Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2008-12-20:

БАҚ-ТЫҢ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТІЛІГІ ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН БІЛДІРЕДІ

 

Соңғы жылдары Қазақстан дамыған елдер қатарына кіруге барынша белсенді әрекеттер жасауда. Осыған орай ел жетістігін бағалау­дың ең маңызды өлшемі қоғамды біртіндеп демократияландыру болып табылады. Әрине, оның бұқаралық ақпарат құралдарынсыз еш мәні жоқ.

Кез келген мемлекет дамыған ақпараттық кеңістігінің бар болуы демократиялық қоғамның негізгі белгілерінің бірі екендігін мой­ындайды. Қазақстан Республикасы тәуел­сіздігін алған сәттен бастап бұқаралық ақ­парат құралдары саласында түбірлі өзгерістер жасауға кірісті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық қамтамасыз етуге айрықша назар аударылды.

Қазақстандағы ақпараттық саланы дамы­туға әрқашан да үлкен мән берілді. Бұл мақ­сат­тар үшін мемлекет көптеген түрлі шаралар атқаруда. Осының ішінде медиа-қауым­дас­тық­тың бірқалыпты дамуына кедергілерді жою мықтап қолға алынды. Мұндай стра­те­гия­ның нәтижелілігін күнделікті өмірде көзі­міз көріп жүр. Республиканың ақпараттық ры­ногы, әсіресе, соңғы жылдары тоқтаусыз өсіп келе жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық медиа кеңістікте мемлекеттік емес бұқаралық ақ­парат құралдары басымдыққа ие. 1990 жылға дейін елімізде бар-жоғы 10 республикалық мемлекеттік газеттер мен журналдар басылды, эфирге 21 теле- және радиоарна шықты. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 2 786 БАҚ тіркелген, оның 79%-ы мемлекеттік емес болып табылады. Осы орайда Үкімет оларға қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысуда.

Мұндай қолдаудың тетіктерінің бірі 1998 жылдан бері қолға алынған мемлекеттік тап­сырыс болып табылады. Мемлекеттік тап­сы­рыстың мәні Үкімет және жергілікті атқару­шы органдардың атынан мемлекет әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды БАҚ-тарда жа­риялауды қаржыландырады. Республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тапсырысты іске асыру құқы­ғына, меншік нысанына қарамастан, кон­курс­тық негізде ие болады.

Аталған өлшем бұқаралық ақпарат құрал­дарының шығармашылық белсенділігі мен іскер бастамашылығын ынталандырады. Бұл турасында конкурсқа қатысушы БАҚ иегер­ле­рі көлемінің жыл сайын артуы дәлел бола алады. Мемлекеттік тапсырыс – бұл масс-медианы Үкімет тарапынан нақты қолдау, осының арқасында БАҚ-тың тәуелділігі, мы­салы, жарнама жасаушыларға деген тәуел­ділігі төмендетіледі.

Мемлекеттік БАҚ жұмысының сапасын жақсарту бойынша жұмыс та қоса атқа­рылу­да. Соңғы уақытта осы бағытта бірқатар ма­ңыз­ды қадамдар жасалды. Олардың ана­ғұр­лым маңыздысы, сөзсіз, “Арна Медиа” ұлт­тық ақпараттық холдингін құру болып та­бы­лады. Оның құрылымына барлық мемлекеттік бұқаралық ақпараттық құралдар кірді. Елдің медиа-ресурстарының “бір қанаттың” астына шоғырландырылуы оларды тиімдірек басқаруға мүмкіндік бермек.

Жаңа ұйымның басты міндеттерінің бірі қазақстандық аудиторияны 100%-дық хабар таратумен қамту болып отыр. Бұл өте өзекті мә­селе және оны жақын арада жою керек. Сондай-ақ, елді телерадио таратудың цифрлы нысанына көшіру жөніндегі бағдарлама да әзірленді. Аталған мәселенің күрмеуін шешу тек экономикалық тұрғыда ғана емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысы жағынан да маңызды. Біз цифрлы телеарнаны неғұрлым тезірек ен­гі­зетін болсақ, республикамыз көрші елдерге ақ­параттық тәуелділіктен соғұрлым жылдамы­рақ құтылатын болады. Бұдан басқа, осы жобаны іске асыру елдің барлық ақпараттық саласына дамудың жоғары технологиялық деңгейіне өтуіне мүмкіндік туғызады.

Мемлекет медиа-кеңістік нысандарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағ­дайларды туғызу барысында одан әрі жұмыс жүргізуге мүдделі. Бұл жағдайлар қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты Үкімет Қазақ­стан Республикасы Ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзір­ле­ді. Іс-шаралардың нақты жоспарының бар болуы және оның тармақтарының қатаң сақталуы алда тұрған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, мемлекеттің медиа-ры­нок­тағы қызметі техникалық және эконо­ми­калық мәселелердің шешілуімен шектелмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары негізделген заңнамалық база үнемі жаңартылуда. Заңнама ісінің қоғамдық қатынастардың даму дең­гейі­не сәйкес келу қажеттілігі ешкімге құпия емес.

“Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” қолданыстағы Заң 1999 жылы қабылданғаны баршаға белгілі. Осы заңның негізінде “төр­тін­ші биліктің” құқықтары, бостандықтары мен міндеттемелері бекітілді. Арада екі жыл өткен соң бұл заңға бұқаралық ақпарат құрал­дары саласындағы қатынастарды ретке кел­тірген және бірқатар нормаларды күшейткен өзгерістер енгізілген болатын. 2005 жылы ұлт­тық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңға кезекті түзетулер енгізілді. Заңға енгізілген жаңа нормалар БАҚ қызметін тоқтата тұру үшін де, тоқтату үшін де негіздемелер тізілімін едәуір кеңейтті.

Бұдан басқа 2006 жылы қолданыстағы заңға масс-медианың тіркелімін қатайтқан түзетулер енгізілді. Сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев өз сұхбаттарының бірінде 2006 жылғы түзетулер медиа-рынокты тәртіпке келтіру үшін қажет бол­ғандығын айтты. Мәселе сол кездегі бұқара­лық ақпарат құрал­дары­ның жартысынан көбі тек қағаз жүзінде ғана бар еді. Бұл әр түрлі қи­тұр­қыларға қолайлы жағдай туғызды. Жалған бас­палар тапсырысты орындаушы бәсекелес­тер­дің рөлін ойнап, сан алуан тендерлер өткізу кезінде жемқорлықтың қай­нар көзіне айналды. Міне, осы себептен заң күшейтілді. Осылай ескі түйткілдер сәтті ше­шілді, алайда шешілуге тиіс жаңа мәселелер пайда болды.

2008 жылы Парламенттің екінші сессиясын ашарда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы заңнаманы ырықтандыру маңыз­дылы­ғын атап өтті. Қа­зақ­стандық медиа-рынок қол жеткізген даму дең­гейі заңнамалық базаны тиісті жетілдіруді талап етеді. Онсыз ілгері басу мүмкін емес. Осыған орай Мәде­ниет және ақпарат министрлігі бұ­қаралық ақпарат құралдарының қызметін реттеуші бірқатар заңдарға түзетулер әзірледі.

Біздің еліміздегі бұқаралық ақпа­рат құрал­да­ры мен биліктің арақа­ты­насы әрқашан бірізді бол­ған емес. БАҚ туралы заңға әрбір өзгеріс кей жағдайда жағымсыз қоғамдық дүмпу туғызып отырды.

Әрине, бұл жаңа заң маған жур­на­лист, қоғам қайраткері және халық қалаулысы ретінде өте маңызды. Ұсы­нылып отырған түзетулер нені біл­діреді? Ең алдымен, менің наза­рым­ды аудар­ған нәрседен бастайын. Ұсынылған жоба теріске шығару жөніндегі істі сотта қарау барысында талапкер мен жауап­кердің көзқарастарын теңестіреді.

Журналистік үкіметтік емес ұйымдар “БАҚ туралы” қолданыстағы Заңды іс жүзіне асыру тәжі­рибесіне талдау жасады. Сонда анықтал­ған­дай, ай сайын соттарға жарияланған ақпаратты теріске шығару туралы үштен кем емес талап арыз түседі екен (“Әділ сөз” сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының мәліметтері бойынша). Еуропа заңнамасына сәйкес, азамат­тың немесе заңды тұлғаның өзінің ар-намысына және іскерлік абыройына кір келтіретін мәлі­мет­терді теріске шығаруға құқығы бар. Бұл үшін та­лапкер жарияланған ақпарат шындыққа сай келмейтіндігін дәлелдеуі тиіс.

Қазақстандағы қазіргі ахуал еуропалық жағ­дайдан біршама өзгешелеу. Журналист бейнебір кінәлі адамның кейпін кешіп, ол пайдаланған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуі керек. Талапкер тек арыз бен оның ар-намысына және іскерлік абыройына кір кел­тірген материалды ұсынуы қажет. Ұсынылған заң жобасы қабылданған жағдайда жағдай өз­гереді. Талапкер мен жауапкер тең жағдайда бо­лады. Журналист барлық нәрсе анық дәлел­денгенше кінәлі болып есептелмейді.

Мен аталған норма барлық енгізілгендердің ішіндегі ең маңыздысы деп санаймын. Ол ре­дакцияларға еркін қимылдауға ерік береді. Осы орайда мұндай нәрселер масс-медианың кейбір өкілдерінің басын айналдырмайтын болады. Журналистер сенсация қуамын деп аласұрмай, қарапайым әдеп пен фактілерді тексеруді әсте естен шығармайды деп үміттенемін.

Талқыланған түзету бұқаралық ақпарат құрал­­д­ары қызметкерлерінің оңды қарауы тиіс жалғыз ереже емес. Заң жобасын ұсыну бары­сында Мәдениет және ақпарат министрі құ­жат­тың медиа-саладағы заңнаманы ырықтандыру және басы артық бюрократтық кедергілерді жою мақсатында әзірленгендігін атап көрсетті. Әзір­леушілер барлық мәселелерді ә дегеннен шешіп тастады деп айтуға болмас, әрине, әйт­кен­мен, авторларға тиесіліні беру қажет, олар осы мәсе­леде белгілі бір оңды нәтижелерге қол жеткізуге құқылы.

Түсіндірейін. Қазіргі уақытта радио- және телеарналардың иелеріне лицензия алудан басқа есепке қою рәсімінен өту қажет. Заң жобасында есепке қою алынып тасталды, яғни бірін-бірі қайталайтын екі норманың біреуі күшін жояды.

Сонымен бірге, журналистердің кәсіби мүд­делеріне қатысы бар тағы бір өте маңызды түзе­туді айта кеткім келеді. Ұсынылған заң жобасы тілшіні сұхбат алу барысында аудио- және ви­деожазбаларды пайдалануға рұқсат алу мінде­ті­нен босатады. Бұл норманы баяғыда қабылдау ке­рек еді, себебі қазіргі заманның журналисін дик­­тофонсыз немесе бейнекамерасыз елестету қиын.

Мендегі бар мәліметтер бойынша, авторлар масс-медиа қызметін құқықтық реттеудің әлем­дік тәжірибесін мұқият зерттеген. Қоры­тын­дысында БАҚ мәселелері бойынша жеке­леген заңнамалық актілер Францияда, Австрияда және Швецияда қолданыста екендігі мәлім болды. Германияда әрбір әкімшілік округтің баспа тура­лы жеке заңы бар. Баспа бұқаралық ақпарат құ­ралдарын тіркеу Франция, Польша, Латвия және Литваның заңнамасының негізгі ереже­лері­нің бірі болып отыр.

Жалпы алғанда, мен жаңа заң жобасы қазақ­стандық өмір шындығына және еуропалық стан­дарттарға сай келеді деп есептеймін. Бұл БАҚ туралы заңнамаға енгізілген түзетулердің бірін­шісі емес, сондықтан оны қателіктермен болған жұмыспен салыстыруға болады. Авторлар қазақ­стандық масс-медианың бірінші кезектегі мәсе­лелерін шешуге жақсы таңдау таба білген.

Әлбетте, үкіметтік емес журналистік ұйым­дардың барлық ұсыныстары заң жобасына ен­гізілмеді. Бірақ медиа-қауымдастыққа қажетті түйін­ді, өзекті нормалар құжатқа енгізілді. Егер Парламент ақ батасын берсе, онда қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру жолында үлкен қадам жасалды деп айтуға болады.

Енді Парламент туралы. Жақында Мәжі­ліске бірқатар қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкіл­дерінен хат келіп түсті. Авторлар әзір­лен­ген заң жо­басымен келіспейтіндіктерін білдірген. Қыс­қа­ша олардың талаптары мынадай: қарғыстар мен масқарашылықтарды қылмыс деп танымау, ар-намыс туралы істер үшін талап мерзімін бел­гілеу, шығынды сот шешімімен ғана өндіру.

Бастамашыл топтың хаты менің үлкен қы­зығушылығымды тудырды. Мен қолданыс­та­ғы заңнамаға талдау жүргіздім, заңгерлер­ден ақыл-кеңестер алдым, сосын қорытын­ды­сында бастамашыл топтың пікірімен келісе алмадым.

Талап мер­зі­мін белгілеуге қатысты, бірінші кезекте, мынаны айту керек. Масс-медианың басты белгісі оның бұ­қа­раға кеңінен та­ралуы болып та­былады. Қо­ғам­дық санаға зор ықпал жасай­тын­дықтан, БАҚ-ты “төртінші би­лік” деп атау – заңды құбылыс. Осыған байланысты бұ­қаралық ақпарат құрал­да­рының өз материал­дарында шыншыл, шү­бә­сіз ақпаратты пай­да­ланғаны өте-мөте ма­ңызды.

Қазақстан Респуб­ли­касы Конституция­сы­­ның 17-бабына сәй­кес, адамның ар-на­мы­сына қол сұғылмайды. Бірқатар негізгі халық­ара­­лық-құқықтық акті­лер (Адам құқықтары­ның жалпыға бірдей декларациясы; Азамат­тық және саяси құқық­тар туралы халықара­лық пакт және басқа­ла­ры) адамның негізгі құ­қықтары мен бостан­дықтарын қамтамасыз етудің маңыздылығын қарастырады.

Медиа-салада тоқ­санына бір рет, жарты жылда бір рет шы­ға­тын, сондай-ақ алуан түр­лі таралымы мен та­ралу аумағы бар басы­лым­дар бар. Осыған байланысты ар-намысы мен іскерлік абы­рой­ы­на кір келтіретін мәлі­меттер таралған жағ­дай­да, азамат мұндай мә­лі­мет­тер­дің таралғандығы жөнінде білмей қалуы мүмкін. Осылай талап мерзімін белгілеу азаматтың өз ар-намысы мен іскерлік абыройын қорғау құқығына ықтималды түрде шек қояды.

Бұдан басқа, хат авторлары қазіргі таңда талапкердің БАҚ-тан моральдық нұқсан үшін ештеңемен шектелмеген өтемақы төлемдерін талап ете алатындығына назар аудартады. Алайда, Азаматтық кодекстің 952-бабына сәйкес, моральдық нұқсан үшін өтемақы тек ақшалай түрде өндіріледі, ал төлемақының көлемі сотпен белгіленеді. Шешім шығару барысында азаматтың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына қатысты барлық нақты жағдайлар істің өлшемдестігіне байланысты есепке алынады.

Моральдық нұқсан үшін өтемақы өндіру жалпы алғанда тек бұқаралық ақпарат құрал­дары қызметінің құқықтық мәселелеріне ғана емес, азаматтардың құқықтарын қорғауға да қатысты. Аталған мәселенің мәнісі адам құ­қықтарын қорғау шеңберінде қарастырылуы керек.

Келесі бір ұсыныс БАҚ үшін жазалар мен тыйымдар жүйесін алып тастауға қатысты. Сондай-ақ хат авторлары бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін сот шешімінсіз тоқтата тұруға тыйым салуды талап етеді. Меніңше, бастамашыл топтың қазақстандық заңдармен таныстығы таяз секілді.

 Қазақстан Республикасы Конституциясы 26-бабының 3-тармағына сәйкес, ешкім де сот шешімінсіз өз мүлкінен ажыратыла алмайды. Яғни, БАҚ өнімін алып қою және тәркілеу соттың шешімі заңдық күшіне енбеген жағдайда жүзеге асырыла алмайды.

Бұдан өзге, “Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылық­тар туралы кодекстің 350-бабына түзету қарастырылған. Аталған түзету таралымды міндетті тәркілеуді алып тастайды және оны тек жаланың балама түрі ретінде қолданады.

Сондай-ақ “БАҚ туралы” Заңның 13-бабы­на сәйкес, бұқаралық ақпарат құралын шы­ғару­ды тоқтата тұру немесе тоқтату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мүмкін болады. Осылай меншік иесі немесе соттан басқа ешкім БАҚ қызметін тоқтатуға құқығы жоқ.

Қоғамдық ұйымдардың өтінішінде бұқа­ра­лық ақпарат құралдарын тіркеуді жеңілдету ұсынылған. Бүгінгі таңда есепке қою рәсімі ауыр емес. Жыл сайын Ақпарат және мұрағат комитетіне бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою жөнінде 700-ден астам өтініш келіп түседі. Есепке қою барысында меншік иелері 4 құжат ұсынады:

– БАҚ-ты есепке қою туралы өтініш;

– меншік иесінің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің көшірмесі;

– меншік иесі жарғысының көшірмесі;

– мемлекеттік бажды төлегендігі туралы түбіртек (салық 5 АЕК құрайды).

Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою­дан бас тарту үшін негіздемелер “БАҚ туралы” Заңмен нақты реттелген. Уәкілетті ор­ган егер БАҚ атауы бір таралу аумағында екі рет қайталанатын болса, немесе өтініш қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмесе және басқа жағдайларда оны есепке қоюдан бас тартады.

 Мерзімді баспасөз құралдары есепке қою туралы куәлікті 15 күнтізбелік күн ішінде ала­ды. Көріп тұрғанымыздай, тіркеу рәсімі ақ­парат құралдарын дамыту үшін айтарлықтай кедергі бола алмайды. Бұдан басқа, заңнамаға жаңа өзгерістер енгізу басы артық әкімшілік тосқауылдарды жояды. “БАҚ туралы” Заң­ның 10-бабында телерадиотарату ұйымдары үшін есепке қоюды алып тастаған түзету қарастырылған.

Осылайша мен бастамашыл топтың кінәраттары негізсіз деген шешімге келдім. Әркім өзімен жұмыс істеуді бастағаны жөн, бұл бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты, ал жетілдіру жөніндегі жұмыс алға баса беретін болады. БАҚ еуропалық стандарттарға сай келгенде ғана заңнама да соған сай болады.



Авторы: Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат