Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-03-04:

Жемқорлықпен күресте күш біріктіре білген жөн 

Қоғамдық кеңестің мәртебесі

Жемқорлықпен күрес жө­нін­дегі қоғамдық кеңес жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жүргізу арқылы жемқорлықты тудырушы себептер мен жағдайларды жою мақ­сатында құрылған партияның ай­мақтық және аумақтық филиал­дары жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады. Өз қызметі барысында Кеңес Конс­­титуцияны, “Жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы” Заңды, Пре­зи­­дент­тің қабылдаған актілерін, партия­ның жарғысы мен бағдар­ламасын, партия Саяси кеңесінің қаулыла­рын, сондай-ақ Жемқор­лық­пен кү­рес жөніндегі қоғамдық кеңес ту­ралы типтік ережені бас­шы­лыққа алады.

Кеңес жемқорлықтың шығу фак­тілерін жан-жақты және тү­бегейлі қарастыру мақсатында бар­лық мүшелерінің өкілеттіктерін қол­дана отырып, өз қызметін жү­зеге асырады және өз құзыретінің ая­сында тиісті тапсырмалар беруге де құқығы бар. Сонымен қатар, Ке­ңес партияның Орталық аппа­ра­тымен, жемқорлыққа қарсы фо­рум­мен, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерімен, Пар­ла­мент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен, құқық қор­ғау және басқа да мемлекеттік ор­гандармен, үкіметтік емес ұйым­дармен, бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен, қоғамдық бір­лестіктермен, шағын және орта биз­нес субъектілерімен өзара бір­лесіп әрекет етеді. Сондай-ақ Ке­ңес­тің құзыретіне жататын нақты мә­селелер бойынша ұсыныстар әзір­леу үшін Кеңестің құрамында қоғам­дық сараптама комис­сия­ла­ры мен жұмыс топтары да құ­ры­луы мүмкін.

 

Негізгі мақсаты мен міндеттері

Қоғамдық кеңес жемқорлыққа қарсы заңнамаларды бұзушы­лық­ты болдырмау, мемлекеттік билік органдарында, жергілікті мем­лекеттік басқару және өзін-өзі бас­қару органдарында жем­қор­лыққа қарсы іс-әрекеттер бо­йын­ша мемлекеттік саясатты же­тіл­діріп, лауазымдық қызметтерін пай­далану арқылы қиянат жасау мен құқық бұзушылықты жою не­гізінде құрылып отыр. Кеңес өз жұ­мысын жемқорлықтың шығу тетіктерін жаппай әшкерелеу және құзырлы органдарға тиісті ұсы­ныс­тар енгізе отырып, оған қатысы бар тұлғаларды жауапқа тарту жолымен жүзеге асырады. Кеңестің мін­дет­теріне жемқорлықпен күрес жө­нін­дегі “Нұр Отан” партиясының бағдарламасын жүзеге асыру және оның орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініш­те­ріне байланысты жұмыс істеу, қо­ғам­ның және азаматтардың құ­қықтары мен бостандығын және заңды мүдделерін жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз етуге ба­рын­ша атсалысу жатады. Ал Кеңес қыз­метіне ашықтық, мөлдірлік, заң­дылық және жүйелілік тән.

Сондай-ақ Кеңес өз құзыретінің ая­сында жемқорлықтың шығу фактілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, сол туралы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйым­дар мен бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарына талдау жасайды. Жемқорлықты жою жөнінде шешімдер ұсынады және қабылданған шешімдердің орындалуына қоғамдық бақылау ұйымдастырады. Жемқорлықтың туындауына және таралуына жол ашатын себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың қыз­ме­тіне де талдау жасайды. Бұған қоса партияға мүше барлық деңгей­де­­гі әкімдердің, мемлекеттік ор­гандар басшыларының, ай­мақ­тардағы және олар басқаратын ор­ган­дардағы жемқорлыққа қарсы кү­рес ісінің жағдайы туралы есептерін тың­дайды.

Кеңес қызметі мұнымен шек­те­ліп қалмайды. Мемлекеттік ор­ган­дардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен олардағы лауазымды тұл­ға­лар­дың жемқорлық әрекеттерге жағдай тудыратын, оның ішінде тауарлар мен қызметтер рыногында бәсеке­лес­тікке кедергі келтіретін немесе бә­секелестікті әлсірететін әре­кеттерді жою және алдын алу ша­раларын қолдану туралы ұсыныстар ен­гізеді. Сонымен қатар, Кеңес пар­тия мүшелерін өз бизнесіне қол­дау көрсетуді мемлекеттік қыз­метімен заңсыз үйлестіргендігі ай­қын­далған жағдайда, оларды отс­тавкаға жіберу, лауазымдық қыз­ме­тінен босату, депутаттық өкі­лет­тік­терін тоқтату, партия қа­тарынан шы­ғару немесе қыл­мыс­тық, әкім­шілік және тәртіптік жа­уапқа тарту жөнінде бастама көтере алады.

 

Құқықтық өкілеттілігі

Кеңестің бекітілген заңнама тәртібіне сәйкес өзіне жүктелген мін­деттерді жүзеге асыру ба­рысындағы өкілеттік құқығы өте ауқымды. Біріншіден, мемлекеттік би­лік органдарынан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардан қажетті құжаттар мен ақпарат­тар­ды сұратуға және алуға құқығы бар. Екіншіден, өз отырыстарына пар­тия мүшелерін, Парламент жә­не барлық деңгейдегі мәслихат де­пу­таттарын, мемлекеттік билік ор­г­ан­дарының, мемлекеттік емес ұй­ым­дардың басшылары мен лауа­зым­ды тұлғаларын, бұқаралық ақпарат құралдарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкіл­дерін шақыра алады. Үшін­ші­ден, мем­лекеттік органдар мен мем­­лекеттік емес ұйымдардың пар­тия мүше­лігінде бар бірінші бас­шы­ларының және басқа да ла­уа­зымды тұлға­ла­рының жем­қор­лықпен күрес жө­нін­дегі есептерін өз отырыста­рында тыңдауға құ­қылы.

Төртіншіден, жеке және заңды тұл­ғалар тарапынан түскен өті­ніштердегі материалдар бойынша же­мқорлықтың шығу фактілерін ан­ықтау үшін тексерулер мен қыз­меттік тексерістер жүргізу туралы тиісті органдарға ұсыныс­тар жолдайды. Бесіншіден, Кеңес тиісті аймақтық және аумақтық пар­тия филиалдары аясында жем­қорлыққа қарсы мониторинг ұйым­дастырып, оны жүзеге асы­руға қатыса алады. Алтыншыдан, Кеңес жұмыстарын және оның қа­былдаған шешімдерін бұ­қаралық ақпарат құралдарында жү­йелі түрде жариялауға, сонымен қат­ар, мемлекеттік органдар мен мем­лекеттік емес ұйымдар бас­шыларының іс-әрекеттеріне қо­ғам­дық-саяси баға беруге өкі­лет­ті­гі бар. Жетіншіден, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшыларынан ла­уа­зым­ды тұлғалардың жемқор­лыққа қар­сы заңнама нормаларын бұзу фактілері жөнінде толық ақпарат беруін талап етеді.

Жемқорлықпен күрес жөнін­де­гі қоғамдық кеңес өз жұмысының қо­рытындылары бойынша партия фи­лиалы саяси кеңесінің бюро­сына ай сайын есеп береді және тиі­сті ұсыныстарын депутаттық фрак­циялардың, Мемлекеттік қыз­мет істері жөніндегі агенттігі тәр­тіп­тік кеңесінің отырыстарына қа­рауға жібереді. Ал заң бұзу­шы­лық құрамы бар материалдар құ­қық қорғау органдарына жол­да­на­ды.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.

 

Тиімді де ұтымды экономика қажет

 

Бақтыбек ТАУБАЕВ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.

Елбасының биылғы жылғы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауы бұрынғы жолдауларының заңды жалғасы. Себебі, бұған дейін ел экономикасының артуы, бәсекелестікке қабілеттілік тұрғысында міндет­тер белгіленсе, енді халықтың әл-ауқатын арт­ты­рудың негізгі басымдықтары, рухани кемел­деніп жаңғыруымыздың басты шарты жіктеліп, бағ­дарлы бағыттары айқындалды. Бүгінгі таңда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа кезеңнің басталғанын толықтай сезінуге болады. Елбасы Жолдауында халықтың өмір сүру сапа­сын арттыруға байланысты айқын міндет­тердің көрініс табуы әрбір қазақстандықтың қолдауына ие болуда. Мұны “Егемен Қазақстанда” сали­қа­лы ой айтылған жазбалардан аңғарамыз. Әсі­ресе, белгілі қаламгер Сауытбек Абдрах­ма­нов­тың республикалық “Егемен Қазақстан” газе­тінде жарияланған “Ендігі сөз елдің өзінде” атты талдау мақаласы мен көрнекті көсемсөзші, се­натор Әбіш Кекілбаевпен жүргізілген “Жасам­паз­дық артса, жағдай жақсара түседі” сұх­батынан көп жайларға қанықтық.

Елбасы Жолдаудан туындаған міндеттерді іс­ке асыруға бағытталған іс-қимылды түзген Жар­лық­қа қол қойды. Үкіметтің кеңейтілген мәжі­лі­сінде атап өтілгендей, бізде серпінді эко­номика со­мдалды. Халқымыздың әл-ауқаты анағұрлым артты. Еліміз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қой­ды. Қазір біздің өлшеміміз–әлемдік өлшем. Дүние дидарындағы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, дамудың жаңа белесіне аяқ басқан мемлекетпіз. Елімізде экономиканың өсу қарқыны тұрақты, ал макроэкономикалық индекс жылына 10 пайызға өсуде. Мұның өзі экономикамызда айтарлықтай резерв қалыптастырды. Қазір ұлт­тық қор қаражаты 40 миллиард АҚШ долларына жетті. Мұның өзі еліміздің қаржы жүйесінің тұ­рақтылығын қамтамасыз етуде бірден-бір өзекті рөл атқарып отыр. Мәселен, 2007 жылы ішкі жал­пы өнім 100 млрд. АҚШ долларын құрап, өсім 8,5 пайыз болды. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көлемі соңғы үш жылда 2 есе өсіп, 7000 доллардан асты. Халықтың зей­нет­ақылық жинақтауларының көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Мемлекеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қам­сыз­дандыруға арналған бюджеттік шығындары 2000 жылмен салыстырғанда 5 еседен астам ұлғайды. Мұ­ның бәрі ел экономикасының қарқынды әрі жедел өсуінің көрінісі.

Енді Қазақстан өз дамуының сындарлы беле­сіне тағы да қадам басты. Алда күрделі де ауқымды міндеттер тұр. Келесі жылдан бастап енгізілетін үш жылдық бюджет зейнетақы мен жәр­демақылардың, бюджет қызметкерлерінің жала­қысын 2-2,5 есе арттыруды қамтамасыз етуді қарастырып отыр. Биылғы жылы ішкі жал­пы өнім 5-7 пайызға өсіп, инфляция деңгейі 10 пайыздан аспайды. Мұны қамтамасыз етуге то­лықтай мүмкіндік бар екендігіне Үкімет кепілдеп отыр. Нұрсұлтан Әбішұлының: “Өмір біздің жос­парларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз”, деп айт­қанынан біздің, ең алдымен былтырғы маусымда бол­ған АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың сал­дарынан сабақ алуымыздың қажет екеніне илан­дырды. Жаһандық экономиканың осындай тұрақ­сыздық кезінде жағдайды белсенді түрде иге­ріп, басқарып отырудың маңызды екеніне үн­деді.

Біздің мемлекетіміз ендігі жерде әлемдік сая­сатты сырттай бақылаушы ғана емес, оны қа­лып­тастырушы, айқындаушы рөліне көтеріле білуі керек. 2007 жылғы әлемдік экономиканың кө­лемі 98 триллион долларға жетті. Міне, сондықтан жаһандану үдерісінде пайда болатын эко­номикалық дағдарыстар, ең алдымен, АҚШ сияқты алып ел экономикасының дамуымен тіке­лей байланысты. Бүгінгі жаһанданған эко­номиканы өткен ХХ ғасыр экономикасымен са­лыстырғанда талай өзгерістердің бар екенін бай­қау қиын емес. Әлемде болып жатқан дағ­да­рыстардың түпкі себебін осыдан іздестіру керек. Қа­зір сарапшылар: “Азияда болған жағдай (дағдарыс) азиялық капитализмнің ғана ала­саруы болған жоқ, әлемдік капитализмнің дағ­дарысы болды. Бұл бүгінгі капитализмнің сон­шалықты тұрақсыз екендігін көрсетеді”, деген қо­рытынды пікірлерін айта бастады.

Әлемдік қор биржаларындағы америкалық, еу­ропалық алпауыттардың құнды қағаздарының құны бүгінде біртіндеп төмендеп барады. Бұл эко­номиканы талдаушылар мен сарапшылар ара­сын­да үлкен даурығулар тудырады. Сарап­шы­лар әлем­дік экономикалық дағдарыстардың бо­лып қалу мүм­кіндігін жоққа шығармайды. Міне, осы себеп­тен Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев әлемдік эконо­ми­каның болжанған бәсең өсуінің және бірқатар экс­порттық тауарларға баға­ның төмендеуінің ал­дын алуды Үкіметке жүк­теп отыр. Елбасының “Үкі­метте және Ұлт­тық банкте тұрақ­тан­ды­ру­шылық іс-әрекет қимыл­дарының жедел жос­пары бо­луы тиіс” деуінде алдымен отандық өнім­дердің бә­секеге қабілеттігін арттыруды, әрі әлемдік ры­нокқа ұялмай ұсынатындай сапалы болуын көз­деген міндет бар. Сонымен қатар, Елбасы Үкі­мет­тің инфляциямен, экономикадағы шаш­па­шы­лық­пен күресті күшейтуі қажет екенін ай­ры­қша атады. “Мұн­дай үнем инфляцияға түсетін қы­сымның тө­мендеуіне жағдай жасап, сонымен бір­ге, қуат көз­дері мен шикізат ресурстарының бағасы төмен­деген жағдайда еліміздің резервтерін ұлғайтады”, деп Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттерді саралап берді.

Елбасы біздің мұнай мен газы жоқ елдей өмір сүруді үйренуіміз керектігін ескертті. Соңғы екі жылдан бері бұл салалардан түсетін табыс тіке­лей ұлттық қорға аударылып, ал бюджеттің басқа салалар кірісінен құралып келе жатқаны айқын. Бұл экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға нақты ықпал етіп келеді. “Күте тұра алады дегендердің бәрі тоқта­ты­луы қажет”, деп нықтап айтқан Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру мә­се­ле­сіне баса назар аудару қажеттігіне тоқтал­ды. Жол­дауда бизнестің әлеуметтік жауап­керші­лі­гі­нің халыққа берер игілігіне назар ауда­рыл­ды. Мысалы, еліміздегі ірі-ірі ком­па­ния­лардың әлеу­меттік әлеуетті көтерудегі алар орны ай­рықша екені белгілі. Сондықтан олардың бұл мә­селені да­мытуға қосар үлесі алда бүгінгіден де мол болуы тиіс.

Инфляцияның жедел көтерілуіне әсер ететін бірден-бір фактор – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бізде азық-түліктің импорттық кө­лемін азайтып, еліміздің өзін-өзі азық-түлік­пен қамтамасыз ету міндеті тұр. Себебі, сарап­шылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі ке­дейшілікті азайтуда басқа секторлардың ІЖӨ-сінен 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Бұл бағытта қазір елімізде кей­бір тағам түрлеріне алты ай мерзім көлемінде экс­порттық шектеулер қою, импорттық тауарлар та­сымалына салынатын кедендік баж салығын бе­лгілі бір мерзімге дейін төмендету шаралары алы­нуда. Өткен жылы біз 21,5 млн. тонна астық жи­нағанбыз. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз. Біз­дің елде орта есеппен жылға тұтынатынымыз 2,5 млн. тонна астық. Ал әлемдік рынокта қатты би­дайдың бағасы алғаш рет рекордтық көр­сет­кішке жетіп, бір тоннасы 373 долларды құрады. Ас­тық бағасының аспанға шапшуына Еуроодақ ел­дерінде, Австралияда, Канадада бірнеше жылға созылған қуаңшылық және биоотын өндіруге сұраныстың артуы себеп болғаны жасырын емес. Қазір АҚШ-та –107, Еуроодақта 40 зауыт биоотын өндіреді. Бұған керісінше, мал өнімдері бағасының көтерілуі жемшөп құны­ның артуына тікелей байланысты болып отыр. Себебі, төрт түлік мал өсіруге кететін шы­ғын­ның 82 пайызын жемшөп бағасы құрайды.

Қазіргі таңда еліміз өсімдік майы, қант, же­міс-жидектермен қамтуда импортқа тәуел­діліктен әлі де толық құтыла қойған жоқ. Им­порт­қа тәуелділіктен құтылуды Жолдау талабына сай шешу үшін не істелуі керек? Алдымен ауыл ша­руашылығы өнімдері өндірісіне арналған мем­лекеттік субсидия көлемін арттыру ш­а­ра­лары қолға алына беруі керек. Бұл, біріншіден, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік тұр­ғыда қолдау болса, екіншіден, инфляцияны те­жеу­дің негізгі тетіктері болып саналады. Жол­даудың басты тұғырнамасы, алдымен эко­но­микамызды, соның негізінде ішкі және сырт­қы әлеуметтік саясатымызды іске асырып, бір­тін­деп алға жылжудың бағдарламасы болып отыр.

Міне, осы күрделі міндеттерді орындау тек адам капиталы арқылы жүзеге асады. Яғни, мем­лекет өзінің интеллектуалды ресурстарымен бә­секеге түседі. Дамыған елдердің ұлттық бай­лығының 75 пайызы осы интеллектуалдық ка­питалды құрайды. Бәсекенің бастысы – білім бә­секесі. Алдыңғы қатарлы елдердің эко­но­микасы ғылым мен бизнестің аспектілеріне не­гіз­делген. Ендеше, Елбасының Жолдауынан ту­ын­даған міндеттерді іске асыру барысында ал­ды­мен осы қағидаларды назарда ұстағанымыз жөн.

Атырау.

 

Бағыт айқын, меже белгілі

 

Қ.ҮКІБАЕВ, “ҚазАгроМаркетинг” АҚ аудандық ақпарттық кеңес беру орталығының жетекшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді айқындап берді. “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” деп аталған Жолдауда атқарылған істер сараланып, келешекке бағдар-бағыт берілді, нақты істер айқындалды.

Жолдау ауыл шаруашылығы са­ла­сы қызметкерлеріне үлкен мін­дет­тер жүктейді. Ауылдарымыз бен село­ларымыздың өмір сапасын жақ­сарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Осы орайда елдің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету және осы салаға инвестиция тартуды ұлғайту қа­жеттігі баса айтылды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың Жолдауда көрсетілген үшінші бағытында Үкіметке мал шаруа­шы­лығы саласын нығайту, оның экс­порт­тық әлеуетін айқындап, ұл­ғайту, ветеринария жүйесін халық­ара­лық стандарттарға көшіру, ши­кізат өңдеуге айрықша назар ауда­рып, жан-жақты жүйелі қолдау тапсырылды.

Осы мақсаттар ауылдықтардың көңілінде болашаққа деген зор сенім ұялатса, сала қызмет­кер­ле­ріне зор міндеттер жүктейді. Ал ауыл­ды дамыту жөніндегі белгілен­ген негізгі міндеттер ароөнеркәсіп кешенінің өнімділігін, салалардың табыстылығын өсіруді, отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетін дамытуды көздейді. Міне, осылар­дың барлығы, түптеп келгенде, ауыл­дықтардың іс-әрекетіне жаңа серпіліс әкелетіні анық.

Осы орайда, “ҚазАгроМарке­тинг” АҚ аудандық ақпа­раттық кеңес беру орталығы ауыл ша­руашылығы құрылымдарын, агро­өнеркәсіп кешені субъектілерін ақ­параттық кызметпен қамтамасыз етіп келеді. Өткен жылы 10 ауыл­дық округте ауыл тұрғындарын кә­сіп­керлік негіздерімен таныстыру, ша­ғын несие түрінде алынған бас­тапқы капиталды неғұрлым тиімді пайдалану, бизнесті сауатты жүргізу жолдары туралы семинарлар өткі­зілді. Оларға 204 адам қатысып, те­гін кеңес алды, оқу-әдістемелік ма­териалдар берілді, 195 адамға жаңа тех­нологияларды енгізу жөнінде оқыту семинарлары өткізіліп, оны жүзеге асыруға көмек көрсетілді. Ай сайын ауыл тұрғындарына “Агро­жаршы” газетінің 350-400 да­насы тегін таратылуда. Ауыл тұр­ғын­дарының компьютермен жұмыс істеу қабілеттілігін арттыру мақ­сатында 2007 жылы 17 адам оқып куәлік алды.

Ауданымызда жылдан-жылға мал басы өсіп, шаруа қожалық­та­рының табыстары арта түсіп келеді. Өткен жылды таластықтар табысты аяқ­тады. Бұл жөнінде аудан әкімі О. Жиенқұловтың ауданның әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы ту­ралы халық алдындағы есебінде және жыл қорытындысы бойынша агро­өнеркәсіп кешені қызмет­кер­ле­рі­мен, шаруа қожалықтары басшы­ла­ры­мен өткізілген жиында жан-жақты айтылып, міндеттер айқын­далды. Аудан бойынша  ірі қара саны – 104%-ға, қой-ешкі – 103,4%-ға, жылқы –103,5%-ға, түйе 114,4%-ға өсті. Бүгінгі күні ауданда 301,4 мың қой-ешкі, 23,5 мың  ірі қара, 6,1 мың жылқы, 1,6 мың түйе малы бар.

Төрт түлік малдың өсуі оның өнімдерінің артуына да әсер ететіні белгілі. Осы орайда, Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсетіл­гендей, ауыл шаруашылығы шикі­затын өңдеуге баса назар аударып, осы бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, ауылдық жер­лерде өңдеу кәсіпорындарын ашу мен оларды қаржыландыру бү­гінде үлкен маңызға ие.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты да­мыту тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасында “Элек­тронды үкімет” қалыптас­тырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша АӨК салаларын басқарудың бірегей жүйесін СББЖ дайындау және жаппай енгізу қолға алынуда. Сондай-ақ, келешекте ауылшаруашылық тауар­ларын өндірушілерге сауда-саттық операцияларын жемісті жүргізуге жаңа мүмкіндіктер беретін элек­тронды сауда жүйесі ЭСЖ жап­пай енгізіледі.

Алдағы уақытта Жолдауда көр­сетілген талаптарға сәйкес аграр­лық бизнес жүргізу ерекшеліктері мен саланың өзіндік талаптарын ескере отырып, аграрлық рынокқа қатысушыларға сапалы қызмет көрсетуге ұмтыла беретін боламыз.

Жамбыл облысы, Қаратау қаласы.

 

Жаңа биіктерге бастайды

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің профессор-оқы­ту­­шы­лар құрамы мен студенттері Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақ­стан хал­қы­ның әл-ауқатын арттыру – мем­­ле­кеттік саясаттың басты мақ­с­аты” атты Жолдауын талқы­лады. 

Жиынды кіріспе сөзбен ашқан уни­­верситет ректоры Т. Қожамқұлов Елбасы Жолдауын бүгінгі күннің өзекті мә­селелерін түпкілікті шешуге бағыт­талған, мемлекет дамуының жаңа ке­зеңін айғақтайтын құнды бағдар деп ба­ғалады. Бұл талқылау­дың басты мақ­саты – Президент Жолдауында көрініс тап­қан  білім беру сала­сындағы басым бағыттар мен жаңашыл үрдістерді универ­си­теттегі барлық жастарға жет­кізу екендігін айтты. Университет қабыр­ға­сында жүріп үздік көрсет­кіш­терге  жеткен “Болашақ” бағдарламасы түлек­терінің алған білімдерін елінің келе­шегіне, мүддесіне жұмсау қа­жеттігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, ректор үш сатылы білім беру жүйесіне көшкен жоғары оқу орын­дарының көшба­с­шы­сы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Елбасы алға қойған міндеттерге сай, на­рық, заман сұраныстарына бай­ла­нысты қоғам үшін қажетті мамандар дайын­далып жатқандығы жөніндегі өз ойларын ортаға салды. 

Содан кейін сөз алған экономика және бизнес факультеті қаржы кафе­дра­сының мең­ге­рушісі, доцент Б. Ер­мек­баева Елбасы Жол­дауының еліміз­дегі экономикалық өсудің тұрақты­лы­ғын қамтамасыз ету және сабақ­тас­ты­рып жаңғырту туралы бөлімнің негізгі бағыттарына қаржы­гер-ғалым ретінде өз пайымын білдірді.

Жиналған көпшілік алдында сөз алған академик С. Сартаев Елбасы Жолдауында мем­лекет дамуының не­гізгі тірегі – экономикамен қатар, жас­­тарға сапалы білім беруге де зор маңыз берілгендігіне, оның мәніне тоқталды.

Осыдан кейін жастар атынан сөз алған университет сенатының төр­айымы Нәзира Бөлтірікова  Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның жастар құ­қығы қорғал­а­тын әлеу­меттік қоғам құруы­мыз керек деген сөзі жастарды қанаттан­ды­ратынын айтты.

Елбасының  жыл сайынғы жол­дау­­ла­ры арасындағы еліміздің даму қар­қынына көз жүгіртер болсақ, әр сала­­дағы алға өрлеуді айқын бай­қаймыз. През­иденттің биік мін­бер­ден айт­қан­дары сөзсіз орындалып, жүзеге аса­тын­ды­ғымен құнды. Бұл үрдіс Қазақ­станды ал­дың­ғы қатарлы дамы­ған елдердің қатарынан, ал қа­зақстандық білімді әлемдік стандарт­тар деңгейінен көргісі ке­летін жоғары мектеп ұс­таз­дары мен студенттерін әр кез жаңа биік­терді ба­ғындыруға жігерлендіреді.

“Егемен-ақпарат”.

 

Ауылдықтардың айтары аз емес

 

Парламент Мәжілісі депутаттарының Қызылжар өңірін аралаған онкүндік іссапары аяқталып, оның соңы облыс әкімі С.Біләловпен кездесуде түйінделді. Халық қалаулылары пропорционалдық жүйе бойынша сайланса да, осы өңірдің тумалары болғандықтан, жергілікті жердің өзекті мәселелерінен жан-жақты хабардар екендіктерін осы жолы да анық байқатты.

Сөз кезегін бірінші болып депутат И.Чиркалин алды. Ол облыстың әлеуметтік-экономикалық сала­сы­ның қарқынды дамып келе жатқанында депутаттардың да елеулі үлесі бар екендігіне бірқатар мысалдар келтір­ді. Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар, заң­дардың қабылдануы жайынан хабардар етті. Солардың ішінде ең іргелілері – 2009 жылы қолданысқа енгі­зілетін жаңа Салық және Бюджет кодекстері болмақ. Сосын қалың жұртшылықты толғандырып отырған өзек­ті мәселелерге ойысып, маңыздылары Үкімет тара­пынан үлкен әлеуметтік басымдық пен қаржылық қолдауға ие болып отырғанын атап өтті.

Білім департаментінің бастығы С.Денкенова әңгімені Жолдауда айтылған міндеттермен сабақтастыра келіп, мектеп-интернаттардың көптеп салынуына ықпал жасалуын өтінді. Ауыл шаруашылығы департаментінің жетекшісі С.Тәшенов көкөніс өсіретін жылыжайларға субсидияның аз бөлінетініне қынжылыс білдірді.

Депутат Е.Рамазанов азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету жайы күн тәртібінде өткір тұрғанын, Бүкіл­әлемдік сауда ұйымына өткен кезде оның маңыз­дылығының тіпті арта түсетінін, сондықтан осы бастан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін ортаға салды. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан мандатқа ие болған Р.Полищук үш тілді меңгеру бағдарламасына бай­ланысты өз ойларын өрбітті. Елімізде ұлттық өркендеу мектебі екеу ғана болса, бірі Петропавлда жұмыс істейді. Мұнда сапалы білім берудің барлық алғы­шарттары бар. Десек те, білім ұяларында оқу құралдары әлі де сапалық жағынан қанағаттандырмайды. Мұндай сын­дарды ұстаздар тарапынан көп естідік. Енді жаңадан құ­рылған білім беру сапасын бақылайтын комитетке көп үміт артамыз. Осы саладағы олқылықтарды түзетуге барынша күш салатын боламыз, деді ол. Одан Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі В.Евдокименко орталықтағы бас хатшылықтың тара­ты­лу­ына байланысты енді қандай құрылым болатынын сұрастырып білді.

Депутат Ж.Сүлейменов өз сөзінде елді мекендердің тұр­мыс-тіршілігін арқау етті. Елбасының Жолдауы ауылдықтар тарапынан кең қолдауға ие болып отыр, деді ол. Бүгінде жолға, ауыз суға қатысты әлеуметтік мә­се­лелер шешіліп жатқанымен, ауылдықтарды тол­ғандыратын жайлар әлі аз емес. Оған шалғай ауылдарды ар­алау барысында көз жеткіздім. Жұтылып кетудің аз-ақ алдында тұрған шағын қазақ ауылдарының жағдайы бә­рімізді ойлантуы тиіс. Десек те, бәрін мемлекеттің иы­ғына артып, масылдыққа салына беруге болмайды. Қолдан келетін істерді ұршықша үйіріп әкетудің орнына енжарлыққа салынып отырғандар жоқ емес.

Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы К.Оспанов халық қалаулысына ономастика комиссиясы жанынан сараптама тобы құрылса деген тілегін жеткізді. Депутат П.Дмитриенко әкімшілік және кадрлық реформаларға өз көзқарасын білдіре келіп, жылу, су тарифтерінің бағасын өсірмеуге назар аударды. Кездесуде “Есіл су” кәсіпорнының қаржылық қиын жағдайы да айтылмай қалған жоқ. Өңірдегі су тарату жүйелері әбден тозған. Оларды жөндеуге және жаңалауға қомақты қаржы керек. Республикадан былтыр 45 мил­лион, биыл 77 миллион теңге субсидия бөлінгенімен, уақ­тылы алуға ведомстволық бөгесін кедергі жасап отыр.

Депутаттардың сөздерінен елді мекендердегі арда­герлер мен зейнеткерлер тарапынан да сауалдардың аз қойылмағаны аңғарылып тұрды. Бұл түсінікті де. Зей­нетақыны қайта есептеу кезінде жіберілген олқылықтар мен ағаттықтардың түзетілуін өтінушілер саны артпаса, кемитін емес. Облыс орталығында да сұрақтардың дені осы тұрғыда туындаған. Көбіне зейнетақы тағайын­даудағы айырмашылық адамдарды таңырқатумен қатар, жабырқатып отыр. Тіпті кейбір зейнеткерлердің жалақы­сы­ның да, жұмыс өтілінің де жеткілікті болғанына қара­мастан, өзі құралыптас еңбектес әріптестерінен аз ала­тыны түсініксіз. Бұл арада мәселенің мәнісін жұрт­шы­лыққа ұғындыру, жай-жапсарын ашып көрсету жағы кемшін түсіп жатқаны да анық аңғарылады.

Кездесуді облыс әкімі С.Біләлов қорытындылап, ха­лық қалаулыларын проблемаларды бірігіп шешуге ша­қыр­ды. Ортақ ынтымақтастыққа әр кез әзір екенін жеткізді.

Өмір ЕСҚАЛИ,  Петропавл.

 

Келешекке нық сенім

 

Тыныштық ЖАНБОСЫНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, шаруа қожалығының басшысы.

Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың қоғам мен елдің әлеу­меттік-экономикалық дамуына айқын жол ашатын жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауын асыға күтіп, ондағы әр тарау мен әр ба­сымдықта айтылған негізгі құн­дылықтарды қалт жібермейтін болдық. Міне, еліміздің тұрақ­ты­лығы  мен одан әрі дамуына негіз қалаған “Қазақстан халқының әл-ау­қатын арттыру – мемлекеттік сая­саттың басты мақсаты” атты Жол­дауын көгілдір экраннан тың­дап, алдағы күндерге деген сені­мі­мізді нығайта түстік.

Жаңа Жолдау еліміздегі тұрақ­ты­лықты одан әрі орнықтыруға ба­ғытталып, барша қаза­қ­стан­дық­тар­дың мақсат-мүддесін көздеуімен бірге, экономиканы өркендетуді  қамтамасыз ету мәселелері жа­йын­да айтқандары көпшіліктің кө­ңі­лінен шықты.  Осындай жаңа саяси ре­формалардың қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Ел дамуындағы жаңа кезеңнің не­гізгі міндеттерін айқындап, “Қазақстан-2030” Стратегиясы шең­беріндегі алдағы жылдарға ар­налған ішкі және сыртқы сая­сат­тағы маңызды бағыттарды алға қо­йып, жүйелі жүзеге асыру арқылы Ота­нымыздың әлемдік ортадан лайықты орын алуына мүмкіндік беретіндігі айқын көрсетілсе, Мемлекет басшысы басты құжатта көршілес тәуелсіз мемлекеттердің Қа­зақстанның Еуропадағы қауіп­сіз­дік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуін қол­дауына шынайы ризашылығын біл­діруі де қарым-қатынастың өмір­шеңдігін дәлелдейді. Өйткені, тату­лық – біздің ежелгі бағытымыз.

Ауыл – халықтың алтын діңгегі. Жолдауда саланы дамыту арқылы отандық өнім өндіру­ші­лерді қолдау, еліміздегі азық-түлік қорының қауіпсіздігін орнықтыру үшін ауыл шаруашылығы мен та­мақ өнеркәсібіне инвестиция тарту қажеттігін де ерекше атап өтті. Әсі­ресе, негізгі азық-түлікпен бірге же­міс-жидек, өсімдік майы мен қанттың жет­кілікті болуына ерекше назар ауда­рылды. Халқы­мыз­дың ата кәсібі са­налатын мал шаруа­шы­лығын да­мыту мәселесі де ерекше қам­тылып, оны дамытудың көк­жиегі айқын­далды.

Адам ғұмырының мәнді болуы оның өмірге деген берік көз­қа­ра­сына байланысты. Ол үшін еліңнің алға қойған айқын бағыты, еңбек ада­мына деген  жан-жақты қам­қор­лық аса қажет. Сонда ғана екі ортада жанды байланыс орнығып, бел шешіп еңбек етсең, ертең оның қайтарымы болатынына сенімің ны­ғаяды. Міне, Қазақстанда осындай түсіністік орныққан, әрі оған күн сайын көз жеткізіп ке­леміз. Мен бар саналы ғұмырымды ауыл шаруашылығына арнадым. Одан зиян көргенім жоқ. Еңбегімді қа­лай ұйымдастырсам, соншама игілікке қол жеткізіп отырмын. Ал Пар­ламент палаталары­ның бірлес­кен отырысында жария­лан­ған Жол­дауда 2012 жылы зей­нетақы мен жәрдемақы мөлшері екі есеге дейін өсетіні де айтылды. Де­мек, күні ертең жасымыз келгенде еңбе­гіміздің зейнетін көруге толық не­гіз бар. Жаңа Жолдау осылайша ха­лықты тың істерге жұмыл­ды­руы­мен құнды болып, болашаққа деген сенімімізді нығайта түсті. 

Алматы облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат