Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-11-11:

БАС БАСЫЛЫМ БЕДЕЛІ

 

Жылдан-жылға жұрттың өз­дері қалаған басылымдарды жаз­дырып алуға, тұрақты оқып тұ­руға ықыластары өсіп келеді. Бұл жағымды жай еліміз өндірісінің жүрегі саналатын Қарағанды ай­мағында да нақты көрінісін тауып отыр. Соның ішінде, қазақ баспа­сөзінің қарашаңырағы “Егемен Қазақстан” газеті оқырмандары қатарының қалыңдай түсуі көңіл қуантарлық құбылыс. Мәселен, осыған дейінгі уақыттарға қара­ғанда облыс бойынша таралым­ның үш есеге өсуі соны айғақ­тай­ды. Атап айтқанда, бір кездері жаз­дырып алушылардың саны ай­мақта 2000-ға дейін селдіреп қал­ған “Егеменді” былтыр рухани се­рік етушілердің саны 10 мың­нан асты. Келесі жылы олардың сапын толықтырушылар одан са­йын ұлғаятынын бүгінде баспа­сөзге жазылу барысы көрсетіп отыр.

Кеше “Егемен Қазақстан” рес­­пуб­ликалық газеті” АҚ прези­денті С. Абдрахманов Қарағанды өңіріне жұмыс сапарымен келіп қайтты.

Облыс басшысы Нұрлан Нығ­ма­тулинмен кездесуде индустрия­лы өңірде Елбасының тапсырма­ла­рын тыңғылықты іске асыруға бағытталған ұмтылыстар жан-жақты ортаға салынды. Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты уақытша жұмыстан қысқартылуға мәжбүр болған “Ар­селор Миттал Теміртау” АҚ, “Қазақмыс” корпорациясы және басқа да ірі құрылымдардағы ең­бек­керлерді әлеуметтік жағынан қорғау шаралары жөнінде бес жақты меморандумға қол қойыл­ғаны, сол бойынша металлургтер мен шахтерлерге барынша қолдау жасалып жатқаны туралы баян­далды. Бұл мәселенің ел Прези­дентінің қатты бақылауда ұстауы, нақты міндеттерді саралап беруі қиындықты жеңе білуге негіз са­лып отырғаны атап өтілді.

Жағдайдың қиындығына қа­ра­мастан өңірде мұның алдында белгіленген серпінді жобалар, тұр­ғын үй құрылысы бағдарла­ма­сы бойынша, мәдени-тұрмыстық, денсаулық сақтау, білім беру ны­сан­дарын салу жалғаса беретін­ді­гіне тоқталған Нұрлан Зайрол­ла­ұлы осы таяу арада металлургия­лық кремний зауыты іске қосы­лып, Сәкен Сейфуллин атындағы театр­дың жаңа ғимараты бой кө­теретіндігін баян етті.

С.Абдрахманов әңгіме үстінде Жез­қазған, Балқаш сияқты алыс­тағы өндірістік аумақтардағы, ауыл­дық жерлердегі еңбекші қау­ымды қолдауға бағытталған шаралар тура­лы сұрақтар қойды. Облыс әкімі бұл ретте “Қазақмыс” корпора­ция­сы басшыларының жағдайды тағы бір талқыға салуға шақырылғанын айтып, қиыншылықтардан шығу жол­дарын олармен бірлесе ше­шу­дің амал-әрекеттері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, инфляциялық үдерістерді тежеу бағытындағы ізде­ністер жүріп жатыр. Осы орайда облыста ауылшаруашылық өнімдері бағасын тұрақтандыру үшін азық-түлік өндірушілер мен өңдеушілер арасында келісім жасалған. Соның бір жұрт ризалығын тудырып отыр­ған шарасы қалаларда қазан айы­нан бастап өткізіліп келе жатқан “Ауыл береке” жәрмеңкесі екені анық. Бұл жәрмеңкелерде қалалық тұтынушылардың ет, май, сүт, кар­топ, көкөніс түрлерін басқа базар­лар мен дүкендермен салыстыр­ған­да 20-30 пайызға арзанға сатып алу­ға мүмкіндіктері бар. Тұрғын­дар­дың өтініш-тілектеріне сәйкес оны желтоқсан айына дейін жал­ғас­тыру шешілді.

Кездесуде Сауытбек Абдрахма­нов мемлекеттік саясатты жүйелі және салиқалы жазатын, та­нымдық мақалаларға кеңінен орын беретін, оқырмандардың барлық тобын тартатын материалдар жиі жарық көріп жататын бас басы­лымға Қара­ғанды өңірі қолдау көр­сететіндігіне сенім білдірді. Бұған облыс әкімі қолдаушылығын жеткізді.

Бұдан кейін басылым басшысы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бол­ды. Мұнда аталған оқу орнының алғашқы ректоры, академик Бөке­тов атындағы аудиторияға лық тола жиналған оқытушылар және сту­денттермен кездесу өтті. Кездесуді университеттің бірінші проректоры Рымбек Жұмашев ашып, ел өмі­рінің шежіресіне айналып отырған газеттің ақпараттық кеңістіктегі, қазақстандықтарды бірлік пен тұтастыққа ұйыстырудағы мән-ма­ңызын ерекше атап өтті. С.Аб­драх­­манов: “Біз Қарағандыға кел­ген әр жұ­мыс сапарымызда бұл білім ұя­сына соқпай кетпейміз. Оның елі­міздің болашақ білікті маман­дарын даяр­лаудағы орны бөлек­тігін мақ­таныш тұта алуларыңызға болады. Осында газетіміздің оқырмандары саны өсіп келе жатуы қуантады”, деді. Әңгімені әрі сабақтап, басы­лымның көтеріп отырған тақы­рып­тары мен мәселелері төңіре­гінде кеңінен сөз қозғады. Кейбі­реулер ойлайтындай, “Егемен Қа­зақстан” жастардың да ықыласын аударып, ынтасына бөленген басылым екенін айтып өтті. Оның кім-кімге де өмірге дұрыс жөн сілтейтіндігіне, рухани ой-сананың өсуіне ықпалы үлкен­дігіне назар аудартты. Еліміздің тарихын тереңірек біле түсуде, қоғамдық өмірдегі құбылыстарды байыпты бағамдай алуда “Еге­меннің” көмегі зор деген Сауыт­бек Абдрахманов мұны нақты мысалдармен түсіндірді.

Кездесуде студенттер тарапы­нан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Содан байқалғандай, жастарды толғантатын мәселелер аз емес. Мәселен, қаржылық дағ­да­рысқа қалайша төтеп беріле­тін­дігі, соған байланысты алдағы қиындықтарға алаңдаушылықтары туралы сауалдарын да ірікпей қой­ды. Газет басшысы бұл жөнін­де Елбасымыздың тапсырмала­ры­на орай Үкіметтің қолданып жат­қан шараларынан кеңінен мағлұ­мат берді. Сонымен бірге, жастар газет­тер­дің болашақтағы тағдыры ой­лан­татынын сездірді. Өйткені, қазір кімде-кімнің интернетті ашып жіберіп, қалаған басы­лым­дарын оқи алатындығы белгілі. Қалай болғанда да қандай да га­зетті қолда ұстап, көз алдыда оқу­дың мәні мен жөні бөлектігі атап өтілді.

Тарих ғылымдарының канди­да­ты Нұрсақан Бейсенбекова елі­міздің тарихын терең толғап жа­зуда, Алаш қозғалысының күресін көрсетуде газеттің іс-қызметіне ри­залығын білдіре келіп, осы та­қы­рыптарда көтерген мате­риал­дарды студенттер көмекші құрал ретінде пайдаланатындығын айтты.

С.Абдрахманов облысқа жұ­мыс сапары кезінде “Қазақстан” телерадиокорпорациясы облыстық филиалының бас редакторы Әшім­хан Жәмпейісов жүргізген “Сыр-сұхбат” хабарына қатысты. Елімізге танымал қоғам және мә­дениет, әдебиет пен өнер қайрат­кер­лері ой бөлісетін, сыр қозғай­тын бұл авторлық бағдарлама жергілікті көрермендер көңілінен шығып жүр. Аталған хабарда бү­гінгі қазақ баспасөзінің бет-бей­несі, болашағы жайлы әңгіме қоз­ғалды. Сауытбек Абдрахманов жүргізушінің сұрақтарына орай жеке шығармашылық ізденістері туралы да ой бөлісті.

Айқын НЕСІПБАЙ.Қарағанды

 

Заманмен үндес заңғар басылым

РУХАНИ АЗЫҒЫМ

 

Серік ЗАЙНУЛДИН, Қатонқарағай ауданының әкімі.

Еліне етене “Егемен Қа­зақстан” қашаннан халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, қарапай­ым еңбек адамдарының әл-ау­қатын арттыруға толағай үлес қо­сып келе жатқан басылым. Оған мысалдар толып жатыр.

Елбасының елімізде жүз мек­теп, жүз аурухана салу жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Бірер жылда Шығыс Қазақстанда  бірнеше мектеп пен аурухана іске қосылмақ. Соның бірі Қатонқарағай ауы­лындағы 75 орындық аурухана құрылысы бас­талды. Ол келер жылы бітпекші. Өткен жылы Жаңаүлгіде жаңа мектеп іске қосылды. 320 орын­дық Өрелдегі білім ұясы 2009 жыл­дың 1  қыркүйе­гінде пайда­лануға беріл­мек. Бұл құрылыс ғи­ма­рат­та­рының бар­лығы об­­лыс әкімі Әділ­ғазы Бер­геневтің бақылауында тұр. Сон­дай-ақ бұ­рынғы қаңы­рап қал­ған екі қабатты тұр­ғын үйлерді іскер аза­маттар кәдеге жара­туда. Топ­қайыңда ту­ризмді да­мытуға орай емдеу-сауықтыру ке­шені іске қосылмақ. Онда ауыл адамдары еңбек етпек.

Ел газеті “Егемен­де” шәкірттер мен ұс­таздар жайлы жазыл­майды емес, жазылады. Бірақ шалғайда жат­қан ауыл мұғалімдерін еске­ріп отырса  ұта­рымыз анық. Дәрі­герлер же­тіспейді, ен­деше білім­ді де білікті бұл сала­да­ғы маман­дарды от­ба­сылық ам­була­тория­ға жұмысқа тарту мә­селесі де га­зет бетте­рінен түс­песе нұр үстіне нұр. Мына бір жайды да назардан шығарып алмасақ дей­­мін. Бізде проб­лемалар жоқ па? Бар. Мәсе­лен, шәкірттерді сынақ ке­зінде аудан орталық­та­рына апарып, ол жерде тест тапсырту оңай шаруа емес. Реті келгенде айта кету керек, биыл біздің аудан ұлттық тес­тілеуден облыс бой­ынша бірінші орынға (74,6 пайыз) шықты.

Ел газетін аудан тұрғындары белсенділікпен жаздырып алады. Ауданда небәрі 38 мың жан тұрады. Олардың 94 пайызы жергілікті халық өкілдері. Сонда ауданның әрбір 35-36-шы тұр­ғыны  газет жанашыры емес пе. 2007 жылы бас басылымды 882 отбасы жаздырып алды. Ал биыл 900-ге тарта оқырман сүйікті газеттерін оқып жатыр. Келер жылы қатондықтар “Егемен Қазақстанның” 1000 данасын жаздырып алмақ. Оқырман­да­рымыз қазірдің өзінде бұл цифрды 940-қа жеткізіп отыр.  23 жылдан бергі серігім “Егемен Қазақстан” менің рухани азы­ғым, қашанда жанымнан табы­лады.

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат