы көмірсутегі шикізатын өндірумен тығыз байланысты екені белгілі. Сонымен бірге, өңір, жоғарыда айтқанымыздай, өнеркә­сіп өнімдері және көлік-сауда ло­гистикасы мен туризм секілді салаларды да дамытуды қарастыра бастады. Осыған байланысты “Жер-Теңіз-Аспан” атты қосар­лан­ған инвестициялық жобаны іске асыру қолға алынды.

Еліміздің серпінді дамуына көшбасшы болатын 30 жобаның бірі “Ақтау теңіз порты” арнаулы эко­но­­ми­калық аймағын кеңіту болып табылады. Үстіміздегі жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығымен оның аумағы 227 гектардан 982 гектарға ұлғай­тылғаны белгілі. Қазіргі кезде оның аума­ғын­да жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті жобаларды іске асыру қолға алынуда. Соның ішінде қазіргі заманғы 9 өнеркәсіп орындары мен көлік-логисти­калық орталық бар.

Елбасы кешегі сапарында олардың бірқатарында болды. Өзінің Ақтауға сапарын Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдымен “Нұр Отан” халықтық-демокра­тия­лық партиясының облыстық фи­лиалына барудан бастады. Жуырда болып өткен Парламент Мәжілі­сінің сайлауында маңғыс­тау­лықтар пайыздық үлеспен алғанда “Нұр Отан” партиясына республика бойынша ең көп дауыс берген еді. Олардың көрсеткіші 97,4% болды. Бұл партия беделінің халық ара­сында жоғары екенін, Елбасының саясатын жүзеге асыруда маңғыс­таулықтар алда екенін көрсетеді.

“Нұр Отанның” Маңғыстау об­лыс­тық филиалы 1999 жылы тір­кел­ген еді. Арада өткен 8 жылда пар­тия мүшелерінің саны 780-нен 23 мың адамға артты. Елбасы пар­тия­ның ғимаратын аралап көрді, осында жиналған белсенділермен әңгімелесті. Филиалда 10 адам еңбек етеді, ай сайын “Отандастар” атты бюллетень шығарылып тұрады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Маңғыстаудағы екінші барған жері “ҚазАзот” ЖШС болды. Бұл кәсіпорынның негізгі өнімі – минералды тыңайтқыштар мен басқа да химиялық қоспалар. Со­ның ішінде синтетикалық сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы, аммиак селитрасы (нитраты), т.б. ішкі рынокпен қатар, ТМД елде­ріне, тіпті ЕО елдеріне дейін шығарылады. Шикізатты негізінен “ҚазМұнайГаз” ҰК-дан алады (табиғи газ). Осы кәсіпорын іске қосылғаннан бері 3 млрд. теңгенің өнімін шығарған екен. Енді кәсіпорынның негізінде аммиак-карбамид зауытын салу қолға алын­бақшы. Оның алғашқы қада­сын Елбасы қақты. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы осы жерде жиналғандар ал­дында қысқаша сөз сөйледі. Біз­дің 30 көшбасшы кәсіпорындарды анықтап, баламалы экономика жа­сау қадамымыз шикізат көздеріне тәуелді болмаудың амалдары. Міне, бүгін сондай жобалардың бірі – амиак-карбамид зауытының құры­лысын бастауға кіріскелі тұрмыз. Бұл кәсіпорынның құны 1,5 млрд. долларға тең. Оның жұмысына осы өнімді өндірудің әлемдік лидерлері – даниялық “Хальдор Топсе”, жа­пониялық “Мицубиси Хэве Инда­стриаз” компаниялары атсалысады, деді Президент.

Зауыттың жылдық қуаты 1 млн. 360 мың тонна аммиак және 1 млн. 700 мың тонна карбамид өндіруге жетпекші.

Одан кейін Президент “Кас­пиан Сталь” ЖШС жаңа метал­лургиялық зауытының ашылуында болды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлының басқару тетігін іске қосуымен жұмысқа кірісті. Зауыт құрылысы 2005 жыл­дың желтоқсан айында басталған. Сметалық құны 50 млн. АҚШ дол­ларына тең. Құрылысты қаржылан­дыру кәсіпорынның өзін­дік қаража­ты мен “Тұран­Әлем Банк” банкінен алынған несиенің арқасында жүзеге асты. Зауыт металл сынықтарын қайта өңдеп, одан сапалы өнімдер алады. Соның ішінде жылына 150-200 мың тонна сапалы құрылыс арматураларын, 100-150 мың тонна құрыш дайын­дықтарын шығаратын болады. Елбасы мұны да жиналған­дар алдында сөз сөйлеп, елдегі үлкен экономикалық жетістіктердің бәрі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында болып жатқанын тілге тиек етті.

Одан соң Нұрсұлтан Әбішұлы өзі үнемі назарда ұстап, қамқор­лыққа алып келе жатқан “Ақтау теңіз порты” арнаулы экономи­калық аймағына келді. Қазақстан бойынша келешегі зор аймақ Елбасы Жарлығымен 2002 жылғы 26 сәуірде құрылды. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап “Ақтау теңіз порты” арнаулы экономикалық аймақ ретінде жұмыс істеуде. Өндірісті өңірді жеделдете дамыту, жоғары тиімділікті, озық техно­логиялы өндірістер құруды одан әрі жеделдете түсу мақсатында осы жылдың басында республика Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аймақ жерінің аумағы тағы да 982,3 гектарға ұлғайтылды. Мұнда еркін кедендік аймақ режімі жұмыс істейді. Арнаулы экономи­ка­лық аймақ шекараларында шет­елдік және қазақстандық тауарлар кеден салығы алынбай орналас­тырылады және де пайдаланылады. Осында тіркелген компаниялар корпоративтік табыс салығы мен жер салығынан, мүлік айлығынан да босатылып, салықтық жеңіл­дік­тер беріледі. Міне, осындай инвес­торлар үшін де, маңғыстаулықтар үшін де жемісті жұмыс істеп жат­қан  жерге жиналғандар Елбасын қуана қарсы алды. Одан әрі Нұрсұлтан Назарбаев осы жерде 9 жаңа кәсіпорын мен көлік-ло­гистикалық орталығының іргетасы­ның капсул-құтысын салды.

– Біз бүгін қазыналы Маңғыс­тауда 10 өндірістің іргетасына капсул-құты салдық. Бұл – ғажап жетістік! Еліміздің экономикалық өсу қарқынының жарқын көрінісі. Халықтар достығының, бірлігінің белгісі. Ата-баба арманы болған тәуелсіздігіміздің жемісі. Біз мұны мақтан етейік, ардақтайық, – деген Елбасы жұртшылыққа табыс, сәттілік, бақыт тіледі.

Сөйтіп, республикада өндірісі өркен жайып, іскер әлемнің назарын өзіне аудара түскен ай­мақ­та бұрын-соңды көрмек түгіл естілмеген өндірістер өмірге келетін болды. Іске асатын ол инвести­циялық жобалар 3 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрайды. Олар­­дың арасында кремний плас­ти­насынан жасалған бұйымдар өнді­­рісі ерекше назар аударады. Зауыт сол өнімдерден әлемдік ры­нокта сұранысқа ие кремний плас­ти­насын, күн батареясы мен мо­дуль­дерін шығарады. Ал “Инс­таль­кон” акционерлік қоғамы “Tіssen-Krupp” атты германиялық компа­ния­мен бірлесе кеме айлақ­тарын көмкеруге және жасанды аралдар жасауға қажетті шпунттар шығару және өңдеу кәсіпорнын құрады.

“Caspіan Pіpe” компаниясы тік жікті болат құбырлар зауыты құрылысын бастамақшы. “Panake” корпорациясы бір кезекте төрт жаңа өндіріс құру жобасын іске асырады. Олар: құрастырмалы металл секциялары зауыты, электр кабельдерін шығару зауыты, металл бұйымдарын гальбанды жабындау және шығару зауыты, электродтар мен пісіру сымдары зауыты. Сондай-ақ осы жерде “Castrol” маркалы өте жоғары сапалы май шығару да қолға алынбақшы. Осы аймақта алғаш рет дәрі-дәрмек ерітінділерін шығару, шприцтер мен дәрі құюға арналған жүйелер шығаратын фармацевтік кешен де бой көтермекші.

Ал іргелі көліктік-логисти­калық орталық – логистиканы дамыта түсудегі ұлттық ауқымдағы аса ірі жоба. Жобаның  бірінші кезегі 2009 жылы жүзеге асады. Жо­баның құны 280 миллион АҚШ доллары көлемінде. Негізі­нен экспорттық, импорттық, тран­зиттік жүктерді сақтау, өңдеу және басқа да қызметтерді жедел үйлесімді атқару арқылы көлік дәлізінің қуаты еселеп арта түсуге мол мүмкіндік жасалмақшы. Оған Түркіменстан шекарасына дейінгі темір жол және автомобиль жолы­ның құрылысы жөніндегі уағда­ластық, Жезқазған-Бейнеу темір жолын салу арқылы Қытай жүк­терін Еуропаға, одан кейін қарай транзиттік қамту логистикалық дамуға қарқын қосатындығының анық дәлелі болатындығы анық. Сөйтіп, бұл күні Қазақстанның тұң­ғыш Президентінің қатысуы­мен облыста ғана емес, респуб­ли­камыздың индустриялық-иннова­циялық даму стратегиясы мен қолайлы инвес­ти­циялық ахуал қалыптастыруға ба­ғытталған игі шаралар жүзеге асты. Аталмыш инвестициялық жобалар­ды жүзеге асыру осы жылдың төртінші тоқсанында басталады.

Елбасының Маңғыстау облы­сына жұмыс сапары бүгін одан әрі жалғасады.



Авторы: Жақсыбай САМРАТ, Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат