Егемен Қазақстан          

 
 


ЖАЗЫЛУ






Яндекс.Метрика


№90-93 (25939) 12 НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2009-05-30:

ЕЛ ЕТЕҢІ – ЕЛОРДА

 

Астана қаласы – Қазақ­стан­ның әлемдегі жаңа бренді. Тәуел­­сіз Қазақстан астанасын Сарыарқа төріне қондырып тәуе­­кел қылған Елбасының се­німі ақталды. Ешкімнің қолынан келмес осынау ерлікті жасаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлігі, сөз жоқ, құрметке ие. Өйткені, бұрынғы Ақмоланы сәулеті мен дәулеті жарасқан жаһандық аренадағы бүгінгі Астанаға айналдыру тарихи ерлікке пара-пар.

Елордамызды қалыптасты­рып, одан әрі әлемдік талаптарға сай дәрежеге жеткізу астаналық жастардың басты мақсаты екені айқын. Қазақстан экономика­сы­ның қарыштап дамуына көз тігіп отырған елдер бас қаланың да­муын да жіті бақылап отыр. Яғни, Астанамыздың болашағы бір есептен ел болашағы десек ағат айтқандық болмас. Қарқынды өсіп келе жатқан қаламыздың құрылысында ұлттық колорит те мол. Қарап отырсаңыз, соңғы жыл­дары көшелерге қазақи топо­ним­дер, орта ғасырлардағы қала­лардың атын тұрғын үй кешен­деріне беру жақсы жолға қойы­лып келе жатыр. “Хан шатыр”, Тәуелсіздік сарайы, “Қазақ елі” монументі секілді ұлттық сәулет өнерінің жобалары Еуропа сәулет өнерімен, сонымен қатар шығыс елінің ерекшеліктерімен астасуы кезінде ұлан-байтақ же­рі­мізден өткен Ұлы Жібек жолы секілді батыс пен шығыс арасын жақындастырған өркениет көпі­рін еске салады. Ал көшелеріміз бен ескерткіштеріміздің қазақша аталуы құлаққа жағымды естіле­тіні өз алдына бөлек. Абылай хан көшесімен Кенесарыға бара жа­тырмын немесе Саурандамын деу қандай керемет! Осынау атау­лар­дың әрбіреуі тарих тереңінен сыр шертеді. Ұлттық рухты күшейте түскендей әсер аласың. Осы рет­те Жұмабек Тәшенов есімі бе­ріл­ген көше туралы айта кетпеске болмайды. Кеңес кезінде сол­түс­тігіміздегі бес облысты Ресейдің уысында жібермей, аман алып қалған, елім деген асқаралы аза­мат еңбегінің ескерілгені тарих­шы ретінде мені қатты қуан­тады.

Астана – имандылық ұйыған бірлік қозғалысы. Имандылық пен парасаттылық, тектілік пен зиялылық қана мәдениеттер мен діндердің арасындағы үнқатысу мен өзара түсіністік, ұлттар мен ұлыс­тар, мемлекеттер қақты­ғы­сын болдырмаудың басты құралы бола алатыны күмән тудырмаса керек. Осы ретте еліміздің ұста­нып отырған позициясы өзге ел­дер қызыға да қызғана қарайтын­дай-ақ. Себебі, бас қаламыз әлемге түрлі дін өкілдерін қа­был­дап, бір үстел басына отырғыза алудың тамаша үлгісін көрсетіп берді. Бейбітшілікті қолдап, араз елдерді татуластыруды ойлайтын еліміз бұл жерде де үлкен көре­гендік жасап отыр. 2006 жылы Бейбітшілік және келісім сарайы осы мақсатта ашылды, бүгінде өз міндетін адал атқаруда. Мұнда дін өкілдері кездесіп, өзекті мәселе­лер­ді көтеріп, шешуі дәстүрге айнал­ды. Сонымен қатар, әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезінде өз декларациясын да қабылдағаны есте. Бұл тарихта қалатын керемет оқиға, себебі осыған дейін ешқашан осыншама діни конфессиялардың ортақ тіл табысып декларация қабылдамауы өз алдына, бір үстел басына жинал­мағаны белгілі. Ал Астанамыз адамзат игілігі үшін қабылданған декларацияның басталуына ұйытқы болды деуге толық негіз бар. Міне, осындай үлкен де ұлы істердің ба­сында тұрған біздің ел, біздің Аста­намыз көптеген мемлекеттердің, әлемдік қоғамдастықтың алдында шынайы абыройға ие болғандығы көңілге қуаныш, көкірегімізге мақ­тан ұялатады.

Білім, медицина, әлеуметтік сала­лардағы жұмыс та ойдағыдай атқарылып, халықтың көңілінен шығу үшін көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылып, қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді. Сол жағалауда ашылып, халыққа қыз­мет етуге арналған соңғы үлгідегі ме­дицина кластер, кардиоло­гия­лық, Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы елорда тұрғын­дары денсаулығымен қатар еліміз­дің түкпір-түкпірінен келіп жатқан азаматтарымызға көмек көрсетуде. Олардың өзекті мәселелері үнемі қала басшылығының ғана емес, ті­ке­лей Елбасымыздың да наза­рында.

Еліміздің тау-кен, энергетика саласында да әлеуеті жоғары. Осы тұрғыдан бас қалада тау-кен, энер­гетика саласын тереңдетіп оқы­та­тын жоо-лар салынса құба-құп. Уни­верситеттер жүйесін жүйелі қа­лыптастырып, онда тау-кен, энер­гия саласына арнаулы білікті ма­ман­дар дайындап шығарсақ, атом энергетикасына отын дайындау жөнінен Испаниядан кейінгі орынды алатын еліміз балама энер­гия көздерін пайдалануға көп ке­шікпей көшер еді. Бұндай жағдайда қазақ жері еуразиялық ғылыми-мәдени жаңалықтар орталығына айналуы әбден мүмкін.

Жалпы, Астана болашағының бір тамыры қаланың транзиттік та­сы­мал орталығына айналуына келіп тіреледі. Мәселен, Брюссель мен Амстердамның қайсысы атақты. Әрине, әуе айлағы ретінде Амстер­дамның аты бірінші аталатыны түсінікті. Міне, біз де темір жол мен автокөлік жолдары арқылы бас қаламыздың орталығы ретінде тран­зиттік тасымал жолдарының қызметін арттыра түсуіміз керек. Елордада тұратын халық саны­ның күннен-күнге артуы себепті астаналықтарға қызмет ететін үш стадион мен үш спорт сарайы аздық етеді. Олардың саны көбейсе халықтың саламатты өмір сүруге ынтасы артса, бір жағынан денсаулығына пайдалы әрі Қысқы Азия ойындарын қа­былдауға дайындалып жатқан еліміздің сыртқы келбетіне жақсы жарнама болары хақ.

Бас қалада саны артып, бой түзеп жатқан көптеген мектеп­терге мамандар жетіспейді. Ал жас мамандар болса әлі күнге дейін жалақысы жоғары жұмыс іздеуге мәжбүр. Олардың әлеу­мет­тік тұрғыда қорғалуы әлі де болса жақсартыла түскені жөн болар еді, өйткені ел болаша­ғы­ның тұтқасы – бүгінгі жастар. Бі­лім саласына құйылған капи­тал­дың қайтарымы қашанда мол екендігі іс жүзінде талай дәлел­денген. Мысалы, Ұлыбритания мен Үндістан елінің жоғары оқу орындары мемлекеттің беделін көтерсе, сонымен қатар қаржы табу көзі де болып табылады. Әсіресе, үнді елі соңғы жылдары нақты ғылымдарға қаржыны мол құюда, соның нәтижесінде бұл елдің ІТ технологиясы қарыштап дамып кетті.

Қазіргі таңда ғылымда өз қол­таңбасын қалыптастырып үл­гер­ген кейбір ғалымдарымыздың азаматтық, тұлғалық, зиялылық қасиеттері кемшін түсіп жатады. Олардың әрбіреуі екеу-үшеуден шәкірт тәрбиелеп, қамқорлы­ғы­на алып отырса, жас мамандар­дың ғылыми деңгейінің де жо­ғарылайтыны сөзсіз. Сондай-ақ, жастар да өз мүдделерін қамта­ма­сыз ету үшін бірлік танытып, аға буын өкілдеріне тың жоба­ларын ұсынып, өз мәселелерін шешуде белсенділік танытқаны жөн болар еді.

Астана жастары үшін сапалы да терең білім алуға мүмкіндік мол. Еуропалық Одақтың “Со­кра­тес” бағдарламасын алып қа­райық. Бұл тәжірибе алмасумен қатар білім жүйесін салыстыру болып табылады. Жапония, Ита­лия, Франция, Түркия, Египет, тағы басқа мемлекеттердің ел­ші­лік­терінде сол елдердің тілін мең­геріп жүрген студенттер үшін білім базасын нығайту мақсатын­да шет тілдерді өз Отанында үй­ренуге халықаралық грант бөлінген.

Ұстаз ретінде айтарым, зама­нына сай білім алуға ұмтылған астаналық жастардың талабы биік. Ал бұл өз кезегінде Аста­на­мыздың дамуының сенімді кепілі.



Авторы: Жандос ӘУЕЛБЕКҰЛЫ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аймақтану кафедрасының оқытушысы.


ЖАҢАЛЫҚТАР

2010-03-12

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республика­сы­ның Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Толығымен

2010-03-12 Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Толығымен

2010-03-12 Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Толығымен

2010-03-10 Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Өңір” депутаттық тобының кезекті отырысы болып өтті. Толығымен

2010-03-10

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында еліміздің тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Толығымен

2010-03-10 Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің оңтүстік шекараларын одан әрі нығайту мәселелері жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Толығымен

2010-03-10 Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Толығымен

2010-03-10 Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп  беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Толығымен

2010-03-06

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Толығымен

2010-03-06 Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы болды. Толығымен

Мұрағат