Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-04-18:

ТуыстардыҢ тҮсінісулері де тез

 

Қазір Қырғызстандағы жалпы саяси-экономикалық жағдай тұ­рақ­танып келеді. Бұрын Парла­мент пен Үкімет, Президент пен Пар­ламент болып текетіресіп, бірі­нің айтқанына бірі көнбей жатса, қазіргі жағдай сындарлы шешім қабылдауға мүмкіншілік туғызып отыр. Өйткені, былтырғы Пар­ламент сайлауында Президент Қ.Бакиевтің “Ақ жол” халықтық партиясы жеңіске жетіп, барлық депутаттық орынның 70 пайызын ие­ленген болатын. Осының өзі Парламентті популистік даңғаза­лық­тан арылтып, Үкіметке елдің саяси тұрақтылығы мен эконо­ми­калық дамуына жағдай туғызатын құжаттар қабылдауына жол ашты. Парламенттегі сындарлы көзқарас сыртқы саяси байланыстар мен экономикалық ынтымақтас­тық­тар­дың тұрақтануына да мүмкіндік беріп отыр. Соның ішінде біз үшін қуаныштысы — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара мәселесінің шешілгендігі болды. Осы күнге дейін біз іргелес қоныстанған өзге елдердің бәрімен өз шекарамызды шегендеп алған едік. Тек Қырғыз Үкіметі ғана Жо­горку Кенештегі дүрдараздықтың кесірінен 2001 жылдың 15 жел­тоқ­санында екіжақты қол қойылған мем­лекеттік шекара туралы ке­лі­сім-шарттың ратификациялануына қол жеткізе алмағандықтан екі елдің осы істегі мәселесі әлі күнге шешілмей келген. Биылғы Пар­ла­мент осы мәселені бірден шешіп берді және Қазақстанның Ыстық­көл­дегі меншіктерінің, атап айт­қанда, төрт пансионатының да мәселесі толығымен шешімін тапты. Бұл – екі елдің эко­номикалық ынтымақтастығының дамуына даңғыл жол аша түсетін игілікті қадамдар екені даусыз.

Былтырғы сәуірде Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев Қырғыз Рес­публикасына ресми сапар жасаған еді. Сонда қол жеткізілген ең ма­ңызды жетістік – Мемлекет­ара­лық жоғары кеңес және Сыртқы істер министрлерінің кеңесін құру болатын. Осы кеңестердің жұмыс нәтижелері жоғары болды, екі елдің арасындағы ынтымақтастық арта түсті. Былтырғы мамыр айын­да Қазақстан Үкіметі Қыр­ғызстанға көмек ретінде 1,5 мың тонна астық босатты. Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ын­тымақтастық артып, 2006 жыл­мен салыстырғанда 30,6 пайызға өсті. Нақты айтқанда, тауар ай­на­лымы 2007 жылы 531 млн. АҚШ долларына тең болды. Соның 355,1 млн. АҚШ доллары экспорт та, 175,9 млн. АҚШ долларына тең көлемі импорт. Қырғызстан экономикасы Қазақстаннан мұнай өнімдерін, астық, көмір, уран рудалары тағы басқаларды алуға мүдделі. Сонымен бірге Қазақстан қырғыз еліне түсті металл, металл про­катын, мәшине жасау өнім­де­рін, т.б. шығарады. Соңғы кездері аймақтық қатынастар да қатты дамып келеді. Соның ішінде Жам­был облысы мен Талас облысы, Алматы облысы мен Шу және Ыс­тықкөл облыстары жақсы ын­тымақтастық орнатуда. Қырғыз­стан бізге электр қуатын, цемент, ауылшаруашылық өнімдерін экс­порттауға мүдделі. Қазір Қазақстан қырғыз елінің экономикасындағы ең үлкен инвестор. 2007 жылдың тоғыз айындағы мәлімет бойын­ша, қазақстандық инвесторлардың Қырғызстанға құйған инвести­ция­сының көлемі 151,4 млн. АҚШ доллары көлеміне тең болды. Бұл Қырғызстанға келген барлық инвестицияның 46,7 пайызы. 2007 жылы ғана қазақстандық инвес­ти­ция­ның арқасында қырғыз елінде 8 мың адамдық жұмыс орны ашылды. Қырғызстанда қазақ­стан­дық капиталдың араласуымен 400-ден артық кәсіпорын жұмыс іс­теу­де. Біздің кәсіпкерлер негізінен энер­гетика, газ тасымалдау, өнер­кәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, банк және т.б. салаларда еңбек етуде. Қазір Қырғызстанның қаржы-несие секторында Қазақ­станның екінші деңгейдегі “Қаз­ком­мерцбанк”, “Халық Банкі”, “Темірбанк”, “Альянсбанк” се­кілді банктері жұмыс істейді. Сонымен қатар біздің жақ Қырғыз Республикасының су-энергети­калық, тау-кен, газ тасымалдау сияқ­ты стратегиялық маңызы бар секторларына инвестиция құюға мүдделі. Қазір Қазақстан Қамбар-Ата СЭС-1 құрылысының жоба­сына 8 млн. АҚШ доллары көле­мінде инвестиция құюға тартылып отыр.

Ал қырғыз капиталының ара­ла­суымен Қазақстанда 465 бір­лескен кәсіпорын тіркелген. Соның ішінде 308-і жұмыс істейді. Олар көбінесе сауда, туризм, құ­рылыс, су тазалау мен тарату, кө­лік, жарнама салаларында еңбек етеді.

Қазіргі уақытта біздің елдердің арасында автокөліктер транзитіне рұқсат алу тәртібі жойылды. Со­ны­мен қатар, Қырғызстан аумағы­нан транзит арқылы тасымалда­на­тын тауарларға кедендік кедергілер де азая түсті. Қазақстан-Қырғыз­стан мемлекеттік шекарасында “бір рет қана тоқтау” қағидатымен көліктерге бірлескен бақылау жөнінде үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Соңғы кезде Қазақстанға ағылған қырғыз азаматтарының да саны арта түскен. ІІМ мәліметіне қарағанда, 2007 жылы Қазақстанға 800 мың қырғыз азаматы өткен. Бұл 5 млн. ғана халқы бар ел үшін, әрине, өте үлкен сан.

Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық мәселелерде үнемі бір ұстанымда келе жатқан және бірін-бірі әрқашан қолдап оты­ра­тын елдер. Қырғызстан, әсіресе, Қа­зақстанның Орталық Азияның эко­номикалық одағын құру туралы бастамасын қызу қолдауда. Сон­дай-ақ Қырғыз Республикасы Қа­зақстанның басқа да халықаралық ұйымдардағы бастамасын үнемі қолдап отырады. Жоғарыда ай­тыл­ған, екі ел арасындағы Сыртқы іс­тер министрлері кеңесінің алғаш­қы отырысын өткізу үшін Қазақ­станның сыртқы саясат ведом­ство­сының басшысы Марат Тә­жин былтырғы қараша айында Бішкекте болып, екіжақты қарым-қатынастардың көптеген мәсе­ле­ле­рін талқылады. Ал биылғы ақ­пан айында Астанада осы кеңестің екінші отырысы болып өтті.

Мәдени-гуманитарлық салада да екі елдің арасындағы байла­ныс­тар тереңдей түсуде. Қазір Біш­кек­тің мемлекеттік университетінде қазақ бөлімі ашылды. Қазақстан 2006-2007 жылғы оқу жылына 34 қырғызстандық студентке біздің елде тегін оқуға квота бөлді. Қазір Қазақстанның оқу орындарында 417 қырғыз азаматы білім алуда. 2007 жылдың 28-30 қыркүйегінде Алматы қаласында екі елдің зиялы қауымының форумы болып өтті. Ал биыл екі елде де қазақтар “Адамзаттың Айтматовы” атаған ұлы жазушы Шыңғыс Айтма­тов­тың 80 жылдық мерейтойы кеңі­нен аталып өтпек.

Мемлекеттер басшылары бет­пе-бет кездесу өткізген соң оты­рыс кеңейтілген құрамда жалғас­ты. Онда алдымен сөз алған Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев екі жақ та Мемлекетаралық жоғары кеңес­тің жұмысына қанағаттанған­ды­ғын жеткізді. Одан әрі Қырғызстан жағының Қазақстанның бастама­ла­рын, соның ішінде интеграция­лық үдерістерді қолдайтындығына да өзінің ризашылығын білдірді. Шекаралық мәселелер мен Ыс­тық­­көлдегі Қазақстан меншіктерінің мәселесін шешкендігі үшін Қыр­ғыз Республикасының Президенті мен Парламентіне алғысын да арнады. Енді біз Ұзынағаштан әрі Ыстықкөлге жол тартатын бо­ла­мыз, оның ұзындығы кем дегенде 250 шақырым болатын шығар. Біздің азаматтарымыз Ыстықкөлде дем алса, ал қырғыз азаматтарына жұ­мыс табылып, одан пайда түсіреді. Сөйтіп, бұл іс екі жаққа да пайдалы болмақ, деді Елбасы. Одан кейін аталмыш комис­сия­ның араласуымен Бішкектен Астанаға тартылған тұрақты әуе жолының ашылғандығының да маңызын атап өтті. Біз Қырғыз­станда тұрақтылықтың орнағаны­на қуанамыз, соның арқасында елдің экономикасы көтерілетініне сенімдіміз. Қазақ пен қырғыз бір туған екені бүгін ғана айтылған жоқ, сондықтан сіздердің табыс­тары­ңызға алдымен біз қуанамыз, деді Президент. Өз сөзінде Құр­манбек Бакиев те Қазақстанның халықаралық деңгейдегі табыс­тары­на тілектестігін білдірді. Осы орайда Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен Президентті тағы да құттықтады. Астана қаласының да 10 жылдық тойы халықаралық деңгейдегі ірі оқиға болатынына мен сенімдімін және соған қуаныштымын, деді ол. Одан әрі екеуара кездесуде өздерінің миграция, энергетика, табиғат ресурстарын тиімді пайда­лану, сауда-экономикалық ынты­мақтастық пен мәдени-гуманитар­лық байланыстардың даму перс­пективаларын талқылағанын жеткізді.

Кеңейтілген отырыстан кейін екіжақты алты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде екі Пре­зи­дент қол қойған Бірлескен мәлім­деме, екі елдің одақтық қаты­нас­тары туралы келісім-шартқа өз­ге­рістер енгізу жөніндегі хаттама, Мемлекетаралық кеңеске өзгеріс енгізу жөніндегі шешім мен Қа­зақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың 2008-2010 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы шешім және салалық министрлер қол қойған екі құжат болды. Бірлескен мәлімдемеде басқа мәселелермен қатар Қазақстан-Қырғызстан инвестициялық қо­рын құруды мемлекеттер басшы­лары­ның екеуінің де қолдай­тындығы туралы айтылған. Қол қою рәсімінен кейін болған бас­пасөз мәслихатында Қырғыз Рес­публикасының Президенті Қ.Ба­киев бұл қорға 5 млн. АҚШ дол­лары көлеміндегі қаржыны қырғыз жағы, ал Қазақстан жағы 25 млн. доллар салуы мүмкін екендігін жеткізді.

Баспасөз мәслихатынан кейін Президенттер журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.



Авторы: Жақсыбай САМРАТ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат