Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-10-03:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2008 жылғы 29 тамыз  Астана, Үкімет Үйі  № 803

 

“Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар” техникалық регламентін бекіту туралы

“Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған “Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар” техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген

 

“Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар” техникалық регламенті

 

1. Қолданылу аясы

1. Осы “Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талап­тар” техникалық регламенті (бұдан әрі – техникалық регламент) Қазақстан Респуб­ли­касының “Өрт қауіпсіздігі туралы” 1996 жылғы 22 қарашадағы, “Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы” 2002 жылғы 3 сәуірдегі, “Қауіпсіз­дік және еңбек қорғау туралы” 2004 жылғы 28 ақпандағы, “Техникалық реттеу туралы” 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы техникалық регламенттің та­лап­тары өндірістік және басқа да объекті­лердегі (бұдан әрі – объектілердегі) қауіп­сі­здік талаптарын қамтамасыз етуге арнал­ған сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қолданылады.

3. Осы техникалық регламент мына­дай өнім түрлеріне:

1) барлық көлік, көлік құралдары және жол қозғалысының түрлеріне жарық­тық сигнал беру жабдықтарына қолданы­латын түстерге;

2) баллондардың, құбырлардың, газдар мен сұйықтықтарды сақтауға әрі тасымал­дауға арналған сыйымдылықтардың түсте­рін­е, белгілеріне және таңбалау қалқан­дарына;

3) жол белгілері мен белгілеулер, темір жолдардың жол және сигналдық белгілері, барлық көлік құралдары (көтеру-көліктік механизмдердің, зауытішілік, жолаушылар және қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне арналған белгілерден басқа) қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған белгілерге;

4) тасымалдау мен сақтаудың арнайы талаптарын қажет ететін қауіпті жүктерді, жүк бірліктерінің белгілері мен таңба­лауларға;

5) электртехниканың белгілеріне қол­данылмайды.

2. Терминдер мен анықтамалар

4. Осы техникалық регламентте Қазақ­стан Республикасының “Техникалық реттеу туралы”, “Өрт қауіпсіздігі туралы”, “Қауіп­сіздік және еңбекті қорғау туралы” Заң­дарында көрсетілген терминдер мен анық­тамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:

1) қалдық жарықтанудың ұзақтығы – жарық көздері ажыратылғаннан кейін қауіпсіздіктің фотолюминесцентті белгі­лерінің, сигналдық белгілеулер мен мате­риалдардың сәулелену жарықтылығының көру мүшесінің сезімталдық шегінен 100 есе (0,3 мкд/м2) асатын белгіге дейін төмендейтін уақыты;

2) қосымша белгі (табличка) – қауіп­сіздік белгісінің бірімен бірге қолданы­латын және ішінде қосымша ақпараты бар белгі;

3) қауіпсіздік белгісі – адамдарды ті­келей немесе ықтимал қауіп жөнінде ес­керуге, белгілі бір әрекеттерге тыйым са­луға, кеңес беруге немесе рұқсат беруге арналған сигналдық және қарама-қарсы түстерді, графикалық символдарды және (немесе) түсіндіру жазуларын пайдалану арқылы, сондай-ақ пайдалануы қауіпті жә­не (немесе) зиянды факторлардың әсер­лерін болдырмайтын немесе төмендететін объектілер мен құралдардың орналасқан жері туралы ақпараттары бар белгілі бір геометриялық формадағы түстік графика­лық бейне;

4) өрт қауіпсіздігі белгісі – өрттің туын­дауын болдырмау мақсатында адамдардың тәртібін реттеуге, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныш құралдарының орналасқан орын­дары, құлақтандыруды, ұйғарымды, рұқ­сат беруді немесе өрт туындаған жағ­дайда белгілі бір әрекеттерге тыйым салуға арналған қауіпсіздік белгісі;

5) шығу осі – бір ұшы шығу ортасы болып табылатын және жарық қайтарғыш құрылғының көлбеу бұрышын анықтау үшін пайдаланылатын белгілі бір түзу кесінді;

6) қарама-қарсы түстер – көру қабыл­дауын күшейту және қоршаған фондағы қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгі­леулерді ерекшелеуге, графикалық сим­волдар мен түсіндірме жазуларды орын­дауға арналған түс;

7) жарық қайтару коэффициенті, (R') - жарық түсу бағытының қарама-қарсы бағы­тына, нормаль бойынша  беті­нің жа­рық­тануына және А бетінің жарықтанған ауданына жарық қайтарғыш материал ша­ғылыстырған І жарық күшінің қатынасы;

8) жарықтылық коэффициенті – эле­ментінің бет жағының жарықтылығы мен жарықтанғандық пен бақылаудың бірдей жағдайларында мінсіз шағылысу немесе мінсіз шашырату жағдайындағы жарық­тылығы арасындағы арақатынасы;

9) люминесценция – тепе-тең күйде тұрмаған (қозған) материалдың сыртқы әсерлер энергиясы есебінен (оптикалық, механикалық, электрлік және т.с.с.) немесе ішкі туындаған энергиялар әсерінен (хи­миялық және биохимиялық реакциялар мен айналулар) жарқырауы (сәуле шы­ғаруы);

10) сәулеленбейтін материал – люми­несценциялық қасиеті жоқ және оны құ­раушы кванттардың жиілігін өзгертпейтін, алайда оның спектрін ықтимал өзгерте алатын, өзіне түсетін немесе енетін табиғи немесе жасанды жарықты шағылыстыруға (шашыратуға) қабілетті материал;

11) сәулелену осі – шығу ортасын жарық көзімен қосатын тік кесінді;

12) бақылау осі – шығу ортасын фото­метрлік бастиекпен қосатын тік кесінді;

13) жабысқақтық көрсеткіштері – ма­териалдың жабысқақ қабатын 100 мм ұзындыққа жабыстыратын уақыт;

14) жарық қайтару – сәулеленетін жарықтың өзі шыққан бағыттарға жақын бағытқа қайтатын, сонымен қатар алғашқы сәулелену бағытының кең ауқымында сақталуға тиіс шағылысы;

15) сәулелену материалы - люминес­ценция қасиеттеріне ие материал;

16) жарық қайтарғыш материал – құ­рамында өзіне түскен сәулені сәуле түскен бағытқа жақын бағыттарға қайтаратын оптикалық элементтері бар (сфералық немесе жазықтық) материал;

17) жарық сүзгіш қабыршақтар – жарық өткізу құрылымы бар және түстік гра­фикалық бейнені жасауға және оны табиғи және физикалық әсерлерден қорғауға ар­налған, өзі жабысатын типті мөлдір желім қабатымен жабдықталған, акрил негізіндегі түстердің стандартты гаммасындағы түссіз және түрлі-түсті қабыршақтар;

18) сигналдық түс – қауіпті және (не­месе) зиянды факторлардың көздері болуы мүмкін өрт техникасына, өртке қарсы немесе басқа қорғаныш құралдарына, қауіп­сіздік белгілері мен сигналдық бел­гілеулерге, тікелей немесе ықтимал қауіп­тілікке, жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің немесе құрылмалардың элементтерінің жұмыс түйіндеріне адамдардың назарын аударуға арналған түс;

19) сигналдық белгілеу – қауіптілікті, сондай-ақ нұсқаулар мен ақпаратты бел­гілеу мақсатында сигналдық және қарама-қарсы түстерді пайдаланып құрылма­лар­дың, қабырғалардың, қоршаулардың, жаб­дықтардың, машиналардың, механизм­дердің (немесе олардың элементтерінің), таспалардың, шынжырлардың, баған­дардың, бөгеуші кедергілердің, қалқан­дардың бет жақтарында жазылған түстік графикалық бейне.

20) тұрақты бояулар – түстік графи­калық бейнелерді салуға арналған стан­дарт­ты түстері, сәйкес ұзақ мерзімге шы­дамдылығы, түстік тұрақтылығы, беріктігі бар арнайы сия;

21) бақылау бұрышы, (b) – жарық беру осі мен бақылау осін жасайтын бұрыш;

22) жарықтану (түсу) бұрышы, (b) – жарықтану осі мен шығу осін жасайтын бұрыш;

23) фотолюминесценция – кванттар жиілігі мен қоздыру жарығының спек­трімен салыстырғанда кванттар жиілігі мен сәулелену жарығының спектрі өзгеретін жарықтың сыртқы кванттарының әсерінен қозатын люминесценция;

24) фотолюминесцентті материал – қозу кезінде сондай-ақ табиғи және жасанды пайда болу жарығымен қозу аяқталғаннан кейін бірнеше уақыт бойы пайда бола алатын фотолюминесценция қасиеттеріне ие материал;

25) қалдық жарықтанудың түсі – жарық көздерін ажыратқаннан кейінгі қауіп­сіздіктің фотолюминесцентті белгілерінің, сигналдық белгілеулер мен материалдардың түсі;

26) түс шекарасы (түс аймағының ше­карасы) – рұқсат етілген (қолдануға) түсті рұқсат етілмегеннің аймағынан бөліп тұра­тын хроматикалық диаграммадағы тік сызық,

27) жарықтылық қарама-қарсылығы, (k) – жарықтылықтың қарама-қарсы түсте­рінің жарықтылықтың сигналдық түстеріне қатынасы.

3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығында айналым жағдайы

5. Сигналдық түстерді, белгілеулер және қауіпсіздік белгілерін қауіптілікте, қауіпті жағдайда, қауіпті жағдайдың алдын алуда, қауіпті жағдайды елемеген жағдайдың ық­тимал нәтижесін хабарлауда, белгілі бір әрекеттердің ұйғарымы немесе талап­та­рында, сондай-ақ белгілі бір ақпаратты ха­барлауда өндірістік объектілердегі адам­дар­дың назарын аудару үшін қолданған жөн.

6. Түрін, өлшемдерін таңдау, қолданылу тәртібі, саны, сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін орнату орындары мен орналасуы осы техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген халықаралық стан­дарттардың, құрылыс және сани­тар­лық-эпидемиологиялық ережелер мен нор­малардың, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің белгіленген тәртіпте бекітілген талаптарына сәйкес келуге тиіс.

7. Дайындаушы, уәкілетті (өкілетті), импорттаушы:

1) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізер алдында оларды зиян келтірудің және қабылдаудың ықтимал қатерлерін, қауіпсіздіктің тиісті шараларын бағалау үшін қажетті ілеспе қүжаттамамен (пайдалану бойынша нұсқаулармен, сапа паспортымен, сәйкестік сертификатымен, сәйкестік туралы декларациямен, техника­лық немесе нормативтік құжаттамамен және т. б.) қамтамасыз етуге;

2) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізген кезде ілеспе құжат­таманың құрамын өнімнің түріне немесе ол орналасатын объектінің түріне қарай анықтауға;

3) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді Қазақстан Республикасының нарығында шығарған кезде сатушыларды оларды өткізу кезіндегі әрекеттерінің тәрті­бі туралы ақпараттандыру, тұтынушы­лар­дың шағымдарын тексеруге;

4) мемлекеттік бақылаудың тиісті орган­дарын олардың тұтынушыларды ескертуге арналған шаралар қабылдауы мақсатында өткізуден кейін анықталған тұрақты қауіп­тіліктер туралы ақпараттандыруға міндетті.

8. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді өткізетін сатушы:

1) сақтаудың немесе жарамдылықтың өтіп кетпеген мерзімі, бұзылмаған қабы мен орауынсыз, сондай-ақ пайдалану құ­жат­тамасының толық жинағымен тек қана қауіпсіз өнімдер мен құрылмаларды өткі­зуге;

2) дайындаушыдан, тұтынушыдан не­месе мемлекеттік бақылау органдарынан нақ­ты материалдардың, өнімдердің және құрылмалардың техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәй­кессіздігі туралы ақпарат анықталған жағ­дайда, сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілерін өткізбеуге;

3) тұтынушыларға қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді пайдалану жөніндегі нұсқаулар көлемінде оларды пай­далану қауіпсіздігі ережесі туралы кеңесті қамтамасыз етуге міндетті.

9. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер олар адам денсаулығына, жа­нуарлар мен өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиян келтірмеген жағдайда ғана Қа­зақстан Республикасының нарығына шы­ғарылуы және пайдалануға енгізілуі қажет.

10. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер ілеспе құжаттамада көрсетілген осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

11. Ілеспе құжаттардың құрамына мы­налар:

1) қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді дайындаушылар, өнімді дұрыс пайдалану немесе қолдану бойынша, олардың дайындалған күні, пайдалану мерзімі, қосылыстардың электрлік сұлбасы (электрлік тармақтану) туралы мәліметтері бар пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

2) өнімнің типтік жинағына берілген сәйкестік сертификаттарының көшірмелері енуі қажет.

12 Ілеспе құжаттардың құрамы олар орналасатын өнімнің немесе объектінің түріне қарай өзгеруі мүмкін.

13. Жұмыс беруші немесе ұйымның әкімшілігі:

1) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдай­ларына сүйене отырып объектілердегі қауіп­тіліктің түрлері мен орындарын анық­тауға;

2) қауіптіліктің түрлері мен орындарын, сондай-ақ сигналдық түстердің, белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің ықтимал қауіп­ті жағдайларын белгілеуге;

3) тиісті қауіпсіздік белгілерінің түрлерін анықтауға (қажет жағдайда қауіпсіздік белгілерінде түсіндірме белгілерді таңдап алуға);

4) сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің өлшемдерін, түрлерін, орын­далуын, қорғаныш деңгейін және орналас­тыру орындарын анықтауға;

5) қауіпсіздік белгілерінің көмегімен жеке қауіпсіздік құралдары мен өрт, апат немесе басқа төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ықтимал материалдық шығынды азайтуға ықпал ететін құралдарды орналас­тыру орнын белгілеуге міндетті.

14. Қауіпсіздік белгілерінің өлшемдері мен жабдықтарда, машиналар мен меха­низм­дерде орналастыру (орнату) орындары өнімге арналған техникалық құжаттамада қарастырылуы қажет.

15. Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді жабдықтарда, машиналар мен механизмдерде орналастыруды (орнатуды) дайындаушы кәсіпорын орындайды.

Қосымша қауіпсіздік белгілерін пай­далану жабдықтарында, машиналары мен механизм­де­рінде орналастыруды (орнату­ды) пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

Учаскелерде немесе объектінің уақытша қауіптіге жатқызылған орындарында олар­ды пайдалану мерзімі біткен соң алып тас­тайтын, тасымалданатын қауіпсіздік бел­гілері орнатылады.

16. Объектіні және (немесе) өндірістік процесті қайта құрғаннан кейін сигналдық түстер, бел­гілеулер мен қауіпсіздік белгілері осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

4. Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

4.1. Жалпы талаптар

17. Пайдаланған кезде сигналдық бел­гілеулер мен қауіпсіздік белгілері құлаған немесе басып қалған жағдайда адамдардың денсаулығына, жабдықтарға, зауытішілік көліктерге зиян келтірмеуі қажет.

18. Сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілерін жасау кезінде пайдала­нылатын материалдар үшін (полимер қа­быр­шақтар мен пластиктер үшін) Қазақ­стан Республикасының аумағында қолда­нуға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекет­аралық, халықаралық стандарттардың талап­тарына сәйкес өрт қауіптілігі көр­сеткіштері анықталуға тиіс.

19. Ішкі немесе сыртқы электр жарығы бар сигналдық белгілеулер және қауіпсіздік белгілері электр қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ “Қазақстан Республикасында электр жабдықтарын орнату ережелерін” (бұдан әрі – ЭОЕ). сақтай отырып орындалуы керек.

20. Жарылыстан қорғалған орындауда жасалған қауіпсіздік белгілері мен сигнал­дық белгілеулер ЭКОЕ 7.3-тарауының та­лаптарына, өрт қауіпсіз орындауда жасал­ғандар ЭКОЕ 7.4-тарауының талаптарына сәйкес келуі қажет.

21. Сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілерін жасау үшін пайдаланы­латын материалдар тұтану немесе жарылыс көздері болуға қабілетті статикалық элек­трлік разрядтарының туындауын болдыр­майтын немесе алдын алатын электрлік статикалық қасиеттерге ие болуы қажет.

22. Сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілері пайдаланған кезде және орындарда қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін сақтаған кезде қоршаған ортаға улы және адамдардың денсаулығына зиянды заттарды бөлмеуге тиіс.

23. Адамдардың денсаулығына зиянды элементтердің бөлінуі Қазақстан Респуб­ликасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, ха­лықаралық стандарттарда келтірілген белгілерден аспауы қажет.

24. Сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілерін жасау үшін пайдаланы­латын материалдар қауіпсіздік көрсет­кіш­тері бойынша санитарлық-эпидемиоло­гиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі керек.

25. Қауіпсіздік белгілерінің өндірісі кезіндегі жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектік рұқсат етілген концентрациялар бөлінуі Қазақстан Рес­публикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарынан аспауы қажет.

26. Сигналдық белгілеулер мен қауіп­сіздік белгілерін өндіру үшін пайдала­ны­латын жабдықтардың қауіпсіздігіне қойы­латын талаптар Қазақстан Республикасы­ның аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарға сәйкес келуге тиіс.

4.2 Сигналдық түстерге қойылатын талаптар

27. Осы техникалық регламент мынадай сигналдық түстерді белгілейді: қызыл, сары, жасыл, көк.

Қауіпсіздік белгілері мен сигналдық бел­гілеулердің түстік графикалық бейнелерін көзбен қабылдауды күшейту үшін қарама-қарсы – ақ немесе қара түстермен үйлес­тіріп қолданған жөн.

Қарама-қарсы түстерді графикалық сим­волдар мен түсіндірме жазуларды орындау үшін пайдаланған жөн.

Сигналдық түстердің мағынасы, қолда­нылу саласы және оларға сәйкес контрасты түстер техникалық регламенттің 1-қосым­шасында келтірілді.

28. Сигналдық түстердің арналуы мен қолдану тәртібі

1) сигналдық түстер:

адамдар үшін қауіптілік көзі болуы мүмкін жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің жақ­тарын, құрылмаларын (немесе құрылма эле­мент­терінің), бұйым­дарын, түйіндері мен элемент­терін, қор­шау­лар мен басқа да қорғаныш құрыл­ғы­­лары мен бұғаттау жүйелерінің жақтарын белгілеу;

өрт техникасын, инвентарьды, өртке қар­сы және жеке қорғаныш құралдарын, олар­дың элементтерін, белгілеу, өрт авто­матикасы қондырғыларының, түтінге қарсы қорғаныш жүйелері мен өзін қорғау құрал­дарының қолмен іске қосу түймелерін табу;

қауіпсіздік белгілері, сигналдық белгі­леулер, эвакуация жоспарлары және қауіп­сіздікті қамтамасыз етудің көзбен шолу құралдары;

жарық беретін (сәулелік) қауіпсіздік құралдарын (сигналдық шамдар, табло);

эвакуация жолдарын белгілеу үшін қолданылуға тиіс.

2) сигналдық қызыл түс:

механизмдер мен машиналардың ажы­рату, оның ішінде апатты құрылғыларын белгілеу;

жабдықтардың, машиналар мен меха­низмдердің ашық тоқ жүргізу элементтері бар шкафтарының қақпақтарының (есік­терінің) ішкі жақтарын;

крандардың саптары, қысымды апатты (мәжбүрлеп) түсіру, түтін – және жылуды жою жүйелерінің түймелерін;

кернеу асты жұмыс күйінде тұрған май ажыратқыштардың тұрқын;

өрт техникасының алуан түрлерін, өртке қарсы қорғаныш құралдарын, жедел тануды талап ететін олардың элементтерін (өрт машиналары, гидрант-бағаналардың жер бөліктерін, от сөндіргіштер, баллондар, өрт автоматикасын қолмен іске қосу жүйеле­рінің (қондырғыларының) құрылғыларын, хабарландыру құралдары, өртке қарсы қызметпен тікелей байланыс телефондары, сорғылар, өрт стендтері, суға арналған бөшкелер, сондай-ақ шелектер, күректер мен балталар) белгілеу;

өрт саймандары мен от сөндіргіштерді бекітуге арналған ақ түсті өрт қалқандары­ның жиектері. Жиектерінің ені 30 мм бастап 100 мм шамасында болуға тиіс;

от сөндіргіштің, қолмен іске қосатын өрт сөн­діру қондырғысының, өрт сигнал беру жабдығы­ның түймешіктерін табу орындарын белгілеуге арналған жолақ­тар­дың көлденең орналасқан кесінділері тү­рін­дегі құрылыс құрылмаларының (қабы­рғалар, бағаналар) элементтерінің өр­нек­тері;

Жолақтардың ені 150 мм бастап 300 мм шамасында болуы керек. Жолақтар жұмыс орындары мен өтпе жолдардан көзбен қабылдауға қолайлы биіктікте қабырғалар мен бағаналардың жоғарғы бөлігінде орналасуы қажет;

сигналдық шам және технологиялық процестің бұзылғаны немесе қауіпсіздік жағдайларының бұзылғаны туралы хабар беретін “Дабыл”, “Ақаулылық” деген ақпараты бар табло;

қарпығыш құрылғыларды, өндірістік қондыр­ғылар мен өнеркәсіптік роботтарды белгілеу;

уақытша қоршауларды немесе қауіпті аймақтардың, учаскелердің, аумақтардың, шұңқырлардың, котловандардың, химия­лық, бактериологиялық және радиациялық ластану орындарының уақытша қоршаула­рының, сондай-ақ кіруге уақытша тыйым салынған басқа да орындардың, аймақ­тар­дың, учаскелердің шекараларында орна­тылатын уақытша қоршаулардың элемент­терін белгілеу;

тыйым салатын қауіпсіздік белгілері мен өрт сөндіру, өрт кезінде адамдарды құтқару құралдары орналасқан орындары, өрт автоматикасы, қол өрт хабарландырушылар және өртке қарсы сумен жабдықтау көзде­рінің қондырғыларын (жүйелерін) іске қосу туралы ақпараттары бар өрт қауіпсіздігі белгілері үшін қолданылады.

3) сигналдық қызыл түсті:

жедел тануды қажет етпейтін (өрт ха­бар­ландырушылары, өртке қарсы сумен жабдықтау желілерінің құбыржолдары, өрт сөндіру қондырғыларының суландырғыш­тары) өртке қарсы орнатылатын стацио­нарлық қорғаныш құралдарын (олардың элементтерін) белгілеу үшін;

түсінбестік пен абыржудан аулақ болу үшін эвакуация жолдарына (тыйым сала­тын қауіпсіздік белгілері мен өрт қауіпсіз­дігі белгілерінен басқа) пайдалануға тыйым салынады.

4) сигналдық сары түсті:

жұмыс істейтіндердің жарақат алуына себеп болуы мүмкін құрылыс элементтері мен олардың құрылмаларын: төмен бөре­не­лерді, еден жазықтығының шығыңқы жері мен төмен түсіп кетуін, аса көрінбей­тін баспалдақтарды, пандустарды, құлау қаупі бар орындарды (тиеу платформалары, жүк түп асты, қоршалмаған алаңқайлар­дың, люктердің, ойықтардың жиектері және т.б.), өтулердің тарылуын, аса көрін­бейтін тірек таяныштарды, түйіндерді, ба­ғаналарды, зауытішілік көліктерінің қар­қынды қозғалыс орындарындағы тіректер мен тіреулерді белгілеу;

адамдардың абайсыз жұмыс істеуі ке­зінде қауіптілік төндіретін жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің түйіндері мен элементтерін: қозғалмалы ашық түйін­дерді, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға, сондай-ақ үнемі төбеге ілінген немесе жұмыс кеңістігіне шығыңқы технологиялық арқаулар мен механизмдердің алаңдардың қоршау құрылмаларының қозғалмалы элементтерінің (тегістеу шеңберлерінің, жоң­ғыштардың, тісті дөңгелектердің, же­текті белдіктер мен шынжырлардың) толық жабылмайтын қоршауларының қоршау құрылғыларының жиектерін белгілеу;

пайдаланған кезде көлік құралдарының, көтергіш-көлік жабдықтарының және жол-құрылыс машиналарының элементтерінің, жүк көтергіштердің алаңшаларының, элек­трокар бамперлері мен бүйір беттерінің, экскаватор тиеуіштерінің, арбаларының, бұру платформалары мен жебелерінің бүйір беттерінің, автотиеуіштердің қарпығыш­тары мен алаңшаларының, ауыл шаруа­шылығы машиналарының жұмыс мәрім­дерінің, жүк көтеру крандарының элемент­тері мен жүк ілгектерінің құрсамаларының қауіпті элементтерін белгілеу;

жылжымалы жинақтау құрылғыла­ры­ның, олардың элементтері мен жүк қарпы­ғыш айлабұйым элементтерінің, аударғыш­тар­дың, маңдайшалардың, көтергіштердің қоз­ғалмалы бөліктерін, жинақтау мұнара­лары мен сатыларының қозғалмалы бөліктері;

қақпақтардың, есіктердің, қаптамалар мен бақылау, жөндеу және реттеу үшін мерзімді қолжетімділікті қажет ететін жаб­дықтардың, машиналардың, механизмдер­дің қозғалмалы түйіндері мен элементте­рінің орналасқан жерін жауып тұратын басқа да қоршаулардың ішкі жақтары;

тұрақты немесе уақытша қоршаулардың немесе қауіпті аймақтардың, учаскелердің, аумақтардың: ойықтарда, шұңқырларда, котловандарда, шығару алаңдарында, са­тылардың, балкондардың, аражабындардың және биіктен құлау мүмкін болатын тұ­рақты қоршаулардың шекараларында орнатылатын қоршаулардың элементтері;

сыйымдылық және құрамында қауіпті немесе зиянды заттары бар технологиялық жабдықтарды белгілеу;

эвакуациялаған жағдайда үнемі бос тұруға тиісті алаңшаларды (өрт дабылын беру орнының жанындағы, өртке қарсы қорғаныш, хабарлау, алғашқы медицина­лық көмек көрсету, өрт сатылары құралда­рына келу орнының жанындағы эвакуа­циялық шығу мен кіру алаңшаларын) белгілеу;

ескертетін қауіпсіздік белгілері үшін қолданылуға тиіс.

Өту жолында болуы мүмкін жол-құры­лыс машиналары мен көтеру-көлік жаб­дық­тары үшін көлбеу 45Ү бұрышта 1:1 бастап 1,5:1 дейінгі қатынасында сигнал­дық қызыл және сары түстердің, сигналдық сары және қара түстердің кезектесетін жолақтары түріндегі ескерту бояуларын қолдануға рұқсат етіледі.

Олар тәуліктің қараңғы мезгілінде өту жолында болған жағдайда көлбеу 45Ү бұрышта 1:1 бастап 1,5:1 дейінгі қатына­сында сигналдық қызыл және сары түстер­дің, сигналдық сары және қара түстердің кезектесетін жолақтары түріндегі жарық қайтарғыш материалдардың көмегімен ескерту белгісін қолдану қажет.

Жолақтардың ені табиғи (әдеттегі) және бос көру қабылдауы жағдайларына қарай белгіленеді.

5) сигналдық көк түс:

жарқырайтын (жарықтық) сигналдық индикаторларды және нұсқаулық немесе рұқсат беруге арналған басқа сигналдық құрылғыларды бояу үшін;

ұйғарымдық және нұсқау беретін қауіп­сіздік белгілері үшін қолданылуы қажет.

6) сигналдық жасыл түс:

қауіпсіздікті (қауіпсіз орындарды, ай­мақтарды, қауіпсіз жағдайды);

жабдықтардың қалыпты жұмыс режімі мен технологиялық процестердің жай-күйі туралы хабар беретін декомпрессорлық камераларды, сигналдық шамдардың орналасқан жерлерін;

эвакуация жолдарын;

“ШЫҒУ”, “ЕХІТ”, “ВЫХОД” деген ақ жазулары бар жарық таблоларға немесе шырақтарға шығуларды;

медициналық және санитарлық мәнді эвакуациялық қауіпсіздік белгілері мен қауіпсіздік белгілерін белгілеу үшін қолда­нылады.

29. Сигналдық және қарама-қарсы түстердің сипаттамалары

1) сигналдық және қарама-қарсы түстер жарқырамайтын, жарық қайтарғыш және фотолюминесцентті материалдарда, сон­дай-ақ жарқырайтын (сәулелік) объек­тілерде (жарықтың сигналдық көздерінде) көзбен қабылданады және суреттеледі.

2) жарқырамайтын, жарық қайтарғыш ма­териалдар мен жарқырайтын объекті­лер­дің сигналдық және қарама-қарсы түс­тері­нің ко­лориметрлік және фотометрлік сипат­тама­ла­ры техникалық регламенттің 2-қосымша­сының талаптарына сәйкес келуі қажет.

3) фотолюминесцентті материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерінің колориметрлік және фотометрлік сипатта­ма­лары техникалық регламенттің 3-қосым­шасында келтірілген талаптарга сәйкес келуі керек.

4) техникалық регламенттің 29-тармағы бойынша беттерді, түйіндер мен элемент­терді бояу үшін немесе қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулерді дайындау үшін пайдаланылатын сигналдық және қарама-қарсы түстердің материалының әрбір түріне техникалық регламенттің 2 және 3-қосымшаларының талаптарына сәйкес осы материалдың бақылау (эталон­дық) үлгілерін әзірлеу керек және жылты­рын, бетінің фактурасы мен материалдың химиялық құрамын ескере отыра рұқсат етілетін түстен ауытқуын белгілеу қажет.

5) бақылау (эталондық) үлгілерін әзір­леген және материалдарда сигналдық және қарама-қарсы түстерді шығарған (өткізген) кезде техникалық регламенттің 4-қо­сымшасында келтірілген нұсқауларды пай­даланган жөн.

Сигналдық және қарама-қарсы мате­риалдардың бақылау (эталондық) үлгілері келісілуге және бегіленген тәртіпте бекіті­луге тиіс.

4.3. Сигналдық белгілеулерге қойылатын талаптар

30. Сигналдық белгілеулердің түрлері мен орындалуы

1) сигналдық белгілеулер қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ сиг­налдық және қарама-қарсы түстердің ке­зек­тесетін жолақтары түрінде орындалады.

2) сигналдық белгілеуді құрылыс құрыл­маларының, гимараттар мен құрылыс­тардың элементтерінің, көлік құралдары­ның, ма­ши­налардың, жабдықтардың, ме­ханизмдердің беттеріне, сондай-ақ қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге арналған бұйым­дар мен заттардың, оның ішінде электрмен жабдықтаудың автономдық немесе апат көздерінен сыртқы немесе ішкі электрлік жарық беруі бар бұйымдардың беттеріне салады.

3) өрт қауіпті және жарылыс қауіпті үй-жайлар үшін ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер тиісінше өрт қауіпсіз және жарылыстан қорғалған, ал жарылысөрт қауіпті үй-жайлар үшін – жарылыстан қорғалған түрде орындалуға тиіс.

4) сигналдық белгілеулерді фотолюми­нес­центті, жарық қайтарғыш және жар­қырамайтын материалдар немесе олардың комбинацияларын қолданып орындайды.

5) сигналдық белгілеулерді жасауға ар­нал­ған материалдарды пайдалану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттің 5-қосымшасында келтірілген.

6) ішінде агрессивті химиялық орталары бар өндірістік жағдайларда орналастыруға арналған сигналдық белгілеулер газ тәрізді, бу тәрізді және аэрозольды химиялық орталардың әсеріне шыдамды болуға тиіс.

31. Сигналдық белгілеулердің арналуы және қолдану тәртібі

1) қызыл-ақ және сары-қара сигналдық белгілеулерді:

кедергілерге тап келу қауіптерін, сүріну және құлап қалу қауіптерін;

жүктің, заттардың құлауы, құрылмалар мен олардың элементтерінің бұзылуы мүм­кін болатын аумақтарда қалу қауіптерін;

аумақтардың (учаскелердің) химиялық, бактериологиялық, радиациялық немесе басқа да ластану аймақтарында қалу қаупін;

қауіпті өндірістің бақылау-өткізу пункт­терін және бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған басқа да орындарды;

өрт қауіпті, апатты, апатты-құтқару, жөндеу, құрылыс және басқа да арнайы жұмыстарды жүргізу орындарын;

түйіндердің құрылыс және сәулет эле­менттерін (бағаналарды, бұрыштарды және шығыңқы жерлерді) және жұмыс аймағына шығыңқы жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің, арқаулардың элементтерін немесе адамдардың болуы мүмкін ке­ңістікті;

қозғалыс жолақтарының шекараларын (мысалы құрылыс жұмыстарын жүргізу аймағында жұмыс істейтіндерге арналған өтулер, жол жұмыстарын жүргізу аймағын­дағы көлік құралдарының қозғалыстары);

алаңдарды, құрылмаларды, аймақтарды және техникалық регламенттің 29-тарма­ғының талаптарына сәйкес келуін;

техникалық регламенттің 29-тарма­ғының та­лаптарына сәйкес жабдықтардың, машиналардың, механизмдердің түйіндері мен элементтерін;

спорттық жарыстарды (велотректерді, автомобиль және шаңғы трассаларын) не­ме­се қызықты шараларды өткізу орын­дары­ның шекараларын белгілеу мақсатын­да қолданған жөн.

2) егер кедергілер мен қауіптілік орын­дары тұрақты болатын болса, олар ке­зектесетін сары-қара жолақтары бар сиг­нал­дық белгілеулермен, егер кедергілер мен қауіптілік орындары уақытша сипатта, мысалы жол, құрылыс және апатты-құт­қару жұмыстары болса, қауіптілік кезекте­сіп келетін қызыл-ақ жолақтары бар сиг­нал­дық белгілеулермен белгіленуге тиіс.

3) эвакуация жолында кезектесетін қызыл-ақ жолақтары бар сигналдық белгі­леулерді қолдануға тыйым салынады.

4) радиациялық және шартты радиа­циялық ластанулары бар қауіпті аймақ­тарды осы техникалық регламенттің, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасының аума­ғында қолдануға рұқсат етілген мемлекет­тік, мемлекетаралық, халықаралық стан­дарт­тардың талаптарына сәйкес белгілеу және қоршау қажет.

5) жасыл-ақ сигналдық белгілеулерді қауіпсіз қозғалыс жолақтарының ше­ка­раларын белгілеу және эвакуация жолдары бойынша қозғалыс бағытын нұсқау үшін (мысалы “шырша” түріндегі сызықты бағыттайтын) қолданған жөн.

32. Түстік графикалық бейнелеу және сигналдық белгілеулердің өлшемдері

1) сигналдық және қарама-қарсы түстер­дің жолақтары сигналдық белгілеулерде түзу (тік немесе көлденең), 450 бұрышта көлбеу немесе “шырша” түрінде ирек орналасуы мүмкін.

2) сигналдық белгілеулерде сигналдық және қарама-қарсы түстердің кезектесіп орналасу үлгілері техникалық регламенттің 6-қосымшасында келтірілген.

3) қызыл, сары немесе жасыл сигналдық түстердің үлесі жолақтардың жалпы ауда­ны­нан 50 % кем болмауы керек. Қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ түстердің жолақтарының енінің қатынасы тиісінше 1:1 бастап 1,5:1 дейінді қүрауы керек.

4) s сигналдық түстің жолақтарының ені 20 мм бастап 500 мм шамасында болуга тиіс.

5) f сигналдық белгілеулердің көлденең өлшемі (ені немесе диаметрі) -20 мм кем болмауы керек.

6) s сигналдық түсі жолағының ені мен f сигналдық белгілеудің көлденең өлшемін:

сигналдық белгілеулердің түрі мен орын­далуын; объектінің өлшемдерін не­месе орналасу орнын;

сигналдық белгілеу жеткілікті көрінетін және өзінің мағыналық мәні бойынша танылатын арақашықтықты ескере отыра таңдалуға тиіс.

7. s және f өлшемдерінің шектік ауытқулары ұ3 % аспауы керек.

(жалғасы)



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат