Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-02-19:

Дарияның бойында дүрбелең басталды

 

Соңғы 4-5 жылдың мұғда­рын­да қыстың ортасы мен ерте көктем аралығында арнасынан асып, жағалаудағы елді ерекше дүр­белеңге салып қоятын Сыр­да­рия өзені таяу күндері сол мі­не­зіне басып, тағы да жұрт наза­рын өзіне еріксіз аударта бас­та­ды. Осы күндері дарияның Қы­зылорда облысы тұсындағы дель­тасында жатқан қалың мұз­дың күн санап биікке көтеріліп, жағаның ернеуіне жақындап келе жатқаны байқалады. Биыл өршіл өзен өне бойының суға алабөтен толып ағуының бір себебі, мезгілдің қатал кезеңі келіп жеткеннен республиканың оңтүстік аймақтарына көптен там­баған жауын-шашын түсіп, ахуалды ушықтыруға айналды. Си­ноптиктер биыл бірден екі жылдың үлесіне тең қардың жау­уы мен ауа райының қатты суытып кетуінен мұздың қалың қатуы күні ертең дариядан сең жүрген кезде қиындық туатынын айтады.

Шынында да, дәл осындай қа­лың қарлы қыс бұл өңірде сонау 1969 жылдан бері болған емес. Жағдайдың бұлайша қа­лып­тасуы өзеннің өр ағысы бой­ында отырған Қырғызстан мен Өзбек­стан үкіметтерінің бұған дейін мой­ындарына алған мін­дет­темелерінің шарттарын бұ­зып, дарияның тө­менгі бөлігіне қарай тасталатын су мөлшерін межедегіден арттырып жіберу­лері­не апарып соқтырып жатыр. Мұны олар бір жағы қыс­тың суық­тығынан электр қуатына деген сұраныстың да арта тү­суі­мен түсіндіріп бағуда. Нәти­жесінде кейінгі кездері Шардара су қой­масында жиналған су­дың көлемі 4,3 млрд. текше метр­ге жетті. Егер жасанды те­ңіздің негізгі айдынында жай­шы­лықта 5,2 млрд., ал ең бір шегіне жеткенде 5,5 млрд. текше метр ауқымында ғана су ұстап тұруға болатынын ескерсек, қазіргі сипаттың қандайлық дәрежеде екенін пайымдауға болады. Бүгінде арнасынан асқан судың осы маңайдағы Ақкөл, Байтоғай, Сүткент елді мекендеріне қатерлі қауіп төндіріп жатқан хабары да дүңкілдеп естіліп жатыр.

Шардарадан төмен қарай жөнелтіліп жатқан судың мөлшері өткен аптадан бері секөнтіне 700 текше метрге дейін өсті. Соңғы мәліметтер бойынша, дарияның суы осыдан кейін көрші Оңтүстік Қазақстан облысының жеріндегі Көксарай аумағы тұсында тағы 1 метрге, Балтакөл ауылы ауқымында 2 метрге дейін биіктеп кеткен. Судың бұдан әрі көбейе түсуі оның арнадан лықсып далаға шығып, жо­лындағыларын тайпап өту ықти­малдылығын күн санап арттыра түсуде. Осылайша, арнаның айна­ласындағы жалпы саны 15,5 мың адам тұратын 20 елді мекен тас­қын­ға ұшырайтын түрі бар. Жалпы, су астында қалып қою қаупінде 70 мың гектар жер жатыр.

Дарияның орта және төменгі ағысындағы Қызылорда облысына қарасты аудандарда мұндай қауіпті күтіп отырған елді мекендердің са­ны бұдан да көп. Мамандар олар­дың қатарының артық кемі-жоқ 51 екенін алға тартады. Ал топан су жаппай басталып кетсе 400 мың тұрғынның тіршілігіне қатер төнеді. Осы уақытқа дейін биылғы жыл шеңберіндегі алғаш­қы дүрбелең таяуда Жаңақорған ауданы жерінде болды. Дария осындағы Қандыөзек ауылы қапталында төрт жерден жағаны бұзып-жарып өтті. Қуа­ныш­қа қарай, бекініс тоғандары тез қал­пына келтірілді. Бірақ, бұл қауіп­тің жақындап келе жатқанына да дабыл қаққандай әсер етті.

Арал-Сырдария бассейні су ша­руашылығы басқармасының бас­ты­ғы Әділхан Қарлыхановтың ай­туын­ша, бұл күндердегі басты мін­­дет елді мекендерді су қау­пі­нен сақ­тап қалу жолындағы бар­ша жұ­мыстарды тыңғылықты ат­қару болып табылады. Осының ал­дында ғана Қазақстан сол мақ­сатқа жету үшін Қырғызстанмен тағы келісім-шартқа отырып, Тоқ­тоғұл су қой­ма­сынан төмен се­көнтіне 700 тек­ше метр ғана су жі­беріп тұру жө­нін­де мәмілеге кел­ген. Бұл су қой­масы қысты күн­дері электр қуатын өндіру ре­жіміне сай жұмыс жасай­тын болғандықтан, біздің жақ өтемақы ретінде оларға 50 мың тон­на көмір мен 5 мың тонна мазут жет­кізіп беруді мойнына ал­ған. Бұдан басқа, Өзбекстан Рес­пуб­ли­касымен Қайраққұм су қой­ма­сынан жоғары жатқан Үлкен На­манған, Үлкен және Солтүстік Фер­ғана арналары бойымен се­көн­ті­не 200 текше метрге дейін су алу турасында да келісімге қол жет­кен. Сол сияқты Мыр­за­шөл­дің арғы жағындағы Достық және Оң­түстік каналдарына да сол кө­лем­де су тастап тұруға сөз бай­лан­ды. Осының бәрі Шардара су қой­­­масына жоғарыдан түсетін су­дың нөпірі секөнтіне 1 100 текше метр өлшемін ұстап тұруға мүм­кін­дік бе­реді. Осы жасанды те­ңіз­ден Арна­сай бойы арқылы Ай­дар­көлге қарай жіберілетін су енді 1,5 текше ша­қырымға дейін барады.

Қазіргі күндері Қызылорда обл­ысы аумағында айрықша назар ау­даруды қажет ететін тұс облыс ор­талығы болып отыр. Мұндағы мұз­­дың қалыңдығы 40-70 санти­метр аралығында. Ең қиыны, ар­на­да сол мұздың биіктей түскені күн­­нен-күнге айқын аңғарылып келеді. Егер осы мұзды қатпар сең бо­лып жүрген кезде арнадағы су дең­гейі тағы 1,5-2 метрге дейін кө­­теріліп кететінін ескерсек, жағ­дай­дың қай деңгейде қауіпті екені тайға таңба басқандай бола түседі. Бұл жақта жоғарыдан жететін су­дың ұлғаю кезі алдағы наурыз айы­­ның екінші немесе үшінші он­күн­дігімен тұспа-тұс келеді деп кү­­тіліп отыр. Қазір дария ар­на­сын­да тұтасып жатқан мұзды жару жө­­нінде түпкілікті бір шешім қа­былданған жоқ. Себебі, сіресіп жат­қан арна бұзылған сеңге жүру мүмкіндігін бермеуі ықтимал.

Сөйтіп, Сырдария өзенінің асау­лық танытатын айтулы шағы күн озған сайын жақындай түсуде. Барлық істің қалай атқарылатыны ар­надағы мұздың қай кезде, қан­дай қалыңдық қалпында бұзылып, сең көшкінінің жүре бастайтын уа­қытына тығыз байланысты.

Серік ПІРНАЗАР. Қызылорда.

 

Төтенше жағдайларға дайындық қалай?

 

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары арқылы өтетін Сырдария өзеніндегі су тасқынының қаупі бұл аймақ­тағы тұрғындарды күннен күнге алаңдатып отыр. Бұған негізгі себеп, Шардара су қоймасындағы су деңгейінің өсу қарқыны был­тырғы жылмен салыстырғанда өте жоғары болып тұр, деп ха­бар­лады кеше Төтенше жағ­дай­лар министрлігінің баспасөз қыз­меті.

Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігінің азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер және жедел іске кірісу департаментінің директоры Д.Сатылғановтың жетекшілік етуі­мен аталған мәселелер штаб оты­ры­сында кеңінен талқыланып, тиісті шаралар туралы ақпарат бе­ріліпті. Шардара су қоймасы әдет­тен тыс тез толып барады. Қазіргі күні аталған су қоймасының  кес­телеу жобасының көлемі секөнтіне 450-650 текше метрді құрап отыр. Сонда су қоймасынан секөнтіне 800 текше метр су жібергеннің өзінде 400 мыңнан аса халқы бар 71 елді-мекенді және Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарын су басып қалу қаупі бар. Бірақ, бұған қара­мастан аталған амал қолданылар болса, 200 мыңнан астам адам жылы орнынан көшірілуі тиіс. Әзірге Сырдария өзеніндегі мұз режімі өзгеріссіз тұр, оның қалыңдығы ОҚО-да 20-30 см. болса, Қы­зыл­орда облысында 30-70 см. құ­рап отыр. Өзендегі мұз­дың қатуы су қоймасынан 60 ша­қы­рым жердегі Шардара ауда­нындағы Қазақстан елді-ме­кенінен басталады.  Бұл жерде ұзындығы 1 шақырым, ені 70-80 метр болатын ашық су айдын­дары да кездеседі.

Осы жағдайларға байланысты бо­луы ықтимал қауіптің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар ми­нис­трлігі мен Қызылорда және Оң­түстік Қазақстан облыстарының із­дестіру, апаттық-құтқару және басқа да қыз­меттерінде 4650 маман, мыңнан ас­там техника, оның ішінде 2 тікұшақ пен 1 ұшақ дайын тұр.  Сол сияқ­ты арнайы дә­рігерлік лагерь зар­дап шеккен мың адам­ды орна­лас­ты­ру­ға дайын. Өзен дең­гейінің көтерілу қау­­пі кезінде нақты жағ­дайды анық­тап, білу үшін “Каз­ги­дрометтің” 11 ги­д­рологиялық бекеті ор­натылды, сон­дай-ақ “Қаз­селденқорғау” 15 уа­қытша бе­кеті, бұған қоса 61 уақытша қа­да­ғалау бекеттері  қосымша орнатылды. Тиісті қаруланған 12 жарғыш тобы са­қадай сай тұр.

Министрліктің тапсырмаларына сәйкес елді-мекендерде шаруашылық ны­сандары мен су сақтау мақ­са­тын­дағы бөгеттерді және өзге де жағалау құры­лыс­тарын қалпына келтіру, нығайту және салу жұмыстары жүр­гізілуде. Егер жағ­дай ушыға қалса ТЖМ Сырдария бас­сейніндегі су тас­қыны салдарының ал­дын алу және оларды болдырмау үшін  ведо­мс­тво­ара­лық үйлестіруді қам­тамасыз етуге дайын. Қазірдің өзінде қа­уіпті деген аймақтардан 32 отбасы кө­шіріліпті.

Александр ТАСБОЛАТОВ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат