Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-01-07:

ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ БІРЛІГІ – ДАМУ КЕПІЛІ

 

Аталмыш көрмеде отандық және шет­елдік компаниялар, сондай-ақ Қазақстандағы өңірлік технологиялық парктер жүзеге асырып жатқан 120-дан астам ғылыми әзірленімдер мен ин­но­вациялық жобалар көрсетілді. Көрменің ашылу барысында еліміздегі иннова­ция­лық дамудың және дағдарысты жеңу орайында ғылым жетістіктерін пайда­ла­нудың проблемалары талқыға салынды. Қойылған жұмыстармен мұқият танысу қорытындысында Елбасы көрме Қазақстанның ұлан-ғайыр ғылыми һәм инновациялық әлеуетін паш етіп отырғандығын атап көрсетті.

Көрме жайына кеңірек тоқтала кет­сек, ол жалпы инновациялық жүйені және Қазақстанды инновациялық тұр­ғыдан өркендету үдерісіне қатысушылар арасындағы іс-қимыл бірлігін нығайту мақсатын көздеген. 50 экспонат қоюшы арасында еліміздің алты өңірі – уни­верситеттер мен технологиялық парктер, мемлекеттік құрылымдар, тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер мен ин­новациялық жобаларды қаржылан­ды­ратын венчурлық қорлар, сондай-ақ инновацияны өндіріске тікелей енгізуші компаниялар бар. Бір айтарлығы, бұл көрмені “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорына кіретін “Ұлттық инно­вациялық қор” АҚ ұйымдастырып отыр.

2005 жылы Қазақстанда ұлттық ин­новациялық жүйені жасақтау мен дамыту жөніндегі бағдарлама қабылданғаны мәлім. Осы орайда елде инновациялық жүйенің салиқалы төрт буыны қалып­тастырылды. Атап айтқанда, олар – ғылым, инновациялық инфрақұрылым, инновацияны қаржыландыратын инф­ра­құрылым, сондай-ақ инновацияны өндіріске енгізетін компаниялар. Біздің елімізде ашық үлгідегі инновациялық жүйе құрылып жатқандығын атап өткен орынды болмақ. Бұл технологиялық трансфертті, сонымен бірге, мемлекет пен жеке адамдардың әріптестігін көздейді.

Нұрсұлтан Әбішұлы ризашылықпен атап көрсеткендей, Алматыда ашылған көрме шын мәнінде де республика кә­сіп­орындары мен ұйымдарының иннова­циялық әлеуетін шынайы көрсетті. Мысалы, “Ғылым және инновация – 2009” экспозициясына ұсынылған жобалардың ішінде Алматы қаласының электронды картасы (“Алстром” компа­ниясының жобасы), Ақпараттық тех­нологиялар паркінің аумағында орна­тылған, сыртқы жарықтандыруды толық қамтамасыз етіп тұрған фотоэлектрлі станса (“Ұлттық инновациялық қор” АҚ пен “ND&CO” ЖШС жобасы), “Өнер­кәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу” зертханасы (Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жобасы),  жоғары өнімді мүйізді ірі қара малды өз төлі есебінен жеделдете көбейту технологиясын ен­гізуге арналған “Казагроинновация” АҚ жобасы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлік технологиялық паркі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұсынған басқа да жобалар құндылығымен көзге түсіп, қызығушы­лыққа ие болды.

Көрмені аралап көрген кезде алған әсерлерін жинақтап тұжырымдай келе Нұрсұлтан Назарбаев ескі зауыттар мен жабдықтарды қайта-қайта жөндеуді қоя тұрып, өндірістің мүлдем жаңа басқы­шына көшу қажеттігіне баса назар аудар­ды. “Әлбетте, бұл арада ең алдымен ең­бек өнімділігін арттыру мәселесі туады. Нағыз еңбек өнімділігін арттыратын нәрсе осы инновация”, деді Елбасы.

Еңбек өнімділігі жеткілікті түрде артып отыратын болса, біздің халқы­мыз­дың әл-ауқаты да солғұрлым арта түспек. Ғылым жоқ дей алмаймыз, ғылым бар. Бірақ ғылым жетекшілік рөл атқарып, тәжірибеге жол ашуы керек. Содан кейін өнеркәсіптік әзірленімдерге кірісіп, оларды өндіріске енгізу керек. Бұл – бізде бұрын болмаған жағдай. “Самұрық-Қазына” корпорациясы құрылуына бай­ланысты осы олқылықтың орны толып келеді. Бүкіл қазақстандық жаңашылдар қатысқан мына көрмеде біздің ой-табыстарымыздың тамаша үлгілері қойылған. Міне, соларды өмірге енгізу керек. Қоғам қазір энергияның балама­лы көздерін іздеуде. Енді газ бен мұ­найды емес, күн мен желді, күн батарея­ларын немесе жел қондырғыларын пай­даланатын уақыт жетті. Желден алы­натын энергия қазіргіден жеті есе арзанға түсетінін неге бағамдамаймыз? Біздің ғалымдар тәжірибелік қондыр­ғыны жасады. Ендігі әңгіме – осы жаңалықтарды іс жүзіне асыру. Бұл үшін Қазақстанда жағдай бар. Бүгінгі кездесу және мына көрме елімізде жаңашыл ғалымдар да, өндіріске енгізуге сұранып тұрған жаңалықтар да бар екендігін көрсетіп берді, – деп  қорытындылады сөзін Нұрсұлтан Әбішұлы.

Бұдан соң Индустрия және сауда министрі В. Школьник Елбасының тапсырмасы бойынша шағын кеңес өткізді. Онда Ақпараттық технологиялар паркін кеңейтіп, жобалық қуатына жеткізу орайында әлі де шешімін таба қоймаған проблемаларға назар ауда­рылды. Паркті энергиямен жабдықтау үшін подстанса салуға үкімет тарапынан 1 млрд. 600 млн. теңге бөлініп отыр. Сумен және газбен қамтамасыз ету, орталық трассадан жол тарту түйт­кілдерін шешу ісінде де басты мәселе ақшаға емес, ыждағаттылыққа тіреліп тұрғаны байқалды. Министр осы орайдағы Елбасының тапсырмасы мен талабын тиісті адамдарға қарата баты­рың­қырай айтты. Алматы әуежайының жаңа терминалынан таяу болашақта технопаркке тура жол тартылатыны жайлы да осы арада мәлім етілді.

Ғылым мен инновацияның ынтымақ­тастығына кең өріс ашу жөніндегі ой-пікірлерін Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев ортаға салды. Ақпараттық технологиялар паркінде ашылған көр­меге Елбасының келуі, онда айтылған әңгімелер мен алға қойылған міндеттер ғылым мен инновацияны ел дамуының кепілі, дағдарысты жеңудің мүмкіншілігі деп бағалайтындай ой түйіндеріне жетеледі.



Авторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ, Суретті түсірген Борис БУЗИН.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат