Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-02-20:

Дүниежүзілік математика олимпиадасы  2010 жылы Қазақстанда өтеді

 

Әрине, Қазақстанға әлемнің 100-ге жуық елінің аса дарынды балаларын жинау мәртебесіне ие болу үшін біздің еліміз қай жағынан алып қарағанда да ауыз толтырып айтарлықтай  табыстарға  жетуі тиіс болатын. Солай болды да. Осы уақытқа дейін еліміздің дарынды оқушылары  халықаралық олимпиадаларда тек жүлделі орындардан табылып келді. Сондықтан да болар, өткен жылы Вьетнамда өткен дүниежүзілік математикалық олимпиадада 93 ел бірауыздан 2010 жылғы олимпиаданы Қазақстанда өткізу туралы ұсынысты қолдаған болатын. Яғни, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып математика пәні бойынша халықаралық олимпиада өткізу құқығын жеңіп алып отыр. Бұл олимпиаданы халықаралық дегеннен гөрі, дүниежүзілік дегенге  келеді. Өйткені, аталмыш пән бойынша басқа да аймақтық, халықаралық олимпиадалар жеткілікті. Мәселен, Балқан олимпиадасы немесе Якутияда өтетін “Туймаада”. Болмаса, Қазақстанда соңғы жылдары өткізіле бастаған О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданы айтуға болады.

 

Дүниенің төрт бұрышындағы математикаға аса қабілетті бала­лар­дың   алғашқы сайысы 1959 жылы Румынияда өткен екен. Әрине, бұл сайысқа КСРО-ның, яғни социа­листік елдердің саусақпен санарлық дарынды оқушылары қатысқан. Кейін аталмыш олимпиадаға қаты­сатын елдер саны көбейіп, қазір 93-ке жетіп отыр.

Егемендік алғаннан кейін 1992 жылы Мәскеуде өткен аталмыш олимпиадаға тәуелсіз Қазақ­стан­ның оқушылары жеке команда ре­тін­де бірінші рет математика пәні бойынша қатысқан. Бұл оқу­шылардың 6-уы да қазір О.Жәу­тіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-ма­тематика орта мектеп-интер­на­тының оқушылары. Команданың ғылыми жетекшісі, аталмыш мектеп-интернаттың директоры, “Тарлан” тәуелсіз сыйлығының иегері Қайрош Мақышев ереже бойынша бұл жарысқа әр мем­лекет 6 оқушы ғана жібере ала­тынын, ал қазақстандық 6 оқу­шы­ның 4-уі қола медальмен орал­ғанын айтады. 

Осыдан кейінгі жылы олим­пиа­да Ыстамбұлда өткізіліпті. Бұл жолы біздің оқушылар 1 күміс, 3 қола жүлдеге ие болып, 73 мемлекеттің ко­мандалары арасында 25 орынға кө­терілген. Бұл команда да РМФМОМИ оқушыларынан құралған.

1998 жылдан бастап біздің оқушылар физика, химия, био­ло­гия, информатика пәндері бой­ын­ша халықаралық жарыс­тар­ға қаты­са бастаған. Ал, 2010 жылы Қа­зақ­станда өткелі отыр­ған халықаралық олимпиаданың жай-жапсарына оралсақ, онда әр елден келген ко­манда жетек­ші­лері халықаралық қазылар алқасын құрайды.

Осыншама елдің коман­да­ла­ры мен басқа да мәртебелі қо­нақ­тарды Қазақстанда қарсы алу, олимпиа­да­ны жоғары деңгейде ұйымдастыру айтуға ғана оңай. Сондықтан Қа­зақ­станда олим­пиада өткізу ісіне дайындық жұмыстарын жүргізетін, істі алға жылжытатын Білім және ғылым министрлігі мен “Дарын” орталығы болмақ.

Математика пәні бойынша халықаралық олимпиаданы Қа-зақ­станда өткізу құқығын жеңіп алуға еліміздегі О.Жәутіков атындағы Республикалық дарын­ды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интер­натының ұйымдас­ты­руымен өткізіліп келе жатқан О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиа­даның ықпалы болған­ды­ғын айтуымыз қажет. Дегенмен, бұл олимпиаданың басқа халық­аралық олимпиадалардан ерек­ше­­лігі – оған физика-матема­тика пән­дері бойынша арнаулы мек­тептердің командалары ғана қа­тыса алады. Сондықтан бұл атал­мыш пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім сайысы.

Олимпиадалар деңгейі аса лауа­зымды қонақтардың қаты­суы­мен де анықталады. Мәселен, Жәутіков олимпиадасына Ха­лық­аралық фи­зикалық олимпиа­далардың прези­денті, марқұм Вальдемар Горш­ковский (Поль­ша), Халық­ара­лық мате­ма­ти­калық олим­­пиада­лар ал­қасының төр­ағасы, профес­сор Йозеф Пеликан (Венгрия), Халық­аралық ма­те­матикалық олим­пиа­да­лардың хат­шы­сы Джон Вебб (Оң­түстік Амери­ка), Бү­кілресейлік матема­ти­ка және фи­зика олимпиа­даларының төр­ағасы Назар Агаханов, Ха­лық­аралық ас­тро­номиялық олимпиа­далардың төрағасы Михаил Гаври­ловтардың қатысып жүргенін айт­сақ та жеткілікті.

Биылдың өзінде дәстүрлі ІV халықаралық Жәутіков олимпиа­да­сына 16 мемлекеттен 40 команда (240 оқушы) қатысты. Олимпиадаға Франция, АҚШ, Болгария, Ресей, Армения мен Қазақстан елдерінің мамандарынан құралған қазылар алқасы төрелік етті.

Дарынды оқушылар білім сайы­сына қатысумен қатар, Алматының көрікті жерлерін аралап, қала әкі­мінің орынбасары Серік Сейду­мановтың қабылдауында болып, Қазақстан туралы тамаша әсерлері­мен елдеріне қайтты.

Жәутіков жарысында 15 қаты­сушы алтын медальға ие болып, оның 4-уі Қазақстан оқушыларына бұйырды. Оның ішінде 2-уі РМФМОМИ балалары болса, төрт оқушы ҚБТУ гранттарын иемденді. Сөйтіп, сайысқа тағайындалған 29 күміс медальдің 7-уін Қазақстан оқушылары алды. Сол сияқты 45 қола жүлденің 11-ін Қазақстанның арнаулы мектептерінің оқушылары алыпты. Яғни, 89 медальдің 22-сі біздің оқушылардың еншісінде.

Командалық есеп бойынша бас жүлде Мәскеу мемлекеттік универ­ситеті жанындағы СУНЦ (Ресей) жеңіп алса, бірінші орын былтыр­ғыдай РМФМОМИ-ға (Қазақстан), екінші орынды София (Болгария) мен Санкт-Петербург (Ресей) қа­лаларының арнаулы мектептерінің оқушылары бөлісті. Ал үшінші орын Минск қаласының (Белорус­сия) командасы мен Бухарест қа­ла­сының (Румыния) екі мектебіне берілді.

Бір айта кететін жайт, өткен жылы олимпиаданың бас жүл­десін Бухарест қаласының (Румыния) Tudor Vіanu Hіgh school of computer командасы жеңіп алған болатын.

– Мұндай олимпиадалар оқу­шы­лардың білім деңгейін көтереді. Бұрын да Жәутіков олимпиадасы қаладағы мектеп­тер арасында өткі­зіліп жүретін. Осыдан 4 жыл бұрын “Жәутіков олимпиадасын неге халықаралық деңгейге көтермес­ке?!” деген ой түсіп, осы бастаманы іске асыр­дық. Халықаралық Жәуті­ков олим­пиадасы бірінші рет өт­кізілген жылы оған 5 елден ғана оқу­шылар қатысқан болатын. Алғашқы олимпиадаға орта­ша қиындықтағы есептерді таңдап алған едік. Қазіргі олимпиадалық есептер ең күрделі әрі ең қиын есептер. Бұл олимпиаданың дең­гейін ғана көрсетпейді, біздің оқу­шылардың білімін шыңдап, өсіреді. Ал 51 дүниежүзілік олимпиада біздің елімізде өтпек. Олимпиадаға мыңға жуық адам қатысады. Қазір­дің өзінде осыған дайындық жұ­мыс­тарын жүргізіп жатырмыз. Егер қазақстандық оқушылардың білім деңгейі мықты болмаса, біз бұл мәртебені жеңіп ала алмайтын едік, – деді РМФМОМИ директоры Қайрош Мақышев.

Суреттерде: *Келешекте РМФМОМИ жаңадан салынып жатқан осынау көркем ғимаратқа көшеді.

* Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары.



Авторы: Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат