Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-04-19:

НазардаҒы нысандарда жҰмыс Қауырт

 

Көрікті келбетімен көңіл күйін кернеп, көз сүйсінткен абат Астана сәулеті күннен-күнге сал­та­натын жарастырып, асқақтап барады. Елба­сы­ның ерік-жігерінің жемісіндей елорданың еңселі болуы ел ертеңі үшін де айрықша маңызды. Ендеше, Астана қаласының мерекесі қарсаңында қызу қарқынмен салынып жатқан құрылыс нысандарының сәнді де сапалы болуы мерейімізді өсірмек. Сондықтан да Елбасы мере­ке­ге орай пайдалануға берілетін құрылыс нысан­дарының жұмысын жеке бақылауына алып, жіті назарда ұстап отыр.

Астана қаласының мерекесіне дайын­дық барысын тексеру мақсатында елорда әкім­ді­гін­де өткен мәжілісте Президент Нұрсұлтан На­зар­баев белгіленген осы нысандардың дер кезінде іске қосылуына баса назар аударды. Осы құрылыс орындарындағы бүгінгі жұмыс қарқынын байқау мақсатымен біз оларда арнайы болған едік.

Әлем назарын өзіне аударған Астананың қарқынды құрылысы, ғажайып сәулеті талайды тамсандырып-ақ жүр. Алаштың арманына айнал­ған Астанада әлі талай көз тартар көрікті ны­сан­дар бой көтермек. Соның бірі – сәулет өнерінің  озық туындысы болатын “Хан Шатыр” ойын-сауық орталығы. Көздің жауын алатындай сұлу ғи­мараттың биіктігі 200 метр болмақ. Гипер­мар­кет­тің аумағы – 4000 шаршы метр, бөлшек сауда аймағының аумағы – 19 мың шаршы метр, ор­талық кеңістік аумағы – 1500 шаршы метр, көру алаңының аумағы 400 шаршы метр болады деп жоспарлануда. Мына  жоғарыдағы бірінші суретте болашақ “Хан Шатыр” кешенінің құрылыс алаңы бейнеленген. Суреттегі тұғырда жасыл шөп, алқызыл гүл көмкерген гүлзар болмақ.

Бұл құрылыс нысанын түріктің “Сембол Иншаат” құрылыс фирмасы жүзеге асыруда. Қазір болашақ кешеннің құрылыс жұмыстарының 45 пайызы дайын. Мұнда бүгінде 640 құрылысшы еңбек етуде. “Хан Шатыр” ойын-сауық кешенінің сыртқы келбетін айқындайтын толық бейнесі қала мерекесі күні қарсаңында дайын болмақ. Ішкі әрлендіру жұмыстары толығымен 2008 жылдың 16 қарашасында аяқталады.

Астананың ерекше сәулет құрылыстарының біріне айналғалы отырған ғажайып нысан – “Астана” стадионы. Оған бір мезгілде 30 000 көрермен сыяды. Бұл құрылыс нысанын салуға бүгінгі сәулет өнерінің жетістіктері, әсіресе, стадиондар салудағы ең озық технологиялар пайдалануда. Оның шатыр жүйесі ашылып-жабылатын болады. Бұл құрылыс нысанын да “Сембол Иншаат” құрылыс фирмасының ұжымы жүргізуде. Елбасы айтқан тапсырма бойынша стадион қала мерекесі қарсаңында, 1 шілдеде толық пайдалануға берілмек. Жоғарыдағы екінші суретте көрініп тұрғанындай, қазір мұнда  1300 құрылысшы уақытпен санаспай еңбек етіп жатыр. Құрылыс жұмыстарының бүгінгі күнге дейін 70 пайызы атқарылған.

Қала мерекесіне дейін пайдалануға берілетін ерекше маңызды құрылыс нысандарының бірі “Рамстор” сауда үйінің маңайындағы – Бас кө­пір. Жоғарыдағы үшінші суретте көпір құры­лы­сы­ның қазіргі көрінісі бейнеленген. Мұнда қызу жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. Елорда еңсе­сін асқақтатар айтулы мереке қарсаңында көпір құ­рылысы толық аяқталады деп күтілуде. Оны жүргізіп жатқан бас мердігер – “Та­шяпы Тиджарет” атты түрік компаниясы. Ұзын­ды­ғы 130 метр болатын көпірдің үстімен 6 қатар көлік бір мезгілде жүре алатын болады. Құрылыс нысанының жалпы құны 5 780 миллион теңгені құрамақ.

Ел мерейін өсірер үлкен мереке қарсаңында берілетін осы және басқа да құрылыс нысандарын газетіміз тұрақты назарда ұстамақ. Алдағы уақытта біз қала мерекесі қарсаңында берілуге тиіс нысандардың дайындық барысын, атқарылып жатқан жұмыс ауқымын көрсетіп тұратын боламыз.

 

 

* “Хан Шатыр” осында бой көтереді

* “Астана” стадионының құрылысы

* Бас көпір салынып жатыр

 



Авторы: Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат