Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-02-07:

Саралайтын кезең келді!..

 

Құрметті әріптестер! Достар!

Қазақстан Республикасының тәуел­сіздігіне бар болғаны 16 жыл толды. Бұл қысқа мерзімді кезең, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, қас-қағым ғана сәт. Ал ол еліміздің өмірін жаң­ғыр­тып, түбегейлі өзгерістер жасауы жөнінен тұтас бір дәуірге тең.

Қазақ халқының сан ғасырлық та­ри­хи және көп азап көрген тағдырында бірінші рет біздің ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты жүзеге асты. Әлем картасында Қазақ­стан атты тәуелсіз мемлекет пайда бол­ды. Мемлекеттіліктің барлық инсти­туттары құрылып, экономика нарықтық жолға түсті. Еліміз әлем мойындаған мемлекеттік шекарасын айқындады. Дүние жүзіне шашырап кеткен қазақтар өздерінің тарихи Отанына оралуға мүмкіндік алды.

Әлемдегі жаппай қырып-жоятын қаруы бар төртінші ел саналатын Қа­зақ­­­стан ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартып, жаһандық қауіп­сіздікті күшейтуге өзінің тарихи үлесін қосты, ядролық қару-жарақсыз әлемге жол көрсетті.

Республиканың экономикасында тү­бегейлі өзгерістер жасалды, сол арқы­лы ішкі жалпы өнімді арттыру ұлғай­тылып, ол Орта Азия мен Кавказ елде­рін қоса алғандағы жалпы ішкі өнімнің тең дәрежесіне жетті, ал ең бастысы, қазақстандықтардың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Жалпы еліміз бо­йынша аса ауқымды өміршең жобалар іске асырыла бастады, олар елімізді әлем­дегі бәсекеге қабылетті мемлекет­тердің қатарына қосуға тың серпін берері сөзсіз.

Қазақстанның саяси өмірінде де күрделі өзгерістер болды. Біздер еркін елдің ерікті азаматтарына айналдық. Өткен жылғы терең конституциялық өзгерістерден кейін Қазақстандағы демократиялық даму үрдістері жаңа сапалық деңгейге көтерілді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мәдениет, ғылым және білім беру са­лалары күрделі кезеңдерді бастан кешті. Бірақ қазіргі жағдайда, экономиканың жалпы әлеуеттенуі нәтижесінде елі­міздің барлық рухани өмірі саласында жаңғыру­лар жүріп жатыр. Бұған “Мә­дени мұра” мемлекеттік бағдарламасы қызмет етуде.

Қазақстанның болашаққа бағыт ал­ған қуатты да сенімді дамуы біздің жаңа елордамыз Астананың өсіп-өркендеуі­нен айқын көрінеді.

Осының бәрі, ең алдымен, біздер­дің, көп ұлтты, көп діни сенімді қазақ­стан­дықтардың, ортақ үйімізде бейбіт­шілік пен өзара келісімді сақтағаны­мыздың арқасында жүзеге асып отыр­ғаны кү­мәнсіз.

Бүгінде халықаралық қауым­дас­тық­тың терезесі тең және сенімді әріптесі болып отырған Қазақстанның әлеумет­тік-эко­номикалық және қоғамдық-сая­си да­муын­дағы эволюциялық оң өзгеріс­тер әлемде заңды қызығушылық пен құр­метке ие болып, қазақстандық даму үрдісі басқа транзиттік мемлекеттер үшін үлгіге айналуда.

Біздің мемлекетіміздің табыстары дүние жүзінде мойындалып, жоғары баға­лануда. Соның бір жарқын мысалы, елі­міздің 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге сайлануы. Біз кешегі кеңестік елдер мен түркі тілдес, мұсылман және азиялық елдер арасында бірінші болып осындай дә­режеге жеткенімізді, әлемнің демо­кра­тияшыл, ең дамыған елдері негізін қала­ған осынау беделді халықаралық ұйымға төрағалық жасайтынымызды орынды мақтан етеміз.

Бұл жетістіктерде, сөз жоқ, миллион­даған қазақстандықтардың ерен еңбегі бар. Халқымыз бұдан 16 жыл бұрын та­рихтың қиын кезеңінде дұрыс қадам жа­сап, өз тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баевқа сеніп тапсырып, оны бір­ауыз­дан Қазақстанның тұңғыш Прези­денті етіп сайлады. Дәл осы адам, өзінің ерек­ше болмысы бойынша теңдессіз жетекші және жасампаз тұлға, өткен жылдардың бәрінде елімізді  дағдарысқа соқтырмай, табанды түрде ынтымақ пен прогресс жолында жаңылмай бастап келеді. Бүгінде әлемде Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа Қазақстанның негізін салушы деп орынды атайды және оның есімін АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Вашингтон мен қазіргі заманғы Түр­кияны қалып­тастырған Кемал Ататү­рікпен қатар қоя­ды. Қазақстан халқы тарихтың алмағайып қиын кезеңдерінде өз Президентіне сенім білдірді, ал бүгінде Қазақстан үшінші әлемнен бірінші әлемге серпінді қадам жасаған шақта, бұл сенім әбден нығая түсті.

Біздің еліміз бүгін тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңін аяқтап, өзінің дамуындағы жаңа жарқын кезеңге аяқ басты.

Енді тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын ғылыми-көркем тұрғыдан сара­лау, бағалау уақыты туды. Бұл міндетті осындай қайталанбас ғажайып кезеңнің куәгерлері біз атқармасақ, кім атқарады, ұрпақ санасына тарихи шындық пен ақиқатты біз сіңірмесек, кім сіңіреді?

Біз тәуелсіз ел тарихшылары мен жазу­шыларын, журналистері мен сая­сат­танушыларын, сценаристері мен режис­серлерін, суретшілері мен кине­мато­графистерін, ғылыми және шы­ғарма­шылық қауымның барлық өкіл­дерін тәуелсіз Қазақстанның шын мәніндегі жаңа жылнамасының негізін жасауға қабілет-қарымын барынша жұмсауға ша­қырамыз.  Біздің өз дәуі­ріміздің шынайы рухани сұранысы мен ақиқатын айтуға арналған ғылыми еңбектеріміз бен көркем шығарма­ларымыз жаңа тарихымыздың іргетасы берік қалануына қызмет етуі тиіс. Оны кемел кезеңнің келер ұрпағы орын­ды мақтан етуі керек.

Мұндай жоғары, жауапкершілігі  зор, парасатты міндетті орындау жо­лында Қазақстан ғылымының, әдебиеті мен өнерінің қайраткерлері лайықты үлес қосады деген сенімдеміз.

 

Андриасян Рубен Суренович — Қа­зақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі;. Аширов Ахметжан — жазушы; Әзімов Сергей — кино­режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;  Әуезов Мұрат — жазушы, мәдениеттанушы; Әшімов Асанәлі — Қазақстанның халық әртісі, Мемле­кеттік сыйлықтың лау­реаты; Әшімов Әкім (Тарази) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты; Байпақов Карл — академик, тарих ғылымдарының докто­ры, Ә.Марғұлан атындағы археология  институтының ди­ректоры; Вовнянко Игорь Алексан­дрович — Қазақстан Рес­публикасы Ки­не­матографистер одағы басқармасының төрағасы; Елубаев Сма­ғұл — жазушы; Жаманқұлов Тұңғышбай — Қазақстан­ның халық әртісі, Мемле­кеттік сый­лық­тың лауреаты; Жолдас­беков Мыр­затай — профессор, фило­логия ғылым­да­рының докторы; Жұма­шев Рымбек — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды уни­верситетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы; Көмеков Болат — академик, тарих ғылым­дарының докторы, Қазақ гуманитарлық Заң университеті “Қып­шақтану” инсти­тутының директоры;   Қойгелдиев Мәм­бет — профессор, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан та­рихшылары қауымдастығының төр­ағасы;  Матаев Сейітқазы — Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы;  Ми­хай­лов Валерий Федо­рович — жазушы, халықаралық “Алаш” сыйлығының лауреаты; Молдағалиев Тұманбай — ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Мұртаза Шерхан — Қазақ­станның ха­лық жазушысы, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты;  Мырза Әлі Қадыр — ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұршайықов Әзілхан — Қа­зақстанның халық жазушысы, Мемле­кеттік сый­лық­тың лауреаты; Обаев Есмұқан — Қазақстанның халық әртісі, М.О.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрының көркем­дік жетекшісі; Оразалин Нұрлан — Қа­зақстан Жазу­шылар Одағы басқар­ма­сының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреа­ты; Селиверстов Сергей Васильевич — Л.Н.Гумилев атындағы Еу­разия ұлттық университетінің доцен­ті, тарих ғылым­дарының кандидаты; Сейдімбеков Ақселеу — жазушы, Қазақ­станның ең­бек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сон Лаврентий — жазушы; Сүлейменов Ол­жас — ақын, Қазақстанның халық жа­зушысы, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лау­реаты;  Щего­лихин Иван Павлович — Қазақстанның халық жазушысы; Ысқақ Қалихан — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат