Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-09-06:

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

Орталық Азия елдерінің ІІ халықаралық Театр фестивалі табыспен өтуде

 

Бұдан бұрын хабарла­ғанымыз­дай, еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауы­мен жүзеге асқан осынау фести­вальдің мақсаты театр өнерінің көкжиегін кеңейту, шығармашы­лық тұрғыда тәжірибе алмасу, театрлар үшін біртұтас кеңістік әлемін ашу мүмкіндігін іздеп табу болса, бұл мақсат орындалды деп әлден-ақ айтуға болатындай. Ал­ғашқы үш күнде қойылған бес спек­такль шын мәнінде өнерде шекара жоқ екендігін тағы бір байқатып тастады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тә­жік­станның театр ұжымдары шығармашылық мәуелерін жайып салған бұл фестиваль бейне бір халықтар достығының мерекесі болып жатқандай әсер қалдырған. 

Таңертеңгі қойылымдар Ғ.Мү­сірепов атындағы жасөспірімдер театрында, кешкі ойындар М.Әуе­з­ов атындағы акаде­мия­­лық драма теа­трында өтіп жатқан фес­тивальға қызығу­шы­лық өте жоғары бо­лып тұр. Спектакль­дердің әрқайсысын зал толы көрермендер сүй­сіне тамашалауда. Өйт­кені, аламан дода, ұлы қиқуға әркім-ақ қай жағынан алғанда да жақсы дайындықпен келіп, талғампаз жұрт­шы­лыққа ұялмай ұсы­нар таңдаулы дүние­лерін әкелген.

Осы жолғы форум­ның бір ерекшелігі, оған қатысушылардың барлығы фестивальді басынан аяғына дейін толық тамашалауға мүмкіндік алды. Әрбір актер бағдарламадағы қойылымдарды түгел көріп, өздерінің ой-қиялын, рухани өрістерін жаңа тәжіри­белермен байыта түсті десе де болады. Ал, бұрынғы фестиваль­дарда театрлар өз жұмыстарын көрермен назарына, қазылар алқа­сының қатаң сынына ұсына салы­сымен, бірден үйлеріне қайтып ке­ту­ші еді. Бұл жолы олай емес, әрбір қойылымнан кейінгі жариялы түр­дегі жан-жақты талқылаулардың өзі өркенді өнер жайлы өрелі әңгімеге ұласып отырды. Оған, тіпті, театр мамандары, сыншылар сондай-ақ қатардағы ықы­ласты көрермен де қатысып жатқанына қуанулымыз, дейді қазылар алқасының төрағасы Әшірбек Сығай.

Тартымды тақырып, дра­ма­лық шиеленіс, шебер ре­жис­серлік, актерлік дарын спек­такльді өтімді етеді. Фес­тивальға әкелінген туынды­лар­дың көбіне дерлік осы қа­сиеттер тән десек, шындық­тан алшақ кетпейміз. Әсіресе өзінің 121-ші маусымын бас­таған Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық Н.Погодин атындағы орыс драма театрының “Мағ­жанның соты” спектаклі көрермен кө­ңілінен табылды. Пьесаның авто­ры әрі спектакльдің қоюшы-режис­сері Виктор Шалаев ақынның ұлылығын айқындап көрсетіп, ажарлап таныта білген. Бала Мағ­жан­ды, ақын Мағжанды, тұтқын Мағжанды, қасіретті тағдырдың үш кезеңін үш түрлі актер шынайы бейнелеп шықты.

Ю.Шакарджанов атындағы Ферғана облыстық өзбек музы­калық драма және комедия театры “Мүмкін сен үйленерсің, әке?..” спектаклін ұсынды. Бұл туынды “Ең үздік фольклорлық жыл қойылымы” сыйлығының иегері екен. Оның режиссері Өзбекстанның халық әртісі Мухаммадсоли Юсупов қыз­ғылықты түйіндерді шебер тарқата отырып, жалғыздық тақырыбының сыр-сипат­тарын шешімді түрде ашып берген. Мұнда екі ұрпақтың қарама-қайшылықтары көрсетіліп, қарым-қатынас тығырыққа тірелгенімен, оқиға соңы жақсылықпен аяқталады. Қойылым ізгі ниетті көрерменді жастар мен егде тартқан адамдардың үйлену тойларына шақырады. Иә, біз тағы да махаббаттың жасқа қарамайтынына куә бола­мыз.

Қырғызстаннан келген “Учур” телетеатрының “Меккеге қарай ұзақ жол” атты қойылымын да қауым жылы қабылдады. Сұлтан Раевтің пьесасы бойынша тәжік режиссері Барзу Абдураз­заков қойған, адамға ой саларлық бұл спекта­кльдің тұ­саукесері осы жыл­дың сәуірінде ғана өткен екен. Тағдырдың жазуымен тар бөлмеде кезіккен жеті адам­ның Меккеге сапары өте ауыр болады. Олар ақы­рын­да мынадай ақиқатқа көз жеткізеді: Мекке әрбіріміз­дің жүрегімізде. Өміріміздегі хақ қажылықты біз басқа жан­дар­ға адал ниетпен жақ­сылық жасау арқылы атқа­ра­мыз. Алланың нұры сонда жауады. Осы жағдайды әр­тіс­тер Улан Зайнидин, Бақ­тыгүл Асанова, Динара Қыдырмаева, Нұрдөөлөт Копоев, Теңдик Маматка­зиев, Чыңгыз Абозов және Улан Өмүралиевтер сахнада  барынша шынайылықпен бейнелеп жеткізді.

Қазақстанның “Ақсарай” мю­зикл театры мың мәртеден астам сахнаға шығу бақытына ие болған атақты “Қыз Жібек” қойы­лымын көрсетті. Оның либрет­тосын әде­биетіміздің классигі Ғ.Мү­сірепов, музыкасын қазақ халық әндерінің негізінде Е.Бру­силовский жазған болатын. Енді мінеки, режиссер Болат Атабаев­тың қолға алуы арқылы опера кө­рер­менге жаңа қырынан таныл­ған­дай. Спектакль ескі салттардан тазартылып, әуендер жаңаша мә­нерге салы­нып, әртістердің ойы­нына бір ғажайып әсемдік дары­ғандай болыпты.

Көрерменге көп қуаныш сый­ла­ған театр фестивалі әлі де жал­ғасуда.



Авторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат