Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-11-14:

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

 

Кеше Сенат Төрағасының орынбасары М.Көпеевтің төрағалығымен өткен палатаның пленарлық отырысының күн тәртібінде экономикалық блокқа жататын бірқатар заң жобалары қаралды. Оларды депутаттарға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов таныстырды.

Мәжіліс мақұлдаған Бюджет кодексінің жобасы мен осыған сәйкес бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толық­тыруларды көздейтін заң жо­ба­лары бойынша қосымша баян­даманы да министр жасады. Аталған өзгерістер республи­калық және жергілікті бюджет­терді жоспарлау кезеңін үш жылға созып отыр. Мемлекеттік органдар өздерінің стратегиялық жоспарын құрған кезде оны стратегиялық бағдарламаларға (Қазақстан – 2030, Жолдаулар және өзгелері) негіздеуі тиіс. Осы ретте Б.Сұл­танов 2010 жылдан бастап мем­лекеттік қаржылық бақылаудың жаңа жүйесі енгі­зілетінінен хабар­дар етті. Онда қаржылық бақылау органының құзіреттері мен штат­тық қамта­масыз етілуі нақты бел­гіленетін болады. Сол сияқты мәс­лихаттар жанындағы ревизиялық комис­сия мен Есеп комитетінің рөлі де айтарлықтай күшейтілмек.

Заң жобасына қатысты де­путаттар өз ойларын ортаға салды. Бірқатар пікірлер біл­діріліп, ескертпелер айтылған соң депутаттар заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдауды ұйғарды.

Бұдан кейін депутаттар на­зарына Салық кодексі және со­ған жапсарлас кейбір заңнама­лық актілерге өзгерістер мен толық­­тыруларды қарастыратын заң жобалары ұсынылды.  Ми­нистр Бақыт Сұлтанов заң жобасы экономиканың шикізат­тық емес секторында салық жүк­темесін азайтуға, салық әкім­шілігін жетіл­­діруге және бизнес­ті көлең­кеден шығаруға бағыт­талғандығын баса атады. Корпо­ративтік табыс салығы став­касын үш жыл ішінде 30-дан 15 пайызға дейін төмен­дету көз­делген. Тарқатып айт­қан­да, оның деңгейі 2009 жылы 20 пайыз болса, 2010 жылы – 17,5, ал 2011 жылы 15 пайызға төмен­дейді. Инвестициялық жеңілдік­тер алу тәртібі де оңайлатылған. Салық төлеушілерге өндірістік мақсаттағы үйлер, ғимараттар сатып алуға, салуға, мәшинелер мен жабдықтарды сатып алу жөніндегі және қайта жаңғыртуға кететін шығыстарды бір мезгілде немесе 3 жыл ішінде шегерімге жат­қызу қарстырылыпты. Ал қосымша құн салығы келесі жылдан бастап 12 пайызға тө­мен­детілмек. Тиісінше, отандық және шетелдік алкоголь өнімдеріне 2011 жылдан бастап, ал темекі өнімдеріне 2009 жылдан бастап бірыңғай салық ставкасын ендіру көзделсе, оның көлемі 2,5 есеге арттырылады деп күтілуде.

Ауыл шаруашылығын­дағылар­ға, соның ішінде ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өндірушілерге қосымша құн салығы 70 пайызға төмендетіледі. Салық кодексінің жобасында пайдалы қазбаларды өндіруге роялтидің орнына салық салуды енгізу көзделген. Ол өндірілген пайдалы қазбалардың әлемдік баға бойынша есептелген нақты құнына қарай жүргізіледі. Рента­бельділігі төмен кен орын­дарына жеңілдіктер де қарасты­рылмақшы. Сол сияқты шикі мұнай мен газ коденсатына рента салығы, жоға­ры пайдаға салықты есептеп шы­ғару әдіснамасы да өзгеріске ұшыраған. Ең бастысы – жобада халықаралық тәжірибеге сәйкес тәуекелдерді басқару басшылыққа алынып, соның негізінде салық тексерулері орын алары белгілі болды. Министр сондай-ақ де­путаттардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сөйтіп, заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Отырыс барысында қаралған “Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілерге ерек­ше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы (екінші оқылым) аса тартыссыз қабылданды. Керісін­ше, “Қазақ­стан Республикасының Су ко­дексіне өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы” заң жобасы екінші оқылымда қара­лып, бірқатар түзетулерімен Мә­жі­­ліске кері қайтарылды. Енді  атал­ған заңдық құжат палаталар қар­сылықтарын еңсеру барысын­да шешімін табатын болады.  

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

 

ЗАҢДЫЛЫҚ САҚТАЛУҒА ТИІС

 

Кеше журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген Бас прокура­тураның ресми өкілі С. Нұрпейісов кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде интернет жүйелерін жиі пайдаланып құқық бұзушылыққа баратын адамдар әре­кеті көбейіп отыр, деді. Соның ішінде ұлтаралық, діни, нәсілдік алауыз­дықты қоздыратын және азамат­тар­дың ар-ожданына, қадір-қасиетіне тіл тигізетін материалдар жариялануда. Мәселен, қыркүйек-қазан айларында кейбір басы­лым­дарда интернет жүйесінен қыл­мыскер Р.Әлиевтің мұрағатынан алынған жекелеген аза­маттардың телефон арқылы сөйлесу­лері жария­лана бастады. Ал Р. Әли­евтің қауіпті қылмыскер ретінде сотталғаны белгілі. Ол кезінде қылмыстық топ ұйымдас­тырып, жазу құрал-жабдықтарын заң­сыз иеленіп, азаматтардың сөйле­сулерін заңсыз жазып, тыңдаған. Осындай көптеген қылмыстары үшін сот оны бас бостандығынан айырды. Бұл орайда сот үкімі ешқандай күмән туғыз­байды.

Ата Заңымыздың бірқатар бап­тары бойынша адамның жеке басының құқы, телефонмен сөйле­сулері, хаттары, адвокаттық, банктік құпиялары сақталуға тиіс. Жедел іздестіру қызметі жөніндегі заңның 11-12-бабы бойы­нша телефонмен сөйлесуді тыңдау және оны жазу тек арнаулы қызмет істеріне жатады. Соның өзінде ол тек прокурордың санкциясы арқылы ғана жүзеге асырылады. Тіпті проку­рорд­ың рұқсаты арқылы тыңдалған жағ­дайдың өзінде оны бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде жариялауға болмайды, яғни мүлде тыйым салынады.

Бұдан кейін  С. Нұрпейісов, елде­гі жасөспірімдердің тәртібіне, олар­дың жалпы құқықтық жағдайына тоқталды. Соның ішінде ол ерекше жағдайды қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге ар­налған Жамбыл облысы мекте­бін­дегі тексерістің мән-жайын қысқаша айтып берді. Бұл мектептегі жасөспірімдер дене­леріне жарақат салған. Оның себебі, мектептің мұғалімдері балаларға қысым көрсеткен. Қамшымен жасөс­пірімдерді ұруға дейін барған. Тіпті кәмелетке толмағандардың жеке істерін қарау барысында олардың 19-ы мекемеге заңсыз қамалғаны ан­ықталған. Олар Алматы, Талды­қор­ған, Тараз, т.б. қалалардан заңсыз сот шешімдерімен әкелінген. Қазіргі күні аталған мектептің директоры, оның орынбасары қызметінен босатылып, ішкі істер органдары олардың үстінен тергеу амалдарын жүргізуде. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан облы­сында жетім балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интерна­тын­да тіптен сорақы жағдай қалып­тасқандығы анықталған. Ондағы балалардың есеп-шотына түсіп тұ­ратын ақшаны сол мектептің мұ­ғалімдері заңсыз пайдаланып кеткен. Олар банктегі есеп-шоттағы бала­лардың ақшасын көздерінше алып, осы ақшаларыңды енді арнаулы депозитке саламыз, сонда сендер мол қаржыға кене­лесіңдер деген желеумен алдап, бірнеше баланы тақырға отыр­ғызған.

С.Нұрпейісов үшінші мәселе ретінде бұқаралық ақпарат құрал­дарында сөз болып жүрген “Алма-ата инфо” газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов жайына тоқ­талды. Прокуратура ресми өкілінің айтуы бойынша, ол өзінің басы­лымында бірқатар құқық қорғау органдарының өкілдеріне айып таққан көрінеді. Өзінің қолас­тындағы басылымды пайда­лана отырып, інісінің ісіне саяси реңк беріп келеді. Заң бойынша кез келген адам белгілі бір басылымды жеке басының мүддесіне пайда­лануға болмайды. Ал оның інісі М. Есергепов болса, 2001 жылдан бастап 2007 жылға дейін бес қылмыстық іс жасаған. Соның екеуі бойынша сот үкімі шығыпты. Мәселен, 2002 жылы сәуір айында Өскемен қалалық сотының шешімі бойынша 3 жылға бас бос­тан­дығынан айырылған. М.Есергепов біреуден 800 АҚШ доллары кө­лемінде пара алып жатқанда қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен. Бірақ, еліміз тәуел­сіздігінің он жыл­дығына байла­нысты рақымшылық заңына ілігіп, жазадан босап кеткен.

Бұдан кейін оған осындай қылмыстық әрекеті үшін тағы да Өскемен №2 қалалық сотының үкімімен ақшалай айып салынған. Бірақ облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы бұл үкіммен келіспей, шешімді бұзып, Есер­геповті  үш жылға соттаған. Соны­мен қатар ол екі мәрте ақталды. Алайда, бұл ретте де прокурордың наразылық келтіруі арқасында іс бұзылып, сот қарауына қайта жіберілген. Бүгінгі таңда М.Есер­геповке байланысты екі қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болып отыр. Ал жаңадан қозғалған қылмыстық істе М. Есергепов ШҚО “Тепло­строй” ЖАҚ президенті Г. Ефре­мовқа күш көрсеткен. Бірақ, бұл жәйт әлі тергелу үстінде, деді прокуратураның ресми өкілі С.Нұрпейісов.

Александр ТАСБОЛАТОВ.

 

ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ СӨЗ БОЛДЫ

 

Соңғы екі жылда еліміз ас­­па­нында екі зымыран тасығыш апатқа ұшырады. Екеуінде де қауіпті гептил отыны пайда­ла­ныл­ды. Алғашқысы 2006 жылы жазда “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшы­рылған “Днепр” РС-20 зы­мыраны Қызылорда облысының аумағына құласа, екіншісінде, 2007 жылдың күзінде “Протон-М” зы­мыран тасығышының қозғалтқышы істен шығып, Қарағанды айма­ғында апатқа ұшырады. Мұндай ірі ғарыш зымырандарының апатқа ұшырауы салдарынан оның құлаған аймағына зардабы болмай қалмай­тындығы белгілі. Сондықтан ең дұрысы мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу.

Міне, соған орай кеше Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың төрағалық етуімен елдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және ес­­керту жөніндегі ведомствоаралық мем­лекеттік комиссия отырысы бо­лып өтті. Оның жұмысына Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, мүд­делі мемлекеттік органдардың өкіл­дері және ТЖМ комитеттері мен аумақ­тық органдарының, орталық аппарт құрылымдарының қызмет­керлері қатысты. Олар негізгі екі мәселені тал­қыға салды. Біріншісі, “Байқо­ңыр” ғарыш айлағынан зы­мыран ұшырылып, апат орын ал­ған­да шұғыл түрде төтенше жағдай­ларды жою мен ескерту жүйесінің дайындығы және 2006-2007 жыл­да­ры зымыран та­сығыштар құлауы­нан туындаған зар­даптарды жою жөніндегі қабыл­данған шаралар туралы” болса, екіншісі, Қауіпсіздік Кеңесінің “Төтенше жағ­дайлар іс-қимылы саласында мемле­кеттік бас­қару жүйесін жетілдіру жөнін­де­гі” шешіміне сәйкес 2007-2009 жыл­­дарға арналған Үкімет бағ­дар­ла­масын жүзеге асыру барысы” ту­ралы мәселе жан-жақты талқы­ланды.

Ми­нистр В.Божконың айтуына қара­ғанда, жергілікті және мүдделі мем­лекеттік органдар көмегімен табиғи және техногендік салдарға қарсы уақытылы тиімді әрекет жасау ар­қасында республика аза­мат­та­рының қауіпсіздігі қамта­масыз етіліпті.

Отырыс қорытындысында жи­нал­ғандар Қазақстан Республи­ка­сы мен Ресей Федерациясы ара­сында келі­сімге келу мен оған қол қою жө­ніндегі жұмыстарды әлі де жандан­дыра түсуді, “Байқоңыр” ғарыш айлағынан зымыран ұшы­рылғанда төтенше жағдайларды ескерту мен оның алдын алуға әзір тұру жұ­мыс­тары дайындығын одан әрі жал­ғастыруды қолға алып, Қызыл­орда, Қарағанды, Шы­ғыс Қазақстан, Павлодар, Ақ­мола, Қостанай және Солтүстік Қа­зақ­стан облыстарының әкім­деріне коман­далық-штабтық және арнайы-тактикалық оқу-жат­тығуларын жүргізу тапсы­рылды.

Александр ТАСБОЛАТОВ.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат