Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-02-09:

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛДАУЫ

 

Білігі төмен кадр мемлекеттік қызметтің ғана емес, мемлекеттің де беделін түсіреді

 

Бүкіл әлем даусыз мой­ын­даған бір ақиқат – еліміз экономикасы­ның тоқтаусыз өрлеп келе жатқан­ды­ғы. Оған біз Мемлекет басшы­сы­ның дәстүрлі Жолдауында айқын көз жеткіздік. 2001 жылдан бері жыл сайын орта есеппен 10 пайыз­ға өсу өте жоғары қар­қын. Мұның астарында көп факторлар жатыр. Со­ның ең бастыларының бірі Елба­сымыздың алдымен эконо­ми­каға бағытталған дана саясаты. Сонау 1997 жылы Н.Ә.На­зар­баевтың “Қа­зақстан-2030” Стратегиясын қа­былдағанда оны елді алдарқату, деп ұғып, ол мерзімге дейін “кім бар, кім жоқ” деген сарыу­айым­шылар табылған. Алайда, Елба­сымыздың ол бағдар­ла­масы нақты жүзеге асып келе жатқанына бәріміз куәміз. Стра­тегия экономи­камызда қорда­ланып қалған көп әлеу­меттік мәселелерді шешіп қана қой­май, халқы­мыздың тұрмыс дең­гейін әлем­дік деңгейге көтеру мәселесін алға тартып отыр.

Елбасы Жолдауынан біз мем­лекеттің де, жеке кәсіп иелерінің де қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға кіріс­ке­нінің көп мысалына қанық­тық. Әлемнің көзімен қара­ғанда бүкіл Қазақстанды ай­рықша экономика­лық аймақ, қайнаған құрылыс ала­ңы деуге болады. Индустриялан­дыру­дың мұндай қарқыны елімізде бұрын-соңды болған емес.

Сөз жоқ, бұл жетістіктерді ұйым­дастыруға мемлекеттік қызмет иелері лайықты үлес қосты. Алайда, бір форма­циядан екінші формация­ға ауысу кезінде пайда болатын дағдарыс, экономикалық құл­дырау біздің адамдарымыздың психоло­гия­сында өзіндік із қалдырды. Ша­руашылық­тар­дың, кәсіпорын­дар­дың ыды­рап, жеке меншікке көші­рілуі кейбіреулерге артық асап, көп қармап қалу пиғылын ұялатты. Ол тоғышарлықтар мемле­кет­тік және құқық қорғау ор­гандарында қызмет ететін­дердің арасында да кездесіп жүр.

Елбасымыз ел ішіндегі осы ме­рез­ге биылғы Жолдауында үзілді-кесілді күрес ашқан­ды­ғын мәлім етті. Ол күрес ең ал­дымен кадрлар іріктеуді тия­нақты жүргізумен бас­тал­мақ. Сондықтан да Елбасымыз жаңа кадр саясатының бастал­ған­дығын жария етті. Ол сая­саттың мақсаты — мате­риалдық және ру­ха­ни өрке­ниет­ке қадам басқан елі­міздің жетістіктерін білім-білігімен ғана емес, биік санасымен ұйым­дас­тыратын, соның ар­қасында сы­байлас жемқор­лықтың жо­лын кесетін маман­дар даяр­лау. Бұл ретте Мем­лекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыс­тық бас­қармалары мен тәртіптік кеңестеріне жүк­те­лер міндет­тер аз емес. Өйт­кені, мем­лекеттік қызмет атқа­рып жатқандардың білім-білігін ауық-ауық аттеста­циялау, ал жаңадан қабыл­данатын­дардан емтихан алу біздің міндетіміз.

Облыстық басқармалар мен тәртіптік кеңестерде жинақталған мә­ліметтер біздің қызметкер­лері­міз­дің заң білуге құлықсыздығын бай­қатады. Мәселен, өз маман­ды­ғымды біл­сем жетеді деген енжар психология басым. Сондықтан да құқықтық, демократиялық қоғамда заңды білу, оны сақ­тау қажет екен­дігін кадрлар­дың санасына жеткізу бағы­тында бізге көп жұмыс атқару қажет. Өткен жылғы аттес­тациялау кезіндегі тестілеудің нәтижелерін талдағанда Жам­был облысы бой­ынша мем­лекеттік қызметкерлердің 72-ақ пайызы ғана сынақтан өткен.

Бізді алаңдататын тағы бір жай — “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқор­лық­пен күрес туралы” заң­дарды, Ар-намыс ко­дексін жатқа сақылдап біліп тұрып, оны көзді жұмып қойып бұзатын­дардың кездесуі. Тіпті, олардың жақсы маман болуы да мүмкін. Бірақ қайтесіз, пиғыл басқа.

Сондықтан да кадрларды ат­тес­тациялағанда, жаңадан қа­был­дана­тындарды комис­сия­да іріктегенде білім-білі­гімен бірге, биік сана­лылы­ғына, ниет тазалығына да көп мән беру қажет. Елбасымыз біз­ге міне, осы мәселелерді шешуді міндеттеп отыр. Оны жүзеге асыру­да жас кадрлар даярлау­дың маңызы зор екендігін де Президентіміз өз Жолдауында қадап көрсетті. Өйткені, жас­тар біздің бола­шағы­мыз. 1991 жылы мек­тепке барған бала бүгін жоға­ры оқу орнын бітіріп қызметке араласты. Олар тәуел­сіз елдің мектептерінде ұлт­­тық, отан­дық рухта тәр­биеленді. Міне, солар әрбір қызмет тұтқасын адал ниетпен ұстайды деп сенуге болады. Бұл бағытта біраз жұмыс істе­ліп жатыр. Облыста қызмет істейтін 5661 әкімшілік, саяси мемлекеттік қызметкердің 1099-ы әлі отыз­ға толған жоқ, ал 2738 ма­ман 31 мен 50 жас­тың аралығында. Дегенмен, мемлекеттік қыз­мет­кер­лерді шетелдерде оқы­тып алу әлі ойдағыдай емес.

Мемлекеттік қызметте ма­ңызды мәселенің бірі – халық сеніміне ие болу. Ол сенімнің әрбір қызмет­кер­ге ең алдымен тазалығы, адалдығы, іскерлігі және басқа да көптеген жеке қасиеттері арқасында келері анық. “Төрде отырған теріс сөй­ле­се, есікте отырған керіс сөйлейді” деген екен есімі алты алашқа мәлім Бәйдібек баба. Ауылдық округтер әкім­дерінен бастап, түрлі мемле­кет­тік ведомстволар қызмет­кер­лері­нің борышы туралы бұдан артық айту мүмкін емес. Халық олардың әрбір әрекетін қалт жібермей бақылайды. Дұрыс ісіне де, бұрыс әреке­тіне де бірден баға береді. Ал ел, жұрт сенімінен шықпау айна­лып келгенде мемлекеттік қызмет­тің ғана емес, мемле­кеттің беделін түсіру. Халық үшін жасалған әрбір іс, орын­далған уәде қызметкердің ғана емес, мемлекеттің абыройы. Жолдауда айтылған жаңа кадр сая­саты мемлекеттік қызмет беделін өсіріп, еліміздің абыройын асыра беретіндігі сөзсіз.

Әзімхан САТЫБАЛДИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысы бойынша  тәртіптік кеңесінің төрағасы-басқарма бастығы, ҚР ҰҒА академигі, экономика  ғылымдарының докторы, профессор.

 

Жылдың басты құжаты

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мем­лекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауын Қа­зақстан Республикасы Прези­денті­нің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушы­ла­ры, магистранттары мен тың­дау­шылары үлкен ықыласпен қабыл­дады. Жылдың бұл басты құжа­тын­да елдің әл-ауқатын жақ­сартудың басты бағыттарын, демократия­лық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестірген саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақ­стан­дық моделін жетілдіру жолдары нақтыланған.

Жолдауда мемлекетіміздің сая­си-әлеуметтік, экономикалық мә­селелері жастардың қоғамдағы орны мен қызметін өзектеуге негіз­делген. Осыған орай, ерекше ай­тыл­ған мәселелердің бірі – әкім­шілік реформаны көздеген мемле­кеттік басқару жүйесін үздік ха­лық­аралық тәжірибеге сүйене отырып, нәтижелі де ашық әрі қоғам алдын­дағы жауапкерші­лікті ескере да­мы­ту. Әкімшілік реформа­ның басты мақсатын құрайтын элемент­тер қатарында жаңа кадр саясатына ерек­ше тоқталып өткен Елбасымыз адам фак­торының дамытушы рөлін келер ұрпақты тәрбиелеу, жас­тардың кәсіби біліктілігін арттыру, олардың ел мүддесіне қызмет етер рухани болмысын сомдау бағыт­тарымен сабақтастырды.

Осы қатарда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы­ның басқару жүйе­сіндегі жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастырудағы, ел болашағын айқындар, мемлекет мәртебе­сін әлемдік деңгейге көте­рер әрі бойында тұнып жатқан ұлт­тық рухын өмірлік құн­ды­лыққа ай­налдырар азаматтарды тәрбие­л­еу­дегі рөлі мен маңызы айрықша. Өйт­кені академия мемлекеттік қыз­метші­лердің білімі мен біліктілігін тереңдету, сол арқылы бәсекеге қа­білетті буын дайындау мін­деттерін шешуде Елбасы белгілеп берген бағыттарды берік ұста­нып келеді. Мұндағы білім алып жат­қандар – еліміздің экономи­калық және әлеуметтік дамуының бүгіні мен бола­ша­ғына қызмет жасап жатқан азамат­тар, мемле­кеттік басқару органдарының кадр резервін құрайтын қабілетті ма­мандар.

Ұлттың ойлау кеңістігі мен ұлт мәдениетінің алтын өзегін құрай­тын тіл мәселесі де жас ұрпақ тәр­бие­сінің негізгі ұстанымын ай­қын­дап берді. Жаңа ғасыр елімізге өзін-өзі ұлт ретінде сақтау, өзге­лермен терезесі тең, кең өріске бет алған жаңа сипатты мемлекет құру міндетін жүк­теп отырғандықтан, мемлекеттік тілді жете меңгеру жастарға өз тілі мен ұлттық келбеті арқылы өзге ұлыстың мәдениеті мен құндылықтарын құрметтеуге мүм­кіндік берері сөзсіз.

Жолдауда белгіленген “тілдер­дің үш тұғырлылығы” мәдени жоба­сының іске асырылуы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің халықаралық тәжірибеге сүйене дамуы қазіргі ғаламдық жаңғырулар айдынында өмір сүре бастаған еліміз үшін аса қажет бастамаларға негіз болары ақиқат. Біздің мемлекеттік орган­дарымызда қызмет жасайтын әрбір азамат мемлекеттік тілді – қазақ тілін білуге тиіс. Бүкіл Қазақстан қо­ғамын топтастыратын қазақ тілін үйреніп, білуге жан-жақты жағдай жасалу керектігін ескерткен Елбасы мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, ин­новациялық әдіс­те­мелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу қажеттігін де назардан тыс қалдырмады. Бізді бұл мәселе де қатты қуантады.

Әшімжан АХМЕТОВ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

 

Өзімізден де ізденіс керек

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Елбасы Қазақ­стан халқының әл-ауқатын жақсарту мем­лекеттік саясаттың басты діңгегі болып қала беретінін үнемі айтып, бұл бағытта нық қадам жасап келе жатқаны баршаға белгілі. Осы жолғы тарихи құжат, ең алды­мен, қазақстандықтарды әлеуметтік қам­сыздандыруды бірінші кезекке шы­ғаруымен ерекше маңызды. Солтүстік­қазақстандықтардың түсіністігін тудырған Жолдау 90 мыңға жуық ардагердің де көкейіндегісін дөп басып отыр.

Жыл өткен сайын облыстың бюджеті нығайып, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жақсарып келеді. Ол үшін арнайы бағдар­лама жасалып, халықтың “әлжуаз” топта­ры барынша қамқорлыққа алынған. Олардың ішінде зейнеткерлерге, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға бірінші кезекте көмек беріледі. Орташа айлық жалақының өсуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, мемлекет­тік атаулы әлеуметтік көмектердің көрсетілуі, мүгедектерді оңалту бағдарла­ма­сын іске асыру, кедейшілік пен жұмыс­сыздықты төмендету  шаралары – мұның бәрі Елбасының бастауымен қолға алы­нып жатқан реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтумен қатар, оларды одан әрі жалғастыруға де кең мүмкін­діктер  береді. Президентіміздің былтырғы Жолдауында халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз берілгені, іргелік зейнетақы мөлшерінің ұлғай­тылғаны, бюджет саласы қызметкерлері жалақы­сының артқаны бәріміздің есімізде.

Биылғы Жолдауда әлеуметтік басым­дықтарды кезең-кезеңмен жүзеге асыру­дың шаралары нақты белгіленіп, әлеу­меттік қамсыздандыру мақсатына үлкен қаражат жұмсау мүмкіндігіне ие болып отыруымыздың өзі экономикалық орнық­тылығымызды танытса керек. Бұл орайда 30 корпоративті көшбасшыны қалыптас­тыру негізінде индустриялық міндеттер басты стратегиялық мақсатымыз болып  қала беретіні мәлімделді. Экономикамыз ілгерілесе, сөз жоқ, жұртшылықтың да тұрмысы жақсарады. Мемлекеттің күш-қуаты мен қаржысы жеткендіктен, 2012 жылы зейнетақының 2,5 есеге ұлғай­ты­латыны осы айтылғандарға дәлел бола алады. Жыл сайын зейнеткерлік жәрдем­ақылар мөлшері, әлеуметтік төлемдер арттырылып келеді. Кезекті Жолдауда белгіленген міндеттер Президент уәде­сінің заңды жалғасы ретінде өмір сүру сапасының айтарлықтай өсуіне жағдай жасары сөзсіз.

Елбасының көздеген мақсаты – қазақ­стандықтардың әл-ауқатының жақсаруына айтарлықтай ықпал ету. Оның нақты жолдары биылғы Жолдауда жан-жақты қамтылғанын бәріміз айқын сезініп отырсақ, осы бағытта ел азамат­тарының өзінен де үлкен ізденімпаздық күтіледі. Өйткені, мен үшін бәрін мем­лекет жасайды деген пиғылдан арылатын уақыт жеткені де анық.

Анатолий РЯЖСКИХ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Солтүстік Қазақстан облысы.

 

Татулық – тірлік тірегі

 

Қазақстан Республи­ка­сының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан халқы­ның әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың бас­ты мақсаты” деген биылғы Қа­зақ­стан халқына Жолдауында ұлт­тар мен ұлыстардың бірлігі мен тір­лігіне байланысты: Бірінші. “Тәуел­сіздіктің 16 жылы ішінде біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтара­лық ке­лісімді қамтамасыз етуде, қа­зақ­стандық біртұтастық пен жалпы қазақстандық патрио­тизмді қалып­тас­тыруда өз моделімізді жүзеге асырдық”, деп атап көрсетті. Бұл конс­титутциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы жұ­мы­сының талап тұрғысында ұйым­дастырылып, алдына қойған мақ­сатын орындап отырғанының айғағы деп білемін.

Осы орайда Қазақстан халқы­ның кіші Ассамблеясы өңірдегі әрбір ұлт пен ұлыс­тың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, өзіндік мәдение­тінен тұратын рухани мұрасын сақ­тап, дамыту барысындағы ұйым­дас­тыру жұмыстарын тия­нақты атқару­да.

Жетісу – бабалар дәстүрін ардақтап, мәдениетінің мәйе­гін терген 101 ұлттың баласы бақытын тапқан өлке. Асқар шыңдардағы мәңгі мұздақтан бастау алған ерке өзендері мен айдын көлдері, бұйра құмы мен бетегелі белі үндестік тапқан өңірде Сүйінбай баба сырлы сұлу сөз сабақтаса, Жам­был ата жа­нар­таудай жыр ағытқан, Ілияс ақын Құла­гердей көсілсе, Сара қыздың айтысы аңызға айналған. Осы­нау нұрлы өнердің жасам­паздық қа­сиетін сақтаған жетісулықтар құнды құжаттағы ел өміріне қатысты мә­се­лелерді жылы қабылдап, бір­лікті ту етіп, болашаққа сенім­мен қа­рауда. Жолдау жол­дарында айтыл­ған Қазақ елінің байлығы мен берекесін арттырып, игілігін еселей түсуге жұдырықтай жұмылған.

Облыс әкімі жанынан 1995 жылы консультативтік кеңесші орган ретінде құрылған бұл орта­лық қатарында бүгінгі таңда ірілі-ұсақты 71 ұлттық мәдени бірлестік бар болса, оның 23-і облыстық, қалған 48-і аудан, қала көлеміндегі орталықтар. “Мақсатым тіл ұстар­тып, өнер шашпақ”, деп данышпан Абай салған сүр­леу­мен жас ұр­пақ­ты мемле­кеттік тілде қанаттан­ды­руды, ғасырлар қойнауынан бастау алатын адами құндылықтарды әспеттеп, салт-дәстүрін ардақ­тауды, ел бірлігін көздің қара­шығындай сақтауды өзінің басты міндеті санайтын кіші Ассамблеяның 13 жыл көле­мін­дегі қалыптасқан дәстүрі барша халыққа ортақ.

Ұлы Наурыз мерекесінен бас­та­латын Сабантой, Пана­гия, Ханука, Оволь тано, Масленица сияқты ха­лықтық мейрамдарды барлық ұлттар бірге тойлайды. Мемлекеттік мерекелердің алатын орны тіпті ерекше. Қазақстандық отансүйгіш­тікке баулитын, отаншылдықты қалыптастыру­ға оң әсер ететін ша­ралар кешені тиімді жоспарланып, жүзеге асырылады. Осындай тәрбие саласындағы тағылым­ды тереңнен ойластырған облыс әкімі, Қазақ­стан халқы кіші Ассамблеясының төр­ағасы Серік Үмбетов үлкен се­нім артып, қаржы бөліп, тікелей қам­қорлық танытып, әр қадамы­мыз­ды қолдауда.

Биылғы жылдың қаңтар айында өткен “Заң және біз” семинар-тре­нингінің әсері ерекше болды. Бұл іске обл­ыстық ұлттық мәдени орта­­лықтардың басшылары, бел­сенді­лері, “Ұлағат” ақсақалдар кеңесі мен жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, салық коми­тетінің және әділет, білім, балалар құ­қығын қорғау департаментінің, облыстық прокуратураның маман­дары атсалысып, өзара тәжірибе алмасып, заңды құр­меттеу мәсе­лесін ортаға салды.

Өткізілген осындай шара­лар негі­зінде кіші Ассам­блея­ның хат­шылығы ұлттық мә­дени орта­лық­тардың жұмысы­на әдістемелік көмек көрсету және мемлекеттік тілді дамыту мақсатында респуб­ликалық кітап палатасында арнайы тір­кеуден өткен “Ұлттық-мәде­ни бірлестіктердің қызметін ұйым­дастырудың құқықтық аспектілері” жинағын және “Ассамблеяның қысқаша тақырыптық орысша-қазақша сөздігін” жасап шығарды. Бұл сөздік оңды тәжірибе ретінде республика жұртшылығына тараға­нын қуанышпен айтуға болады.

Жетісу жұртшылығы үшін өткен жыл мерейлі оқиғаларға толы болды. Кіші Ассамблея да осы­лардың ешқайсынан сырт қалмай, өзінің үлесін қосты. Өзге ұлттардың бұған дейін ана тілін үйрену, салт-дәстүрін сақтап, келешек ұр­паққа қалдыру мәселесі кө­бірек толған­дырса, қазіргі кезде бұл мәселе шешімін тауып, жүйелі жүргізіліп, қо­ғам­дағы тұрақтылық пен келі­сім­ді сақтау, мемлекеттік тілді мең­геру, Елбасымыздың ұс­танып отырған саясатын ха­лыққа жеткізе білу, Жолдауды жұртшылыққа түсіндіру ісімен айналысып, үгіт-насихат жұ­мы­сына белсене арала­суда. Әсіресе, бұл “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылды­ғына орай ұйымдастырылған шаралардан анық байқалса, бұл үдеріс одан әрі жалғасуда.

Облыс аумағында тұратын этнос өкілдерінің алыс-жақын шет­елдермен және тарихи отандары­мен мәдени қарым-қатынасы да арта түсіп, саяси экономикалық, тату көршілік байланыстардың нығайып, ортақ Отанымыз – Қа­зақ­станның беделінің арта түсуіне септігін тигізуде. Мәселен, 2007 жылы татар ұлттық мәде­ни орталы­ғының төрағасы Хайрулла Ибра­гимов пен облыстық грек ұлттық мәдени орталығының төрағасы Геор­гий Иорданиди Бельгия мен Францияда, Атсалим Идигов пен Наталья Малицкая Жа­понияда болып келді. Ал, Асылы Осман, Клара Хан, Денис Стадничук, Маликшах Гасанов сияқты түрік, корей, украин, күрд мәдени орта­лықтарының басшылары Киев қа­ласындағы Қазақстанның Украин­дағы күндеріне қа­тысты. Борис Ли мен Ирина Лян Оңтүстік Кореяға барып, екі жақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін жалғастырды. Тәжі­ри­беден белгілі бол­ған­дай, мем­лекет пен қоғамның күшін бірік­тіріп, билік және халықтың ара­сын­да тұрақты пікір алмасу болған жағдайда этномәдениет, тіл және ұлт­тық дәстүрлерді дамыту жө­нін­дегі мақсатты жұмыс бар­лық этнос­тардың тең құқылы және жан-жақ­ты дамуын қамтамасыз ете алады.

“Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт” деп білетін кіші Ас­сам­блея мүшелері өткен жылы көп­теген көлемді іс-шараларды жүзеге асыруда өзіндік тәжірибелерін ұтымды пайдалана білді. Жекелеген этностардың тығыз қоныс­танған жерлерінде олардың ана тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалған. Әзірбайжан, корей, дүнген, грек, неміс, ұй­ғыр, түрік, поляк және балкар тілінде оқуға тілек білдір­ген­дерге мүмкіндік жасалған. Одан басқа, облыс орталы­ғында және аудан, қалаларда олардың мемле­кеттік тілді оқып-үйренуі үшін 8 мем­лекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді.

Кіші Ассамблея Елбасы­ның тілдердің үштұғырлығын дамыту жайлы тапсырмасына белсене ат­салысса, жаңа Жол­даудағы “тіл­дер­дің үштұ­ғырлығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдетумен бір­ге, мемлекеттік тілдің оқы­ту сапасын арттыру қажет­тігіне ерекше назар аударғаны мәдени орталық мүше­лерінің кең қолдауына ие болды. Демек, биыл осы мәселеге ерекше назар аударумен қатар, өзге тіл­дерге деген құрметті де назардан тыс қалдырмаймыз. Мемлекеттік тіл мен ағылшын тілдерін үйрету бойынша Талдықорғандағы неміс­тердің “Возрождение-Жаңғыру” қоғамы, корей жастарының “Себек исыль-Таңғы шық” орталығы әр ұлттың өкіл­дерінен құралған жас­тар мен балаларға арнап, мау­сым­дық полилингвистикалық лагерь­лер ұйымдастыруда.

Мемлекеттік тілді үйренуге деген әр ұлт өкілдерінің ынта-ықыласы уақыт өткен сайын арта түсуде. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастар саны жылдан-жылға артып отыр­ға­ны қуантады. Сондай-ақ олар спорт, ғылым, өнер са­ласын­дағы халықаралық сайыс­­тарда өз Отаны – Қа­зақ­станның на­мысын лайықты қорғап, жас­тық жалындарын арнап келді.

Қазіргі кезде Талдықорған қала­сындағы Достық сарайы­ның құры­лысы қызу жүргі­зілуде. Амандық болса, биыл­ғы жаз айларында пайдалануға берілмекші. Барлық ұлттық, мәдени бірлестіктерді бір орталыққа шоғырландырып, оңды тәжірибені тиімді пайдаланып, ортақ сәулетті шаңырақ астында бас қосатын күн де алыс емес.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ, Алматы облыстық Қазақстан халқы кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі.

 

Денсаулық сақтау – басты назарда

 

Биылғы жылдың қаңтарында Елбасының Қазақстан халқына жаңа Жолдауында қандай шаралар­дың жария етілгені жөн деген мағынада әлеуметтік зерттеулер жүр­гізілген еді. Жүргізілген сол зерт­теулердің мәліметтері бойын­ша, сұрау салынғандардың 80 пай­ыз­ға жуығы мемлекет тұрғындар­дың өмір сүру сапасын арттыруға, табыс мөлшерін ұлғайтып, тұрғын үй проблемаларын шешуге бай­ла­нысты тиісті шаралар қабылдағаны дұрыс деген жауаптар қайтарған.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың “Қазақ­стан халқының әл-ауқатын арттыру – мемле­кеттік сая­саттың басты мақсаты” атты Жол­дауы қалың көпшіліктің, барша қазақстандықтардың ойларын дөп басып, көңілдерінен шықты деуге әбден болады. Өйткені, олардың Жолдаудан күткені осындай мәсе­лелер еді. Егер құжат мә­тінімен та­нысар болсаңыз, Мемлекет бас­шы­сы халықтың әлеуметтік-тұрмыс­тық проблема­ларын шешуге қа­тыс­ты көптеген келелі мәсе­лелерді атап, соған сәйкес тиісті мемле­кет­тік органдарға нақты тапсырмалар бергеніне көз жеткізесіз.

Жолдауда, сондай-ақ, өткен кезең ішінде әлеуметтік салаларды дамытуға байланысты жүзеге асы­рылған жұмыстар да аталған. Мы­салы, денсаулық сақтау және білім беруді қоса алғанда, әлеуметтік саланы қаржыландыру бес есе өсіп, 5 миллионнан астам адам әлеу­меттік жағынан қорғалған. Соны­мен қатар, өткен жылдың өзінде ғана 76 мектеп, 23 денсаулық сақ­тау нысаны пайдалануға берілген. Еліміздің аймақтарында тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Өткен үш жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағ­дарламасы аясында 18 миллион шаршы метр­ден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспар­ланғаннан 2,2 миллион шаршы метрге артық. Осының барлығы Елбасы Жолдауында атап өтілген­дей, экономиканың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясаттың және тұрақты саяси жүйе тиімді­лігінің нәтижесі.

Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі жол­дауларында айтылған мәсе­лелердің жүзеге асырылуы жыл өткен сайын артып келеді. Әрі олар үнемі көп­шілік назарында тұрады. Жүргі­зілген зерттеулер көрсеткеніндей, Елбасы Жолдауының жүзеге асы­рылу барысына сұрау салынған аза­маттардың қанағаттанғандық біл­дірулері 2006  жылмен салыстыр­ғанда 58 пайыздан 65 пайызға арт­қан. Бұл үлкен жетістік. Сондай-ақ сұрау салынғандардың бір бөлігі медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділік пен қызмет көрсету сапасы бұрынғыға қарағанда едәуір жақ­сарғандығын атап өткен. Мем­лекет бас­шысы биылғы Жолдауын­да да денсаулық сақтау саласын дамытып,  елімізде саламатты өмір сал­тын қалыптастыру негізгі ба­сым­дықтардың бірі болатынын мәлім етті.

Елбасы әлеуметтік саланы бел­сенді түрде дамыту мәселесін бұрын да, өткен жылы да көтерген болатын. Президенттің өткен жылы мемлекет медицина саласын қар­жы­ландыруды ІЖӨ-нің 4 пайы­зына дейін жеткізуді мақсат етеді деп айтқаны қазақстандық қоғамда үлкен серпіліс туғызған еді. Жүр­гізілген зерттеулерге назар ауда­ратын болсақ, Мемлекет басшы­сы­ның осы айтқандарын бүкіл халық қолдады. Жалпы, Елбасы үнемі ірі бастамаларға ұйытқы болып келеді. Мысалы, Президенттің тапсыр­ма­сы­на байланысты Қашаған жобасы қайта қаралып, акцияның белгілі бөлігі “Қаз­Мұнай­Газға” өтті. Мұн­да аса үлкен ұлттық мүдде жатыр. Енді 2012 жылы Үшінші жер сам­митін Астанада өткізу ұсынысымен шығып отыр.

Мемлекет басшысы Жолдауда демография­лық ахуалды жақсарту мәселесін де қозғады. “Демо­гра­фиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды бел­гілеу қажет. Бұл мәселеге таяу уа­қыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек”, – делінген Жол­дау­да. Халықтың денсаулығын жақ­сартудың негізінде демографиялық ахуалды оңалту жатыр. Ал демо­графиялық ахуалды жақсарту ана мен бала денсаулығын мүмкін­дігінше қорғап, бала туу көрсет­кішін еселеп арттыруға тікелей байланысты. Осыған орай, Елбасы сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңімен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл – сәбилі болған ана бір жыл бойы ай сайын 7,5-10 мың теңге көлемінде жәр­дем­ақы алып тұрады деген сөз.

Демографиялық ахуалды жақсартуға ынталандыратын тағы бір жаңалық, – 2010 жылдан бас­тап төрт және одан да көп бала туған аналарға берілетін біржолғы жәр­демақы мөлшерін 2007 жыл­ғыдан төрт есеге арттыру көзделгендігі. Яғни, біржолғы жәрдемақыға 60 мың теңге алатын болады. Сонымен қатар, Жолдауда тарихи Отанына көшіп келетін қандастарымызға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы тағы 5 мың отбасына ұлғайтып, 20 мың отбасына жеткізу көзделетіні атап өтілді.

Құжатта нақты көрсетілгендей, Үкімет ден­саулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жұмыстарын биылғы жылы да әрі қарай жалғастырады. Осыған байланысты үстіміздегі жылы республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының және жергілікті маңызы бар 121 нысанның құрылысы қолға алынбақ. Бұл нысандардың бірқатарында қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы елімізде фар­мацевтика өнеркәсібі дамымай отырғандығын сын тезіне алды. Кең байтақ жерімізде өсім­діктердің түр-түрі жайқалып өсіп тұрса да, оны кәдеге жарата білмейтініміз шындық. “Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс, – деп атап көрсетілді Жолдауда. – Елге әкелінетін медициналық пре­параттардың сапасына қатаң бақылау орна­тып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет”.

Жолдауда медициналық маман кадрларды дайындау мәселесіне де баса назар аударылған. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында біліктілігі жоғары дәрігерлер мен медицина қызмет­кер­лерінің бірқатары жалақыларының аздығы сал­дарынан кәсіпкерлікке немесе басқа салаларға кеткен еді. Бүгінде соның салқыны айқын сезіліп отыр. Осыған байланысты Президент Ден­саулық сақтау, Білім және ғылым ми­нистрліктеріне бірлесе отырып медицина қыз­меткерлерін қосымша даярлау, оларды серти­фикаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Сапалы адам ресурсынсыз жетістікке жету мүмкін емес, бәсекеге қабілеттілік төмендейді. Ол үшін денсаулық сақтау саласына баса көңіл бөліп, оны дамыту қажет. Елбасының Жолдауында осы жәйт ерекше аталды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат