Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-02-22:

Өңірдің өркендеуі – елдің өркендеуі

 

Мәжіліс Төрағасы өз баянда­ма­сында Жолдаудың негізгі басым бағыттарына кеңінен тоқтала келіп, “Мемлекет басшысы еліміздің ішкі және сыртқы саясатын саралап, алда атқарылар міндеттерді белгілеп берді. Экономиканы тұрақты жаң­ғырту қолға алынып келеді. Мәсе­лен, былтыр экономиканың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Зей­нетақы қорларындағы жинақ 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. Еліміздің әр өңірінде 76 мек­теп, 23 денсаулық сақтау нысан­да­ры бой көтерді. Экономиканың әр саласында 30 корпоративті көшбас­шы жобалары нақты іске асырыла бастаған Қазақстанның мемлекетті­лігі нығайтылды. Ендігі басты мін­дет – халықтың әл-ауқатын жақ­сар­туды жалғастыру” екендігін ай­рықша атап көрсетті.

Оның пікірінше, экономиканың шикізаттық емес салаларындағы салық ауыртпалықтарын азайту бір­тіндеп енгізіле береді. Мұның мы­салын, әсіресе, кәсіпкерлік сала­сы­нан айқын аңғаруға болады. Елба­сының өзі шағын және орта кәсіп­керлікті өркендетуге кедергі келті­ретін әкімшілік кедергілерді бол­дырмауды жүктеп отыр. Әкімшілік кедергілерді азайту жер-жерде қанат жайған кәсіпкерліктің көк­жиегін кеңейтуге, сөйтіп, нарықтық қатынастардың жаңа бір қырын да­мытуға үлкен қолдау болатыны даусыз.

Биылғы Жолдауда баса айтыл­ған мәселенің бірі – үш жылдық бюджетті қалыптастыру. “Бұл –мем­лекеттің одан әрі дамуын мем­лекеттік жоспарлаумен байланыс­тыра іске асыруды қалыптасты­ра­ды”, – деп ой түйді Парламент Мәжілісінің Төрағасы. Тегінде ең кемі үш жылдық жоспарлауды қол­ға алу экономиканы жан-жақты өркендетуге негіз қалайтыны анық. Және экономиканың қай секторын қандай бағыттарда дамытудың жос­пары да жасалады. Нақты жоба­лар­ға бөлінген қаржының игерілуіне де қатаң бақылау орнатуға мүмкіндік туғалы отыр. Әйтпесе, жыл сайын миллиардтаған қаржының игеріл­меу себептері зерттелмей келеді. Мәселеге осы тұрғыдан үңілгенде, нақты жоспарлаудың бүгінгі күнгі ұлт­тық экономиканы өркендетуге ауадай қажеттігі сезіле түседі.

Аслан Есболайұлы, сонымен бірге, соңғы сайланған Парламент Мәжілісінің жұмысынан хабардар етті. Төрағаның баян етуінше, ша­қырылғанына әлі бір жыл толмаған Парламент Мәжілісінің қабырға­сында 29 заң жобасы мақұлданып­ты. Оның ішінде 19 заң жобасы еліміздің құқықтық базасын толық­тыра түскен. Депутаттар қоғамда орын алып отырған барлық проб­лемаларды шешу жолдарын талдау­дан тысқары қалмайды. Дер кезінде назарларында ұстап, оның аста­рына үңілуге тырысады. Былтырғы ел бюджетіне енгізілген түзетулер мен өзгерістер инфляцияның ша­рықтауына жол бермеді. Еліміздің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау үшін табиғат пайдаланушыларға талап күшейе бастады. Міне, осындай мәселе­лер­ге Парламент Мәжілісінің депу­таттары бастамашылдық танытып келеді.

– Біз Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың саясаткерлігінің, батылды­ғы­ның, табандылығының арқа­сын­да ұлттық заңнамасы қалыптасқан толыққанды нарықтық мемлекетті құра алдық. Елімізге 70 млрд. АҚШ долларынан аса инвестиция тар­тыл­ды. Ірі халықаралық жобалар іске асырылып жатыр. Сол жо­ба­ларда жұмыс жасайтын қазақстан­дық­тардың мүддесі бірінші кезекте қорғалатын болды. Әсіресе, мұнай­лы Атырау өңірінде үлкен өзгеріске толы өркендеу байқалады. Жыл сайын өндірілген өнеркәсіптік өнім 1 триллион теңгеден асады. Бұл өңірде жаңа тұрғын үйлер, мек­теп­тер мен емдеу орындары бой кө­тер­ді. Орал, Ақтау бағыттарындағы жолдар жөнделді. Ауылдары еңсе тіктеп, ауыз су тазарту қондыр­ғы­лары, табиғи газ, ауыз су желілері тар­тылып жатыр. Жолдары жөнде­ле бастады. Жайық өзені үстінен көпір құрылыстары қолға алынуда, – деді Аслан Есболайұлы. – Әр өңірдің осылай өркендеу жолына түскені ел экономикасының тұрақ­ты дами бастағанын көрсетеді.

Өңір жұртшылығы кездесуде көкейде жүрген кейбір мәселелерін қозғады. Мәселен, еңбек ардагері Мәдина Ғабдысәлімова зейнет­ақы­ны қайта есептеу жүйесіндегі оралым­сыздық жөнінде айтып, бұл мәселеге Парламент Мәжілісінің депутаттары тағы бір рет назар аударғанын қалайтынын жеткізді. Өйткені, зейнетақының өсуіне байланысты қайта есептеу кей зейнеткерлердің көңілінен шықпай отыр. Бұл мәселеге орай таяуда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Халықты әлеуметтік қор­ғау министрі Бердібек Сапар­баев­тың арнайы түсінік бергені баршаға мәлім. Зейнеткерлер атал­ған сала министрінің зейнетақыны қайта есептеу жүйесін тағы да зерттеп, зерделеп, електен өткізуі керек, деп есептейді. Ал Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты Оңғар Жанықұлов өзі тұратын ауданның елді мекендеріне тезірек газ желісі тартылса, дейді. Еңбек ардагері Айдын Айбаров шетелдік компанияларға талап босаңсымаса екен, деген тілегін жайып салды. Кәсіпкер Әлия Бекқожиева кәсіп­керлік саласын қаржыландыруға ке­дергі келтіретін жәйттерге тоқ­талды.

Парламент Мәжілісінің Төраға­сы Аслан Мусиннің өңір жұртшы­лығымен кездесуіне Мәжіліс депутаттары Асхат Бекенов, Болат Қонарбаев және Ұзаққали Елеубаев қатысты.

Атырау облысы.

 

Елбасының ерен еңбегімен ерекшеленген

 

Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ,Мәжіліс депутаты.

Ел халқы бүгінде Мемлекет басшысының жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларын елеңдей күтет­ін болды. Егер біз осы орайда әрбір адам өзі­нің жеке басының қамы туралы ғана толға­нып, мен үшін енді қандай жақсылықтар жаса­лар екен деп алаңдайтын шығар деген ойдың жетегіне берілсек, осынау үлкен де күрделі мәселеге сыңаржақ қараған болып шығар едік. Өмір болған соң, кім-кімнің де тұрмыс жағдайы туралы ойланатыны, ертеңім бүгінгіден гөрі жақсырақ болса екен деп тілейтіні шындық. Бірақ, өмірге, онда болып жатқан құбылыстарға деген мұндай көзқарас осыдан онбесшақты жыл бұрын, яғни еліміздегі әлеу­мет­тік-экономикалық жағдай ай­тарлықтай дағдарысқа тіреліп, халық тұрмысы мейлінше на­шарлап кеткен кездерде ба­сым­дау тұратын. Ол уақыт­тар­дағы қалыптасқан ахуалдың өзі адамдарды ішер ас пен киер киімді ғана уайымдап, тіршілік тауқыметін ғана күйттеуге мәжбүрледі.

Шүкір, қазіргі жағдай мүл­де басқаша. Ендігі жерде мем­лекетіміздің барлық жағынан да жыл санап алға қарай қа­рыш­ты қадам басып бара жат­қанын көріп, әрі сүйсініп отырған халық қарақан бастың қамын ғана емес, сонымен бірге еліміз­дің өмірінде енді қандай елеулі оқиғалар мен жаңалықтар орын алар екен, тәуелсіз Қазақстан тағы қандай ерекшеліктерімен әлем жұртшылы­ғын өзіне жалт қаратар екен деген ойлармен де Жол­дау жолдарын елеңдей тосады. Елбасының жол­даулары да үнемі елі күткен үдеден шығып келеді.

Соның бір дәлелі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақ­са­ты” деп аталатын  Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы. Түсіне білген адамға бұл құжаттың маңызы өте ерекше. “Бірінші міндет–экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамта­ма­сыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару” деп атап көрсеткен болатын Елбасы “Жаңа әлем­дегі жаңа Қазақстан” атты өткен жылғы Жол­дауында. Осы айтылған ой биылғы Жол­дау­да одан әрі жалғасын тауып отыр. “Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет ахуалды белсенді түрде басқара білуге тиіс. Ол үшін қажетті ресурстардың бәрі де бар. Сондықтан әлемдік экономиканың болжамды бояулары және бірқатар экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі мүмкін болған жағдайда Үкімет пен Ұлттық банкте тұрақтандырушылық іс-қимылдардың жедел жоспары болуға тиіс” деп атап көрсетті Президент үстіміздегі жылдың 6 ақпаны күні жария еткен Жолдауында.

Расында да, Қазақстан экономикасы бүгінгі таңда дүниежүзілік шаруашылықпен тығыз ин­теграцияланған, сондықтан әлемдік рыноктарда болып жататын түрлі құбылыстардың біздің еліміздің экономикасын да айналып өтпесі өзінен өзі белгілі жәйт. Оны біз өткен жылдың күзінде Америкада болған ипотекалық дағдарыс кезінде де айқын түсіндік. Мұхиттың арғы бе­тінде орын алған толқулардың бір ұшқыны Еуропа құрлығын басып өтіп, біздің еліміздегі баға тұрақтылығына да белгілі бір дәрежеде өз әсерін тигізді. Елбасы осындай күтпеген жағдайларға әркез дайын тұру қажеттігін тағы да ескертіп отыр. Президент осындай жағдайлар туа қалса мемлекеттік шығындарды қысқарту керектігін айта отырып, сонымен бірге мұндай қысқартулардың әлеуметтік салаға еш қатысы бол­мауы тиіс екенін де назардан тыс қалдырмайды.

Жолдауда инфляцияны ауыздықтау ісіне баса маңыз берілуі де мемлекеттің өз халқы үшін алаң­даушылығының нақты көрінісі болып та­былады. Өйткені, бағаның шамадан тыс ша­рықтап кетуі бірінші кезекте қарапайым тұр­ғындардың тұрмыс жағдайларына ауыртпа­лық­тар түсіреді. Елбасы сол себепті де бұл мәселеде мейлінше мұқият болуды Үкімет пен Ұлттық банкке шегелей тапсырды.

Жалпы, атының өзі айтып тұрғандай, биыл­ғы Жолдау халықтың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат тұтады. Алдағы жылдан бастап зейнетақы мен бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының 25 пайызға, сәби бір жасқа тол­ғанға дейін күтіп-ба­ғуға берілетін ай сайын­ғы жәрдемақының 2010-2011 жылдары 2007 жыл­ға қарағанда 2,5 есеге, 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала ту­ғанда берілетін бір­жолғы жәрдемақылар мөлшерінің 2007 жылмен салыстырғанда 4 есеге дейін өсірілуі осы айтылғандарға нақты дәлел.

Сонымен бірге Жолдауда білім беру, ден­саулық сақтау, демография, жаңадан салынатын тұрғын үйлердің қарапайым халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселелеріне елеулі орын берілуі де оның әлеуметтік бағдарын айқындай түседі. “Әлеуметтік игілікті қамтама­сыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұ­раты осы” деп атап көрсетілген Президент Жол­дауында. Ал елдегі демографиялық ахуал туралы айта келіп Нұрсұлтан Әбішұлы бұл мәселені Ұлттық кеңестің мәжілісінде арнайы қарау керектігін де еске сала кетеді.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында бірқатар міндеттердің белгіленуі де ауыл тұрғын­дары үшін қуанышты жағдай. Қазақстанда да бүкіл әлемдегі сияқты урбанизация үдерісі қан­шалықты жүріп жатыр дегенмен де, халықтың айтарлықтай бөлігі әлі де ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Олардың басым денінің жергілікті ұлт өкілдері екендігі де белгілі. Демек, ауыл шаруашылығын алға бастыру арқылы біз сол жер­лерде өмір сүріп жатқан қазақ халқының заман талабына сай өсіп-өркендеуіне жағдай жасайтын боламыз. Сонымен бірге, күнделікті ішетін тамақ пен киім-кешектің де сол ауылдан шығатынын естен шығаруға болмайды.

Мемлекеттің тыңғылықты көңіл бөлуінің, дәлірек айтқанда, қуатты қолдау көрсетуінің арқасында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы сала­сында көптеген игі істер жүзеге асырылды. Салаға инвестициялардың құйыла бастауы, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық артуы да біздің ойымызды растай түседі. Ең бастысы, ауыл халқының ертеңгі күнге деген сенімі артты, адамдар нарықтық қатынастарға бейімделді, бел шешіп кіріссе шаруаны дөңгелентіп әкетуге болатынына көздері жетті және ең маңыздысы, мемлекеттің ауылды қолдаусыз қалдырмайты­нын түсінді.

Жолдауда Мемлекет басшысы азық-түлік қауіп­сіздігін қамта­ма­сыз ету ісіне айрықша назар аударғаны белгілі. Міне, осындай жауапты проблеманы шешуде де ауылдың алар орны ерекше. Бүгінде жеке­лер­дің қолындағы мал басы көбейіп, егіншілік те жақсы қарқынмен дамып келеді. Осының бәрі ауыл тұрғындар­ы­ның әл-ауқатының артуына жағдай жасауда. Мәселен, бір кездері мол астығымен бүкіл Одақ көлемінде дүркіреген Қостанай облысы кейінгі жылдары сол бұрынғы атақ-даңқын қайтадан қалпына келтіре бастады. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс экономикалық саясат жүргізуінің арқасында мүмкін болып отыр.

Бұл әншейін айтыла салған сөз емес. Ке­зінде Қазақстанмен бір жағдайда өмір сүрген кешегі кеңестік республикалардың бүгінгі жағ­дайлары бәрімізге де мәлім. Сол замандарда Одақтың арқасында шаруасын әп-әдемі жүргі­зіп отырған республикалардың өзі жоғарыдан келіп жататын қаржы сап тиылған кезде қалай күн көрерлерін білмей дағдарысты күй кешті. Сонау 90-ыншы жылдардың басында пайда болған тоқыраудан әлі күнге шыға алмай, малтығып жатқандары қаншама. Шүкір, дұрыс эко­номикалық бағыт ұстанудың арқасында Қа­зақстан бүгінде кешегі одақтас республика­лар­дың көбінен оқ бойы озық кетті. Шынын айтсақ, бұлай болады деп ешкім де ойлаған жоқ еді.  Ол аз десеңіз, экономикасында шикізаттық бағдар басым, халқы түрлі ұлттардан құралған бұл елдің болашағы күмәнді деп болжам жа­сау­шылар да табылып жатты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған сарбадал саясаты, алға қойылған міндеттерді табанды­лықпен жүзеге асырудағы орасан зор қабілет пен күш-жігер Қазақстан туралы айтылған және айтылмаса да әлдекімдердің іштерінде жүрген күдіктердің бәрін жоққа шығарды. Бүгінде эко­но­микасы дамыған, әсем де айбынды қалалары сап түзеген, халқының әл-ауқаты жыл санап арта түскен  еліміз соның нақты айғағы.

“Қазақстанның экономиканың өсуімен бірге, әлеуметтік және мәдени салаларда таңдаған жолы басқа мемлекеттер үшін де үлгі болуы керек. Н.Назарбаевтың жетекшілік етуімен Қазақстан өз халқының ғана дамуына үлес қо­сып қоймай, аймақтағы барлық халықтың да­муына үлес қосуда. Бұл өз кезегінде Қазақ­стан­ның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметін басқару құқығының дәлелі екенін білдіреді”, делінген Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, доцент Седат Лачи­нер­дің біздің елімізге арнайы жолдаған же­дел­хатында. Бұл Қазақстанның қазіргі таңдағы өсіп-өркендеуіне халықаралық тұрғыдан берілген лайықты баға.

 

Партияның парасатты пайымы

 

Мемлекет басшысы, “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партия­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген оты­рысында елді өркендетудің жаңа стратегиялық идеяларына серпін­ді­лік беру керектігін баса айтып еді. Осы жолы Елбасы, сонымен қатар, нұротандықтар алдына жеті басым бағытты қатар қойды. Бұл – пар­тия­ны халық мүддесіне, уақыт та­­ла­бына сай жұмыс атқаруға ша­қыратын қадам.

Жақында партияның Қызыл­ор­да облыстық бөлімшесі саяси ұйым­ның халықтық тұғыр­на­ма­сынан туындайтын аумақтық бағ­дарламалардың орындалу барысы мен таяудағы тірліктерге талдау жасау мақсатында кеңейтілген отырыс өткізді. Отырыста, сондай-ақ, Мемлекет басшысының “Қа­зақ­стан халқының әл-ауқатын арт­тыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” деп аталатын соңғы Жол­дауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттер тереңнен қозғалып, егжей-тегжейлі сараланды.

– Өңірлік бағдарламалар орын­далуымен құнды десек те, олардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асуына әрбір нұротандық үйлестіруші ре­тінде үлес қосуы керек, – деді пар­тияның облыстық мәслихаттағы фрак­ция жетекшісі Әлима Әбді­халықова.

Жиында “Ауыл” бағдарламасы төңірегінде әңгіме өрбіді. Мұнда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Сәді­бек Балтабайұлы, “Қазпошта” АҚ облыстық филиалының дирек­торы Абзал Тайманов, облыстық білім беру департаментінің ди­рек­торы Мейрамбек Шермағамбет, облыстық жұмыспен қамтуды үй­лес­тіру және әлеуметтік бағдар­ламалар департаментінің директоры Ирина Ким, облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының орын­ба­сары Ләйла Құлтаева және бас­қа­лар атқарылып жатқан жұ­мыс­тар жө­нінде ой тарқатты. Бас­қосу бары­сында, сонымен қа­тар, облыстық, қалалық және аудан­дық мәслихаттар депутаттары тарапы­нан түскен сауалдарға жауаптар қайтарылды.

Cерік ПІРНАЗАР, Қызылорда.

 

Қазақстандағы реформалар қуатталды

 

Жақында Варшавада Қазақстан Республикасының Польшадағы елшісі Алексей Волковтың Польшаның ішкі істер және әкімшілік вице-министрі Петр Стаханчикпен  кездесуі болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақ­стан­ның дипломатиялық басшысы әң­гімеге қатысушыны Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың бас­ты мақсаты” атты Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырды. А.Волков былай деп атап көрсетті: әлеуметтік  бағдарланған мемлекет құру, экономиканың серпінді да­муы, ұзақ мерзімді тұрақтылық, бей­бітшілік пен келісім негізінде саяси және мемлекеттік құрылыс­тың қазақстандық моделін жетіл­ді­ру елді дамытудың басым бағыт­тары болып табылады.

Жолдаудағы Қазақстан Прези­денті алға қойған мақсаттарға орай, Польшаның ішкі істер және әкім­шілік ведомствосының өкілі мем­лекетті басқару, әкімшілік рефор­масын жетілдіру, қылмыс пен сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жүйелі шараларды жүр­гізу бағытындағы міндеттерге жо­ғары баға берді. Бұл мә­селелердің сондай-ақ Польша үшін де кө­кей­кесті екенін атап көрсете отырып, А.Стаханчик бұл саладағы Поль­ша­ның оң тәжі­рибесін қазақстандық әріптес­терімен бөлісуге дайын екенін білдірді.

 

Міндеттер жүктелді

 

Кеше “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, оған аудандық, қалалық партия филиал­дарының төрағалары мен саяси кеңес және саяси кеңес бюро­сының мүшелері, барлық деңгей­дегі мәсли­хат депутаттары, қо­ғамдық кеңестің, бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, Алматы облыстық депар­таменттері мен басқарма бас­шы­лары, “Жас Отан” жас­тар қанаты­ның белсенді мүше­лері қатысты.

Жиынды “Нұр Отан” халық­тық-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Серік Үмбетов кіріспе сөзбен ашып, басқосудың мазмұнды өтуіне назар аударды.

Жиында партия филиалы төр­ағасының орынбасары Айтбай Сейітов Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың 2008 жылғы 17 қаңтарда өткен “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айқындалған бағыттарынан және “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын облыстық партия ұйымының мін­деттері туралы баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселе бой­ын­ша жарыссөзге Балқаш ауданының әкімі, аудандық партия филиалы­ның төрағасы Ерғазы Қошанбеков, Талғар Агро-бизнес және менед­жмент колледжінің директоры Нәйлә Үмбетова, Талдықорған қа­ласындағы обаға қарсы стансаның бастығы Валерий Сапожников, Іле ауданындағы “Болашақ” үкіметтік емес ұйым төрайымы Роза Аби­лова, “Жетісу жастары” жастар орталығының директоры, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы­ның “Жас Отан” жастар қана­ты­ның төрағасы Қуаныш Тұрсынбаев сөйлеп, Елбасының Жолдауын халыққа жеткізу мен партия беде­лін көтеру, жаңа мүшелермен то­лықтыру мақсатындағы қолға алын­ған нақты істер жайында айтты.

Жиында “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Серік Үмбетов күн тәртібіндегі мә­селеге орай түсінік беріп, аудандық, қалалық филиалдар алдына нақты міндеттер жүктеді.

Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

 

Америкалықтар таныстырылуда

 

Америкалық коғамның түрлі өкілдерін Қазақстан Президенті Н.На­­зарбаевтың 6 ақпандағы “Қа­зақ­стан халқының әл-ауқатын арт­тыру – мемлекеттік саясаттың бас­ты мақсаты” Жолдауының басты қа­ғи­даларымен таныстыру үшін Қа­зақ­станның АҚШ-тағы елшілігі бір­қатар ақпараттық іс-шаралар өткізуде.

Жақында Аннаполистің халық­ара­лық клубында қазақстандық дипломат Е.Ыдырысовтың сөйлеген сөзін тыңдауға бұл беделді үкіметтік емес ұйымның 200-ден астам мү­ше­лері жиналды. Іс-шара барысында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында көтерілген маңызды мәселелерді жете талқылап, Қазақстанның эко­но­микалық, саяси және әлеуметтік дамуының бірегей тәжірибесінің ерек­шеліктері туралы айтты. Анна­по­листің халықаралық клубындағы 600-ден астам мүшелерінің ішінде саясат, бизнес, қорғаныс индустрия­сы, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ се­кілді салаларда ықпалы мол тұлғалар бар.

Е.Ыдырысов америкалық Әлем­дік істер жөніндегі кеңестің (World Affaіrs Councіls of Amerіca) штаб-пәтерінде де сөз сөйледі. Жиналған қауымның шетелдегі ахуалмен жете таныс болуын еске ала отырып, ел­ші Жолдаудың көкейкесті қағи­да­ларын, яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік және халықаралық мә­селелерін талдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына байланысты “Еуропаға жол” атты бағдарламаға ерекше көңіл бөлінді. 1986 жылы негізі қаланған америкалық Әлемдік істер жөніндегі кеңестің құрамына АҚШ-тың түрлі штаттары мен қалаларында орналасқан 87 аймақтық кеңес кіреді.

Жолдауға байланысты ақпарат­тық жұмысты жалғастыру мақ­са­тын­да жақында Е.Ыдырысовтың бір­қа­тар сөз сөйлеулері көзделуде. Соның ішінде Джорджтаун, Колумбия, Денвер университеттерінде және Аризона, Теннеси, Сиэтл штат­тарын­дағы Әлемдік істер жөніндегі кеңестерде тиісті іс-шаралар өткізілетін болады.

“Егемен-ақпарат”.

 

Үкіметтік емес ұйымдарға – нақты қолдау көрсетіліп, биылғы жылы бюджеттен 15 млн. теңге бөлінген

 

Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ел өмірін­де­гі атқарылуға тиісті негізгі ба­сым­дықтарды айқындап, нақты­лауы­мен құнды. Биылғы “Қазақ­стан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауда еліміздегі саяси жүйені дамытуда саяси пар­тиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық инсти­тут­тар басты рөл атқаратыны атап көр­сетіліп, халықты қоғамдық үде­рістерге кеңінен тартудың  маңыз­дылығына баса назар аударылған. Міне, осы бағытты жүзеге асыруда облыстық ішкі саясат департаменті үкіметтік емес ұйымдармен бай­ла­ны­сын жандандырып, олардың қыз­метін жұртшылықты бейімдеу мен белсенділігін арттыруға жұ­мыл­дыруда.

Қазіргі кезде облыс аумағында 156 үкіметтік емес ұйым облыстық ішкі саясат департаментінен тіркеу­ден өтіп,  әлеуметтік маңызы бар жобалар жайлы семинар-кеңестерде келелі мәселе көтеруді  дәстүрге айналдырған. Жақында басқосқан аталмыш ұйым мүшелері құнды құжатты талқылаумен бірге, “Мем­лекеттік сатып алу туралы” Заңға және Үкіметтің өткен жылғы 27 желтоқсандағы “Тауарлардың, жұ­мыстар мен қызметтердің мемле­кеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі” ережесіне сәйкес ағымдағы жылы қолға алынатын маңызды жобалармен танысып, пікір алысты.

Үкіметтік емес ұйымдардың жер-жердегі жұртшылық арасында тығыз жұмыс жүргізіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем беріп, өз кәсібін ашуына қолдау көрсетуі бүгінгі күннің басты мақсаты екені даусыз. Елбасы Жолдауының не­гіз­гі мақсаты да халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделсе, ағымдағы жылы   үкіметтік емес ұйымдарға облыс­тық бюджеттен 15 млн. теңге бөлінгені осының нақты дәлелі. Өткен жылы Талдықорған, Еңбек­ші­қазақ, Талғар, Қарасай, тағы басқа аудандардағы үкіметтік емес ұйымдар ерекше белсенділік та­нытып, халықпен тығыз байланыс орнатқан. Осылайша, өз кәсібін ашуға тілек білдіргендерді қолдап, жақсы істің тиянағын келтіруге өз үлестерін қосқан.

Облыстық ішкі саясат депар­та­ментінің директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты К. Жәй­шібекова аталған ұйым мүше­леріне орта және шағын бизнесті дамытумен бірге, ауыл халқын  биз­неске бейімдеуге бағытталған жо­баларға ерекше назар ауда­ры­латынын, осы мақсаттағы әр жо­ба­ға 1 млн. теңге көлемінде қаржы бө­лінетінін жеткізіп, жиынға қа­тысқандардың сұрақтарына жауап берді. Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар Жолдауда айтылған ба­сым­дықтарды іске асыру үшін жұмыла еңбек етуде. 

Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.

 

Отандық өнімге – оң көзқарас

 

Жалпы жұртшылық асыға күткен Елбасының Қазақстан халқына ар­на­ған “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың бас­ты мақсаты” атты Жолдауы күткен­дегідей мазмұндылығымен, алдағы мақсат-мүддесінің айқындылығымен ерекшеленді. Өткен жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” ел өміріне елеулі өзгеріс әкеліп, “Қазақстан – 2030” Стратегиясы жаңа кезеңді одан әрі тереңдете дамытуды көздесе, жаңа құнды  құжат өміршең, адами құн­ды­лықтарға қол жеткізуді, ғылым, кә­сіптік білім, дәрігерлік қызмет, отан­дық өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен қатар, бүгінгі тіршіліктің күрета­мы­рындай, әр жолын оқыған сайын қа­ның ойнап, тамырың солқылдай соғады.  

Құнды құжаттан жақсы жаңа­лықтар күткен жұртшылықтың алдағы жылдарға артып отырған үміттері үлкен. Жолдау сол үміттердің жана­тындығына  деген сенімдерін бекіте түсті. Экономиканың өркендеуі нәти­жесінде әлеуметтік саладағы көптеген мәселелердің шешімі табылуда. Алдағы кезде де осы бағыттағы ілкімді істердің жалғасатындығы айқын. Бар керек-жарақты, азық-түлікті сырттан тасуды азайту үшін отандық өнім шы­ғарушыларға жан-жақты қолдаулар жасалатыны да үлкен жетістіктерге жол ашатындығы сөзсіз.

Отандық өнім өндірушілер  өзі­міз­ге көрсетілген осындай сенім жүгіне лайықты болуға тиістіміз. Өткен мерзімде “Жартас” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы өнім сапасын халықаралық ИСО стан­дартына сәйкестендіріп, кәсіпорыннан жылдық қуаты 240 мың тонна цемент және  жылына 25 мың тонна өнім беретін мұнай өңдеу зауыттары енші алып, жеке шаңырақ көтерді. Биыл олар тұтынушыға сапалы өз өнімін ұсынатын болады. Осылайша Елба­сы­ның Жолдауында: “Мен аса ірі нысан­дарды атап өттім. Ал осы жылдар ішін­де Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Шыны шығару өндірісі Қазақстанда ешқашан болған емес – бұл өте тап­шы, қажет материал”, деп атап көрсе­тілсе, серіктестік  ұжымы оған нақты ісімізбен жауап беріп,   барынша қол­дау білдіруге жұмылудамыз. Оған бізде мүмкіндік мол.

Өндіріс орындарының орнықты дамуы электр қуатымен тұрақты қам­тамасыз етілуіне де байланысты. Бұл жөнінде де мәселе өткір қойылып, энер­гетика саласы бойынша жүктелген міндеттер толыққанды жүзеге асса, еліміз сырт елдерге тәуелділіктен ары­лады. Сонымен қатар, қуат көзінің жет­кіліктілігі нәтижесінде эконо­миканың барлық саласында өрлеулер пайда болып, жұмыс ауқымы кеңейеді. Жолдауда энергия сақтаушы, эко­логиялық тұрғыдағы таза техноло­гия­ларды енгізуге баса назар аудару жөнінде Үкіметке тапсырма берілгені де біздерді елең еткізді. Демек, өн­ді­рісті дамыту мен сапалы өнім шығаруға толық кепілдік бар. Жолдауда түйінді мәселелердің шешімін табатыны қуантып, табысқа талпындыруда.

М. МЫРЗАҒАЛИЕВ, “Жартас” ЖШС директоры. Алматы облысы.

 

Бізге де тікелей қатысы бар

 

Оразбек АПЫШЕВ, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.

Президент Н.Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” деген халыққа Жолдауын шығыстағы білімнің қарашаңырағы – С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университеттің ұстаздары мен студенттері зор ынтамен құп алды. Биылғы Жолдау бұрынғылардан да маңызды, онда ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері басты орынға қойылған. Алдағы үш-төрт жылда еңбекақы да, зейнетақы да 2,5 есе өседі, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет салаларына бөлінетін қаржы  көлемі едәуір ұлғаймақ. Жолдауда білім беру саласын одан әрі жетілдіре түсу, озық ойлы мамандарды дайындау мәселелері де айтылған. Демек, алдағы уақытта да ізденіс, ілкімділік пен шығармашылық белсенділіктерді дамыта беру қажет.

Шығыстағы ең басты жоғары оқу орнында бұл күндері 12 мыңнан астам жас әртүрлі мамандық бойынша білім алып жүр. Университеттің 7 факультеті мен 1 колледжінде жастардың білім алулары үшін барлық жағдай жасалған. Өз баспамыз, телерадио-журналистика зертханасы, оқу залдарына қажетті жабдықтардың бәрі бар. Жақында ғана Елбасы “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелдерде оқу бітіріп келген жастармен кездесті. Ондай талапты жастар бізде де аз емес. Атап айтсақ, Англияның Оксфорд университетін бітіріп келген, магистр мамандығына ие Гүлжанат Ғафу бұл күндері оқу орнының сапа менеджменті бөлімін басқарады. Польшаның Бротислав университетін тәмамдаған Рината, Арман, Лиза есімді жастар да осында оқытушылық жұмыспен айналысуда.

Біздің психология және педагогика факультетінде қазір 1300 студент оқиды. Оларға 81 ұстаз дәріс береді. Өзім 40 жыл болды, осында ұстазбын, 20 жылдан бері институт пен факультетті басқарып келемін. Соңғы жылдары психология мамандығын таңдаған жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Психология – адам жаны мен рухының дәрігері іспеттес, оларға пайдалы кеңестер береді.

Ал біздің басты мақсатымыз – Жолдауға сай еңбек ете беру.

Өскемен.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат