Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-04-04:

БЮДЖЕТТІ НАҚТЫЛАУ –  ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ТЕТІГІ

 

Әлемде нарықтық қа­тынастардың бұлжымас­ты­ғын шайқалтқан қаржы дағдарысы олардың даму стратегиясына жаңаша ой жүгіртуге, мемлекеттік бас­қару тетіктерін қайта қарауға және нарық қа­ты­настарына сын тұрғы­сы­нан зер салуға мәжбүр етті.

Қазіргі күні әлемдік эконо­ми­калық қатынастарды жаңаша таразылау қажеттілігі анық болып отыр. Мемлекет басшысының Қа­зақстан халқына үстіміздегі жылдың 6 наурызындағы кезекті Жолдауы осының негізін қалады. Мұнда Мемлекет басшысы эко­номикалық құлдырау кезеңіндегі одан әрі дамудың негізгі бағыт­тарын айқындап берді.

Бұл нақтылау үстіміздегі жылы әлемдік экономиканың өсуі баяулауының және қазақ­стан­дық экспорт бойынша энер­ге­тикалық және минералды ре­сурстарға сұраныстың төмендеуі­нің байқалуы мен ұлттық валюта – теңгенің құнсыздануын ескере отырып жасалды.

Тұтастай республика бойынша үстіміздегі жылға республикалық бюджеттің нақтыланған болжамы 1 триллион 529,5 миллиард теңге болды, яғни бұрынғы бекітілген көрсеткішке қарағанда 371,1 мил­лиард теңгеге азайды. Бұл мына­дай факторлардың әсерінен туындап отыр.

2008 жылдың қорытындысы бойынша есептерді нақтылау есе­сінен кірістер 176,9 миллиард тең­геге кеміту жағына қайта қа­ралды. Сол сияқты, экономи­ка­ның өсу қарқынының төмендеуі 62 миллиард теңгеге тарта мөл­шер­де шығындарға әкеледі. Сырт­қы сауда айналымы көрсет­кіштерінің және теңгенің АҚШ долларына бағамы­ның өзгеруі кі­ріс бөлігінде 22,8 миллиард теңге мөлшерінде шы­ғынға әкелетін болады. Сондай-ақ тау-кен сек­торы бойынша пайдалы қазба­лар­ды өндіруге салық көлемі 90 мил­лиард теңгеге төмендетілді. Бұл минералды шикізатқа ағым­дағы бағалар бойынша есептелген са­лық ставкасын азайту есебінен болды. Бұл жерде мыс, хром, мы­рыш және қорғасын сияқты қат­ты пайдалы қазбалар сөз болып отыр.

2009-2011 жылдарға арналған қолданыстағы бюджетті нақтылау және Мемлекет басшысы Жол­дауы­ның тұжырымдарын іске асыру барысында жекелеген шы­ғыс­тарды жалпы сомасы 297,4 мил­лиард теңгеге арттыру көзделуде.

Құнсыздануға байланысты инфляцияның болжамды деңгейі 11 пайызға дейін өсу жағына түзетілді және қалыптасқан жағ­дайды негізге ала отырып, рес­публикалық бюджет шығыстарын түзетудің негізгі бағыттары:

- өңірлік жұмыспен қамту стра­тегиясын іске асыру – 140,0 млрд теңге;

- инфляцияның болжамды деңгейінің өсуіне байланысты әлеу­меттік төлем шығыстарын индекстеу – 11,2 мил­лиард теңге;

- үздік студент­терді оқудың ақылы нысанынан мемле­кет­тік бі­лім грантына ауыс­тыруды қамтама­сыз ету – 3,2 мил­лиард теңге;

- тұрғын үй-ком­муналдық сек­тор­да­ғы проблемалық мә­се­лелерді және бас­қаларын шешу 79 миллиард теңге болды.

Тұтастай, бюджет­тің кіріс бө­лігінде жоғарыда аталған шы­ғын­дарды және шы­ғыс бөлігіндегі қо­сым­ша қажеттерді ес­кере оты­рып, өтемақы үшін жалпы қажет­ті сома 668,5 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет бас­шы­сының Жол­дау­ында айтылған тапсырмаға сәй­кес, аталған қажеттерді жа­будың бірінші көзі 2009 жылға арналған бюджетте бекітілген 843 миллиард теңге мөлшеріндегі ке­пілді трансфертке қосымша үс­тіміздегі жылы шикізат секторына түсімдер есебінен құралған, Ұлт­тық қордан 347,9 миллиард теңге мөлшеріндегі нысаналы транс­ферт болып табылады.

Қосымша бөлінетін нысаналы трансферт Мемлекет басшысы жа­рия еткен жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің елеулі төмендеуіне жол бермеу және дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдайлар жасау стра­тегиясын іске асыру көзі болып табылады. Бұл ретте, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына жинақ­тал­ған және 3,3 триллион теңге құ­раған Ұлттық қордың активтері өзгеріссіз қалады. Мемлекет бас­шысының Жолдауында Ұлттық қорға ағымдағы барлық түсімдер екі жыл бойы дағдарысқа қарсы ша­раларды іске асыру үшін ны­са­налы трансферттер түрінде то­лығымен бюджетке жіберілетіндігі жарияланды. Екінші көзі бюд­жеттің өз ішінен табылды. Үкімет оны бюджеттің жекелеген шы­ғыстарын оңтайландыру есебінен іске асыруды ұсынды, бұл тағы да 320,6 миллиард теңгені жұмыл­дыруға мүмкіндік берді.

Тұтастай алғанда, республи­ка­лық бюджет тапшылығы түзетіл­ген бюджет деңгейінде сақталып отыр, ол – 573,6 миллиард теңге (ІЖӨ-нің болжамдық мөлшеріне 3,4 пайыз). Сол сияқты жергілікті бюджеттерге берілген субвенция­лардың мөлшерін бекітілген кө­лемде сақтау ұсынылып отыр, ол – 526,9 миллиард теңге. Яғни, бұрын қолданыста болған Бюджет кодексіндегі сияқты жаңа Бюджет кодексінен де өз көрінісін тапқан саясат әрі бюджетаралық қаты­настар туралы екі, үш жылдық заң­ды қабылдау арқылы сақ­талды, ол тұрақты өзара қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді.

Бұл жергілікті бюджеттерге неғұрлым тұрақты көздерді қа­рас­тыру туралы мәселені талқы­ла­ған­да таңдалған жолдың дұрыс­ты­ғын дәлелдейді. Осыған бай­ла­нысты, әлемдік дағдарыстың еліміздің экономикасына тигізген ықпалы салдарындағы барлық өзгерістер республикалық бюджет пен Ұлттық қордың кірістерінде сипатталады, ол ел экономикасы үшін өзіндік макроэкономикалық “қауіпсіздік жастығы” болуда.

Жалақы және әлеуметтік тө­лемдер жөніндегі бюджет шығыс­тары, олардың көбейтілуін қоса алғанда, қысқармайтын болады. Басталған инвестициялық жоба­лар­ды, оның ішінде ірі инфра­құ­рылымдық және серпінді жоба­лар­ды қаржыландыруды жалғас­ты­ру ұсынылып отыр, ол Мем­лекет басшысының Жолдауында аталған болатын. Бұл Астана-Щучье автожолы, Бейнеу-Бозой газ құбыры және басқалары. Кейбір жаңа инвес­тициялық жобаларды қаржы­ландыру кейінгі мерзімге қалдырылмақ.

Тұтастай алғанда, инвести­ция­лық жоба­лар­ды қаржы­лан­дыруға арналған шығыстар 162,1 миллиард теңгеге, оның ішінде рес­пуб­ли­калық нысандар құры­лысы 51 млрд. теңгеге, жер­гілікті деңгейдегі да­муға нысаналы транс­ферт­тер 87 млрд. теңге­ге, ақпараттандыру жо­ба­лары 7,5 млрд. теңгеге, “Са­мұ­рық-Қа­зы­на” қорын несиелеу 16 млрд. теңгеге қысқартылды.

Бүгінгі күні күте тұруға бо­ла­тын және іске асырылуы кейінгі жылдары мүмкін болатын респуб­ликалық ұйымдардың материал­дық-техникалық жарақтанды­ры­луына және күрделі жөндеуіне арналған шығыстарды, әрине әлеуметтік сала ұйымдарын қос­па­ғанда, 28,3 миллиард теңгеге қысқарту ұсынылып отыр. Жер­гілікті бюджеттердің нысаналы трансферттеріне қатысты да осы­лай болды, біз осы мақсаттарға жергілікті бюджеттердің ныса­на­лы трансферттері шеңберіндегі шығыстарды 8,7 миллиард теңге­ге келтіруді ұсынамыз. Мемлекет­тік органдардың әкімшілік шы­ғыс­тарын басқа да тауарлар мен ағымдағы шығындарды сатып алуға арналған шығыстарды орташа алғанда 30 пайыз қысқарту есебінен 16 миллиард теңгеге қысқарту ұсы­нылып отыр.

Бұдан басқа, мемле­кеттік ұйым­­дардың жар­ғы­лық капи­тал­да­рын ұлғайтуға бағыт­тал­ған шығыстар оң­тай­ланды­рылды. Олардың жалпы сомасы 105,4 миллиард теңге бол­ды, оның ішін­де “Самұрық-Қазы­на” қорының жар­ғы­лық ка­питалын ұл­ғай­туға көз­делген қаражат 42,1 мил­лиард теңгені құрайды. “Арна медиа” АҚ-тың жарғылық капи­та­лын толтыруға арнал­ған шығыс­тар­ды 2,8 мил­лиард теңгеге, “Ғарыш сапары” Ұлттық компаниясы” АҚ-ты 2,6 мил­лиард теңгеге, “Ғарыш байла­ны­сы және радиоэлектронды құ­рал­дардың электромагниттік үй­ле­сімділігі республикалық орта­лы­ғы” АҚ-ты 100 миллион теңгеге қыс­қарту, сондай-ақ “Стресті ак­тивтер қоры” АҚ-ты капиталдан­дыруға көз­делген 50 миллиард теңгені то­лы­ғымен қайта бөлу ұсынылып отыр.

Осы өзгерістердің нәтижесінде түсімдер 2009 жылы 2 триллион 837,4 миллиард теңгені құрайды, яғни бекітілген бюджетпен салыс­тырғанда жалпы баланс бойынша 23,4 миллиард теңгеге азаяды.

Бюджеттің шығыстары 21,2 мил­лиард теңгеге қысқартылады және 3 триллион 411 миллиард тең­гені құрайды, оның ішінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар — 2 триллион 523 миллиард теңге, бұл ретте ағымдағы шығыстар 114,6 миллиард теңгеге ұлғаяды, ал даму бюджеті 888 миллиард теңгені (135,7 миллиард теңгеге азаяды) құрайды.

Бірқатар серпінді жобаларды іске асыру схемасын қайта құру есебінен Қазақстанның іс жүзінде әлемдегі көшбасшылар қатарына ену мүмкіндігі бар салаларды да­мытуға бағытталған жобаларды іске асыру мақсатымен мемле­кет­тік кепілдіктер беру лимитін 30 миллиард теңгеге ұлғайту ұсы­ны­лады. Олар – ғарыш саласын­дағы серпінді жобалар.

Республикалық бюджет тап­шы­лығының абсолютті көрсет­кішін бекітілген бюджеттен 2,2 миллиард теңгеге техникалық ұл­ғайту жүргізіледі, ол Бюджет кодексінің 104 және 111-баптары негізінде бұрын жүзеге асырылған бюджеттің түзетілуіне байла­ныс­ты, онымен 2008 жылдың қоры­тындысы бойынша бюджет қа­ра­жатының бос қалдықтары ағым­да­ғы жылдың бюджетіне ен­гі­зіл­ген және бірқатар жалғасты­рылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша тіркелген мін­деттемелердің төленбеген бөлігін қаржыландыруға жұмсалған болатын.

Дағдарыстан лайықты шығу үшін Президент Қазақстан хал­қына Жолдауында айқындаған міндеттерді шешу қажет. Оның барысында дағдарыс кезеңінде Қазақстанның зор экономикалық мүмкіндіктері бар сенімді ел ретінде дәлелденуі; дағдарыстың ха­лықтың әлеуметтік жағдайына тигізетін салдарын жою; ел тәуел­сіздігін саяси және рухани өмір­дің барлық салаларында жаңа же­тістіктермен нығайту; осы қиын кезеңде топтасқандық пен бір­лікті сақтау ескерілуге тиіс.



Авторы: Төлебек ҚОСМАМБЕТОВ, Мәжіліс депутаты.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат