Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-04-11:

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімді ратификациялау туралы

Астанада 2006 жылғы 6 қарашада қол қойылған Қазақстан Респуб­ли­касының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті   Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2008 жылғы сәуірдің 7-сі  №22-ІV ҚРЗ

 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2008 жылғы сәуірдің 7-сі №23-ІV ҚРЗ

 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы

Астанада 2006 жылғы 4 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы бірлескен бақылау туралы келісім ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2008 жылғы сәуірдің 8-і №24-ІV ҚРЗ

 

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы)

2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 мау­сым­да қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Өңірлік терроризмге қарсы құрылым туралы келісімге Ташкентте 2003 жылғы 5 қыркүйекте қол қойылған өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2008 жылғы сәуірдің 8-і №25-ІV ҚРЗ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2008 жылғы 8 сәуір  Астана, Үкімет Үйі №331

 

Сарапшы ұйымды белгілеу туралы

“Мақта саласын дамыту туралы” Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мақта талшығының сапасына сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйым болып “Қазагрэкс” акционерлік қоғамы белгіленсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат