Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2007-11-21:

ЕУРОПАДАҒЫ ӨРІСІМІЗ КЕҢЕЙЕ БЕРЕДІ

 

Қазақстан мен Словакия арасында дипломатиялық қатынас 1993 жылдың 1 қаңтарында орнады. Содан бергі аралықта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға нақты қадамдар жасалып келеді. Оның алғашқысы Қазақстан Республикасының бұрынғы Сырт­қы істер министрі, Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сенатының қазіргі Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1998 жылғы 27 мамырда Словакия сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы З.Крам­пло­вамен Люксембургте кездесуі дер едік. Уақыт өте келе осындай кез­де­сулер мен делегациялар алмасу өз нәтижесін берді.

Екіжақты қатынастар орнатуға сондай-ақ 1999 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Словакияның сол кездегі Президенті Р.Щустердің ЕҚЫҰ аясында Ыстамбұлда алғаш­қы кездесулері негіз қалады. Мем­лекет басшылары бұдан кейін де кездесті. Соның ең бастысы 2001 жылғы қарашада Словакия Прези­денті Р.Шустердің Қазақстанға жасаған ресми сапары болды. Осы сапар барысында Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара қаты­настар туралы декларацияға және сертификаттау, стандарттау және метрология саласындағы ынтымақ­тас­тық туралы келісімге қол қойыл­ды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Словакия іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті және Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақ­тас­тық жөніндегі үкіметаралық комис­сияның екінші отырысы болды.

Үкіметаралық комиссияның осы отырысында екі ел ынтымақ­тас­тығының перспективалары ай­қындалды. Сөйтіп, Қазақстан мен Словакия арасында электр энер­гетикасын, мұнай-газ, химия өнер­кәсібі, мәшине жасау, баспа, көлік, туризм, ауыл шаруашылығы және әскери-техникалық салалар бойын­ша байланыстар жасау мүмкіндігі туды. Қолда бар мәліметтерге қа­рағанда, Қазақстан мен Словакия арасында тауар айналымы жыл өткен сайын өсіп келе жатқандығы байқалады. Мысалы, 2005 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 74,24 миллион доллар болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 85,4 миллион долларды құрады. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында 44,3 миллион доллар болды.

Қазақстан мен Словакияның экспорт-импорт алмасу жайы да біршама. Қазақстандықтар Слова­кияға негізінен мұнай және мұнай өнімдерін, мырыш, мыс, хром, қор­ғасын, алюминий, мақта экс­порт­таса, Словакия Қазақстанға мә­шине және техника жабдық­тарын, құрылыс материалдарын, дәрі-дәрмек, тамақ өнімдерін, жиһаз, тоқыма бұйымдарын им­порт­тайды. Бүгінде екі ел арасында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесі қарастырылып жатыр. Жұ­мыс істеп тұрған бірлескен кә­сіп­орындар да бар. Мысалы, біздің елімізде, дәлірек айтқанда, Оңтүс­тік Қазақстан облысында автобус және ауыл шаруашылығы техника­ларын құрастыратын “ҚазСловБус” және “ЗТС Мотор-Южмаш” бір­лескен кәсіпорындары жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ Словакияның биологиялық қызметі мен қазақ­стандық “Азық түлік” селекциялық кәсіпорны арасында тығыз байла­ныс орныққан.

Қазіргі кезде мүдделі министр­ліктер мен ведомстволар Қазақ­станда жүк және жолаушылар вагон­дарын құрастырып, жөндейтін бірлескен кәсіпорын құру мақ­сатында Словакияның “ZOS Trnaкa” және “TatravaQonka” вагон шығаратын компанияларымен кел­іссөз жүргізіп жатыр. Екі ел ынты­мақтастығының болашағы зор деп айтуға болады. Өйткені, Словакия компаниялары қазақстандық әріп­тестерімен кең көлемде байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр. Олар бұл ынтымақтастықтың ұзақ мерзімде болуын қалайды. Әсіресе, Словакия Қазақстаннан газ, мұнай, азықтық және жемдік астық, түсті металдар, фер­роқорытпа, тыңайтқыштар са­тып алуға үлкен ынта танытуда. Ын­тымақтастықты дамытуда, сон­дай-ақ қорғаныс және трактор­жасау салаларының перспективасы жоғары.

Қазақстан-Словакия ынты­мақ­тас­тығы дегенде, алдымен эконо­микалық байланыстар алдыңғы орынға шығады. Қазақстанның бұл мемлекетпен тығыз ынтымақтастық орнатқаны тиімді. Өйткені, Қазақ­стан өз өнімдерін Еуроодақ елдері­нің рыногына шығара алады. Сон­дай-ақ Словакия жер көлемі ш­а­ғын­дау болғанымен, ауыл ша­руашылығы дамыған мемлекет саналады. Экономикасында астық пен қант қызылшасын, ет пен сүт өндіру басымдыққа ие. Міне, бұл астығы мен төрт түлік малы мол Қазақстан үшін тиімді болмақ.

Соңғы жылдары екі ел әскери және әскери-техникалық ынтымақ­тастықты нығайтуға баса мән бере бастады. Ондағы мақсат – әскери ұшақтар мен бронды техникаларды жоғары технологияларға сай бірлесіп жетілдіру. Бұл мәселе алдағы уа­қытта екі ел қорғаныс министрлері 1997 жылғы 22 қаңтарда қол қойған ҚР және СР арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақ­тастық туралы ведомствоаралық келісім аясында жүзеге асырылатын болады. Бұған мысал ретінде бүгінде Тренчин қаласында “Альба­трос” ұшағының күрделі жөндеуден өткізіліп жатқанын айтсақ та жет­кілікті.

Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың Словакия Рес­публикасына бұл сапары Қазақ­стан-Словакия арасындағы ынты­мақ­тастықты тереңдетуге аса зор үлес қоспақ. Мемлекет басшы­сы­ның жоғары деңгейдегі кездесулері бүгін өтеді деп күтілуде.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ – Братиславадан.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат