Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-04-23:

тереҢ туыстыҚ тҮсіністіктен ТАНЫЛАДЫ

 

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, құрметті қарауыл прези­дент­терге құрмет көрсетті. Осы­лай­ша ресми қарсы алудың барлық сал­танатты шара­лары өткерілген соң, мемлекеттер бас­шы­ларының жоғары деңгейдегі кез­десулері басталды. Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов оңаша кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты ауқымды мәсе­лелерді талқылады. Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында екі­жақты қатынастардың перспекти­ва­ларына, халықаралық және аймақ­тық саясатқа баса мән берді.

 

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақ­тастығының тамыры тереңде жатыр. Өйткені, екі ел ежелден көршілес. Бейнелеп айтар болсақ, ауылы аралас, қойы қоралас. Екіншіден, қазақ пен өзбек түбі бір туыс халықтар. Әрі бір-біріне беретіні де, бір-бірінен алатыны да баршылық. Бұған өткен тарих куә. Кеңестер Одағының құрамында болған кезеңдерде Қазақстан мен Өзбекстан арасында өзгелерге үлгі боларлық тығыз қарым-қатынас орныққаны ұмытыла қойған жоқ. Сауда-экономикалық, мә­дени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық байланыстар барынша жанданды. Кейін Кеңестер Одағы ыдырап, оның құрамын­дағы республикалар тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы байланыстар үзіліп қалғандай болғаны жасырын емес. Оған сол кезеңдердегі тарихи себептер тікелей әсер етті.

Қазір жағдай мүлде басқаша. Қазақ­стан – Өзбекстан ынтымақтастығы бүгінде жаңа сатыға көтеріліп, серпінді дамып келеді. Бұған екі ел прези­денттерінің жоғарғы деңгейдегі осындай кездесулері тікелей ық­пал еткені анық. Бірер мысал келті­рейік. 2002 жылдың 9 қыркүйегінде Өзбекстан Президенті Ислам Каримов ресми сапармен Қазақстанға келген еді. Сапар барысында Қазақстан Респуб­ли­касы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекаралардың жекелеген учаскелерін делимитациялау туралы шартқа қол қойылды. Сондағы кездесу қорытындысында Ислам Кари­мов­тің кейбіреулердің Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекараларын делимитациялау мәселелерінде ешқашан ортақ пікірге келе алмайды дегендері бүгін жоққа шығарылды, деп айтқаны есімізде.

Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 19-20 нау­рызында Өзбекстанға жасаған мем­ле­кеттік сапары екі ел ынтымақтастығын тереңдетудің өзгеше бір арнасын ашып берді. Сапар кезінде тараптар бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойды. Со­нымен қатар, Мемлекетаралық үйлестіру кеңесін құру жөнінде шешім қабылданды. “Мен мемлекеттік сапар қорытындысы барынша табысты болды деп есептеймін, – деген еді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкенттегі баспасөз мәс­ли­хатында. – Сапар нәтижесі біздің мем­лекеттердің қатынастарын дамытуға ұм­тылып отырғандығын тағы бір дәлелдеді. Екі мемлекеттің басшылары экономи­калық ынтымақтастықты жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін болады”. Ал өз кезегінде Ислам Кари­мов: “Мен өзімнің досым Нұрсұл­тан Әбішұлына толық сенемін. Біздің достығымыз бұрын да берік болған, қазір де солай. Болашақта да солай болады. Мен осы достықты мақтан етемін”, – деп ағынан жарылған еді.

Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан қатынасы саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда тұрақты дамып келеді. Бұған жүзден астам екіжақты қатынастарды да­мыту­ды көздейтін шарттық-құқықтық базалар жиынтығы куә бола алады. Со­ның ең бастысы – 1998 жылдың 30 қа­занында қол қойылған Мәңгілік достық туралы шарт болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселе­лерінде де өзара түсіністікпен іс-қимыл жасауда. Оның ішінде ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ және АӨСШК бар.

Президенттердің оңаша кездесуінен соң кеңейтілген құрамдағы келіссөздер мемлекеттер басшыларының қатысуымен әрі қарай жалғасты. Екі мемлекеттің ынтымақтастығы жылдан-жылға кеңейіп келеді, деді алғашқы сөзді алған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Оған 2005 – 2006 жылдардағы кездесулерде қол жеткізілген уағдаластықтар игі әсер етті. Сондай-ақ бұған екі ел арасындағы тауар айналымы екі есе өсіп, 1 млрд. 400 млн. долларды құрағаны куә болады. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге барынша ықпал ететін мұндай шаралар бізге аса қажет. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандан­ды­ратын бағдарламалар жүзеге асыры­лып жатыр. Біздің екеуара жүргізген келіссөзімізде екіжақты ынтымақ­тастықты дамытатын кең ауқымдағы мәселелер талқыланды.

Ислам Каримов өзбекстандық делегацияның ойдағыдай жұмыс істеуіне жақсы жағдайлар жасағандығы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, екіжақты қатынастарды дамытудың перспективаларына тоқталды. Өзбекстан көршілес Қазақстанды өзінің аймақтағы аса ірі де қуатты әріптесі санайды, деді Өзбекстан басшысы. Екі мемлекет те экономикалық байланыстармен қатар, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріп келеді. Мен жоғары деңгейде өткен кездесуде қозғалған ауқымды мәселелерге қанағаттанғанымды білдіремін. Екі елдің ынтымақтастығы түсіністік және достық жағдайда дамып келеді.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз ба­ры­сында тараптар 2005 жылы Қазақ­стан басшысының Орталық Азия мемлекет­терінің одағын құру идеясы жөнінде де пікір алмасты. Келіссөз барысында, сон­дай-ақ әлемдегі қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия елдерінде энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берілді. Су- энергетикалық ресурстарды бірлесе пай­да­ланудың өзекті мәселелері де талқы­ланды. Осыған байланысты Орталық Азия елдерінің су-энергетикалық кон­сорциумын құрудың мезгілі жеткендігі атап өтілді. Талқылаудан қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде Арал теңізі бассейнінің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі де тыс қалған жоқ.

Мемлекеттердің өзара қатынасында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың орны бөлек. Бүгінде Қазақстан мен Өз­бекстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар тату көршілік қатынастар негізінде дамып келеді. Жоғарыда атап өткен екіжақты құжаттар базасының жартысынан көбі осы экономикалық салаларға қатысты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, әсіресе соңғы жылдары айтарлықтай жақсара түсті. Мысалы, өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1 410,3 миллион долларды құрады. Бұл 2006 жылғы көрсеткіштен екі есеге көп. Елдер арасындағы тауар айналымы биылғы жылы бұдан едәуір артады деген болжам жасалып отыр.

Қазақстан мен Өзбекстандағы бірлес­кен кәсіпорындар қатары жыл өткен сайын көбейе түсуде. Бүгінде Өзбек­станда қазақстандық инвестицияның қатысуымен 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 48-і бірлескен кәсіпорындар. Не­гізінен олар сауда, құрылыс, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау сала­ларында. Ал Қазақстан­да өзбекстандық капиталдың қатысуы­мен 715 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс материалдары өндірісіне маманданған. Тараптар, сондай-ақ мұ­най-газ, көлік қатынасы салалары бойынша да ынтымақтастық орнатқан. Осының нәтижесінде 2006 жылдың екінші жартысынан бастап Алматы – Ташкент – Нөкіс – Ташкент – Алматы темір жол қатынасы қайтадан ашылды. Сонымен қатар, қазіргі кезде Өзбекстан шекарасы бойынша Ақжігіт – Бейнеу – Атырау – Астрахань автокөлік магистра­лін қайта жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл жоба 2011 жылы аяқ­талуға тиіс.

Қазақстан – Өзбекстан ынтымақтас­ты­ғында мәдени-гуманитарлық бай­ла­ныстардың мәні зор. Өйткені, Қазақ­станда өзбек диаспорасы, ал Өзбекстанда қазақ диаспорасы көп қоныстанған. Өзбекстандық ресми органдардың мәліметтері бойынша, бүгінде Өзбекстан аумағында 1 миллионға жуық қазақ тұра­ды. Негізінен олар Қарақалпақстанда, Ташкент, Науаи, Жизақ, Сырдария, Бұхара және Хорезм облыстарында қоныстанған. Ислам Каримов баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, бүгінде Өзбекстанда 520 орта мектепте қазақ тілінде сабақ өткізіледі. Оның 234-і тек қазақ тіліндегі мектептер. Сондай-ақ, Өзбекстан аумағында 30-дан астам рес­публикалық, облыстық және аудандық қа­зақ мәдени орталықтары жұмыс істейді.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер аяқталған соң, оның қорытындысы туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгінгі келіссөздерде екі елдің қатынастарын дамыту жөніндегі кең ауқымды мәселелер талқыланды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бір жыл ішінде Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы тауар айналымы екі есе өсті. Екіжақты сауда-экономикалық ынты­мақтастықты әрі қарай тереңдету мақ­са­тында үкіметаралық комиссия құрылған. Оны екі ел үкіметтері басшыларының орынбасарлары басқарады.

Қазақстан Президенті, сондай-ақ екі ел арасында су-энергетикалық мәселе­лерде проблемалар бар екендігін, келіс­сөз барысында осы өзекті мә­селелер талқыланғанын атап өтті. Қа­зақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекаралары мәселесі шешілді. Енді Астана мен Таш­кентте мемлекеттердің экономикалық байланыстарын ны­ғайтуға бағытталған сауда-эконо­ми­калық өкілдіктер ашы­латын болды. Қазақстан Президенті кез­десуде халықаралық мәселелер, оның ішінде Ауғанстанға қатысты мәселелер де талқыланғанын айтты.

Ал Ислам Каримов сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастықты жандандыруда бүгінгі келіссөздердің пайдалы болғанды­ғын айта келіп, Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі аса өткір тұрғандығына, оған халықаралық қоғамдастық болып бірлесе күрескенде қарсы тұруға болатынына кеңірек тоқ­талды. Әсіресе, Ауғанстаннан тасымал­данатын есірткі заттары аймақтағы ел­дер­ді ғана емес, бүкіл әлем жұртшы­лы­ғын алаңдатып отыр. Өзбекстан бас­шы­сы, сондай-ақ өз елдерінде коммуни­кация саласын дамытудың перспекти­валы екендігін атап, Өзбекстан тауар­ларын Бейнеу арқылы Ақтау портына жеткізуге мүдделілік танытты. Ақтау теңіз порты, деді Ислам Каримов сөзінің соңында, Каспий аймағындағы ең ірі портқа айналып келеді. Порттың бүгінгі даму қарқыны соны көрсетеді.

Бұдан соң президенттер журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Негізінен олар Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құруға және Орталық Азия елдерінің су-энер­гетикалық консорциумына қатысты болды.

Өзбекстан Республикасының Прези­денті Ислам Каримовтің сапары бүгін әрі қарай жалғасады.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат