Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-04-28:

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА СҰРАНЫС КҮШЕЙДІ

Айтбай БҰЛАШЕВ,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры.                                        

Қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, Президент өз Жол­дауында халқымызды сабырлы­лық сақтауға, ынтымақ-бірлікке шақыра отыра, бұл дағдарыстан да еліміз абыроймен шығатынына нық сенім білдірді. Тарихи ма­ңызы бар құжатта ертеңгі күнін ойлаған, жақсы уақыттарда Ұлттық қорды құра білген елімізде бұл қиын-қыстау кезеңді абы­роймен еңсеріп қана қоймай, одан әлдеқайда әлеуетті мемлекет бо­лып шығу үшін барлық мүм­кіндіктердің бар екендігі алға тартылған. Осы мақсатта қандай ша­раларды жүзеге асыру керектігі пысықталып, олардың әрқайсы­сына қанша қаражат бөлінетініне дейін айтылған. Сондай-ақ мем­лекеттің барлық әлеуметтік мін­деттеме­лері толық көлемде сақта­латыны атап көрсетілген.

Ауыл шаруашылығына маман­дар дайындайтын университет басшысы ретінде менің көңіліме қуаныш ұялатып отырған жағдай – агроөнеркәсіп кешенін да­мытуға бағытталған инвестиция­лық жо­балардың қаржылануы тоқтамай, дағдарыс кезінде де жалғаса бе­ретіні болып отыр. Мұндай ше­шімнің қабылдануы негізсіз емес. Тағам өнімдерімен өз халқын қамтамасыз етіп қана қоймай, басқалармен де бөлісе алатын мемлекетке әлем үлкен құрметпен қарайтынын көріп жүрміз. Жаһандық маңызы бар саяси мәселелерді талқылау кезінде де мұндай елдердің пікірі елеусіз қалмайды. Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, республи­каның аграрлық секторы инвес­тиция құю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға көтеріліп отыр. Сондық­тан да болар, ауыл шаруашы­лығын дамытуға 280 млрд. теңге, ал оның инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға 120 млрд. теңге жұмсалмақ. Мұндай қо­мақты қаржы азық-түлік қауіп­сіздігін сақтап қана қоймай, сыртқа шығаратын өнімдеріміздің тізімін кеңейтуге де жол ашпақ. Бұл мақсатқа жету үшін ауқымды іс-шаралар жоспарланған. Мәсе­лен, ірі қалалар аймағында за­манауи тауарлы-сүт фермаларын, мал бор­дақылау кешендерін, құс фабрика­ларын және жылыжай­ларды ұйымдастыру арқылы азық-түлік белдеулерін қалыптастыру; агро­өндіріс кластерлерін құру; астықты экспорттау арналарын көптарап­тан­дыру; халықаралық стандарт­тарға сай облыстық және аудандық ветеринарлық зертха­налар салу; ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін құру, т.б. жоспарланған.

Көздел­ген жоба­лар­ды іске асыру нәти­жесінде пайда болған нысандар болжам бойынша 35 мыңнан астам жаңа техноло­гиямен етене таныс орта және жоғары білімді мамандарға сұра­ныс туғызбақ. Бұл жағымды өз­герістер ауыл шаруашылығы са­ла­сына мамандар дайындап жүрген оқу орындарына үлкен жауапкер­шілік жүктемек. Агро­өнеркәсіп кешеніне қазіргі кездің өзінде мал дәрігерлері, агро­номдар, жеміс-көкөніс өсіру мамандары, инже­нер-механиктер, жерге орналасты­рушы инженер­лер, зоотехниктер және басқа да мамандар жетіс­пей­ді. Сондай-ақ, балық шаруашылығы, орман және аң шаруашылығы да мамандарға мұқтаж болып отыр. Қазіргі таңда ихтиологтарды, балық өсіруші-технологтарды, балық шаруашылығы инженерлерін және балық қорғау инспекторларын біз ТМД елдерінен шақыруға мәжбүр болып отырмыз. Облыстық орман және аң шаруашылығын басқару органдарындағы қызметкерлердің тек төрттен бір бөлігі ғана арнайы білімді мамандар. Еліміздің аң шаруашылықтарында тек бір-бірден ғана жоғары білімді ма­мандар жұмыс істейді, ал олардың оннан бірінің ғана аталмыш сала бойынша дипломы бар. Аграрлық саланың кадрларына деген үлкен сұраныстың қалыптасып отырға­нына қарамастан, былтыр ауыл­шаруашылық мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бас-аяғы 2030 орын немесе жалпы тапсырыстың 6,25%-ы бөлінген болатын. Осы жағдайды еске ала отыра, Үкімет ауылшаруашылық мамандықтарына бөлінетін білім гранттарының үлесін 10%-ға дейін көтерсе, бұл саланы білікті кадр­лармен қамтамасыз ету біршама жақсарып, Жолдаудағы жоспар­ланған істердің жүзеге асуына септігін тигізер еді. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі ретінде “Білім туралы” Заңға тиісті өзгерістер енгізіп, мемлекет есебінен білім алған оқу орнының түлектерін ауылды жерлерде кем дегенде бес жыл жұмыс істеуге мін­деттеу керек. Мамандарды облыс және аудан әкімдерінің тапсы­рыстары бойынша немесе тікелей тауар өндіру­шілермен келісім-шарт негізінде дайындаса құба-құп. Бұл бағыттағы игілікті істерге жоғары оқу орындары әзір деуге болады.

Дағдарыс кезінде жұмыссыз­дық­тың орын алатыны заңды құ­былыс. Ел экономикасын көтеріп, халқымыздың хал-ахуалын төмен­детпеудің бірден-бір жолы – еңбек нарығында қалыптасқан сұраныс­тарды ескере отыра, жұмыссыз қалған адамдарды олардың бейімі мен қабілетіне қарай қайтадан оқы­тып, алған біліктілігіне сәйкес жұ­мыс тауып беру. Жолдауда әкімдер мен министрлерге апта сайын қанша жұмыс орнының қысқар­ғанын қатаң қадағалауға алып, жұ­мыссыз қалғандарды өңірлік еңбек­пен қамту немесе оқу орында­рының негізінде керекті маман­дықтар бойынша қайта даярлау тапсырылған. Осы мақсат­ты жүзеге асыру үшін кем дегенде 140 млрд. теңге бөлініп, бұл қаржы 350 мыңнан астам отандас­ымызға жұмыс тауып беруге жұмсалмақ.

Елбасы еңбек нарығын дамыта алатын мүмкіндіктердің бірі ретінде коммуналдық желілерді жарақ­тан­дыру мен жаңғырту жұмыстарын атап көрсетті. Расында да, хал­қы­мызды сумен және жылумен қам­тамасыз ету мәселелері, энергетика мен кәріз сулары нысандарының қазіргі жағдайы сын көтермейді. Одан қалды, кейінгі кезде өндіріс, әлеуметтік және тұрғын үй ғима­раттарының сан жағынан өсе түсуі жылу мен электр энергиясына, суға деген сұранысты күрт арттырып, аталмыш қызметтерді көрсететін жаңа нысандардың пайда болуына әкелді. Міне, сондықтан да бүгін бізге заманауи қондырғылардың тілін білетін, олармен жұмыс істей алатын, керек жағдайда жөндей алатын білікті жұмыскерлер өте қажет. Бұл тапсырысты іске асыру үшін слесарь-сантехниктер, элек­тромонтерлер, элетромон­тажшы­лар, дәнекерлеушілер, жылу тех­никтері, кеңбейімді тракторист-машинистер, ЭЕМ операторлары, жүргізушілер, т.б. мамандар керек. Ұлан-байтақ еліміздің экономи­касының дамуына ауадай қажет телекоммуникация саласында да телефоншы-монтажшы, телефон стансаларының операторы, ком­му­таторшылар тапшылығы сезіліп отыр. Президент кадрларды қайта даяр­лау және қайта оқыту бойын­ша жүйелі жұмыс экономиканың еңбек ресурстарына деген сұра­ныстарды қамтамасыз етуі керек деген болатын. Бұл уақыт та­лабынан туындап отыр. Қазіргі таң­да ал­дыңғы қатарлы шаруашылық­тардың машина-трактор парктері жылдан-жылға шетелдік техни­калармен толыға түсуде. Алайда, білікті механизаторлардың тап­шылығынан мұндай заманауи техникаларды тауар өндірушілер толыққанды пайдалана алмауда. Сондықтан да, дайындық курста­рында кеңбейімді механизатор­лар­ды негізінен Қазақстанда қол­да­ныс­қа енген, сервистік қызметі дамыған фирмалардың техни­ка­лары­ның негізінде оқытуды қолға алу керек. Экономика­мыз­дың басқа да жұмысшы кадрларына деген қа­жеттілік мониторингі жүргізілмеген­діктен, сұранысы бар мамандық иелерін дайындау ісі дұрыс жолға қойылмай отыр. Осы себептен, қазір 1 жұмысшыға орташа есеппен 2 орта кәсіби білімі бар және 6 жоғары білімді ма­маннан келеді екен. Әлемдік тәжірибеде жоғары білімі бар маманға орта кәсіби білімі бар 1 маман және 5 жұмысшы дайындау қажет көрінеді. Ал білікті жұмыс­шыларды дайындайтын еліміздегі кәсіби-техникалық орта оқу орындары әзірше сан жағынан да, сапа жағынан да мұндай сұраныс­тарды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да бұл іске колледждер мен жоғары оқу орындары да белсене кіріскені жөн.

Республикамыздың солтүстік және орталық аймақтарына елу жыл­дан астам инженерлерді дай­ындап келе жатқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті жұмысынан айырыл­ғандар үшін арнайы курстар ашып, жұмыскерлердің жаңа мамандық­тарды меңгеруіне көмек беруді қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта тәжірибеміз жеткілікті. Айталық, ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші және екінші курсты тәмамдаған студент­тер өздерінің таңдаған мамандық­та­рына сәйкес жұмысшы білікті­лігін алып шығады. Төменгі курс­тарда әртүрлі себептермен оқудан қол үзген студенттер жұмысшы кәсібін меңгергендіктен, еңбек нарығынан өз орнын таба алады, ал жоғары білім алып шыққандары өз кәсібінің қыр-сырымен етене танысқан маман атанады. Сонымен қатар, сәулет өнері және орман шаруа­шылығы мамандарын дайын­дайтын оқу орнымызда ауылдың мектеп­тері мен ауруханаларын, мәдени ошақтарын абаттандыру мен жөндеу, елді мекендерді көгал­дандыру жұмыстарын жүргізе ала­тын жұмыскерлерді де дайындауға мүмкіндік бар. Сәулет өнері фа­культетінің негізінде өңдеуші-сырлаушы, декорация шебері, форматты жұмыстарды орындау шебері, монументті-декоративті техника шебері, ағаш ою шебері мен кіші декоративті пішіндерді ою шеберлерін дайындау көзделініп отыр. Бұл мамандық иелерінсіз тұрғын үйлер мен қоғамдық ғима­раттардың интерьерін безендіру мүмкін емес. Түрлі алаңдарды, гүлзарларды гипстен немесе ағаштан жасалған мүсіндермен, шағын архитек­ту­ралық пішіндер­мен безендіру де аталмыш кәсіп­тер­ді меңгерген жұмысшы­­ларды қажет етеді. Одан қалды “Жасыл ел” мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша орман көлемін жылына 30-35 мың гектарға кеңейту көзделіп отыр. Ал еліміздің орман шаруашылығы ағашты отырғызып қана қоймай, оны күте білетін жұмыскерлерге мұқтаж десек те болады. Жұмыссыздарды қайта даярлап, жаңа кәсіби ма­мандық беру арқылы біз отандас­тарымызға жұмыс қана тауып бермей, еңбек ресурстарының қалалық жерден ауылға бет бұрып, оның мәдени-тұрмыстық жағдайы­ның жақсаруына мүмкіндік ту­ғызамыз.

Жолдауда әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру мәселесі де еңбек нарығын дамытудың бірден-бір мүмкіндігі ретінде қа­растырылған. Кейінгі жылдары университетімізде каникулға шыққан жастарды еңбекке тарту мәселесіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары оқу орнымыз Кеңес Одағының барлық ауылшаруа­шы­лық жоғары оқу орындарына ша­руашылықтарға көмек көрсету мақ­сатында сту­денттердің ме­ха­ни­каландырылған отрядтарын құру туралы бастама көтеріп, үндеу арнаған болатын. Сол уақыттан бастап 20 жылдай СМО кеңшарлар мен ұжымшарларға  көмекке барып жүрді. Аяғына нық тұра бастаған шаруашылықтардың жыл санап өсе бастауына орай, кейінгі екі жылда бұл дәстүрімізді қайтадан жаң­ғырттық. Аталмыш жұмыстан бас­қа, 2005 жылдан бастап студент­теріміз “Жасыл ел” от­рядтарын ұйымдастырып, бас қаламыздың жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстарына белсене қатысып жүр. Сонымен қатар, жыл сайын жастардан құрылған үгіт топтары мектеп түлектеріне кәсіби бағдар бере отырып, университет маман­дықтарына талапкерлерді тарту жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы ал­ғанда, соңғы 4 жылда 1185 студент жазғы семестрде өз­деріне де, қо­ғамға да пайдалы еңбекпен қам­тыл­ды. Биыл мұндай жұмыстармен 450 адамды қамта­масыз етпекпіз. Қорыта айтқанда, ел экономи­ка­сына қажет кадрлар­ды дайындау немесе қайта дайын­дау шараларын толығынан және сапалы түрде жү­зеге асыру үшін керекті алғы­шарт­тардың бәрі жасалған.

 

Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді

  

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” Жолдауын насихаттау мен түсіндіру мақсатында құрылған республикалық ақпараттық-насихат­тық топты оңтүстікке бастап келген Қазақстан Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынның бір иінінде Жолдауды қолдауда жауапкершілік пен жанашырлықтың бірдей болуы қажеттігін айтты. Дағдарыстың салқыны тек Қазақстанға тиіп жатқан жоқ. Әлемдік өркениеттің көшін бастаймыз деп азуын айға білеп жүрген мықты мемлекеттердің біразы тығырықтан шыға алмай, теңселіңкіреп кетті. Қазақстан дағдарыстың нышандары біліне бастаған 2007 жылдың басында-ақ кем-кетік тұстарын бекемдеу үшін мемлекет қоржынынан 550 млрд. теңге шығарды. Еңбекпен қамту, жұмыссыздықты болдырмау үшін “Жол картасы” бағдарламасын жасап, барлық облыстарға тиісінше көмек жасап отыр. Осындай жағдайда бәрін Үкіметтің мойнына салып қойып, бір шетте бақылаушы болу, жұмыс табуға талаптанбау – ештеңеге жаны ауырмастың ісі.

“Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме” деген қазақ мәтелін орайы келіп тұрған мәселеге қиыстырған Дархан Қамзабекұлының уәжі орынды. Жолдауды насихаттауға әкімдікте өткен жиынға облыс тұрғындары, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқарма басшылары, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласының қызметкерлері, дін өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, облыстық ұлттық-мәдени орталықтарының төрағалары, облыс ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді жүргізген ОҚО әкімінің орын­басары Ә.Бектаев Қазақстан Президенті Әкім­шілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінен кейін сөзді Экономика және бюджеттік жос­парлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова мен Энергетика және мине­ралды ресурстар министрлігінің вице-президенті Дүй­сенбай Тұрғановқа берді.

Қазақстан Үкіметі бюджетті оңтайландыру арқылы артық шығындарды шектеп, экономиканың маңызды салаларын нықтап жатыр. Жалақы мен зейнетақы мөлшері жыл сайынғы өсімін сақтауда. “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” ірі магистралі секілді халықаралық жобалармен бірге, халықты электр қуаты, көгілдір отынмен толығымен қамту мәселелері оңтайлы шешіліп жатыр. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл шаруашылығына айтарлықтай деңгейде көмек берілуде. Еліміздегі жұмыспен қамту стратегиясына 140 млрд. теңге қаралып, 350 мың адамды жұмыспен қамтуды ойластыру – мемлекеттің күш-кемелін байқатады. Еліміз бойынша ірі кәсіпорындармен бес мыңнан аса меморандумдарға қол қоюдың астарында адамдардың жұмыс орнын сақтап қалуына көрілген амал жатыр.

Осындай жәйттерді екшелеген Д.Мыңбай Елба­сының ақпарат құралдарына үлкен сенім артып отыр­ғанын айтты. Мемлекеттік мықты шаралардың еш­қайсысын көрмей, ел арасына жік тастап, үрей шақыру елдік мұрат емес. Әсіресе, мынадай қиын кездерде.

Жиында ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Ж.Мәуленқұлов сөз алып, облыста Жолдауға байланысты қандай жұмыстардың жүріп жатқанын әңгімеледі.

Соңынан сұрақтарға жауап берілді.

Республикалық ақпараттық-насихаттық топ төртке бөлініп, облыстың барлық аудан, қалаларында кездесу ұйымдастыруда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова Түркістан қаласында өткен жиынға қатысты.

Көпшіліктің көңіліндегі түйткіл мәселені де айта кетейік. Оңтүстік – қазақы жер. Өзге ұлттың өкілі кездеспейтін тұтас ауылдар бар. “Қазақ тілім – мемлекетімнің тілі” деп отырған осы ауылдарға насихаттық топтың құрамындағы мәртебелі меймандардың ресми тілде баяндама жасап кететіні елдің көкейіне еш қонбайды. Көбін түсінбей қалдық деседі. Қазақ жұртына қазақтың келіп мемлекеттік тілде әңгіме айта алмайтындығы расында ауыр мәселе.

Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Атқарылатын іс ауқымды

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Дағдарыс арқылы жаңару мен да­муға” атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік дағдарыс жағдайында экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етіп, ха­лық­ты жұмыспен қамтуды дәйекті жүзеге асыру мақсатында әрбір әкім өз өңірінде апта ішінде қанша жұ­мыс орнының қысқарғанын, қаншасы ашылғанын білу қажеттігін міндеттеп, нақты тапсырма бергені белгілі.

Жетісу жерінде бұл тұрғыда арнайы жұмыс жүргізіліп, жұмыспен қамту халықтың өмірін жақсартудың тетігі ретінде қабылданғанын көруге болады.  Облыстың барлық өңірлері секілді Еңбекшіқазақ, Панфилов, Алакөл аудандарында да Жолдау жауапкершілігі міндеттеген жайлар шешімін тауып, халықты дағдарыстан күйзелтпей шығарудың қадамдары көрініс табуда. Осы орайда аталған аудан әкімдерімен жүргізілген сауалдамада мынадай сұрақ қойылған еді:

“Қазіргі кезде жаңа жұмыс орындарын ашу, аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау мақсатында қандай шаралар жүзеге асырылуда?”.

 

Әлихан ТОЙБАЕВ, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі:

– Елбасы Жолдауында дағдарыстан шығудың маңызды буындарының бірі – елдегі этностық татулықты сақтау мен саяси тұрақтылықты нығайту екендігі баса айтылған. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жолдауды халық арасында насихаттау мен түсіндіру барысында осы мәселеге айрықша назар аударуда. Өткен мерзімде 26 ауылдық аймақ пен 79 елді мекендегі кездесулерге 11200 адам қатысып, Жолдауға байланысты жүзге таяу баяндама жасалып, атқарылған жұмыстар сараланды.

Аудандағы 275 мың тұрғын, 54 этнос өкілдері 6 этно­мәдени бірлестікке топтасып, өзара ынтымақтас­тық пен достықты ту етіп, халқымыздың дәстүр-сал­ты мен әдет-ғұрпын, тілі мен ділін дәріптеуде. Дос­тық пен татулықты, келісім мен тұрақтылықты сақ­тау­ға бағытталған шараларды “Ақсақалдар алқасы”, “Әй­елдер кеңесі” және “Жігіт басы” сияқты қоғам­дық ұйымдар белсенділікпен жалғастырып, жақсы істерге бастамашы болғанын айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Есік қаласы мен Шелек ауылында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істеуде.

Жолдауға сәйкес өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруға арналған бюджет қаражаты есебінен Үкіметтің “Жол картасының” бағыттары бойынша мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік инфра­құ­рылымдарды жөндеуге және жылытуға 1 млрд. 230 млн. теңге жұмсау жоспарланса, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мен жаңартуға 233,6 млн. теңге ба­ғытталған. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар прак­тикасы бағдарламасының аясын кеңейту көз­деліп, бұл мақсатқа 46,4 млн.теңге бөлінді. Ал әр ау­ыл­дың кем-кетігін қалпына келтіріп, аббаттандыру, та­ғы басқа әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 633,3 млн.теңге қарастырылған. Аталған бағыттар бой­ынша орта мерзімді жоспарда қарастырылған қар­жыны қоса есептегенде ауданда ағымдағы жылы рес­публикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген 6 млрд. теңгеден аса қаржыға бағдарламада көр­се­тілген бірқатар жұмыстардың тиянағы келтіріледі.

Бөлінетін қаржыны игеру мақсатында “Жол картасымен” жұмыс жүргізілетін нысандардың қажетті жобалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтуде. Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы қосымша 3 мыңнан аса жұмыс орындарын ашу көзделсе, тіркелген 250 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар жұмыссыздар мен жұмыстан қысқарғандарды қайтадан кәсіби оқыту мен жұмысқа орналастыру ісін жүйелеу мақсатында ауданда “Қамқор” үкіметтік емес ұйымы арқылы қоғамдық жұмыстағы “Демеу” орталығы құрылып, іске кірісті.

Мемлекет басшысының “30 корпоративтік көш­басшы” бағдарламасы бойынша ауданда 3 ірі жоба қолға алынған. Қазіргі кезде “Бейнеу – Қорғас” магис­тральды газ құбыры құрылысы жүріп жатыр. Осы жоба бойынша жыл басынан 7 млрд. 600 млн.теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ 150 шақырымды құрайтын “Жетіген – Қорғас” темір жол желісінің, “Алматы – Қорғас” тас жолы құры­лыстары басталады. Аталған құрылыстарға мыңдаған адам тартылып, бұрыннан бар карьерлерден тыс қосымша топырақ алатын бірнеше карьер ашыла­тынын айтуға болады.

Аудан көлемінде биыл шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 3 млрд. 880 млн. теңге өнім өндіріп, тұтынушыға мінсіз қызмет көрсетуде. Осы саладан 170 млн. теңге салық жиналғаны да аудан бюджетіне қосылған қомақты қаржы. Осылайша дер кезінде жасалған нақты шешім, ұтымды ұйымдастыру біздің алдымызда тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуімізге негіз қалап отыр.

 

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ, Панфилов ауданының әкімі:

– Әлемді қамтыған қаржы дағдарысынан халықты күйзелтпей алып шығу жолындағы жұмысты ерте қолға алдық. Өткен жылдың соңында арнайы қаулы қабылданып, қаржы дағдарысына қарсы әрекет жөніндегі штаб пен жұмысшы тобы құрылып, арнайы іс-шара негізінде жұмыс өрістетілді.

Ауданда “Салтанат”, “Жаркент крахмал-сірне зауыты”, “Үркер”, “Құрылысшы-М”, “Карьер-А” жау­апкершілігі шектеулі серіктестіктерімен үш жақты меморандумға қол қойылып, жұмыссыздықтың алдын алу мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар, 30 заңды тұлғаның басшыларымен түсінік жұмыстары жүр­гізіліп, халықты жұмыспен қамту мен тұрақ­тылықты сақтаудағы жауапкершіліктері түсіндірілді.

Базардағы әлеуметтік маңызды тауар бағасын тұ­рақ­тандыру мақсатында жергілікті ауыл шаруа­шылығы өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері қолға алынды. Бү­гінгі күні жұмыс жасаған 15 жылыжайдан тыс Жаркент қаласындағы жүйке тамыры ауруларымен ауыратын мүгедектер үйінде тағы да бір жылыжай іске қосылып, көкөністің алғашқы өнімдері жиналып, тұтынушыға жол тартты. Бұған қосымша “Ирада” шаруа қожалығы 20 жылыжайдың жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, 60,0 млн. теңге көлемінде несие алуға республикалық “Агронесие корпорация­сына” өткізді. Сонымен бірге, “Ыстық су” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 4 гектар жерге типтік жылыжай салуды, тағы да 3 шаруа қожалығы 5 г­е­лиожылыжай құрылысын жүргізу мақсатындағы ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруда. Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын өсірмеу үшін сауда орындарымен меморандум жасалды. Аз қам­тылған отбасыларға Жаркент қаласында әлеуметтік дүкен аш­ылса, тұрғындар көп шоғырланған Көктал ауы­лын­да да таяуда осындай сауда орны ашылатын болды.

Аудан базарларында еркін сатылатын ет бағасы жоғары болып отырғаны жасырын емес. Сондықтан тұрғындарға орталық базардағы арнайы орында сенбі-жексенбі күндері ауылдық аймақтардан арзан­датылған бағамен ет сатуды ұйымдастырудамыз.

Жалпы ауданда үстіміздегі жылы агроөнеркәсіп кешенінде өндірілетін өнім деңгейін өткен жылдан төмендетпеу үшін барлық ішкі резервтерді пайда­ланып, ұйымдастыру жұмыстарын барынша ширата түсудеміз. Шаруаларға жеңілдік жасау бағытында, аудандағы МТС басшыларымен келісіп, қызмет көрсету бағасы түсірілді. Ауыл шаруашылығы өнім­дерін, оның ішінде сүт өнімдерін өңдеумен айна­лысатын “Кәрім” шаруа қожалығы сүт өңдеу цехын кеңейтіп, заман талабына сай ету үшін жұмыс жасауда.

Аудандағы “Жаркент” несие серіктестігі биыл 139,8 млн. теңге көлемінде несие желісін ашып, шаруаларға жылдығы 8 пайыз болатын несие берді. Аталған серіктестік арқылы екі айда ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 10 адамға 20,1 млн. теңге, оның сыртында “Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” арқылы 30,0 млн. теңгеден астам несие беру көзделген. Ауданда ұнның, нанның бағалары түссе, газдың, көмірдің бағасын арзандатуға қол жеткізілді.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде қоғамдық жұмысқа жіберілгендерге 365 мың теңге төленсе, 138 адамға 485,5 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 13960 мың теңгені құрады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі оңтайлы шешілуде. Баспана сұраған соғыс ардагерлерінің барлығының талап-тілегі қанағаттандырылды, өзге де топтардағы баспанаға зәру жандардың сұранысы зерттеліп, жұмыс жүйелі жүргізілуде. Бюджеттік саладағы қызметкерлерге жағдай жасау мақсатында халыққа медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер үшін 10 үй салынып, пайдалануға берілді.

Қазіргідей күллі дүние қаржы дағдарысының қыспағына шарпылған шақта Елбасы Жолдауы барша халқымыз тәрізді жаркенттік жұрттың да рухын көтеріп, келешекке деген сенімін нығайта түсуде. Бірлік, ынтымақ, ертеңгі күнге деген сенім қиындыққа қарсы іс-әрекет жасауға құлшындыруда.

 

Бағдат ҚАРАСАЕВ, Алакөл ауданының әкімі:

– Елбасының биылғы Жолдауында халық мүдде­сіне басымдық беріліп, әлемдік дағдарыс жағдайында халықты жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың алдын алуға ерекше мән берілген. Осыған байланысты жергі­лікті атқарушы билік органдарына үлкен міндет жүктеліп, жер-жердегі еңбек ресурстарына деген сұранысты зерттеу, елді мекендерді көгалдандыру, коммуналдық шаруашылық саласын, әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жолдарды жөндеуден өткізу, адамдарды басқа мамандықтарға қайта даярлау мен оқыту қолға алынған.

Елбасы Жолдауында айтылғандай, өндірісті дамыту барысында өнеркәсіп өнімдері қолданыстағы бағамен алғанда 496,9 млн. теңгеге жетіп, оның сапасын халықаралық стандарттарға жеткізуге мән берілуде. Сондай-ақ, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 806,6 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, тұтынушыны азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты деуге болады.

Көктем – қауырт еңбектің маусымы. Сондықтан да ауданда 7140 гектар жер жыртылып, 2890 гектар дәнді, 345 гектар майлы дақыл, 24 гектарға көкөніс себілсе, 8 гектарға алма бағы отырғызылуда. Сонымен қатар, тұтынушыны арзан көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай салуға 8 өндірістік шаруашылық пен жеке тұлғалардан сұраныс түсті. Үшарал қалалық округіндегі “Ринат” шаруа қожалығында аумағы 160 шаршы метрлік жылыжайдың құрылысы аяқталып, тұтынушылар көкөніс түрлерімен қамтылды. Шаруа қожалықтары лизинг бойынша 4 млн. 394 мың теңгеге жаңа техника алып, мәшине-трактор шеберханаларын жаңартты.

Жолдауда инвестициялық жобаларды қаржылан­ды­ру мен іске асыруды жалғастыру міндеттелсе, ағымдағы жылдың алғашқы 3 айында 335,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында “Солтүстік Каспий мұнай компаниясы” ауданда геодезиялық барлау және бұрғылау жұмыстарын бастаса, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы нысандарының құрылысы жалғасуда.

Ауданда 762 шаршы метр тұрғын үй, 2617 шаршы метр басқа да құрылыс нысандары пайдалануға берілді. Достық кентінде 280 орындық балабақша, 50 орындық ау­рухана, Ақтүбек ауылында дәрігерлік емхана құры­лы­сы жүргізілуде. Басқа да жұмысы басталған ны­сан­дардың ел игілігіне айналуына жағдай қарастырылған.

Қоғам дамуындағы шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орны ерекше. Қазіргі кезде аталған саладағы тұлғалар саны 2098-ге жетіп, 13549 адам кәсібінен нәсібін теруде. Мұндағы жалпы өнім, қызмет көлемі 169 млн. теңгеге жетіп, жергілікті бюджетке 23,3 млн. теңге қаржы түсті. Жыл басынан бері жеке кәсібін ашқандар қатары өсуде. Үшарал қаласында, Қабанбай, Бескөл ауылында 6 дүкен, Ақжар, Тоқжайлау, Көлбай ауылдарында жанар-жағар май стансасы, монша, мейрамхана халыққа қызмет көрсетуді бастады.

Жолдау жолдарында халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдауға ерекше екпін берілгені жер-жердегі жұмыстың жүйелілігіне негіз қалауда. Ауданда бүгінгі қоғамдағы кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасы аясында биыл 9 млн. 875 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек беру қаралған. Биылғы жылдың өткен мерзімінде жұмысқа орналасуға тілек білдірген 399 адамның 243-і жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 8,0 пайызды құрады. Мамандықтарын көтеруге 30 адам оқуға жіберілсе, 135 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

“Жол картасы” бағдарламасымен қосымша 287 жұмыс орны ашылады деп жоспарланса, мерзімді және уақытша жұмыстарға 159 адам орналастырылды.

Қазіргі кезде аудандағы орташа айлық жалақы мөлшері 44497 теңгеге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 12278 теңгеге жетіп отыр. 190 ауылшаруашылық ны­сан­дары мен наубайхана, дәріхана және жеке кәсіп­керлермен бағаны негізсіз өсірмеу, жұмыс орын­дарының қысқармауына байланысты шарт жасалды.

Бүгінгі ел дамуындағы жаңа кезеңнің игіліктері көбіне басшылардың ұйымдастырушылық біліктілігі мен қабылдаған шешімдерінің өміршеңдігіне тікелей байланысты. Сондықтан да аудан халқын дағдарыс қиындықтарына ұрындырмай алып шығу мақсатын­дағы жұмыстарды жүйелеп, көп ұлтты аймақ тұрғын­дарының білек пен тілек біріктіруіне күш салудамыз.

Сауалдаманы жүргізген Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат