Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2006-01-12:

Құрама Штаттар Президентінің құттықтауы

 

Қазақстан Президентінің инау­гура­ция­сына амери­кан делегациясын бастап келген АҚШ-тың Ауыл ша­руашылығы министрі Майк Йоханнс кеше Нұрсұлтан Назарбаевқа  АҚШ Президенті Джордж Буштың жеке жолдауын табыс етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­дентінің баспасөз қызметі. 

“Құрама Штаттардың халқы атынан Қазақстан Республикасының Пре­зиденті болып  қайта сайла­нуыңызға байланысты Сізге ең ыстық ықыласты құттықтау жол­даймын. Мен демо­кратияны нығайту және  өңірді одан әрі өркендету бойынша біздің екі еліміз алған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі  бірлескен жұмысымызды жігерлене күтудемін”, – деп атап өткен Дж.Буш.

 

Ақордадағы кездесулер

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау салтанатынан кейін оған қатысқан  бірқатар жоғары дәрежелі шетелдік меймандармен кездесті

 

– Біз бүгін аса маңызды саяси жағдайдың куәсі болдық, – деді Украина Президенті Виктор Ющенко кездесуден соң БАҚ өкілдеріне арналған брифингте. – Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау салтанатына қатысқан саясаткерлер Нұрсұлтан Әбішұлына, Қазақстан халқына осы елде бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан үдерістерге деген  өз құрметтерін жеткізуге тырысты. Бұл елеулі де маңызды үдерістер. Біз еуропалық экономика, америкалық экономика,  азиялық экономика туралы айтамыз. Ал Қазақстанда тиімді жұмыс істеп жатқан  аса сәтті  саяси және экономикалық  модельдердің іске асырылуын көріп отырмыз. Өзімнің осы сапарым арқылы  мен Қазақстанның Украина тәрізді  мәңгі досқа ие екенін атап көрсеткім келеді.

Қаңтардың 10-ында Украина Жоғарғы Радасы Үкіметті  отставкаға жіберу туралы шешім қабылдаған болатын. Бұдан төрт жыл бұрын сайланған  Рада депутаттары  өздерінің соңғы апталарын өткізіп жатыр, – деді Украина басшысы бұдан әрі. – Олардың бұл шешімдері  түсініксіз болып отыр. Парламент сайлауына 80 күн қалғандағы Парламенттің Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтің кездесуінде Өзбекстан басшысы Қазақстан Президентін сал­танатты жағдайда президенттік қызметке кірісуімен шын жүректен құттықтады. – Мен бүгінгі тағы бір кездесуді  пайдалана отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді және бүкіл қазақстандықтарды құттықтағым келеді, – деді Ислам Каримов. – Мен Сіздің қол жеткізген жетістіктеріңізді халықтан бөліп қарамаймын. Сіздің жетістігіңіз – халықтың жетістігі. Халық Сізге сенді және өздерінің алдағы өмірлерін Президентпен байланыстырды. Біз әрқашан бірге болдық. Ешқашан біздер ажырағамыз жоқ. Шын ниетіммен құттықтаймын! Бұл табыс емес, бұл – жеңіс! Өзбек халқында “Жолдасың қазақ болса, жолдан адаспайсың”, деген мақал бар. Шынында да біздер қандас  бауырмыз. Тағы да айтамын, Алладан тілеймін, біздің бұл қарым-қатынасымыз  мәңгілікке сақтала берсін.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Хорватия Республикасының Президенті Стьепан Месичтің кездесуінде екіжақты  ынтымақтастықты дамытуға бағытталған  кең көлемді мәселелер талқыланды. – Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгінгі ұлықтау салтанатына қатысуға мүмкіндік бергені үшін ризашылығымды білдірдім, – деді Хорватия Президенті. – Өзімнің төрт жыл бұрынғы Астанаға жасаған сапарымнан кейінгі  кезең ішінде қаланың қалай өзгергенін тамашалауға мүмкіндік алдым. Бізді  Қазақстан халқының қол жеткізген табыстары ерекше қуантады. Біздің елдер арасындағы достық,  әсіресе экономика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта да  дами беретіндігіне сенімдімін. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау салтанатынан кейін Қазақстан халқына,  сондай-ақ бүкіл әлем жұртшылығына арнаған сөздері біз үшін аса маңызды. Хорватия басшысы, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды және  өзінің Қазақстанға ресми сапармен келуге ықыласты екенін білдірді.

 

Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау салтанатына америкалық  делегацияны  бастап келген АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрі Майк Йоханнс Нұрсұлтан Назарбаевқа АҚШ Президенті Джордж Буштың жеке жолдаухатын табыс етті. Онда Америка Құрама Штаттарының Президенті Джордж Буш Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне қайта сайлануына орай құттықтай келіп, Елбасына Америка Құрама Штаттарының атынан және жеке өзінің атынан ең ізгі тілектерін білдіріпті. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың алдағы кезеңдерде де  нақты іс жүзінде жалғасатынына сенім артқан. Бұл тұрғыда АҚШ пен Қазақстан өз мойындарына алған міндеттемелерді орындау бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуі керектігі меңзеледі.

– Президентпен кездесуіміз ерекше ықыласты жағдайда өтті, – деді АҚШ министрі журналистерге берген сұхбатында. – Біз ауқымды мәселелерді талқыладық. Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Бұрын екіжақты ынтымақтастық сауда-экономикалық бағыттарда  болып келсе, жақында оған  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселесі  қосылды. Бұл мәселеде Орталық Азияның көшбасшысы – Қазақстанның рөлі ерекше.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Испания Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратиностың кездесуінде министр Елбасын Испания  Королі Хуан Карлос І атынан құттықтады және Корольдің жеке хатын тапсырды. Онда алдағы уақытта екіжақты қатынастарды тереңдету  мүмкіндігі  айтылған. – Испан Үкіметі  Қазақстанды  Орталық Азия  аймағындағы  басқа  елдермен қарым-қатынасты  дамыту үшін тұғырнама ретінде қарастырады. Өйткені, Қазақстан соңғы  жылдардағы  экономикалық даму  қарқынымен көптеген елдерге  үлгі бола білді, – деп атап көрсетті Испания сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

 

Ал  Елбасының Жапония Парламенті сыртқы саясат жөніндегі комиссия­сының төрағасы Нобутака Мачимурамен кездесуінде екіжақты  ынтымақ­тастық және көпжақты “Орталық Азия – Жапония” диалогы аясындағы өзара   сауда-экономикалық  қатынастар жайы қарастырылды. – Біз Президент мырзамен екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын алдағы уақытта  дамыту перспективалары жөніндегі мәселелерді талқыладық, – деді Жапония Парламентінің өкілі. – Осы жылдың наурызында Астанада экономика мәселелері бойынша бірлескен қазақстандық-жапондық отырыс өткізу мүмкіндігін нақтыладық. Жапония Қазақстанды  өзінің аймақтағы ең сенімді және перспективалы әріптесі деп санайды.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат