Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-11-28:

ЕЛ МЕН ЕЛДІ ЕЛШІЛЕР ЖАҚЫНДАСТЫРАДЫ

 

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасына жаңадан Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалған Куба Республикасының елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер, Испания Корольдігінің елшісі Альберто Антон Кортес, Өзбекстан Республикасының елшісі Фаррух Турсунов және Катар Мемлекетінің елшісі Насер Рашид Мұхаммед Әл-Наими сенім грамоталарын тапсырды.

 

Қазақстан Республикасы дипло­ма­тиялық қатынастар орнатқан мем­лекеттермен сенімді ынтымақ­тас­тық жүргізуге мүдделі, деді Мем­лекет басшысы сенім грамо­та­ларын тапсырған елшілер алдында сөйлеген сөзінде. Әр елдің дипло­ма­тиялық қатынасы сол елдің ел­ші­сінің біздің елде жұмыс істеуінен басталады. Кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен шетелдермен сау­да-экономикалық қатынастар­дың дамуына, саяси түсініктердің деңгейі жоғары болуына септігін тигізеді. Сіздер алдағы уақытта ат­қаратын қызметтеріңізде екі елдің ара­сындағы ынтымақтастықты те­рең­детуге күш салады деп сенемін.

Бұдан кейін Елбасы дипло­мат­тар­дың әлемдік қаржы дағдары­сы­ның белең алған тұсында біздің елде елшілік жұмыстарын бастап отыр­ғанына тоқталды. Президент­тің атап өткеніндей, қазіргі кезде көптеген мемлекеттер үкіметтері қар­жы дағдарысына қарсы тұрудың шараларын қарастырып жатыр. Әлемдік қаржы дағдарысы дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекетті ай­на­лып өткен жоқ. Ал Қазақстан қар­жы дағдарысын еңсеруге бай­ла­ныс­ты ауқымды жұмыстарды жүзе­ге асыруда.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ аталған мемлекеттердің Қазақ­стан­мен ынтымақтастығына да жеке-жеке тоқталды. Өзбекстан Ре­спуб­ликасы біздің сыртқы саясаты­мызда маңызды басымдықтарға ие, деді Елбасы осы жайында. Екі ел­дің стратегиялық әріптестігі соңғы жылдары айтарлықтай белсендіріле түсті. Осы жылдың сәуірінде Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтің Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында Өзбек­стан Президенті Қазақстан мен Өзбекстан арасында еркін сауда ай­мағын құру туралы ұсыныс білдірді. Біз бұл ұсынысты қолдаймыз.

Президент Қазақстан мен Ис­па­ния Корольдігі арасындағы ын­тымақтастықтың даму қарқынына да жоғары баға берді. Бүгінде екі елдің қатынасы өзара сенімділік жағдайында өркендеп келеді. Бар­лық салада үйлесімді үнқатысу ор­нық­қан. Қазақстан Мадридтің же­текші экономикалық әріптесі бо­лып табылады. Испандық ком­па­ниялар Орталық Азияда, оның ішін­де Қазақстан рыногында та­быс­ты жұмыс істеп келеді. Мұның негізі Испания Королі Хуан Кар­лос І мен Қазақстан басшысының жоғары деңгейдегі кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтан басталады.

Келесі жылы біз Испания Үкіметі Төрағасының Астанаға рес­ми сапарын күтіп отырмыз, деп жалғастырды сөзін Президент. Төраға біздің шақыруымызды қа­был алды. Осы жылдың тамызында Қазақстан “Еуропаға жол” мем­ле­кеттік бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама мақсаты – Еуропалық Одақ елдерімен қатынастарды ны­ғай­ту мен тереңдету. Біз Испа­ния­ны осы бағдарламаны жүзеге асырудағы басты әріптесіміздің бірі деп есептейміз.

Мемлекет басшысы Қазақстан­ның Катар Мемлекеті мен Куба Республикасы арасындағы ынты­мақ­тастықтың жыл өткен сайын тереңдеп келе жатқанын атап өтті. Елбасының тоқталып өткеніндей, Қазақстан мен Катар арасында саяси үнқатысу жоғары деңгейде өрістеп отыр, сауда-экономикалық байланыстарда да ілгерілеушілік бар. Катар Астананың дамуына қо­мақты үлес қосты. Қазақстандық-катарлық инвестициялық қор құ­рыл­ды. Бұл қор екі елдегі тиімді жо­баларды қаржыландыратын болады.

Қазақстан Куба Республикасы­мен қатынастарға ерекше көңіл бөледі, деді Нұрсұлтан Назарбаев сөзін қорытындылай келіп. Біздің елдер арасындағы өзара достық пен сенімділікке негізделген қатынастар тарихы әріден басталады. Бұлар біздің елдердің көптеген салаларда, оның ішінде сауда-экономикалық, мәдениет, спорт және туризм сала­ларында ынтымақтастықты дамы­ту­ға негіз болады. Қазақстан Үкі­ме­ті, сондай-ақ Кубаға дауыл сал­дарын жоюға қаржылай көмек көрсету жөнінде шешім қабыл­дады.

Рәсім соңынан елшілер бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат беріп, өз елдерінің Қазақ­стан­мен ынтымақтастығын әрі қарай тереңдетуге қызмет ететін­діктерін жеткізді.



Авторы: Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат