Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-01-20:

БОТАЙДАН ШЫҚҚАН БЕКЗАТ

 

Ботай … Бұл атауды атағанда әуелі ауыл аты, жер аты, содан кейін жеке адамның аты еске келеді. Және оларға қосымша бұл атауға “мәдениет” деген сөз де тіркеледі. Міне, осы Ботай ауылының іргесі­нен дүние жүзінің ғалымдарын таң қалдырған, сөйтіп, тарихымызды одан әрі тереңдеткен жаңа “мәде­ниет” табылды. Ботай Қазақ­стан­дағы ерте дүние аймағының ең көне мекені, ол біздің заманымыздан 3-4 мың жыл бұрынғы тарихи дәуірдің мәдени мұрасы болып табылады. Осы мекеннен дала өркениеті бас­тал­ды. Бүгін біз өмір жолы мен қыз­меті туралы аз-кем әңгімелегелі отыр­ған Әміржан Шалтықов, міне, осы киелі жер – Ботай ауылының түлегі.

Әміржан өзінің бесінші атасы болып табылатын Ботай бабасы туралы әкесі Есіләмнан көп естіген, оның өз дәуірінде белгілі адам болғанын жадына тоқи беретін. Сол даңқты бабасының атымен аталатын Ботай ауылының тарихы өте мол. Тарихтың сондай таным-тағылы­мын, тәрбиелік, патриоттық маңызы зор болмыс-бітімін зерттеп, оны бү­гін­гі ұрпаққа жеткізу, кейінгі тол­қын­ға қалдыру міндеті тұрды. Міне, осы үлкен міндетті Әміржан абы­роймен іске асырды деуге болады. Өзінің немере ағасы Айдарханмен бірлесіп, туған ауылы туралы үш кітапты жарыққа шығарды.

Ботайдың әкесі Досан Абылай ханның замандасы, оның жақын серіктерінің бірі болған. Он сегіз жасынан бастап ханның жасағында болып, оның жорықтарына белсене қатынасып, ерлік көрсеткен. Абылай ханның Петерборға жіберген елшіліктерін екі рет басқарып барған. Құжаттарда Досан батыр деп көрсетіледі. Ол құжаттар Сырымбет ауылындағы Шоқан Уәлихановтың мұражайында сақтаулы.

Ал, Ботай бабалары Кенесары ханның замандасы болған. Уәли ханнның тоқалы атақты Айғаным ханшамен қоныстары көрші болып, тығыз қарым-қатынас жасаған. Кенесары көтерілісіне кенже баласын аттандырған.

Өзі қажыға барған. Отаршылдық саясатқа қарсы шығып, ауылдаста­рына ақылын айтып, өз жерлерінен айырылып қалмауға үйретіп, отар­шыл­дардың қитұрқы әрекеттерін әшкерелеп отырған.

Досан батыр, одан кейінгі Ботай бабалары, міне, осындай елге тұтқа, көпке көсем бола білген тарихи тұлғалар қатарына жатады. “Ботай”, “Ботай баба”, “Ботай ұрпақта­ры”деп аталатын үш кітапта олардың тарихтағы орны, кейінгі ұрпақтарының тағдыры туралы тереңнен сыр тартып, тағылымды еңбек тудыру тек Әміржан Шалтықов сынды ғалым адамның ғана қолынан келетін еді.

Әміржан Шалтықов ғылымның қия жолымен өрлеуді жас кезінен-ақ арман ететін. Сол мақсатпен Қа­зақ мемлекеттік университетінің фи­ло­логия факультетіне оқуға  түседі.

Университетті 1963 жылы бітір­ген ол Көкшетау педагогикалық  институтына қызметке жіберіледі, бірақ екі айдан кейін әскер қатары­на шақырылады. Онда екі жылдай жүріп оралған соң қаладағы облыс­тық архивтің аға ғалыми қызметкері болып орналасады. Ондағы мақсаты – архив құжаттарының негізінде Көкше өңірінің тарихын зерттеу, ғылыми нәтиже шығару. Осында жүріп Әміржан республикалық, облыстық газет-журналдарда мақалалар жариялап, көпке танымал бола бастайды.

1968 жылы Көкшетауға облыс­тық партия комитетінің бірінші хатшысы болып осы өлкенің түлегі Еркін Әуелбеков келді. Оған дейін жергілікті органдарда басшы қызметтерде көбінесе өзге ұлттың өкілдері басым болатын. Облыстың 12 ауданының басшыларынан тек екеуі ғана қазақ еді. Міне, Е.Әуелбеков осы бұрмалаушылықты батыл түрде түзете бастады. Әміржан жаңадан жасақталған жергілікті ұлт кадрларының қатарында обкомның лекторы болып бекітілді. Осы қыз­метті үш жылдай атқарған ол Алма­тыдағы жоғары партия мектебін оқып бітіріп, 1973 жылы облыстың Ленинград аудандық партия коми­тетінің хатшысы болып сайланды. Осы қызметте жүріп, “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталды. Ол кезде Әміржан 36 жаста болатын. 

Сол жылы Мәскеудің КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы­ның аспирантурасына түсті. 1979 жылы оны тарих ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атақпен бітірді. Әміржан осы оқу орнын бітіріп, ғылыми дәреже алған Көкшетау облысы тарихында екінші адам болды. Ал, біріншісі – осы Ботай ауылының түлегі және өз інісіне үлгі болып, жол көрсеткен ауылдас ағасы Қалит Зікіриянов еді.

Мәскеудегі оқуды бітіргеннен кейін Әміржан Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комитетіне лектор болып бекітілді. Бірақ, Әміржан осы қызметінде жүріп те өзінің негізгі арманы – ғылыми жұмыспен айналысуды тоқтатқан жоқ. 1984 жылы Орталық Комитеттің шешімі­мен өзі оқыған Алматы жоғары партия мектебіне доцент болып жіберілді. Осы оқу орнында 1992 жылға дейін істеп, сол жылы Қазақ дене шынықтыру институтының тарих кафедрасының меңгеруші­лігіне ауысса, 1998 жылдан М.Ты­нышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында профессор, ал 2000 жылдан Қазақ қатынас жолдары университетінде кафедра меңгерушісі болып істейді. Осы оқу орнында жүріп Әміржан докторлық диссертациясын ойда­ғыдай  қорғады.

Әміржан Шалтықовтың доктор­лық диссертациясы егемен еліміз үшін әлі күнге өте өзекті болып отырған кеден мәселесіне арналған еді. Әміржан бұл тақырыпты кеңінен зерттеді, кеден қызметінің экономикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге саяси, әлеуметтік, мәдени байланыстар жөнінен де тиімді екенін талдап, өзінің көптеген ұсыныстарын жасады. Бұл зерттеу Қазақстанда ғана емес, тіпті ТМД елдері ішіндегі ең алғашқы ғылыми еңбек болды. Оған Мәскеу, Ново­сібір, т.б. қалалардағы ғалымдар жоғары баға берді.

Иә, Әміржанды кеден органда­рында кадр даярлау мәселелері көп толғандырады. Ол өзінің кеден саясаты жөніндегі тұжырымдары жоғары білімді, парасатты жас кадрлар арқылы іске асатынын түсінеді. Сондықтан да өзі қызмет ететін жоғары оқу орындарында кеденшілер дайындайтын топтарға дәріс оқиды. Студенттер үшін “Кеден ісі тарихы” атты оқу құралын республика бойынша ең алғашқы дайындаған да Әміржан болатын. Оның осы оқулығын еліміздің барлық жоғары оқу орындары пайдаланып жүр.

Әміржанның тарих, саясаттану салалары бойынша монография­лары, 150-ден аса ғылыми еңбектері бар. Жас ғалымдарға ұстаздық етіп, ғылым кандидаттарын да дайындап шығарды.

Ол саяси ғылымдар докторы ретінде заман ағымына ілесіп, өзінің бүкіл ғылыми қарым-қайратын бүгінгі күн мүддесі мен ертеңгі күн талабына сай келетін арнаға түсіріп отырады. Ол тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың жарқын болашаққа бастайтын батыл реформалары мен көрегендік саясатын қолдап қана қоймай, олардың мүлтіксіз орындалуына барынша үлес қосуды өзінің азаматтық борышы деп біледі. Ғалымның күш-жігері мен терең де тиянақты білімі, өмірлік бай тәжірибесі бүгін, міне, осы мәртебелі іске жұмылдырылған.

Ә.Шалтықов үйде де, түзде де абырой тапқан бақытты жан. Өмірлік жары Жанна екеуі үш ұл өсірді. Бәрі де өмірден лайықты орындарын тауып, қызмет істеп жүр. Олардан көрген үш немере ата мен әжесінің көз қуанышы, көңіл жұбанышы бола білуде. Бұл – Әміржанның үйдегі қуанышы десек, ол ғалым, ұстаз ретінде түзде де мол қуанышқа кенелген. Өзінен дәріс тыңдап, тәрбие алған, сол ағаның шуақты ақыл-кеңесі, қамқорлық-жетекшілігі арқасында ғылым жолына түскен, айтулы ғалым болған жастар қаншама. Олардың бәрі де қамқор ағаға ақ алғыстарын айтып, ақ тілектерін білдіріп жатады.



Авторы: Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, саяси ғылымдар докторы, профессор.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат