Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-10-07:

Мүмкіндіктер мен мүдделестік үндестігі

 

Екі ел арасындағы әріптестіктің жаңа кезеңі Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен АҚШ Президенті Дж.Буш арасындағы Бірлескен мәлімдеме шеңберінде саяси ын­тымақтастық, қауіпсіздік және экономика сияқты үш  негізгі ба­ғыт­та даму үстінде. Қазақстан-АҚШ әріптестігінің даму қыры Ас­тананың жалпы сыртқы саясат­тағы дәстүрлі түрде тұрақты және тең қа­тынасты бағыт ұстауға ұмты­лысынан туындайды. Бүгінгі күні АҚШ әкімшілігі Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі саяси және экономикалық үдерістердің дамуында маңызды рөл атқара­ты­нын және Орталық Азия бойынша көшбасшы ел екенін мойын­дай­тынын талай рет мәлімдеді.  Соның ең соңғысында Кондолиза Райс Қазақстанның Сыртқы істер ми­нистрі Марат Тәжиннің Америкаға сапарындағы кездесуінде былай деген еді: “Қазақстан бүкіл Азия аума­ғындағы осы заманғы геосаяси жағ­дайдың аса маңызды факторы бо­лып табылады. Орталық Азия сияқты маңызды аймақтағы ынты­мақ­тастық бойынша АҚШ-тың ең сенімді әріптесі”.

АҚШ-тың Қазақстанды демо­кра­тиялық даму жолына түскен ел екенін мойындағанын оны 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа сай­лауда қолдағанынан да айқын көруге болады. Осының өзінен-ақ Қазақстан-Америка әріптестігінің екіжақты қатынастағы кез келген шетін мәселелерді де сындарлы жолмен, бірлесе отырып шешуге пісіп-жетілгені анық аңғарылады. Осы орайда екі елдің арасында заң шығарушылар мен сарапшылар шеңбері аясындағы байланыстар­дың жандана түскенін де атап өткен жөн. 2008 жылдың басынан бері Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның төрағалығына дайындау ісіне АҚШ-тың сарапшылар қауымдас­тығы да тартылды. Соның ішінде “Еуразия қоры”, “Карнеги Ендов­мент фо Интернешнл Пис”, т.б. институттардан нақты ұсыныстар түсті. Бұлар Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінен ғана емес, сонымен бірге сенімді әріптес бола білгендігінің де арқа­сында болып отырған істер.

Қазақстан мен Америка ара­сын­дағы сауда айналымы да жақсы жолға қойылған. Үстіміздегі жылғы алты айда тауар айналымының көлемі 1,2 млрд. АҚШ доллары кө­ле­міне жетті. Осы тараптағы ынты­мақ­тастықтың бірі – Қазақ­стан­ның Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына кіретіндігімен байланысты болып отыр. 

Вашингтон Қазақстанның Ау­ған­стандағы жағдайды тұрақтан­дыру жолындағы еңбегін де жоғары бағалайды. Сонымен қатар, АҚШ Қазақстанның Ирактағы тұрақты­лықты қалпына келтіру істеріне қосқан үлесін де атап өтіп жүр. Бүгінгі күні Ирактағы қазақ­стандық жауынгерлер 6 млн. дана жарылғыш заттардың көзін жойды және 300-ден артық Ирак маман­дарын дайындап шығарды.

Сондай-ақ АҚШ Қазақстанның Батыс пен Ислам әлемі арасындағы үнқатысуларды дамыту ісіне қосып жүрген үлесін де қолдайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың Мемлекеттік хат­шысы Кондолиза Райстың кездесуі барысында халықаралық және аймақтық мәселелер кеңінен тал­қыланды. Соның ішінде Ауған­стандағы жағдайды оңалта түсу, Ирактағы ахуалды тұрақтандыру, Кавказдағы шиеленісті реттеу мәсе­лелері сөз болды. Келіссөз бары­сында Орталық Азияның даму болашағы да өзекті тақырыптардың біріне айналды. Сонымен бірге тараптар әлемдегі қауіпсіздіктің басым факторы болып саналатын Америка-Ресей қарым-қатына­сының қазіргі жай-күйі туралы да пікір алмасты.

Келіссөз барысында Қазақ­стан мен АҚШ арасындағы қа­рым-қатынастың дамуына және оның көпқырлылығына екі жақ та қанағат білдірді. Бүгінгі таңда ол мұнай-газ секторын ғана емес, ауыл шаруашылығы, телекомму­ни­кация және көлік саласын да қамтып, инвестиция құюға мүд­де­­лілік танытылып отыр. 

Елбасы Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне көрсеткен қолдауы үшін АҚШ-қа ризашылық білдіріп, осы ұйым­ның аясындағы екі елдің ынты­мақ­тас­тығы арта түсетініне сенім артты. Сондай-ақ тараптар сауда-эконо­микалық, мәдени-гумани­тарлық салалардағы байланыс­тарды одан әрі кеңейте беруге уағдаласты.

Бұдан кейін Қазақстан Премь­ер-Министрі Кәрім Мәсімов те Кон­долиза Райспен кездесіп, келіс­сөз жүргізді. Өзінің сөзінде Премь­ер-Министр Қазақстанның толық­қанды әріптестік байланысты, шетелдік инвесторлардың құқын сыйлау сияқты нарықтық эконо­миканың базалық қағидаттарын ұстану жалғастырылатынын және бұрын бекітілген келісім-шарттар­дың тұрақтылығына кепілдік берілетінін атап өтті. Кездесу ба­рысында Ауғанстан экономикасына қазақстандық инвестицияны тарту мәселесі де сөз болды. Бұл мәселе бойынша Кондолиза Райс Ауған­станға жүйелі, стратегиялық маңыз­ды инвестициялар қажеттігін атай келіп, “Қазақстан да бұл істе Ау­ған­станға қолұшын бере алар еді”, деді.

Кездесу соңында Кондолиза Райс АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Қазақстанмен жақсы әрі берік ынтымақтастықты жалғасты­раты­нына менің сенімім мол, өйткені, Қазақстан аймақтағы өте маңызды мем­лекет, деп өзінің ойын қо­рытты.

Осы күні Қазақстанның Сырт­қы істер министрі Марат Тәжиннің де АҚШ-тың Мемлекеттік хат­шысы Кондолиза Райспен кездесуі болып өтті. Кездесу соңынан журналистерге арналған шағын брифинг болды. Онда Марат Тә­жин кездесу барысында екіжақты және халықаралық қатынастардың көпқырлы мәселелері талқылан­ғанын, соның ішінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық мә­селелері қарастырылғанын, Қазақ­стан мен Америка әріптес­тігінің тұрақты даму үстінде екенін, өзінің бүгінгі келіссөз­дерге де қанағат­тан­ғанын атап өтіп, сөзді мәртебелі қо­наққа берді.  Өз кезегінде Кон­долиза Райс та кездесу бары­сын­да талқыланған мәселелер тү­сіністік жағдайында қарасты­рылғанын атай келіп, оның нә­тижесіне өзінің қанағаттана­ты­нын және Астанаға жасаған са­пар­дың өзіне ұнайтынын жет­кізді. Мен біздің елдеріміздің арасындағы осынау жылы қаты­настардың дами түскенін қалай­мын, деді ол сөзінің соңында. Бұдан кейін тараптар журна­листердің сұрақ­тарына жауап берді.



Авторы: Жақсыбай САМРАТ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат