Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-09-09:

Бүгінгі философияны қайта ұғыну әлемдік конгрестің басты тақырыбы болды

 

Осы жазда Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық университетінде философ ғалымдардың ХХІІ халық­аралық ғылыми форумы болып өтті. Бұл әлемдік конгрестің көтерген мәселесі “Бүгінгі философияны қай­та ұғыну”. Яғни, қазіргі жаһан­дану алып келген өзгерістер тұр­ғысынан философия­ның тұңғиық­тары мен иірімдеріне қайта үңілу, сонымен қатар заманға сәйкес жаңаша зерделеу мен пайымдаулар жасау болатын. Оның жұмысына Қазақстан философ­тары да өзде­рінің қомақты үлесін қосып, бел­сенді түрде атсалыс­ты. Осы әлем­дік конгреске еліміздің ғалым­дарын академик Ә.Нысанбаев бастап барды. Қазақстандық ғалымдардың қатарында философия ғылымда­рының докторлары, профессорлар Р.Кәдіржанов, Ғ.Телебаев, А.Құлса­рие­ва сияқты білікті мамандар болды.

Айта кететін бір жәйт, Фи­лософия және саясаттану институ­тының бірқатар ғалымдары өзде­рінің әлемдік конгреске арнаған баянда­ма­ларын орыс және ағыл­шын тілде­рінде жеке кітап етіп алдын-ала жа­рыққа шығарған болатын. Сол ғылыми жинақ әлем­дік конгресс өкілдерінің бірқа­тарына таратылып, қазақстандық философиялық ойдың көтерген мәселелері әлемнің түкпір-түк­піріне таралуына игілікті қадамдар жаса­лынды. Осындай әрекетте­ріміздің өзі осы әлемдік конгресс сайын қайта­ланып, ол бірте-бірте дәс­түрге айна­лып, елі­міздегі фи­лософиялық ой-таны­мымыздың келбеті мен бағыт-бағда­ры ғалам­дық ауқымда біршама насихаттала бастағанын атап өтуге болады. Соның арқасында әр түрлі елдердің ғылыми орталықтарымен байла­ныс орныға бастады. Әсіресе, Ресей, Түркия, Қы­тай, Украина, АҚШ, Иран, Өзбекстан, Корея, Жа­пония сияқ­ты елдердің философ­тарымен біріге ғылыми ізденістер жасауға арналған келісім-шарттардың негіз­де­рі қаланды. Мәселен, конгресс бары­сында алғашқы рет Ислам филосо­фиясын біріге зерттеудің мүм­кіндіктерін кеңіту мақсатында халықаралық философиялық ұйым құрылып, оның президенті ретінде Иранның көрнекті философы Авани сайланды. Оған Қазақстан философ­тары да мүше болып енуге тілек білдірді. Сонымен қатар Қытай және Ресей философтарын қазақстандық делегация өзара салыстырмалы сипаттағы жаһан­дану мәселелерін талқылауға арнал­ған жобаны жүзеге асыруға шақыр­ды.

Әріптестеріміздің әлемдік конгресте ғылыми нысан ретінде көтерген мәселелері көптеген елдер­дегі философия саласындағы әріп­тестерге ұлттық рухани байлы­ғы­мыздың әр түрлі қырларынан мағлұ­маттар беру, сонымен қатар қазіргі жаһандану заманының күрделі сипа­тын зерделеп беретін филосо­фияның үлгісін ұсыну  болса, адамзатқа пла­не­тааралық этикаға негізделген өзара түсінісу филосо­фия­сы қажет екендігі айтылды. Жинал­ғандарды әсіресе, елімізде  2004 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған мемле­кеттік “Мә­де­ни мұра” бағдарла­ма­сының орында­луындағы жетістік­тер мен қиын­дықтар жайлы, қазақ халқының дүние­танымы мен құн­дылықтар жүйесінің ерекше­ліктері туралы баяндамалар қызық­ты­ратыны байқал­ды. Шетелдік әріп­тестерден “Мәдени мұра” бағдарла­масының ағылшын тіліндегі аудар­масы болғаны және оның интер­нет­те белгілі бір веб-сайтта тұрғаны жөн деген ұсыныстар да түсті. Бұл да халқымыздың фило­софиялық ой-санасына, рухани мәдениетіне халықаралық деңгейде қызығу­шылықтың үлкен екенін танытады.

Сондай-ақ бұл жиында қазіргі замандағы техникалық прогресс пен мәдени жаһанданудың адам болмы­сын біршама өзгерткендігі, психо­логиялық, ділдік түзетпелер жасауға алып келгендігі жөнінде сөз қозғалды. Экономикалық бәсе­келестікке түскен әр түрлі ғалам­дық корпорациялардың қаржылық табыстарды қуалап, ұжымдық өзім­шілдік жолында кеткені және соның салдарынан көптеген мәдениеттерде этностық ерекше­ліктер біршама сұрықсызданып, мәдени төлтумалық бедерсізденіп келе жатқаны жайында да тұжы­рымдар келтірілді. Әрбір халық мәдениетінің өзіндік тарихи құн­дылығы зор екендігіне және оны барынша кемелдендіріп, дамыту мәселесіне де баса назар ауда­рылды. Әсіресе, өзінің өткен тари­хында көптеген қиындық­тар көрген ұлттар мәдениеттерінің ішкі әлеуетін ашуға жете көңіл бөлетін уақыт келгендігі айтылды. Ең бастысы, философтар ХХІ ғасыр­дың адам руханилығын асқақтату ғасыры болатынына үміт білдірді. Ол үшін сол адам өмір сүре­тін мәдени, саяси, рухани, әлеу­меттік және экологиялық ортаның үйлесімді дамуының қажет­тілігін байыптай түсуіміз керек деген тұжырымға келді. Міне, осы мәселе бойынша қоғамдағы зиялы қауым­ның қауымдастықты өрке­ниет­­тендіру, руханиландыру, гу­маниза­циялау мақ­сатындағы белсен­ділігі аса маңызды екендігіне баса назар аударылды. Қазақтың “бірлік бар жерде тірлік бар” деген сөзі осы ғылыми форум­ның басты идея­сы­мен, бағыт-бағда­рымен сәй­кес келгенін де айта кеткен жөн десек, адамзатты ыдыраушы­лық­тан, оқшаулану мен өзара шендесу­ден, текетірестік пен кикілжіңдерден құтқарудың жолдарын былайша біріге іздеудің мәні зор.



Авторы: Серік НҰРМҰРАТОВ, философия ғылымдарының докторы, профессор.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат