Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-05-06:

Елбасы қабылдады

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Мәмиді, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты және Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

 

Қ.Мәми Президенттің заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржыларды пайдаланудың заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы туралы баяндап берді. Прокуратураның қызметінде басымдық әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалауды күшейту жағына қарай ойысуда.

Бас Прокурор сондай-ақ, Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесін нығайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Сыбайлас жемқорлықтың барынша елеулілерін дер кезінде  анықтау және сапалы тергеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша штаб құрылған.

*  *  *

Б.Сапарбаев Президентке облыстың үстіміздегі жылдың алғашқы 4 айындағы әлеуметтік-экономи­ка­лық даму қорытындылары, әлеуметтік саланың мате­риал­дық-техникалық базасының жай-күйі, “Жол кар­та­сын” іске асырудың барысы туралы баяндап берді.

Мемлекет басшысына сондай-ақ “Қазақстандық үлесті” қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы орындау аясында өнеркәсіп өнімін өндіру мен тұтынудың облыс әкімдігі әзірлеген балансы таныстырылып, өңірде фин тәжірибесі бойынша “Жоғары техно­логиялар аймағын” құру ұсынылды.

Президент үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжыл­ды­ғында өткен жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізілген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің өсу қарқынын сақтау жөнінде тап­сырма беріп, “Жаңа технологиялар аймағын” құру жө­ніндегі пилоттық жобаның іске асырылуын мақұлдады.

*  *  *

Ж.Досқалиев сәби мен ана өлімін азайту, туберкулездің алдын алу және медициналық білім берудің сапасын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы баяндап берді.

Министр сондай-ақ, Мемлекет басшысын әлемде H1N1 тұмауының таралуына байланысты ахуал туралы және осыған орай Қазақстанда қолға алынып жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар етті.

– Бүгінгі күні Қазақстанда H1N1 вирусы тіркел­меген. Халықаралық ірі әуежайларда адамның қызуы көтеріл­гендігін немесе жоқ екендігін жақындамастан анық­тай алатын тепловизорлар орнатылған. Сондай-ақ, бұл инфекцияны Қазақстанға жібермеуге бағыт­тал­ған басқа да шаралар қабылданды, – деді Жақсылық Досқалиев.



Авторы:


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат