Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-10-16:

КЕШЕНДІЛІК – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 

Бүгінде қазақ мектебі, соның ішінде ауыл мектебі туралы сөз қозғалған кезде көп жағдайда сы­ни тұрғыдағы пікірлер жиі айты­лып жататыны рас қой. Сол пікір­дің дұрыс жағы да, бұрыс жағы да баршылық. Солай дей тұр­ғанмен, өзімізді өзіміз орын­сыз жасытып, аққа қара күйе жаққаннан не ұтамыз? Одан да барымызды базарлай білейік дегіміз келеді.

Осы мақсатпен ауылдағы қазақ мектебінің қазіргі жай-күйі, мақсат-мұраты туралы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз. Ол және қатардағы жай ғана көп мектептердің бірі емес, ұлы Абай есімін иеленіп отырған білім ордасы. Қарауылдағы Абай атындағы бұл кешенді мектеп-лицейі 1929 жылы алғашқыда бес сыныптық шаруа мектебі болып ашылған-ды. Арадағы жеті жылдан соң ол орта мектепке айналған. Тағы үш жылдан соң, нақтылап айтсақ, 1939 жылы оның озат мектептер қатарында Мәскеудегі Бүкілодақтық көрмеге қатысқаны өз алдына бір тарих.

Тарих демекші, аталмыш мектептің іргетасы қаланғанына биыл 78 жыл десек те, оның не­гізгі тарихы тым әріде. Өйткені, Құнанбай қажының сонау арғы заманда Ескі там деген жерде мектеп ашып, бір қиырдан татар молдаларын шақыртып, Абай, Шәкәрімдердің, басқа да жас түлектердің тілін сындыратынын қалайша ұмытуға тиістіміз. Сол себептен бе екен, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов Қарауылдағы Абай мектебімен дүниеден озғанша байланысын үзбеген. Осы кісінің тікелей ұсы­ны­сымен қолжазба журналының шығарыла бастағанына да биыл 66 жыл болып қалыпты десек,  жергілікті ұстаз-жазушы Кәмен Оразалин Мұхаңның әлгіндей аманатының аяқсыз тоқтап, жер­де қалмауын қадағалап, жас тү­лектерді қыран құстай баулып келе жатқан жан. Соның айға­ғын­дай, соңғы ширек ғасырдың арғы-бергі жағында ғана бұл мек­тептен есімдері әдеби ортаға кеңі­нен танылған Р.Сейсенбаев, Ж.Кәр­менов, М.Ибраев, Т.Жан­ғалиев, Т.Әбдікәкімов, Б.Сапаралы, М.Оспанов сынды ақын-жазушы­лар шықты. Елуден астам ғылым докторлары мен кандидаттары, ондаған қоғам қайраткерлері мұ­ның сыртында. Сондықтан да болар, бұл білім ордасының “ауыл университеті” деген биресми атағы және бар. Енді өткенді қоя тұрып, сол ауыл университетінің, Абай мектебінің еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бергі жердегі тыныс-тіршілігіне үңілсек дейміз.

Бұл орайда, шындығын айту керек, өтпелі кезең байырғы мек­тепке де оңайға түспеген. Абырой болғанда сол тұста ақын атындағы мектепке Ғалым Қуанышбай бас­шы болып келді. Ғалым Айдархан­ұлы – бір қарағанда тым сыпайы азамат. Бірақ қашанда жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жан. Оның үстіне бұған дейін көршілес Шұ­бар­тау ауданында он жылға жуық уақыт екі бірдей мектепті басқарып келген  тәжірибелі басшы болатын. Сондықтан ол барды қанағат тұтып жүре бергенді жөн көрмеген. Мұн­да сонау тоқсаныншы жыл­дардың басында компьютер сы­нып­тары ашыла бастаған-ды. Бірақ “элек­троника” маркалы КУВТ компью­тер­лерінің мүмкіншіліктері аз еді. Алып мемлекеттердің бірік­кен “Пилот мектептері” бағдарла­масы бой­ынша мектепті енді ІВМ фир­ма­­сының компьютерлерімен жаб­дық­тау арманға айналған. Ал ол дегеніміз, қыруар қаржыны талап етеді.

Абырой болғанда, ауданның сол кездегі бірінші басшысы Хафиз Матаев Абай атындағы мектептің жаңа басшысының сағын сындыр­май, қажетті қаржыны тауып беруге көмектесті. Шындығында ұлы Абай­дың 150 жылдық торқалы тойы қарсаңында мектептің жадап-жүдеп тұрғаны естігенге ұят-ты. Солайша мектеп РS-2 персоналді компьютерлер арқылы оқушылар­дың білімін сынау, “Фреймонтаж” электронды кестелерінің көмегімен жеке пәндерді, тәрбие салаларын диагностикалау сияқты тағы басқа жұмыстарды жүргізуге қол жеткізді. Мектепте педагогикалық диагнос­тикалық жүйені енгізудің алғы­шарт­тары да осы кезде басталып кетті. Ал оқу-тәрбие процестерін диагностикалау оқу мен тәрбие салаларындағы жетістіктер мен кемшіліктерді нақты көрсетіп берді. Жұмыстағы кемшіліктерді нақты­лау және оны жою шараларын тиімді жүргізуге ІВМ фирмасы топтамаларының көмегі өте үлкен болды, дейді бүгінде мектеп директоры.

Іле бұлардың осы тұрғыдағы іс-тәжірибелерін насихаттау мақсаты­мен осы мектеп базасында аудан­дық семинарлар өткізіле бастады. Сол кезде алғашқы гимназия сы­ныбы да осында ашылады. Соған орай Қарауыл гимназиясының негізі осы жерден бастау алды десе де болады.

Одан кейінгі жетістік жетістікке жалғаса түскен. Айталық, 1995 жы­лы мектеп облыстық байқауда “Жыл мектебі”, ал сынып жетек­шісі Б.Айтмұхаметова “Жыл сынып жетекшісі” атаған жеңіп алды. Ал келер жылы тағы бір сынып же­текшісі Р.Әзімбаева облыстық байқаудың жеңімпазы, әрі респуб­ли­калық конкурс дипломанты атанды. Осы жылдың аяғында ақын атындағы мектеп халықаралық “Сорос-Қазақстан” қорының грант иегері атанып, жалпы құны 6000 АҚШ доллары тұратын компьютер, ксерокс, видеокамера, видеомаг­ни­тофон сияқты тағы басқа қажетті дүниеліктермен жабдықталды.

Ал 1997 жылы мектеп халық­ара­лық электронды пошта-интер­нет жүйесіне қосылды. Мектептің оқу-тәрбие процесін диагностика­лау тәжірибесі енді облыстық, рес­публикалық деңгейде насихаттала бастады. Бір жақсысы, бұлар оған да тоқмейілсіген жоқ. Керісінше, политехникалық пәндерді тереңде­тіп оқытумен бірге, оқушылардың аттестатпен қоса автомобиль жүр­гізуші, ПЭВМ операторы маман­дық­тарын алып шығуларына қо­лай­лы мүмкіндік туғыза білді. Оның сыртында Ғалым Айдархан­ұлына аудандық мәслихат депутаты ретінде саз және көркемөнер мектептері басшыларының орын­ды өтініштеріне құлақ асуына тура келген. Өйткені, бұл тұста әлгі мектептер оңтайландыру деген солақай саясат салдарынан жабылуға шақ қалған еді. Ақын атындағы мектеп осы бір шетін мәселеге шет қарауды жөн көрме­ген. Сөйтіп, 1998 жылы аталмыш білім ордасы кешенді мектеп-лицей болып қайта құрылған-ды.

Қазір сол кешенді мектеп-лицейдегі басты мақсат – оқу-тәрбие үрдістерін диагностикалық негізде жетілдіру және мектепті демократияландыру жағдайында инновациялық тұрғыда оқыту болып табылады. Соған орай, әр сыныптың, әр мұғалімнің оқу, еңбек көрсеткіштері рейтингілік жүйе бойынша бағалануда. Ал жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі “5 тестілеу техноло­гиясы” бойынша компьютерлік бағдарламамен сараланады. Түпкі нәтижеде оқушылардың респуб­ли­калық пәндік олимпиадала­рында жеңімпаз атанған шәкірт­тер де, аудандық, облыстық кәсі­би байқаулардың жүлдегері деп танылған ұстаздар да баршылық. Соның ішінде 6 мұғалім ҚР Білім беру үздігі атанған.

– Ауыл мектептерінде білім сапасы төмен, мектептердің база­сы нашар деген қауесет сөз намысыңа тиеді, – дейді Ғалым Қуанышбай. Ол солай дей келіп, соңғы жылдары мектептегі спорт залы толықтай күрделі жөндеуден өткізілгенін, бұрнағы аудандық кинотеатр тұтасымен мектеп ба­лан­сына берілгенін, жаңадан тағы да компьютер сыныбы ашылға­нын, сондай-ақ мектеп жанын­дағы интернатқа және сондағы асханаға жиһаз жаңартуға, басқа да қажеттерге деп 1 миллион теңге қаржы бөлінгенін, сол үшін аудан әкімдігіне ұстаздар мен ата-аналар шексіз риза екендігін айтқан. Мектеп басшысы, осы орайда аудандық оқу бөлімін ұзақ жылдан бері жемісті басқарып келе жатқан Қайырғазы Дүрмек­баевтың атына да алғыс айта кетуді ұмытпаған.

Республика білім беру ісінің үздігі, химия пәнінен облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Ғалым Қуанышбай соңғы 17 жылдан бері жетекшілік етіп келе жатқан ауылдағы Абай мектебінің бүгінгі тыныс-тірші­лігі, міне, осындай. Осындай мек­теп тәжірибесімен танысқанда ұлт­тық мектептердің ұлы мұраты­на шүбәсіз сенесің!



Авторы: Дәулет Сейсенұлы.Шығыс Қазақстан облысы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат