Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-04-07:

ЕҢБЕК РЫНОГЫН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ БАРШЫЛЫҚ

 

Ерік НҰРАҚАЕВ,  Петропавл қаласының әкімі.

Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың биылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы бәріміздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып, әлемдік қаржы дағдарысынан шы­ғу­дың нақты жолдарын ай­қындап берді. Ендігі міндетіміз дағдарыс сал­да­рын еңсеріп қана қоймай, келесі эко­номикалық өсуге әзірлену жөнінде Президент белгілеген ша­раларды мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады.

Жылдың басты құжатында ком­муналдық, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, энер­ге­тика, коммуникация жүйелерін жөн­деу, көшелерді көркейту, жер­гілікті мақсаттағы жолдарды, әлеу­меттік инфрақұрылымды жаңарту сияқты мәселелер ерекше атап көрсетілді. Жолдау жария­ла­ны­сы­мен оны іске асырудың алғашқы қадамдарына кірісіп кеттік. Тә­жі­рибелі экономистер мен қаржы­герлерден бюджет қаржысын үнем­деуге және қаржылық тәртіп­ті қатаң сақтауға бақылау жөнін­де­гі топ құрылды. Жан-жақты тал­дау-сараптама жасаудың нәтиже­сін­де бюджеттің шығыс бөлігі 300 миллион теңгеге оңтайланды­рыл­ды. Босаған қаражат бұрындары күш жете бермеген салаларды да­мы­туға, еңбекпен қамту страте­гия­сын іске асыруға бағытталды. Ең бастысы, осындай түйткілді мәсе­лелерді шешу қаланың қазіргі және болашақтағы өркендеуіне негіз салумен қатар, бюджетті то­лық­тыруға және әлеуметтік тұрақ­тылықты сақтауға да қолайлы жағдайлар тудырды.

Петропавл қаласында қорда­лан­ған мәселелер жетіп артылады. Оған тұрғындармен өткізген ал­ғашқы есепті кездесулерде айқын көз жеткіздім. Әсіресе, қаланы көркейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реттеу, сумен, жылумен қамтамасыз етуге қатыс­ты арыз-шағымдар көп тіркелді. Мәселен, қаланы сумен жабдықтау жүйесі құбырларының ұзындығы – 300, коммуникациялық желілер 230 шақырымды құрайды. Сумен жабдықтаудың инженерлік желі­лері тозуының орташа деңгейі – 46, ал ұзындығы 68 шақырым 270 учаскеде 99 пайызға жеткен. Коммуналдық жүйелердің тозуы­ның орташа деңгейі 26 пайыз бол­са, оның ішінде 7 шақырымы істен шыққан. Коммуналдық және ка­нализациялық жүйелерді қосқанда қайта жаңғырту жұмыстары 10 мил­лиард теңгені қажет етеді. Бір сөзбен айтқанда, петропавлдықтар­дан түскен 350-ге жуық ұсыныс-пікірлердің дені әлеуметтік мәсе­ле­лерді жақсартуға арналған. Жол­даудың ерекшелігі сонда, ұзақ жыл­дар бойы қордаланған осын­дай ділгір жәйттерді атап көрсетіп, жаңа өндіріс орындарының пайда болуына, кадрларды қайта үйрету мен қайта даярлауға, шетелдік жұмысшыларды өз адамдары­мыз­бен алмастыруға ықпал жасау те­тік­терін қамтамасыз етудің оңтай­лы да тиімді жолдарын белгілеп берді. Біздің есебіміз бойынша қала аумағындағы желілерді қайта жаңарту мен жөндеу жұмыстарын орындау 1800 жаңа жұмыс орын­дарын ашуға жәрдемдеседі. Бүгінде облыс әкімі Серік Біләловтің тапсырмасымен “Петропавл су” кәсіпорнын коммуналдық меншік­ке алу аяқталды. Ендігі күш ме­нед­­жмент пен бас­қару тиімді­лі­гін арттыру, энер­гия үнемдеу, негізгі қызметке шығынды азайту, жұмыс орын­да­рын қысқартпау мәселе­леріне жұ­мылдырылған.

Президент тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсаңында кең ауқымды жұмыстарды одан әрі өріс­тетуге, халық үшін бірінші қа­жетті жайларға, атап айтқанда, жол­дарды жөндеу, көгалдандыру, абаттандыру мәселелерін қазірден қолға алуға шақырды. Өңір бас­шысының шешімімен қаланың көше-жол желісі бағдарламасын жү­зеге асыру үшін 400 миллион тең­ге бөлінді. Бұл қаржы алдымен қаланың өнеркәсіпті аймақтары мен шеткері аумақтарындағы жол­дардың көліктік пайдалану көр­сет­кішін жақсартуға, қоғамдық көлік бағыттарын ұзартуға жұмсалады. Біз қарапайым эстетикалық талап­тарға сай келмейтін аялдама павильон­дарын ауыстыру, басты көшелер­дің жол жиектерін алмастыру, шағын баулар мен бақтарды, 37 аула аумақтарын көркейту, ағаш көшеттерін отырғызу, гүлзарларды күту шараларына кірісіп кеттік. Бөлінген қаржы – 142 миллион теңге. Қазіргі кезде қала көшелерін жарықтандыру желісінің ұзындығы – 264 шақырым. Саланың тұрақты әрі серпінді дамуы үшін жыл сай­ын 300 миллион теңге қарас­ты­ры­лып отыратын болды.

Облыс орталығында тұрғын үй қорының жайы да алаңдаушылық туғызады. Атап айтқанда, 1118 көп қабатты үйдің 327-сі күрделі жөндеу кезегін күтіп тұр. Ол үшін 1 миллиард теңгеге жуық қаражат керек. Қолданыстағы заңнамаларда тұрғын үй қорын жөндеуге, күтіп-ұстауға бюджеттен ақша қарасты­рыл­маған. Пәтер иелерінің қара­жа­ты ағымдық жөндеулерден ар­тылмайды. Осыған байланысты адамдарды жұмыспен қамту бағ­дарламасы арқылы тұрғын үй қорын сақтау, пәтерлердің пайдалану мер­зімін арттыру мақсатында үй­лерге қызмет көрсету үшін арнайы мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар құруды ойластыру­да­мыз. Сөйтіп, жұмыссыз жүрген жандардың сұранысы да өтелетін болады. Жыл аяғына дейін 96 мың шар­шы метр тұрғын үй салу жос­парланған. Осы бағдарлама аясында 5470 жұмыс орнын сақтап қалудың барлық мүмкіндіктері ойластырылған.

Біз қалалық мәслихатпен келісе отырып, қаражатты қолданыстағы мектептерді, ауруханаларды жөн­деу­ге жұмсауды белгілеп отырмыз. Жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды. Енді оны игеру кезінде қосымша жұмыс орындары көптеп ашылатын болады. Мем­лекет басшысы босаған қаражат қазақстандықтарды еңбекпен қамту стратегиясын іске асыруға мүмкіндік беретінін, мұның өзі дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектеспейтінін әрі дағ­да­рыстан кейінгі уақытта экономи­ка­ның тиімді дамуын қамтамасыз ететінін билік орындарының алды­на талап ретінде қойды. Осы үде­ден көріну үшін жұмыссыздар ле­гінде тұрған адамдарды еңбек ры­ногындағы қажет мамандықтарға қайта оқытуға қосымша қаражат бөлдік. Осы мәселеге орта арнаулы оқу орындарының да кәсіптік деңгейде, байыппен араласуын қалар едік. Әсіресе, қысқа мерзім ішінде білікті мамандар даярлап шығудың маңызы зор болмақ. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшілерді өңірлік қайта әзірлеу және білік­ті­лігін көтеру орталығы сияқты құрылымдардың жұмыс тәжірибе­ле­рі мен мүмкіндіктері бізді қы­зықтырып отыр. Жұмыстан қыс­қар­ғандарды еңбекке орналастыру және жұмыссыздар санын азайту мақсатында кәсіпорындардың әрқайсысына апта сайын мони­то­ринг жүргізу қалыптасқан. Соңғы мониторингте сегіз мыңға жуық адам еңбек ететін бес ірі меке­ме­нің жұмысына талдау жүргізілді. Оның қорытындысы көрсеткенін­дей, үш мың адам толық емес жұ­мыс күні режіміне көшкен. Өнді­рістің ішінара тоқтауынан бір мың адам жұмыспен қамтылмаған. Оларға қоғамдық жұмыстар, әлеу­меттік жұмыс орындары ұсыныл­ды. Кәсіптік даярлауға 80 адам жіберілді. 230 жаңа жұмыс орны ашылып,  866 адам еңбекке ара­лас­ты. Жыл басынан бері тиянақ­ты атқарылған шаралар нәтижесіз емес. Жұмыссыздар саны 0,8 пай­ыз­ға азайды. Жалпы, үстіміздегі жылы қоғамдық жұмыстарға 820 адамды тарту, 290 жұмыссызды қайта оқыту көзделген. Бұл мақ­саттар үшін 47,5 миллион теңге қарастырылған. Соңғы кездері өндіріс орындарындағы жағдайдың тұрақтанғаны байқалады. Еңбек­ақы жөніндегі қарыздың 15 мил­лион теңгесі өтелді. Энергетиктер алдындағы берешек 32,1 миллион теңгеден 12,3 миллион теңгеге азайды. Ең бастысы, кәсіпорын­дарда моральдық-психологиялық оң ахуал орнықты. Олардағы тұ­рақ­тандыру жұмыстарына 15 мил­лион теңге бөлінді. Кәсіпорын­дарды сауықтыру және қаржылық тұрақтандыру жөнінде штаб құры­лып, құрамына “Нұр Отан” ХДП мүшелері, депутаттар, үкіметтік емес ұйым мүшелері енді.

Қала тұрғындарының тұрмы­сын жақсартуға бағытталған әлеу­меттік бастамалар да кең қанат жайып келеді. Серік Сұлтан­ғазы­ұлы­ның қолдауымен азық-түлік тағамдары мен өнімдері қолжетімді бағаға босатылатын “Шапағат” павильондары жұмыс істейді. Өт­кен жылға қарағанда, шағын кә­сіпкерлікпен шұғылданушылардың саны 7,2 пайызға өсті. Қазір бұл салада 32,3 мың адам жұмыс іс­тейді. Өткен айда тез тұрғызы­ла­тын үйлер мен ғимараттар салумен айналысатын зауытта – 50, “Юбилейный” ЖШС-ның боулинг орталығында – 20, “Шапағат” ком­муналдық базарында –  120, Бескөл-вокзал аралығында қаты­най­тын қоғамдық көлік бағы­тында 20 жұмыс орны ашылды.

Сөз арасында, облыс орталы­ғында 56 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған адамдар тұратынын, олардың да тұрақты қамқорлыққа алынғанын айта кеткен жөн.

Елбасы өзінің халыққа Жол­дауын­да атап көрсеткеніндей, дағ­дарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле­кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Сондықтан да, бар­лық Қазақстан халқы сияқты әрбір қызылжарлықтар да тәуелсіз­ді­гі­міз­ді нығайту жолында бір кісідей жұмылып еңбек ете беретін болады.

Петропавл.

 

Міндет орындалуы тиіс

 

“Нұр Отан” халықтық-демо­кра­тиялық партиясы өзінің кезек­тен тыс ХІІ съезіне дайындық үстін­де. Кеше “Нұр Отан” ХДП Аста­на қалалық филиалы cаяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, күн тәртібіне қойылған екі мәселенің бірі алдағы съезге делегаттар сайлау болды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе үстіміздегі жылдың 6 науры­зын­дағы Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Қазақстан хал­қы­на Жолдауында алға қойылған тапсыр­ма­ларды іске асыру жайына арналды. Кеңес мүшелері алдында мін­деттерді ортаға салған  “Нұр Отан” ХДП Астана қа­лалық фи­лиалы төрағасының бі­рінші орын­басары Павел Казанцев Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындауда партия мүшелері бел­сен­ділігінің аса маңызды екендігін айтып, бұл ретте Жолдаудан туын­дайтын міндеттерді түсіндіруде үгіт-насихат топтарын құрудың рөліне тоқталды.

Қалалық мәслихаттың хатшы­сы Владимир Редкокашин өз баян­дамасында мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуына қадағалау жүргізудің маңызын сөз етті. Мұнан соң сөз алған денсаулық сақтау саласының екі бірдей өкілі Жұлдыз Данбаева мен Жексен Жалқыбаев Жолдаудағы әлеуметтік бағыттағы және ұжымдардағы партия ұйымдары­ның алдында тұрған міндеттер туралы ой бөлісті.

Кеңестің кеңейтілген отыры­сында сөз алған “Ұлттық биотех­нология орталығының” директоры Ерлан Раманқұлов дағдарыс ар­қы­лы жаңару мен дамуға жол тартуда индустриялық-инно­вациялық із­деністердің береріне жиналғандар­дың назарын аударса, “Агроиздат” ЖШС директоры Василий Палаев орта және шағын бизнесті қолдауға қатысты мәселе көтерді.

Бұдан соң тізім бойынша пар­тия съезіне делегаттар сайланып, кеңесте айтылған мәселелер бой­ынша арнайы қаулы қабылданды.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

 

Қиындықты жеңу — жауапты сын

 

Қарағандыда “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының Х кон­фе­ренциясы өтті. Оны филиал  төр­аға­сы Нұрлан Нығматулин ашып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы “Дағдарыс арқы­лы жаңару мен дамуға” Жолдауы­ның негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша аймақтық ұйым­ның міндеттері туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде ортаға сал­ғандай, қазіргі қиындықтан шығу жолында “нұротандықтарға” жүктел­ген жауапкершілік жоғары. Халық өзі қолдап, зор үміт артып отырған партиясына сенеді, соған орай соны ақтау абыройлы парыз деген өңір басшысы дағдарысты еңсеру үшін белгіленген іс-шараларды жиналғандар алдында жан-жақты саралап берді.

Бұл ретте Мемлекет бас­шы­сы­ның жеті тапсырмасын орындау бағытында жоспарлы жұмыстар қызу жүргізіліп жатқандығына тоқталған әкім ағымдағы жылы тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық жүйесін сауықтыруға, мек­тептер мен ауруханаларды жөн­деу­ге, мәдениет пен спорт нысан­дарын жаңғыртуға, жолдарды қал­пына келтіруге, ауылдық жерлер­дегі әлеуметтік құрылыстарды жалғастыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыстан бо­са­ған­дарға қосымша мамандықтар меңгертуге баса көңіл бөлініп отыр­ғандығын атады. Осы жұмыс­тарға мыңдаған адамның қам­ты­луы жұмыссыздық мәселесін же­ңілдетуге себін тигізбектігі нақты деректер арқылы алға тартылды. Мәселен, 10 мыңнан астам  адам­ды еңбектен қол үздірмеуге мүм­кіндік бары айтылды.

Баяндама бойынша жарыссөзге шығып сөйлеген Қарағанды эко­но­микалық университетінің рек­то­ры Ерқара  Аймағамбетов, Осака­ров аудандық мәслихатының де­путаты Василий Бережков, Жез­қаз­ған мыс қорыту зауытының жұмысшысы Сәбит Ахметов, Абай аудандық мәслихатының хатшысы Борис Цой, тағы басқалар Жол­даудан туындайтын міндеттерге сәйкес атқарылып жатқан іс-шараларды баян етіп, көпшілікке қыспақтан сүрінбей өтуге қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Конференцияға қатысқан “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев  Елбасы Жолдауын іске асырудың барысы жайында хабарлама жаса­ды. Қазіргідей қиын кезеңде жұрт­ты әлеуметтік қорғау мен қолдау ша­ра­ларына, дағдарысқа қарсы бағ­дарламаны жүзеге асыруға облыс­қа республикалық бюджет­тен  бөлінген қаражаттың жұмсалуы қатаң қадағалануы қажеттігін атап көрсетті.

“Нұр Отан” партиясы құрыл­ған кезден бастап оның белсенді мүшесі болып,  қоғамдық істер бел ортасынан табылып жүргендерге  марапат қағаздары  мен алғыс хаттар тапсырылды.

Партия облыстық филиалының саяси кеңесі “Нұр Отан” халық­тық-демократиялық партиясының ХІІ съезіне делегаттар сайлады.

Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.

 

Жергілікті билік қызметі басты бақылауда

 

Сыр аймағында Елбасының халыққа Жолдауын насихаттау мен түсіндіру бағытында ауқымды жұ­мыстар атқарылуда. Облыс әкімі­нің орынбасары Мұрат Мұхамедов Елбасы Жолдауы жарияланғаннан бергі уақытта республикалық, өңір­лік басылымдар мен телеар­на­ларда 78 мақала жарияланып, 59 бейнесюжет көрсетілгенін айтты. Айқындалған міндеттерді жүзеге асы­ру барысында жүргізілетін іс-шаралар белгіленіп, халық арасын­дағы үгіт-насихат жұмыстары кеңі­нен қанат жайып келеді. Өңірде 8 ақпараттық-насихаттық топ құ­ры­лып, жоспарлы жұмыс жасалуда. Қалалар мен кенттердегі, елді мекендердегі көрнекі жерлерден Жолдауға қатысты билбордтар мен паннолар орнықты орын алған. Негізінен халықтың келешекке деген сенімдерін нығайтуға баса назар аударылуда.

Сонымен, ақпараттық-наси­хат­тық топтар Сыр аймағының қала, кенттері ғана емес, шалғайдағы елді мекендеріне де шығып, Елба­сы Жолдауын тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіруде.

“Нұр Отан” ХДП облыстық фи­лиалы төрағасының орын­ба­сары Алмагүл Божанова басқарған топ та осы күні облыстың біраз елді мекендерін аралап үлгерді. Кездесу­лердің бәрінде халық көп жиналып, үлкен белсенділік танытты.

Топ мүшелері іссапарларын жоспарлы жүргізіп қана қоймай, жергілікті билік өкілдеріне міндеттелген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алып отыр.

Еркін ӘБІЛ,  Қызылорда облысы.

 

Әлеуетіміз жетеді

 

Елбасымыздың Қазақстан халқына биылғы Жолдауын М.Әуе­зов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан мемлекеттік универси­те­тінің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары ерек­ше ықыласпен құп алды. Еліміздің биылғы дамуының негіздерін айқындайтын осы маңызды құ­жат­та қазіргі қиын кезеңде халқы­мыз­дың әл-ауқатын жақсартудың басты жолдары нақтыланып, Отанымыздың өзіне тән ерек­ше­лігін арқау ете отырып, қоғамдық дамудың барлық салаларын одан әрі жетілдіру, демократияландыру мен құқықтық заңдылықты ны­ғайтып, мемлекеттік институттар дамуының Қазақстанға тән үйле­сімді моделін жаңғыртудың тетік­тері белгіленген.

Жолдаудан туындайтын негізгі идеялар – қазіргі бүкіл әлемді қам­тыған жаһандық қаржы дағ­дарысы жағдайында елдің әлеуетін төмендетпей, мемлекетімізді жаңа жағдайға бейімдеу, жұмыссыз­дық­ты болдырмау, оның ауыртпалы­ғын жеңілдету бағытында әкім­ші­лік басқару органдарының қыз­ме­тін қайта құра отырып, ішкі мүм­кіндіктерімізді тиімді пайдалану.

Жолдауда жастар­дың серпінді әрі белсенді күш ретіндегі рөліне де назар аударылған. Мемлеке­тіміздің саяси-экономи­калық және әлеу­меттік-мәдени дамуында, тұрақ­ты өркендеуге қол жеткізу жолында кадр саясатының маңызы ерекше екені белгілі. Осы бағыттағы жұмыс­тарды жүргізуде жастардың терең білімге негіз­дел­ген, ел мүддесін бәрінен де жоғары қоятын рухани тұлға ретінде қа­лыптасуын назарда ұстап, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға ын­талы болуына әкім­шілік органдар тарапынан  қамқор­лықтың қамтамасыз етілуін үнемі бақылауда ұстау қажет.

Биылғы Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын төмен­дет­пеуге басты назар аударылып, осы бағыттағы шараларды нақты бел­гі­леп, кезең-кезеңімен жүзеге асы­ру­дың айқын жолдары көрсетілген.

Қорыта айтқанда, Жолдау дәл бүгінгі таңда халқымыздың көкей­кесті мәселелерін дөп басып, онда заманның талабына сай атқа­рылатын ауқымды істердің негізгі бағыттары толық айқындалған. Осы мәселелердің шешілуі елі­міз­дің қазіргі уақытша қиыншылық­тарды толықтай еңсеріп, Қазақ­станның Орталық Азияның көш­басшысы ретіндегі рөлінің одан әрі артуына мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Біз өз тарапымыздан Жолдауда көрсетілген басты бағыттарды жү­зе­ге асыруға белсенді үлес қосып, жастық жалынымыз бен жігері­мізді аямауға дайын екенімізді білдіргіміз келеді.

Д.Тапалов,  тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың аға оқытушысы. Шымкент.

 

БАҚ-тар қызметін ел мүддесімен ұштастырайық

Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан СМАЙЫЛМЕН әңгіме

 

– Алдан Зейноллаұлы, Елбасы өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. Осы­ған орай ұзақ жылдар бойы БАҚ саласында жұмыс істеген тәжірибелі журналист ретінде бұқаралық ақ­па­рат құралдарының қазіргі дағдарыс кезіндегі жұмылдырушылық қызметі туралы ой-пікіріңізді білсек деп едік.

– Төртінші билік атанған бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының аза­маттық ұстанымы дегеніміз, Прези­дент осы Жолдауда атап көр­­сет­ке­ніндей, өздерінің қалың оқыр­ма­нына қиындыққа қалай төтеп беру керектігін түсіндіре білуі, дағдарыс кезінде мемлекеттің тарапынан атқа­рылып жатқан мақ­сатты шара­ларды кеңінен наси­хат­тауы. Шын­ды­ғын айтайық, кейбір баспасөз беттерінен мемлекеттің жүзеге асы­рып отырған қыруар жұ­мысы тура­лы талдау мақала­лар­ды сирек кез­дес­тіресің. Газеттерде түрлі деңгей­дегі жиналыстардан берілген тақыр баяндаулар басым. Қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік жағ­дайды нақтылы де­ректермен ашып көрсету жағы жетіспей жатады.

Менің ойымша, осы күндерде Жолдауда белгіленген міндеттерді атқарылған және атқарылуға тиіс нақты шаралар арқылы талдап тү­сіндіру маңызды. Ал ондай шара­лар жетіп артылады. Халық мем­ле­кетте дағдарыстың алдын алуға арналған мақсатты қадамдар 2007 жылы басталғанын, қиындықты ең­серуге былтырдан бастап кіріс­ке­німізді білуге тиіс. 2008 жылғы жос­парлар толық жүзеге асыры­лып, одан әрі жаңа мазмұнда байы­тылды.

Биылғы тындырылған іске келсек, бұлардан да ауқымды. Бес басым бағытта белгіленген шара­лар­дың атқарылу деңгейі, жер-жерлердегі нәтижелері, мемлекет бөлген қыруар қаржының игерілу тиімділігі, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі қадамдар газет беті­нен түспейтін тақырыптар емес пе?! Қазіргі таңда ел осы мәсе­ле­лер­мен күн сайын жан-жақты та­ны­сып, біліп отыру арқылы дағда­рыс кезеңінің қиындықтарын ең­серуге белсенді атсалысатын бола­ды. Бұқаралық ақпарат құралдары осыған айрықша мән беріп, түрлі дәйек­сіз болжамдар мен күдік кел­тірулерден арылуға тиіс.

– БАҚ-тар атқарылған істі насихаттап, елді жүзеге асырылатын шараларға жұмылдыруға міндетті дейсіз ғой?

– Әлбетте. Сонымен бірге, ха­лықты қазіргі күрделі кезеңде мем­лекет пен Президенттің төңірегіне бұрынғыдан да тығыз топтастыра­тын рухани жұмылдырушы күшке айналуы қажет. Осы жерде мынан­дай ой білдіргім келеді. Біздер, жур­налистер, бүгінде Қазақстан­ның әлемге танылған экономи­ка­лық жетістіктері күшті Прези­дент­тік билік арқылы мүмкін болға­нын, сол биліктің ықпалы арта тү­сетін кез келгенін дәйекті дәлел­дер­мен ашық айта алар едік. Бас­қа­ларды былай қойғанда, азулы мемле­кеттердің өздерінің эконо­ми­касын теңселтіп үлгерген мына дағдарыстан елімізді Елбасының жаңашылды­ғына, терең саяси және экономи­калық біліктілігіне, халықаралық зор беделі мен мақ­сатқа жету жолындағы жігеріне негізделген пәрменді билік қана алып шығады.

Қазіргі таңда мемлекет пен би­лік­тің рөлі еселеп артып отыр. Елміздің қалыптасу кезеңдерінде экономикалық құрылымдардың даму бағыттарын дәл айқындап берумен бірге, олардың аяғынан тік тұруына және шығынсыз, та­быспен жұмыс істеуіне қол жет­кізіп, кейінгі өрлеу жылдарында тиісті заңдармен, басқа да оңтайлы ұйымдастыру шараларымен ұдайы қолдаған мемлекет енді қаржылай демеуге көшті. Шағын және орта бизнес те, сыртқы несие арқылы әре­кет етіп келген, дағдарыс қиын­дығында тоқыраған банктер де, өнім өндіру көлемін амалсыз азай­туға мәжбүр болған стратегиялық маңызды кәсіпорындар да, ірі құрылыс компаниялары мен ауыл шаруашылығы да мемлекеттің жәрдеміне зәру болып отыр.

Осындай күрделі кезеңде Пре­зи­дент тағы да заман заңғарынан табылды, дағдарысты еңсерудің, еңсеріп қана қоймай, одан бүгін­гіден де әлді және өркенді мем­ле­кет болып шығудың жолдарын анық айқындап берді. Еліміз өзінің экономикалық қуаттарын бес ба­сым бағытта тиімді пайдалану ар­қылы сын сағаттардың қиын­дық­та­рын жеңілдете алды және инновациялық-индустриялық іргелі жобаларды сәтті жалғас­тыруда. Белгіленген әрі атқарылып жатқан мемлекеттік экономикалық бағдарламалардың бәрі қаржымен дәйектелген. Ұлттық қордан тұр­ғын үй құрылысы мен үлескер­лер­дің мұқтажына 545 миллиард, шағын және орта бизнес субъек­ті­леріне 275 миллиард, агроөнер­кә­сіптік кешенді дамытуға 280 мил­лиард, инфрақұрылымдық жоба­лар­ды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Әлеуметтік сала мен жұмыс орындарын ашуға бағыт­тал­ған қаржы да қомақты. Тұтас­тай алғанда, дағдарысқа қарсы эко­номикалық мақсаттарға қосым­ша 2 триллион 700 миллиард теңге жұмсалуда.

Осындай батыл да ықпалды қа­дам­дарға дер кезінде барған мем­лекеттің халық пен қоғам алдын­дағы жауапкершілігі сәт санап арта түсуде. Аталып өтілген қыруар қар­жының барынша тиімді жұмсалуы және дағдарыс кезеңіндегі эконо­микалық саясаттың барлық тарап­тарда күткендегідей нәтиже беруі, тағдырлы шақтағы нартәуекел мемлекет дамуының бірден бір ке­пілі – Президенттік билікті бұ­рын­ғыдан да күшейтуді талап ете­тіндігі даусыз. Бұқаралық ақпарат құралдары осыны көпшілікке ұғындыруы тиіс.

– Бәлкім, қазіргі жауапты кезеңнің өзіне тән идеялық тірегі болуы қажет шығар?

– Жолдауда осы қиын күн­дер­дің идеологиясы да жасалды. “Се­німділік, жеке белсенділік, төзім­ділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік секілді көңіл-күй­лерді орнықтыратын материал­дар­ды жиі беру керек”, деді Прези­дент. Бірлік идеясы басым ай­тыл­ды. Біздер, отандық журналистер, әсіресе, мемлекет құраушы ұлттың атынан сөйлейтін қаламгерлер дәл осы жерде бәріне жауапты екен­ді­гімізді қайта-қайта еске алуға тиіспіз. Қазақ халқының тағдырлы шақтарда тастүйін жұмылатын игі дәстүрін баспасөзде ақылға да, жүрекке де әсер ететіндей ай­шық­ты көрсете білу үшін шеберлік талап етіледі. Отанды сүю дегеніміз – жалынды сөз ғана емес, елінің экономикасын көтерудегі, мемле­кет алға қойып отырған міндет­терді іскерлікпен адал атқарудағы табанды еңбегің, қоғамның барлық қарым-қатынастарындағы пара­саттылығың мен адамгершілігің. Біткен істі немесе алға белгіленген мақсат-мұраттарды бас салып сынау оңай, сол мұраттарды жүзеге асыру үшін аянбай тер төгу қиын. Алып кәсіпорындар мен құры­лыс­та, шалғайдағы ауыл мен әлеу­меттік салаларда күнделікті күш-жігерімен белгілі нәтижеге жетіп жүрген адам – нағыз патриот. Бұқа­ралық ақпарат құралдарында сондай табанды жандардың еңбегі жиі дәріптеліп, насихатталуы керек.

Ашығын айтайық, бүгінде жур­налистер өңірлерге шыға бермейді. Қаланың ішіндегі ана басқосу, мына басқосуда айтылған көп сөз­ге пікір қосқансып, соларды қау­зап жүреді. Ал елмен бірге болсақ, Қазақстанның бүгінгі қуатын өз қолдарымен нығайтқан, елімізде жүргізілген, жалғасын тауып келе жатқан тиімді экономикалық және әлеуметтік саясатты қолдап отыр­ған жұрт, аузы дуалы ақсақалдар мен тұлғалы азаматтар көпті ын­ты­маққа ұйытатын қаншама зиялы ойларын жайып салар еді.

Біз елге шығып жүреміз ғой, қай жерге ат басын тіресеңіз де ата­жұртының бүгінгі ахуалына тоғай­ған жұртты көресің. Қалың қауым көкейін білдірсе, тілегін қоса ай­тады. Қол жеткенді одан әрі баян­ды етудің ұтымды жолдарына қан­ды­рады. Шаруашылық мәселелері­мен бірге рухани құнды пайым­дар­ды естисің. Міне, осы ой, халық ойы баспасөзге бай азық емес пе?!

Жолдау жарияланды, енді елге шығыңыздар, көптің жүрегіне үңі­ліңіз­дер, қауымды өрге жетелейтін байлам-тұжырымдарын наси­хат­та­ңыз­дар, билік пен халықтың тілегін тоғыстырыңыздар. Бұқара­лық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі басты мұраты осы.

Әңгімелескен  Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.

 

Қоғамдағы тәртіпті  қадағалау – негізгі міндет 

 

Жеңіс ЖҮРСІМБАЕВ, ШҚО ІІД тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы.

Бүгінде барлық еңбек ұжым­да­рын­да Елбасының “Дағдарыс арқы­лы жаңару мен дамуға” атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауында аталған бағыттар бойынша жұмыс жүргізіле бастады.

Осыған орай аталмыш Жол­дау­дың мәнін жете түсіндіру, жан-жақты талқылау шарасы Шығыс Қа­зақстан облысы ішкі істер де­пар­­таментінде де болып өтті. Де­пар­та­мент бастығының бірінші орын­ба­сары Жанарбек Бақты­баев­тың жүр­гізуімен өткен департамент аппа­ра­ты­ның жеке құрамымен болған бұл маңызды басқосуға Шығыс Қа­зақ­стан облысы ішкі саясат басқарма­сының бастығы Баян Закирьянова қатысты.

Басқосуда аталып өткендей, “қи­ын сынақтар мен дағдарыс қы­сымының әлсіремей тұрғаны бел­гілі. Бірақ, осыған қарамастан, Н.Назар­баев өз Жолдауында бүгінгі дағда­рыс­тан туындаған ағымдағы пробле­маларды шешумен ғана шек­телмей, болашақтағы Қазақ­станның дамуы­на кең тоқталып өтті”. Жол­дау негі­зінен бүкіләлемдік дағдарыс, осы дағ­дарыс кезінде ел халқының күйзе­ліс­ке ұшырамауы үшін жасалып жат­қан пәрменді шараларға, яғни эко­номика саласына байланысты болып отыр. Десе де, Елбасы бар­лық мем­лекеттік және басқа да құры­лымдардың дағдарыс кезін­дегі жұмыс жоспарын анықтап бер­ді.

Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына да сөз арнады. Елбасы “Біздің қалалары­мыз бен ауылдарымыздағы ты­ныш­­тық сіздерге байланысты. Қыл­­мыс­пен, сыбайлас жемқор­лық­пен, алаяқ­­тықпен, заңдардың бұ­зылуы­мен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын-қыстау кезеңде біздің азаматтардың, бүкіл қоғам­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін де істеу керек”, деді.

Бұл сөздерге тереңірек бойлап қарасақ, біздің, яғни полиция қыз­меткерлерінің ең басты міндеті – қазіргі көп ұлтты мемлекетіміздегі сая­си тұрақтылық, гүлдену мен қауіп­сіздікті қамтамасыз ету екен­дігін естен шығармағанымыз жөн.

Дағдарыстар уақытша көрініс болып табылады, олар өтеді, кетеді, ал біздің келешек тағдырымыз оны қалай өткергенімізге байланысты. Ең бастысы — қатыгездікке бой ұр­май, халық алдында заңның лайық­ты өкілдері ретінде қалу — біздің басты міндетіміз.

Біз халыққа жанашырлықпен, түсіністікпен қарап, олардың алдын­да өз имиджімізді тек сөзбен емес, нақты іспен көтеруіміз керек. Ауылдарда мал өсіріп, өздері азық-түлік өндіріп отырған адамдар қиын заманда қыл­мыстық қол сұғу­шылықтың басты нысанасына айналуы мүмкін. Сондықтан біздің алдымызда тұрған басты міндет — оларды қараусыз қалдырмау, қолдан келген көмекті аямау.

Жолдаудың ең пәрменді тұсы­ның бірі – гуманитарлық бағыт. Бүгінгі таңда оқуын әрі қарай жал­ғастыруда қиындықтар туындаған білімді жастарға, білікті мамандарға үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осы­ған байланысты, кадр саясатына көбірек назар аударуымыз қажет. Біздің алдағы уақыттағы имиджіміз бен беделміз ертең кімді жұмысқа қабылдайтынымызбен тығыз бай­ла­нысты. Ар-намыс кодексі жөнін­де де ұмытпаған жөн. Өз қатары­мызды теріс қылықты қызмет­кер­лерден арылтып, қызметке қабыл­данған жас қызметкерлермен жан-жақты жұмыс жүргізу, олар үшін заңның үлгілі өкілі бола білу қажет.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат