Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-10-01:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2008 жылғы 28 тамыз Астана, Үкімет Үйі № 781

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. “Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сактау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 12, 129-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, “Астық туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

Агент ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ақша қаражатын астықты жеткізгеннен кейін немесе олар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бергеннен кейін аударады.”;

10-тармақта:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

“мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сатудан түскен, берілген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талап ету құқықтарын іске асырудан, сондай-ақ мемлекеттік жемдік астық ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа астық сатып алу.”;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

“Мемлекеттік жемдік астық ресурстары техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін жемдік астықтан құралуы тиіс”;

12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

“Жемдік несие Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылған кезде беріледі.”;

13-тармақта:

бірінші абзацтағы “комиссияға” деген сөз “агентке” деген сөзбен ауыстырылсын;

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

“міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуін беру дайындығын растайтын құжат”;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“15. Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын сату уәкілетті органмен келісім бойынша алдын ала төлеу шартымен не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылған кезде жүзеге асырылады.”;

17-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “мемлекеттік тұқым ресурстарын сатудан түскен және мемлекеттік тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен уақытша бос ақшаны депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған қаражатқа аттестаттаудан өткен өндірушілерден тұқым сатып алу;”;

20-тармақта:

бірінші абзацтағы “агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген кепілдігі” деген сөздер “Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуі” деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы:

“комиссияға” деген сөз “агентке” деген сөзбен ауыстырылсын;

“Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдік беруге дайындығы туралы ниет-хатын” деген сөздер “міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді беру дайындығын растайтын құжатты” деген сөздермен ауыстырылсын;

22-тармақтағы “агентпен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің кепілдігі болған кезде” деген сөздер “Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуін беру кезінде” деген сөздермен ауыстырылсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

“Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыруды және жаңартуды уәкілетті орган агент арқылы мемлекеттік астық ресурстарының басқа түрлерінен астық ауыстыру не республикалық бюджет қаражаты есебінен астық сатып алу жолымен жүзеге асырады. Бүл ретте көрсетілген қаражат мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдаланудан түскен ақша есебінен республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс.

Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары техникалық регламенттер мен стандарттау жө­ніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін азық-түліктік астықтан құралады”;

35-тармақтың екінші, үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 781 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. “Ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 15, 195-құжат).

2. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 және 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 мамырдағы № 522 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 271-құжат).

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 989 қаулысының 1-тармағының 2)-тармақшасы.

4. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 наурыздағы № 371 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 261 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 143-құжат).

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2008 жылғы 28 тамыз    Астана, Үкімет Үйі     №783

 

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы №1254 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. “Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 жел­тоқсандағы №1254 қаулысына (Қазақстан Республика­сының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №48, 600-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

3-тармақта:

“сатуды” деген сөздің алдынан “сақтауды және” деген сөздермен толықтырылсын,

“2008 жылғы 30 маусымға” деген сөздер “2008 жылғы 31 желтоқсанға” деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2008 жылғы 30 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2008 жылғы 29 тамыз Астана, Үкімет Үйі №800

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы №471 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. “Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы №471 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 253-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

“2008 жылғы 1 қыркүйекке” деген сөздер “2009 жылғы 1 қаңтарға” деген сөздермен ауыстырылсын,

“тұрмыстық пеш отынынан басқа”, деген сөздер алынып тасталсын,

“(СЭҚ ТН 2710 19 310 0 – 2710 19 490 0)” деген сөздер алынып тасталсын,

“(СЭҚ ТН 2710 19 310 0 – 2710 19 490 0)” деген сөздер “(СЭҚ ТН 2710 19 410 0 – 2710 19 490 0)” деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен  Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабардар етсін.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2008 жылғы 29 тамыз    Астана, Үкімет Үйі    №805

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 казандағы № 1036 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. “Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

“Баж ставкасы (1000 кг үшін доллармен)” деген бағанда “109,91”, “27,43”, “123,3”, “82,2”, “82,2” деген сандар тиісінше “203,8”, “121,32”, “168,7”, “112,5”, “112,5” деген сандармен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

3.Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бас­тап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат