Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-04-10:

“АЛМАТЫНЫ АЯЛАП, СҮЙІП, ЖАҚСЫ КӨРІП ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗДЕР”

 

Алматы жұртшылығы, қаланың басшы активі осындай бір салиқалы кеңесті көптен күткендей еді. Нұрсұлтан Әбішұлының осы жолғы жұмыс сапарының Ахметжан Есімовтің қала тізгінін қолына алғанына бір жыл толуымен тұспа-тұс келуінде де бір жақсылық нышаны бар сияқты көрінген. Алға озыңқырай айтсақ, шынында да, Елбасы өткізген бұл кеңестен қаланың даму келешегін айқындаған көптеген мәселелер қолма-қол дерлік шешім тапқанын аса бір ғанибет санап, қуанышпен айта аламыз.

 

Қала дамуының неғұрлым кө­кей­кесті мәселелерін, сондай-ақ қыл­мыстық ахуалды түзету орайын­да қабылданып жатқан шараларды тал­қылаған кеңесті аша келе Елбасы ару шаһар Алматы жөнінде ізгі әрі ілтипатты лебіздерін білдіріп өтті. Алматы Отанымыздың ең бас­ты әсем де үлкен қаласы екендігіне тоқ­талды. Соңғы санақ болжам­дарына қарағанда қала тұрғындары меймандарымен қоса алғанда бір жарым миллиондық межеден ас­қан. 1929 жылы астана мәртебесін алғаннан бергі сексен жыл бойы қаланы өркендетуге бірнеше буын аға ұрпақ өкілдері ересен еңбек сіңір­ді. Әсіресе, кейінгі 70-80-ші жыл­дары зәулім ғимараттар салы­нып, жасыл желек жамылып көр­кейе түсті. Бірақ Алматының дүние­жү­зілік қатардағы қала болып са­на­луы тәуелсіздік жылдарынан бастау алды деуіміз керек. Бұл уақытта са­лынған көп жұлдызды қонақ үйлер, осы заманғы офистер, сапалы тұр­ғын үйлер Алматының әлемнің бас­қа өркендеген, өскен қала­лары­мен терезесі теңескенін көрсетті. Кейінгі кездерде қыруар ақша жұм­салып, қала ішіндегі көлік жүйесі, жолдарды жөндеу мәселесіне көп көңіл бөлінді. Метроға мол қаражат салынды. Алдағы қысқы Азия ой­ын­дарын өткізу үшін бой түзейтін ғимараттардың өзі тек спорт мә­се­лесі ғана емес, халыққа, алматы­лық­тарға да қажетті игілік. Оның үстіне Алматының өсіп-өркендеу жөніндегі тамаша бағдарламасы бар. Мен соның басым бағыттарын осы отырған кілең басшы активтің өз аузынан тыңдап, ой елегінен өткізгім келеді, не жұмыс жасалып жатыр, қандай қиындықтар бар, соны бірлесіп талқылағым келеді, деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Әлбетте, әлемдегі қаржы дағ­да­рысына байланысты көптеген мем­лекеттерді меңдетіп отырған қиын­шылықты сылтауратып қала тұр­ғын­дарының жағдайын нашарлат­пауымыз қажеттігін атап көрсеткен Президент барлығын да үнемдеуге тура келіп отырған дағдарысқа қа­ра­мастан, қала үшін ерекше маңыз­ды проблемалардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмауды қадап айтты. Мемлекет аса ірі мега­по­ли­сі­міздің дамуына үлкен қаржылар құйып келеді. Бюджет түсімдерінің негізгі бөлігін құрайтын бүкіл қар­жы блогы да осында қалдырылған. Бүкіл қазақстандықтар ардақ тұта­тын, аялап жақсы көретін сұлу ша­һардың дамуы және өмір сүруге тап­тырмайтын тамаша мекен бо­лып қала беруі орайында мемлекет басшылығы тарапынан бақылау мен қамқорлық ешқашан селкеу тарт­пақ емес, деді Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев.

Қала әкімі Ахметжан Есімов дағ­дарысқа қарсы шараларды жү­зе­ге асыру барысы және қаланың “жол картасы” туралы кеңінен баян­дап, егжей-тегжейлі айтып берді. Әкімнің айтуынша, жалпы алғанда, аталмыш бағдарламалар ая­сындағы қимыл-қарекет үстіміз­дегі жылы 39 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бер­мек. Бүгін таңда барлық әлеу­меттік бағдарламалар іске асыры­лып, қаланың әлеуметтік инфра­құ­рылымының одан әрі кеңеюі мен жақсаруы қамтамасыз етілген. Өткен жылы және биылғы бірінші тоқсанда жеті мектеп пен олардың қосалқы құрылысы және төрт балабақша салынып, пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін тағы үш мектеп және үш бала­бақ­ша қатарға қо­сылмақ. “Жұлдыз” шағын ауда­нын­да емхана және “Құлагер” шағын ауданында дәрі­герлік амбулатория бой көтерді. Үстіміздегі жылы ден­саулық сақтау саласының тағы сегіз нысанының құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үй секторы бойынша 2008 жылы Алматы тарихында тұңғыш рет 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал биылғы бірінші тоқсанда 268 мың шаршы метр іске қосылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегіден 10 пайызға артық.

Сонымен бірге қалабасы бүгін таңда мемлекет қолдауымен бел­сен­ді шешіліп жатқан үлескерлік құ­рылыс, ипотекалық несие алу­шы­лардың түйткілдері сынды бір­қатар проблемалық мәселелерге на­зар аударды. 12 мыңдай үлескердің мә­селесі тұрақты бақылауда ұста­лы­нуда. Жыл басынан бері 790 үлес­кер тиесілі пәтерлерін алды. Жыл аяғына дейін тағы 4600 адам­ның түйткілі шешімін таппақ. Қал­ған үлескерлердің проблемалары келер жылы сәтімен түйінделмек.

Мегаполис үшін бүгін таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі жаңа Алатау ауданын дамыту болып та­былады. Мұнда жарты жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қажетті құрылымдар құрылып үлгерілді, айқын статис­ти­ка қалыптастырылды, Алматыға қосылған осынау елді мекендер қала өркениетіне тікелей кірігіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсаруға бет алды.

Мемлекет басшысының қала орталығындағы және табиғаты қор­ғалған аймақтардағы құрылыс­тар­дың тығыздығы мен қым-қиғаш­ты­ғына қатысты ескертуін ескере оты­рып, қала әкімі өткен жылы мұн­дай жерлерде жаңа құрылыс бастауға бірде-бір шешім шыға­рыл­мағанды­ғын баян етті. Көрікті қой­наулардағы заңсыз құрылыстар түгел­дей тоқталған. Олардың қор­шау­лары мен дуалдары сырылып тасталып, аталмыш аумақтарды тиіс­ті тәртіпке келтіру туралы пәр­мен­дер берілген. Жер комиссиясы бұрын берген 230 шешімнің күші жойылған.

Қаланың энергетикалық кеше­ні­нің дамуына келер болсақ, өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша бұл салаға 46 млрд. теңге жұмсалды. Мұның өзі апат­ты оқиғаларды азайтып, жылу-электр энергиясының өндірілу көлемін 15 пайыз ұлғайтуға мүм­кін­дік берген. Қалалық су құбыры мекемесінің құрылымына өзгеріс­тер енгізіліп, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тұңғыш рет суға арнайы тариф енгізілді. Соның арқасында қазірдің өзінде қалада су тұтыну жөнінде 7 пайыздық үнемге қол жеткен.

Осы арада Президент қала әкі­мін қолдап былай деді: “Қазақстан ауыз су ресурстары бойынша аса зәру елдер қатарына жатады. Соған қарамастан әлемдегі бірде-бір мем­лекет суды біз сияқты ысырап ет­пейді. Суды үйге келтіру үшін де қаншама электр энергиясы, көмір және басқа ресурстар жұмсалаты­нын неге естен шығарамыз? Судың да сұрауы бар, құны бар. Оны үнемдей білген алматылықтардың мына сәтті тәжірибесін барлық аймақтарға тарату қажет”.

Кеңесте қала әкімінің орын­ба­сары Е.Шорманов, Алатау ауда­ны­ның әкімі Б.Мәнізоров, ішкі істер департаментінің бастығы Е.Тұр­ғым­баев Елбасы алдында өздері басқарып отырған салалардың жай-күйін баян етті.

Мегаполис үшін неғұрлым өткір тұр­ған мәселелердің бірі – атмос­фераның ластануы. Бұл проблема­ның 80 пайызы автомобильдер санының аса көптігінен болып отыр. Алма­ты­ның әкімдігі биыл муниципал­дық автобус паркін құруды жос­пар­лауда. Ол жеке тасымалдаушыларға бәсекелестік тудырып, жолаушы­лар­ға қызмет көрсету сапасын көтер­мек. Ең бастысы, муници­пал­дық парк­тің автобустары тек табиғи газ­бен ғана жұмыс істеу есебінен қала­дағы экологиялық жағдайдың айтар­лықтай жақсаруына көмек­теспек.

Сонымен қатар экологияның жай-күйін жақсартуда көлік инф­ра­құрылымын дұрыс дамытудың да маңызы зор. Бұл үшін Рысқұлов даңғылы, Саин көшесі, әл-Фараби даңғылы жалғасқан көлік шеңбері ұйымдастырылып, Шығыс айналма жолы жеріне жеткізе тартылуы керек. Жаңа жолайырықтары салы­нуы және метрополитеннің іске қосылуы да осы тізбенің ішінде.

Бүгінде метро құрылысында 82 млрд. теңге игерілген. Жолдардың жоғары төселімін жүргізу, барлық 7 бекетті әрлендіру жөніндегі жұмыстар қарқын алған. Қажетті жабдықтарды әкелу жөнінде келі­сім­дер жасасылды. Өз кезегінде Мем­лекет басшысы дағдарысқа қа­ра­мастан мегаполис үшін страте­гия­лық нысан саналатын метропо­ли­тен құрылысын қаржыландыру одан әрі жалғасатынын атап көр­сетті. Метроны белгіленген мер­зімде пайдалануға беру мақсатында Президент тапсырмасы бойынша республика Үкіметі ел бюджетінен қосымша 14 млрд. теңге бөлетін болып ұйғарылды.

Елбасы кеңес барысында кейбір күрмеуі қиын мәселелердің шеші­мін бірден тауып отырды. 2011 жылы еліміздің екі бас қаласы – Астана мен Алматыда өтетін Азиада нысандарының құрылысын аяқтау үшін қосымша 13 млрд. теңге бө­лінетін болды. Атап айтқанда, биік таулы “Медеу” мұз айдынының ре­конструкциясын аяқтауға 2 млрд., екі трамплин құрылысын бітіруге 5 млрд. теңге және “Шымбұлақ” тау шаңғысы кешенін діттеген деңгейге жеткізу орайында 6 млрд. теңге қосымша бөлінбек.

Мемлекет басшысы сондай-ақ экология, қаланың энергетика және көлік салаларын, Алатау ауда­нын дамыту мәселелеріне, шағын және орта бизнес түйткілдеріне тоқ­талып, ұйымдасқан қылмыспен күрес және Алматы қаласындағы жалпы қылмыстық ахуал бойынша қатаң шаралар қабылдау қажет­тігіне ерекше мән бере айтып өтті. Кеңесті қорытындылай келе ел Президенті Алматы еліміздің аса ірі қаласы, тарихи, мәдени, іскерлік һәм қаржы орталығы болып табы­латындығын баса айтты. Мұның өзі Алматының ерекше мәртебесін бүгінгі күн талабындағы осы за­манғы өркениетті биік деңгейге көтере түсетініне еш күмән жоқ. Бәріміз үшін қымбат та қастерлі қаланы өркендету жолында әрбір алматылық үлес қосып, Алматыны аялап, сүйіп, жақсы көріп жұмыс істеңіздер, деп атап көрсетті Елба­сы. Дағдарысқа байланысты қиын ахуалға қарамастан мемлекет барша қазақстандықтардың сүйікті қа­ла­сы, ең ірі мегаполисіміз Алматыны дамыту үшін қажетті қаржы салу­дан ешуақытта жөнсіз сараңданып тартынбақ емес, осы жолдағы күш-жігер мен ықыласын аянып қалмақ емес, деп түйіндеді өз сөзін Нұр­сұлтан Назарбаев.



Авторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат